Терминологиясы


ТЕРМИНТАНУ ІЛІМІНІҢ ХАС ШЕБЕРІ



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата05.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3429
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

ТЕРМИНТАНУ ІЛІМІНІҢ ХАС ШЕБЕРІ
(Іслəм Жарылғаповтың 95 жылдығына орай)
Қазақ  тілінің  сөз  байлығын  Абай  мен  Ахметтен  асып 
игерген, оның əрі мен нəрін ашқан, керегіне жарата білген, 
бар  қасиетін  терең  ұғына  пайдаланған  қаламгер  бар  ма  де-
ген сауалға бірден жауап таба қою оңайға соқпайды. Өйткені 
қазақ тілінің сөздік қорында қанша сөз барын анықтап бер-
ген жан жоқ. Күні кеше жұртшылық қолына тиген 15 томдық 
«Қазақ  əдеби  тілінің  сөздігінде»  əзірге 150 мыңнан  астам 
атау сөз бен сөз тіркесі ғана қамтылғаны айтылады. Ал кейбір 
ғалымдардың  (Ə.  Қайдар)  есеп  жобасына  қарағанда,  қазақ 
тілінің  сөз  байлығы  мұнымен  шектелмейді.  Ол  əлденеше 
жүз мыңдық санды мөлшерлейді. Бұған қарағанда тіліміз əлі 
де түбегейлі зерттеле қоймағанын, оның түп негізі əлденеше 
мыңжылдықтар  тереңіне  жол  нұсқайтынын  байқатады.  Ен-
деше  біз  əзірге  теңіз  бетінде  ғана  қалқып  жүргендейміз. 
Көзге көрініп тұрған осы байлықтың өзін игеру оңайға түсіп 
жатқан жоқ.
Түпсіз байлықты түгел игеру əлі ешкімнің қолынан кел-
ген  емес.  Тіпті  осы  заманның  есептегіш  тəсіліне  салып 
қарағанда мамандар ұлы Абай қолданған сөз байлығы небəрі 
7-8 мыңнан аспайды екен дегенді айтады. Ал Абай туралы 
отыз  жылдай  толғанып  төрт  кітап  жазған  ұлы  сөз  шебері 
Мұхтар Əуезовтің қолданған сөздің саны небəрі 17 мыңның 
маңайы екен. Бұл нені көрсетеді. Бұл қазір қолданыста бар 
сөздердің өзін (150 мың) түбегейлі іске жарата алмай отыр-
мыз дегенді көрсетеді. Ал əлгі қолданған сөздердің санына 
қарап,  Абай  мен  Əуезовтің  тілі  кедей  екен  деп  кімнің  аузы 
барып айта алады.
Əңгіме сөз байлығын қалай іске жарата білуде. Ақылман 
Абай  сол  жеті-сегіз  мың  қазақ  сөзін  еркін  ойната  білудің 
өзімен-ақ  көбіміздің  өреміз  жетпес  ой  биігіне  көтерілді. 
Сол  Абай  көтерілген  биікке  кімді  көтерілді  деп  айта  ала-
сыз,  қазір.  Тіпті  қазақ  тілінің  мұхитында  еркін  құлаш  сер-

282
меген Мұхтар Əуезовті немесе əрбір сөзді маржандай тізіп, 
жауһардай қырлаған Ғабит Мүсіреповтің өзін де қазақ сөзінің 
құнарынан  қанып  ішті  деп  айту  қиын.  Дегенмен,  құдайға 
шүкір  ізденіс,  ұмтылыс  еш  тоқтаған  емес.  Ізденген  сайын 
əрбір қаламгердің қалам табының ерекшелігі байқалып оты-
рады. Тіл мұхитының түпсіздігі, шалқарлығы ізденген сайын 
түрлене түседі.
Бүгінгі əңгіме тіліміздің өзгеріс, өріс тізгінін білгірлікпен 
ұстап, ұрпағына өлшеусіз зор мұра қалдырған тұлғалар ту-
ралы.  Бүгін  солардың  арасынан  тіл  ұстарту  жағынан  бір-
біріне  қатты  ұқсайтын  екі  зергерді  ерекше  атау  қажеттігі 
туындап  отыр.  Олар  А.  Байтұрсынұлы  мен  І.  Жарылғапов. 
Бір қарағанда бұл екеуін қатар əңгімелеудің қисыны жоқтау 
сияқты. Алайда қазақ мəдениетіне қосқан үлесін саралай кел-
генде  бұлардың  рухани  үндестігі  мен  тілғұмырлық  бірегей 
қасиетіне  таңданбай  тұра  алмайсыз.  Бірі  он  тоғызыншы 
ғасырдың аяғында дүниеге келіп, жиырмасыншы ғасырдың 
алғашқы  жартысында  дүниеден  өткен,  ал  екіншісі  сол  жи-
ырмасыншы  ғасырдың  түлегі.  Соған  қарап  екеуін  де  бір 
ғасырдың  өрені  деуге  болар.  Əйтсе  де,  екеуі  екі  ғасырдың 
жүгін арқалағандай іс тындырған.
Салыстыруға  келе  қоймайтын  бұл  екі  тұлғаны  бұлайша 
теңдестіріп отыруда мынадай сыр бар еді. Бірі ертелеу, бірі 
кейіндеу қазақ тілінің тұнығынан қанып ішіп, ана тілімізге 
қалтқысыз  қызмет  етудің  асқан  үлгісін  көрсеткен  ерен 
тілғұмырлар,  бұлар.  Қараңыз,  Ахаң  көсіліп  жатқан  кең 
дүниеде  малша  тірлік  етіп,  жайбарақат  өмір  кешіп  жатқан 
қазағының  көзін  ашып,  көңілін  ояту  үшін  оның  өмірдегі 
басты  құралы – ана  тілінің  қадір-қасиетін  ұқтырып,  оның 
күнделікті ауызекі сөйлеу құралы ғана емес, сонымен бірге 
оның  оқу,  білім,  ғылым,  өнердің  де  қуатты  қаруы  екенін 
дəлелдеді. Қазақ тіршілігінде бұрын-соңды сирек кездесетін, 
тіпті  болмаған  «Тіл – құрал»  оқулықтарын  түзіп,  қараңғы 
қазағын сауаттылыққа қарай жетеледі. Ол үшін қазақ тілінің 
ғылыми өрісі мен өресін айқындайтын сан алуан атау сөздер 

