Ұлыстың Ұлы күні қҰтты болсын! Б е р е к е. Б І р л І к. Ы н т ы м а қ



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата05.02.2017
өлшемі17,99 Mb.
#3447
1   2   3   4

р/с Аты-жөні

Мекен-жайы

Тіркелген 

уақыты, жылы Ескертпе

1

Олжабаев  Ермек



Тереңөзек кенті

20.05.2005

Комиссия 

қорытындысымен  

кезектілікке  сәйкес 

2

Тәуекел  Қеңескүл 



Әлтайқызы

Ақжарма ауылы

25.04.2014

Комиссия 

қорытындысымен  

кезектілікке сәйкес



Наурыз  -  жылдың  әрі  көктемнің  бірінші  айы. 

Мағынасы:  парсының  «нау»  -  жаңа,  «руз»  -  күн, 

яғни  «Жаңа  күн»  деген  сөзінен  шыққан.  Наурыздың 

бірінші  күні  күн  мен  түн  теңесіп,  Жаңа  жыл  келеді. 

Наурызды  жыл  басы,  көктем  басы,  мереке  басы  деп 

санайтын  халқымыз  «Ұлыстың  ұлы  күні»  деп  ерек-

ше құрметтейді. Сондықтан Жыл басы Наурыз жалпы 

халықтық мереке ретінде аталып өтіледі.

Шығыстық  данышпандар  Махмұт  Қашқари,  Әбу 

Райхан  Бируни,  Ә.Фердоуси,  Ә.Науаи,  О.Хаямнан 

бастап,  қазақтың  Абай,  Әлихан,  Ахмет,  Мiржақып, 

Сәкен сынды ғұламалары да наурыз туралы еңбектер, 

өлеңдер,  ұлағатты  сөздер  жазып  қалдырған.  Наурыз 

шығыс елдерi үшiн - бiрлiктiң, татулықтың, еңбектiң, 

көктемнiң,  iзгiлiктiң,  бақыттың  мерекесi  ретiнде 

тойланған. Сондықтан да болар, бұл күнi шаттанбай-

тын, қуанбайтын, мейiрленбейтiн адам болмаған. Бұл 

күнi жақсы тiлек тiлеу, құттықтау, кешiрiм жасау, та-

бысу  сияқты  адамгершiлiк  қасиеттер  көрiнiс  тауып, 

кейiнгi ұрпақтар жақсы өнегеден үлгi алған.

Наурыз  мерекесі  елімізде  өмір  сүріп,  еңбек 

етіп  жатқан  барша  жұрттың    ынтымағын    жарасты-

рып,  ырысын  тасытар  күн.  Наурыз  мейрамы  салт-

дәстүріміздің,  тіліміз  бен  дініміздің,  бірлігіміз  бен 

мен  татулығымыздың,  жаңаруымыз  бен    жарасым-

ды  ынтымағымыздың  дамуына  себепші  ұлы  мере-

ке. Халқымыз «Бірлігі жарасқан елдің жұлдызы биік 

болады», деген қасиетті ұғымға жіті мән берген. Сол 

себепті көнекөз ата-бабаларымыз: «Төртеу түгел бол-

са, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», 

-  деп  текке  айтпаған.  Осынау  алмағайып  заман-

да  мұсылмандардың  басын  біріктіріп,  ел  игілігі  мен 

бірлігі  секілді  ортақ  мақсаттарға  жұмылдыру  басты 

назарда болмақ. Бұл тұрғыда Наурыз мейрамы - бере-

ке  мен  бірліктің,  ынтымақ  пен  татулықтың  мерекесі 

болып табылады.

Жүректерге  мейірім  мен  кешірім  ұялататын  Нау-

рыз араздасқандар мен ренжіскендер татуласатын ұлық 

мейрам.  «Кешірім  сұрау  кісілік  емес  кішіпейілділік» 

деген қазақ халқымыз табиғатынан сыйластыққа, тату-

тәтті  өмірге  өте  жақын.  Қасиетті  Құран  Кәрімде  де: 

«Кешірім жолын ұста, дұрыстыққа бұйыр, білместіктен 

аулақ бол»- дейді. Ислам бізден үй ішінен үй тігуді не-

месе  түрлі  ағымға  бөлініп,  кейбір  діни-саяси  топтың 

қолшоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше 

қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады. 

Бұл - халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты  

нығайтуға,  бауырластықты  одан  әрі  дамытуға, 

түрлі  ұлт  пен  ұлыстар  қоныстанған    халықтардың  

салт-дәстүрінің 

қайта 

жаңғыруына    үлкен  үлесін 



қосады.  Наурыз  мейрамы 

туралы  