283
қатарын түзді. Сол арқылы қазақ тілі мен əдебиетінің, тари-
хы мен өнерінің, жалпы мəдениетіміздің тынысын кеңейтті. 
Дамудың даңғыл жолын ашты.
Міне,  Ахаңды  біз  осынысы  үшін  де  қазақ  мəдениетінің 
Хан  тəңіріндей  бағалаймыз.  Оның  ақындығы,  аударма-
шылығы,  тілғұмырлығы  жəне  музыка  əлемінің  талғампазы 
ретінде асқан білімдарлығына бас иеміз.
Осы  аталған  ерекше  қасиеттердің  көбі  Іслəм  Жарыл-
ғаповтың  да  болмыс-бітіміне  тікелей  қатысы  бар  екеніне, 
оның тындырған дүниелерімен түбегейлі таныса келе көзіміз 
жеткендей  болды.  Ол  жазушы,  шебер  аудармашы,  ақын, 
ғалым, білімпаз, терминтанушы т.т.
Қазақ  терминологиясы  дейтін  ілім  саласында  дəл  Ах-
мет  Байтұрсынұлындай  айрықша  орны  бар  білімпаз  деп 
Іслəм  Жарылғаповты  айта  аламыз.  Өйткені  оның  басқа 
еңбектерін былай қоя тұрып, кезінде жұртшылық сұранысын 
қамтамасыз  етіп,  қолданыс  əлемінде  орын-орнына  тұра 
қалған аялдама, анықтама, жағажай, балмұздақ, күнделік, 
көрермен,  оқырман,  тыңдарман,  саяжай,  ғарыш,  зымы-
ран, тыңжерші, баспагер, ғарышкер, қаламгер, өркениет, 
қаламақы,  зейнетақы,  жазылым,  жазылыс,  мемлекет, 
жержаһан  (континент),  үлгерім  тəрізді  толып  жатқан 
термин  сөздердің  дүниеге  келуіне  себепші  І.  Жарылғапов 
сияқты  қаламгер  екенін  ұмыта  да  бастадық,  тіпті  ескеріп 
елеп  те  жатпайтын  жағдайға  жеттік.  Тағдыр  сыйлаған,  ба-
балар  баптаған  ұлы  тіліміздің  баяғы  табиғи  байлығындай 
сіңісіп,  кірігіп,  қатар  түзеп  тұра  қалған  бұл  терминдік  ата-
лымдар ана тілін қадір тұтатын кез келген сауатты жанның 
аузында, қаламының ұшында.
Əдетте  сөзжасам  мəселесімен  шұғылданған  жандардың 
табан  астында  сөз  туындатып  жататын  қабілетіне  таңдана-
мыз.  Бұл  шеберлік,  білгірлік,  сауаттылық.  Осындай  қабіле-
тінің  арқасында  І.  Жарылғапов  қазақ  тілінің  сөздік  қорына 
жүздеген  жаңа  қолданыс  енгізген  екен.  Оның  қаламынан 
туған  мына  бір  өлең  жолдарына  қарағанда  ол  сөз  ойнату 

284
өнерімен өмір бойы шұғылданғанын көреміз. Жəне нəтижелі 
еңбек еткен. Қараңыз: «Көп тілден түйіп ой-сезім, Төл тілдің 
аршып көл-көзін, Төлдетіп ана тілімді, Бес мың сөз қостым 
мен өзім» деуіне қарағанда І.Жарылғапов қалдырған мұраны 
біз  əлі  игере  қоймаған  сияқтымыз.  Əрине  олардың  бəрі 
бірдей  сөзжасам  принциптеріне  сай  қатар  түзей  қоймаған 
шығар. Алайда ол ана тіліміздің ішкі əлеміне тереңдеп, оның 
өріс ашар мүмкіндігін үнемі қадағалаумен болған. Содан да 
оның  сөз  мəнін  дөп  танитын  түйсік-түсінігіне  тəнті  болып 
отырамыз.
Іслəм  Жарылғаповтың  термин  туындату  еңбегімен 
түбегейлі  таныса  келе,  оның  бұл  шығармашылық  салада 
ұстанған  тірегі  Ахмет  Байтұрсынұлы  болғанын  аңғарамыз. 
Қазақ  тілінің  сөздік  қорын  дамытуда  ол  əуелі  əлемдік 
тəжірибеге  Ахаңша  сүйене  отырып,  ана  тілінің  өзіндік 
ерекшеліктерін  сақтауда  мына  төмендегідей  бағыт-бағдар 
ұстанады. Қараңыз:
Біріншіден,  ана  тілінің  сөз  қорын  сарқа  пайдалану,  тірі 
сөзді өлтірмеу, өлімші сөзді тірілту.
Екіншіден, ұлттың өзіне ғана тəн сөйлеу үлгілерін бұзбау, 
өсіру, өркендету.
Үшіншіден,  басқа  тілдің  ойлау,  сөйлеу  үлгілерін  ана 
тілінің заңына, ойына бағындырып үйрену.
Төртіншіден,  қажет  болған  жерлерде  ұлттық  тілдің 
үлгісімен жаңа сөздер (неологизмдер) жасап ала білу.
Бесіншіден, өз тіліңнің мүмкіндігі болмағанда ғана басқа 
тілдерден қажет сөздерді алу.
Алтыншыдан, басқа тілдерден келген сөздерді ана тілінің 
салт-санасына, үлгісіне, рухына бағындырып алу, қажетінше 
жымдастыру керек. Жат сөзге ұқсамай, төл сөзге ұқсату.
Жетіншіден, қажетсіз, орынсыз алынған шетел сөздерінен 
ана тілін тазарту керек. «Тіл интервенциясына» жол бермеу 
керек.
І.  Жарылғапов  қалдырған  жаңадан  туындатылған  тер-
мин  сөздердің  бəрі  дерлік  осы  үлгімен  жасалған.  Ол  бұл 

285
үлгіні  қайдан  алды,  кімге,  неге  сүйенді?  Жоғарыда 
аңдатқанымыздай, ол əуелі əлемдік тəжірибеге сүйенді, жан-
жақты ізденді, ана тілінің болмыс-бітімін түбегейлі тексерді. 
Қазақ  ғұламалары  мен  жазушыларының  еңбектерін  шарла-
ды. Бір таңқаларлығы, Ахаңды (Ахмет Байтұрсынұлы) оқу, 
білу  түгіл,  есімін  ауызға  ала  алмайтын  кезеңнің  өзінде 
Іслəм  оның  бүкіл  еңбегін  түбегейлі  зерттегені  байқалады. 
Жоғарыдағы айтылған үлгілер түгелімен Байтұрсынұлының 
ұстанымдары.  Жарылғапов  терминдері  деп  аталып  жүрген 
атау сөздердің бəрі дерлік осы негізде жасалған.
Жалпы жаңа сөз жасау деген ұғым негізінде шартты нəрсе. 
Тірек етер негіз бар жерде ғана жаңа сөздер қатарын тізуге 
болады. Ахаң да, Іслəм да осыны қатты ұстанған. Яғни жаңа 
сөз, жаңа қолданыс тілде бұрыннан бар түпнегізге сүйенеді.
Іслəм аға қазақ тілінің сөзжасам заңдылығын терең білген. 
Ахаңа  көп  сүйенген.  Жаңа  жасалған  термин  сөздердің 
қайсыбірін  саралап  көрелік.  Мысалы,  қазақ  тілінде  зейнет 
деген сөз бар, тіпті «Бейнет, бейнет түбі – зейнет» деп жа-
тамыз.  Сондай-ақ  біреудің  ақысын  жеуге  болмайды  деген 
ұғымды əйгілеп тұрған «ақы» сөзін алыңыз. Міне, осы «зей-
нет»  пен  «ақы»  сөзін  біріктіру  арқылы  «зейнетақы»  деген 
керемет термин сөз жасалды. «Қаламақы» да дəл осы прин-
циппен  жасалған.  Саябақ,  тұсқағаз,  орынтақ,  жағажай, 
қырыққабат,  қолөнер,  еңлікгүл,  баспана,  сарышұнақ, 
төраға  тəрізді  аталымдар  да  осы  принциппен  түзілген. 
Сөздерді  біріктіру  арқылы  жаңа  сөз  жасау  Ахаң  көрсеткен 
тəсіл.
Сонымен бірге Ахаң қазақ тіліндегі сөзжасау дағдысында 
жалғау  жұрнақтың  атқарар  рөлі  айрықша  екенін  түйсініп, 
осы негізде де талай сөз туындатқан. Осыны Іслəм да дамы-
та түскен, əдемі жалғастырған. Баспа + гер, дерек + теуіш, 
қаза + нама, жазыл + ым, ұйғар + ым, келіс + ім, тыңдар + 
ман, оқыр + ман, туын + ды, жүгін + гі, ғарыш + кер, дəріс + 
хана, сарап + шы, күнде + лік, мəлімде + ме, мазмұнда + 
ма, басқар + ма, анықта + ма, қайрат + кер, шебер + ха-

286
на т.т. тəрізді сөз үйірлері біздің қазіргі сөз байлығымызға 
қосылған асқан үлгілер.
Сондай-ақ  ол  қазақ  тілінің  басқа  да  мүмкіндіктерін  ба-
рынша  пайдалануға  тырысқан.  Тіпті  байырғы  қарабайыр 
қазақ  сөзінің  терминдік  мəн  тілеп  тұрған  табиғатын  дөп 
басып  қолданысқа  салып  отырады.  Сөздерді  біріне-бірін 
жаңаша  тіркестіру  арқылы  да  жасалған  термин  сөздердің 
қатары  да  жетерлік.  І.  Жарылғаповтың  аударма  ісімен 
түбегейлі  айналысуы  қазақ  тілінің  қадір-қасиетін,  қуатын 
терең  сезінуге  жетелеген.  Ана  тілінің  əлі  іске  жаратылмай 
жатқан  түпсіз  байлығының  көзін  аша  түсуге  итермелеген. 
Аударма арқылы туған тілден балама іздеуде, тіпті калька-
лау  тəсілінен  де  ол  ешқандай  қиналмайды.  Еркін  көсіледі. 
Ешқандай балама таппай қиналған тұстың өзінде ол түпнұсқа 
терминдерін қазақыландырудың түрлі жолын табуға тыры-
сып отырады.
Міне,  сондықтан  да  Іслəмтану  ілімінің  əлі  талай  жаңа-
лықтарға жол ашары даусыз. Ол жасаған сөз үйірлерін зер-
делей келе біз тіліміздің мүмкіндігінің қаншалықты екеніне 
қанығамыз.  Ана  тіліміздің,  ғылымның  сан  саласында  қыз-
мет  етерлік  қабілет-қарымы  ұшан-теңіз  екен  дəлелдеуде 
Іслəмнің алдына түсер ағайын көп емес.
Осындай  ізденістерге  риза  болған  суреткер  Ғабит 
Мүсіреповтің  мына  сөздеріне  қайта  бір  жүгінген  артық 
болмас  деп  білеміз: «Тіліміздің  қорында  бар  сөздерге 
жаңа  мағына  беру  жолындағы  табыстарымызға  мен 
Іслəм  Жарылғаповтың  көрермен,  оқырман,  аялдама  деп 
қосқандарын орынды да орнықты көремін. Мен бұдан жеті-
сегіз жыл бұрын «Қазақ əдебиеті» газетінде «Асқындырып 
алмайық,  достар!»  деген  мақаламды  жариялап  едім,  ол 
мақаламда жоғары төменнен, аға жазушылар мен жас жазу-
шылардан ана тіліне жасалып жүрген жəбірлер жайында бо-
латын. Егер ана тіліміз үлкен талаптарды көтере алмайтын, 
өспеген олақ тіл болса, бұл мақаланы жазбаған болар едім. 
Жоқ, бұл бай тіл! Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, 

287
өгей  ұлдары  ғана  аяққа  басады!»  Ал  «балмұздақ»  сөзін 
алғаш естігенде, маңғаз да сабырлы Ғабең сүйсінісін жасыра 
алмай, «бұл аударма ғана емес, ерлік!» деп таңданған екен. 
Шебер  аудармашы  Іслəм  Жарылғапов  терминжасам 
тəжірибесімен шұғылданумен бірге осы игі істі ұйымдастыру 
шаруасының да басы-қасында болған. Бұл тұста ол профес-
сор  Құдайберген  Жұбановтың  ізбасарларының  бірі  сияқты 
көрінеді.  Қазақ  топырағында  қазақ  терминологиясының 
ғылыми  мəселелерімен  тұңғыш  айналысқан  Құдекең  бола-
тын. Ол 1933 жылы алғаш ұйымдастырған терминологиялық 
комиссияның тұңғыш төрағасы еді. Ал 1937 жылдан былай 
қарай жұмысын тоқтатқан осы комиссия ісіне Іслəм 50-жыл-
дардан бастап араласады. Оның ережесін жасап, жұмыстың 
нəтижелі жүргізілуіне қолқабысын тигізеді.
Өткен  ғасырдың 30-жылдарының  аяғы  мен 40-жылдар-
дың  алғашқы  жартысында  бүкіл  кеңес  елімен  бірге  қазақ 
халқының да қандай қасірет шеккені тарихтан белгілі. «Бай-
тал түгілі бас қайғы» болған сол бір кезеңде тоқтап қалған бұл 
шаруаның басы-қасында, ескі араб жазуы негізіндегі білімі 
мен жаңа дəуір ілімін де жеткілікті игерген Іслəм Жарылғапов 
сынды  білікті  азаматтың  болуы  қазақ  терминологиясының 
дұрыс бағытта қалыптасуына игі əсерін тигізбей қойған жоқ. 
І.Жарылғапов термин шаруашылығында барлық ғылым сала-
сы мамандарымен бірге жазушының да, аудармашының да, 
жорналшының  да,  тіл  мамандарының  да  бірлесе  тірлік  ету 
керек екендігін бүкіл жан дүниесімен түсінді. Өмір бойы осы 
бағытынан  таймады.  Ең  бастысы,  жасалған  терминдердің 
ана тілінің ішкі заңдылықтарына сəйкес болуын қадағалады. 
Осыны ұстана отырып, термин жасау ісінде, ең алдымен, Ах-
мет Байтұрсынұлының ана тілі қазынасын сарқа пайдалану 
принципіне  берік  болды.  Сондықтан  да  Іслəм  Жарылғапов 
терминдері  байырға  қазынамыздай  қабылданып,  мəдени 
өмірімізге қызмет етіп келеді.
Сонымен  бірге,  əсіресе  термин  мəселесімен  айналы-
сып жүрген жандардың есіне сала кеткім келіп отырған бір 

288
жайт  бар.  Əңгіме  іслəмтану  ілімінің  қалыптаса  бастағаны 
туралы. 2008 жылы  жұртшылық  қолына  тиген  жазушы 
Өтеш  Қырғызбаевтың  «Сөз  зергері  Іслəм  Жарылғапов» 
дейтін кітабын ерекше атауға болады. Бұл іслəмтану іліміне 
қосылған үлкен үлес болды. Егер ғылым əлеміндегі бұрынғы 
жүйе  орнында  болғанда  бұл  еңбекті  ғылыми  атақ  беретін 
Ғылыми кеңеске ұсынуға болар еді.
Бүкіл  түркі  жұртшылығының  бүгінгідей  түпнегізге  бет 
бұра  бастаған  жаңа  кезеңде  Іслəм  Жарылғапов  тəрізді  тіл 
зергерлерінің  жанкешті  тəжірибелерінің  жол  нұсқалық 
маңызын зор деп білеміз. Неге десеңіз кешегі бір ғасырлық 
əре-тəрелік  түркі  халықтарының  туыстық  тұтастығына 
өлшеусіз нұқсан келтіргені мəлім. Жаңа заман мүмкіндік ту-
дырып тұрған қазіргі кезде сол мүмкіндікті толық пайдалану 
бəрімізге парыз болуға тиіс.
Тəуелсіздікке  ие  болған  Əзірбайжан,  Қазақстан,  Өзбек-
стан,  Қырғызстан,  Түрікменстан  сияқты  бес  мемлекеттің 
алғашқы  жəне  басқа  да  ес  жинаған  туыс  ағайындар  іс-
əрекеттерінде  осындай  нышан  байқалғанымен,  əлі  жүйелі 
жұмыс жасала қойған жоқ. Рас, Түркия Республикасы өзінің 
бауырлас  елдерінің  егемендік  алғанына  бірден  қолдау 
көрсеткені белгілі. Бірегей ел, біртұтас ұлт, ортақ тіл тəрізді 
пиғыл-пікірлердің  де  оқтын-оқтын  шығып  қалатыны  бар. 
Біздің  ойымызша,  қазір  тарихи  əділетсіз  шаралар  бары-
сында  бір-бірінен  алшақтаңқырап  кеткен  туыс  халықтар 
тілдеріндегі ортақ түбір сөз, ортақ түбір тұлғалар негізінде 
ортақ терминдік атауларды қалыптастыра бастау қажет деп 
білеміз.  Салғастыра,  саралай  қарасақ,  бұған  толық  негіз 
бар.  Тіпті  түркі  тілдеріндегі  ғасырлар  бойы  сақталып  кел-
ген  өлі  түбірлердің  сырына  үңіліп,  олардың  əр  тілдегі  са-
нын  шамалауға  əрекеттенген  əйгілі  проф.  Ə.Т.  Қайдардың 
зерделеуі де бізді осындай ойға жетелейді.
Мұндай ойға, əрине, əзірге үрке қарайтындар бар. Өйткені 
біз əлі əр ұлттың тілдік қорында не бар, не жоқ екенін анық 
айқындап  біткеніміз  жоқ.  Əуелі  əрбір  туыс  тілде  жасалып 

жатқан  терминологиялық  сөздіктерді  өзара  салыстырып, 
ізденіс  жұмысымен  айналысу  керек.  Содан  ортақ  түбір, 
ортақ  атау,  ортақ  ұғымдарды  саралау  жұмысы  туындайды. 
Ал  мұндай  істі  ортақ  зерттеу  бағдарламалары  арқылы  бір-
лесе  отырып  жүргізуге  болады.  Солай  ету  керек  те.  Біздің 
мына  бүгінгі  Іслəм  Жарылғаповтың 95 жылдығына  орай 
өткізіліп  отырған  бас  қосуымыз  осындай  игі  істің  баста-
масы  болғай  деп  тілеймін,  себебі  І.  Жарылғапов  тəрізді 
сөз  шеберлерінің  тəжірибесі  осынау  ниетімізге  от  береді, 
жылдар  бойы  басылып  келген  рухымызды  көтереді,  еңсе 
тіктетеді.

290
ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖƏНЕ
ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАТЫСЫ
«Терминологиялық  жүйені  мемлекеттік  тілдің  жонар-
қасы» (Ə. Қайдар) ретінде əңгімелеудің жөні бар. Тілдердің 
өрелі бір биікке көтерілген, дамыған сəтінде бой көрсететін 
лексикалық  қабаттардың  тақылеті  өте  күрделі  де  қызық. 
Мұнсыз ешбір тілдің бүгінгі болмысын, болашағын болжау 
мүмкін  емес.  Əсіресе  ғылым,  білім,  мəдениетке  қатысты 
салалрдың  қай-қайсысында  да  термин  сөзге  мұқтаждық 
қатты сезіліп отыр. 
ХVIII  ғ.  француз  Сенан  де  Мейанның  «өзге  тілде  сөй-
лейтін  ұлт  біртіндеп  өзінің  төл  болмысын  жоғалтады» 
деген сөзі бар. 
П.А.  Симон  дейтін  тағы  бір  француз: «Тілі – əрбір 
ұлттың  өзіндік  төл  болмысын  білдіретін,  тарихтағы  орнын 
анықтайтын,  өмірлік  жəне  шығармашылық  қайталанбас-
тығын паш ететін құрал, тіл – сол елдің тағдыры» депті. 
Бір кезде орыстың ұлы ойшылы А.Н. Толстой «… біздің 
сөз  сөйлеуіміз  бен  жазуымыз  орысша  болмай  барады»  деп 
күйінген  екен.  Соның  кері  бізге  де  келгелі  қашан.  Мұның 
бастамасын сонау 20-30-жылдардағы рухани, мəдени талас-
тартыстардан іздеу керек. Араб жазуын латынға, латын жа-
зуын кириллицаға алмастыруда тілдің табиғи даму желісіне 
орасан зор зиян келгенін енді-енді байқай бастадық. Кезінде 
біздің  бұл  əрекеттер  тіл  дамуына  қаншалықты  нұқсан 
келтіретінін  айтқан  Ахмет  Байтұрсынұлы  сынды  көреген-
дер пікіріне соңғы елу-алпыс жыл бойы құлақ аспай келдік 
емес пе? 
Бұл,  əсіресе  қазақ  тілін  ғылым  тіліне  айналдыру  бары-
сындағы əрекеттерден айқынырақ аңғарылды. 
Біз  діттеп  отырған  мəселелер  туралы  негізгі  ойымызға 
көшпес бұрын мемлекеттік тіл мен термин жəне терминоло-
гия деген ұйымдарға сəл тоқтап, түсініктеме бере кеткен жөн. 
Неге десеңіз, терминдік ұғымдар қауызына нені сыйғызып, 

291
нені  жатқызудың  мəнісін  біле  бермейтін  жəне  мемлекеттік 
тілдің қызметі қандай болу керек дегеннен хабары шамалы 
жандар бар. 
Мемлекеттік  тіл  туралы  əңгіме  жай  еріккендіктен  шық-
қан нəрсе емес. Ол əбден шегіне жетіп, шиыршық ата, енді 
болмаса  жарылғалы  тұрған  мəселе  болатын.  Бұл,  ең  алды-
мен, əбден тынысы тарылып, құрып біткелі тұрған тілді аман 
сақтап  қалудың  амалы  еді.  Қазақстан  сияқты  алып  елдің 
ұйтқы-тірегі  болып  отырған  негізгі  ұлттың  тілін  мемлекет 
қамқорлығына  алып,  оның  өзінің  заңды  даму  арналарын 
айқындап беру дегендік болатын. Яғни қазақ тілінің өмірге 
қажеттілігін  ең  алдымен  өзімізге-өзіміз  дəлелдеуіміз  керек 
болды. 
Бірақ  ешбір  талас  тудырмауға  тиісті  осы  мəселенің 
төңірегінде  күні  бүгінге  дейін  қаншама  дау-дамайлар 
өрбітіліп, сөзбұйдаға салынып келеді. 
Мемлекеттік  тіл  деген  ұғым  туралы  энциклопедиялық 
сөздіктерде  (Советский  энциклопедический  словарь.  М., 
1980) мынадай анықтама беріледі. Түпнұсқаны дəл жеткізу 
үшін орысшасын келтірейін: «Государственный язык в бур-
жуазнонациональный  государственный  язык,  объявленный 
обязательным  для  ведения  документации  в  госучреждени-
ях, преподавания в школах и т.п.». Мұнда айтылмай ұғыны-
латын мəселелер тағы сол сияқтының ішіне енгізілген болу 
керек. Сол себеппен бұған біз ғылым тілі деген бір тармақты 
арнайы  қосар  едік.  Өйткені  мемлекеттік  тіл  ауқымының 
бұл т.б. қатарында емес, оның негізгі көрсеткіштерінің бірі 
ретінде  өз  алдына  дербес  сала  болып  енуге  тиіс.  Осыдан 
келіп  шығатын  бір  түйін,  тілді  мемлекеттік  деп  жария-
лағанымен, ол тілде ғылыми ізденістер жүргізілмейтін бол-
са,  ол  ғылым  тілі  ретінде  қалыптаса  қоймаған  болса,  онда 
оның əлі мемелекеттік тіл болып жарытпағаны. 
Белгілі бір тілде жүйені қалыптастыру тіпті де оңай ша-
руа  емес.  Əсіресе  ғылыми  əлемі  əрідегі  жалғастығынан 
үзіліп қалып, соңғы 70 жыл бойы өзге ірі тілдің ықпалында 

292
болып  келе  жатқан  қазақ  тілі  сияқты  тілдің  терминология-
лық қабатын қатарға қосу тіпті қиын болды. 
Егемендік еркіндік бергелі тіліміздің осы бір орасан зор 
арнасында  алапат  əрекеттер  болып  жатыр.  Орны  толмас 
олқылықтар  есесін  қайтсек  қайырамыз  деп  қаламын  оңды-
солды  сілтеп,  жөні  келсін-келмесін  жаңа  сөздер  мен  жаңа 
қолданыстарды  бұрқыратып  жатқан  қазақ  журналистерінің 
тегеурінді əрекетіне үрке қараушылар көп. Бір ғасырға таяу 
уақыт бойы өз тіліміздің өзегін қуалап, оны іске жарата ал-
сақ,  өлшеусіз  мол  мүмкіндігі  мен  байлығын  жарыққа 
шығарудың  орнына  оны  тұмшалап,  тұншықтырып,  ұмыт-
тырып, интертерминдер мен русизмге еміне ұмтыла дағды-
ланып, қасаңдана қалыптасып қалған ағайынның көбіне кеш 
те  болса  көрініс  бере  бастаған  терминжасам  процесіндегі 
əлгіндей əрекеттер оғаш көрінетіні хақ. 
Өзің терминолог болған соң, бұл жөніндегі пікірталасы-
нан  қалыс  қала  алмайсың.  Жұрт  қалыс  қалдырмайды  да. 
Олай  дейтінім,  осы  жақында  ғана  болған  бір  сəткі  əңгіме 
естен  шықпай  қойды.  Тау  жақтағы  үйден  түскі  үзілістен 
соң  қызметке  кетіп  бара  жатқан  бетім  еді.  Аялдамада  бір 
топ  адам  арасында  тұрған  ақ  шашты  ағаны  көзім  шалып 
қалды  да  көлігімді  тежедім,  тоқтадым.  Бұл  кісі  бір  кезде 
бізге дəріс оқыған адам еді. Сауатты, білімді ұстаз болатын. 
Арбаға отырғаны сол, амандықтан соң «тілді неге бүлдіріп 
жатырсыңдар, интерминде не шаруаларың бар. Бұл сұмдық 
қой.  Əбден  қалыптасып,  сіңіп  кеткен  атауларды  қайта 
көңірсітіп,  қайдағы  жоқ  бірдеңелерді  тықпалаумен  қазақ 
тілін көгертпейміз, қойыңдар мұндай көтензорлықты!» деп 
екіленіп, бастырмалатып əкетпесі бар ма. Бар «пəлеге» жауап-
кер мендей-ақ, менің бір нəрсе деп жауаптасуыма мүмкіндік 
берген  жоқ.  Сол  «өзімдікі  дұрыс»  деген  күйі  бір  шаруаны 
қатырдым  дегендей  боп  діттеген  жерінен  түсті  де  қалды. 
Ештеңе  деп  пікірталасына  кіре  алмадым.  Тіпті  тыңдағысы 
келген ол кісі жоқ. Сонымен, өз ойыммен өзім əлек боп, кете 

293
бардым. Ал бұл шынында, көптеген ой-пікірдің саралануын 
тілейтін өте өзекті проблеманың бірі. 
Осыдан  көп  ұзамай-ақ  Алматы  санаторийіне  келіп 
жайғастық. Мұнда бұрынғысы, қазіргісі бар қазақтың бір де-
ген көзі ашық, көңілі сара жайсаңдары жиналатын əдеті, сон-
дай бір сыйлы азамат ағамызбен шүйіркелесіп, аман-есендік 
сұрасып,  жаңалық  атаулының  біразын  жібергенбіз.  Бір 
мезет, əлгі кісі «осы сендердің «Ана тілдерің» (газетті айтып 
тұр)  ылғи  бір  жаңа  атауларды  беріп,  елдің  басын  қатырып 
барады.  Онысы  несі,  дұрыс  емес  қой.  Тоқтатпайсыңдар 
ма?  Мұндай  əрекеттеріңмен  жұртты  тілден  безіндіресіңдер 
ғой,  əсіресе  əлгі 40% деп  жүрген  өз  қандастарымызды. 
Əбден  етене  боп  сіңісіп  өзіміздікі  боп  кеткен  сөздерді  сол 
күйінде қалдырған жөн…» т.б. ойларын топ адамның ішінде, 
дəрігерге  кезекте  тұрғанда  бастырмалатып  жібергені.  Өзі 
сыйлас,  жасы  үлкен  аға  ойындағысын  айтты  да  тастады. 
Жөпелдемде, ат жалы, атан қомында ем-дом кезінде тұрғанда 
не айтып үлгересің. 
Ал жалпы айтып тұрғаны елдің бəрін алаңдатып отырған 
өте күрделі мəселе. 
Мұндай  пікірдегі  адамдар  қатары  баршылық.  Бұларды 
түсінуге  əбден  болады.  Тілге,  елге,  жерге  жаны  ауырып, 
солардың  жағдайы  қайтсе  жақсарар  деп  жүрген  жандар 
бұлар.  Əйтсе  де,  бала  күнімізде  қариялардан  естіген  «оқу 
өтіп  кеткен»  дейтін  сөз  осындайда  еріксіз  ойға  оралады. 
Неге десеңіз, əлгі ел қадірлейтін ағалардың өмір бойғы алған 
тағылым-тəрбиесі,  өмірлік  тəрбиесі  қазақ  тілінің  əлемдегі 
ұлы тілдер қатарын толықтыратын орасан зор байлығы, жа-
ратылмай жатқан ішкі қуаты бөлек тіл екеніне бейіл қойып 
қарауға  мұршасы  болмаған.  Міне,  сол  дерт  сүтпен  бірге 
сүйекке де сіңе жаздаған кеңестік ілім түсінігі əлі күнге өз 
тіліне  перзенттік  сүйіспенділікпен  үңілуге  жібермей  тұр. 
Тəрбиенің  өтіп  кеткендігі  соншама,  орайы,  жөні,  қисыны 
дөп  келіп  тұрған  қазақы  баламалардың  (құжат,  жарғы, 
бағдарлама,  ұшақ  т.б.)  өзін  құбыжық  көріп,  тіпті  мұны 

294
əлемдік  мəдениеттен  алшақтау  деп  түсіндіргісі  келетіндер 
де  жоқ  емес.  Қазір  тілқолданыста  жүріп  жатқан  əр  алуан 
құбылыстар  мен  процестерге  өз  əлімізше  саралап,  талда-
мас бұрын бір нəрсенің басы ашық екенін айту лазым. Ол – 
қоғамдық  өмірде  болып  жатқан  ұлан-асыр  оқиғалар  бол-
мысына  орай,  тілімізде  де  күрделі  құбылыстардың  болып 
жатқаны.  Бұл  ақиқат.  Енді  шама-шарқымызша  осыларға 
талдау  жасап  көрелік.  Мəселе  түсінікті  бола  түсу  үшін  еп-
теп тарихқа да, сондай-ақ термин дегенді қалай түсіну керек, 
терминжасам  принциптері  туралы  əңгімеге  де  барған  жөн 
тəрізді. 
Жалпы қай ел, қай халық тарихын сүзсеңіз де, бір нəрсенің 
басы  ашық  екеніне  көз  жетеді.  Өзін  құрмет  тұтатын  ұлт 
қашанда өз тілі қызметінің жан-жақты болуын қамдастырады 
екен. Əсіресе, Еуропа елдері бұл мəселеге өте мұқият. 
Бір  кезде  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Ж.  Аймауытов, 
М.  Жұмабаев  тəрізді  қазақ  зиялыларының  бəрі  де  сөзжа-
самның əр алуан түрлеріне мəн берген. Реті келгенде өздері 
де  түрлі  ұғымдардың  баламасын  іздеп,  үлгілерін  ұсынып 
отырған.  Мысалы,  С.  Сейфуллиннің  «ат  ойын  үйі»  (цирк), 
І.  Жансүгіровтің  «думан  жүріс»  (демонстрация),  «табан-
темір» (рельс), Ғ. Мүсіреповтің «құлақша қағазы» (этикетка), 
М. Мағауиннің «оятар» (будильник), Ə. Кекілбаевтың «Қар 
ханшайым»  (Снегурочка),  Қ.  Қараманұлының  «күнпарағы» 
(настольный календарь), О. Сəрсенбаевтың «тесіккөзі» (гла-
зок  в  дверьях),  Қ.  Ысқақовтың  «түнемелқабы»  (спальный 
мешок),  Ə.  Таразидың  «күналқысы»  (беседка)  т.б.  осының 
айғағы. 
Жаңа сөз дегеніміз не? Осы ұғымның өзін анықтап алу ке-
рек. Əдетте анау пəлен жаңа сөз жасады, мынау түген деген 
тəрізді пікір ерсілі-қарсылы айтылып жатады. Ал шындығына 
келсек,  жаңадан  сөз  жасау  дегеніңіз  шартты  ұғым.  Сөздер 
жаңадан  жасалмайды.  Ол  өзгеше  өң  алып,  өзіне  қосымша 
мағына жүктеп, жаңаша қолданысқа түсуі мүмкін немесе өзге 
тілден кірме сөз ретінде енуі, қабылдануы мүмкін. Негізінде 

295
əлгі  ұғым  осыған  орай  туған.  Бұл  тұста  əрбір  қаламгердің 
сөз жарату қабілет-қарымына қарай бірінде бар, бірінде аз, 
бірінді  көп  кездесе  береді.  Жалпы  жаңалық  дейтіннің  бəрі 
көктен  түсетін  нəрсе  емес.  Оның  бəрі  бұрыннан  тілде  бар 
сөздер негізінде жасалады. Ғалымдардың (Ə. Қайдар) айту-
ынша, бұлар бұрын бар сөздер негізінде жасалатын лексика-
семантикалық  жəне  аналитикалық  комбинациялар, «жаңа 
қолданыстар». Солардың кейбір үлгілерін, яғни модельдерін 
көрсетелік.  Мысалы,  қазақ  тілінде  ежелден  қолданып  келе 
жатқан  қаһарман,  атарман,  шабарман,  өлермен  деген 
сөздер бар. Міне, осылардың негізінде көрермен, оқырман, 
тыңдарман (слушатель) пайда болды. Сонда бұл жерде бір 
кезде өнімсіздеу қосымшалардың қатарында аталатын ман, 
мен сөзжасам процесінде қайта жандана бастағанын көреміз. 
Сондай-ақ, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет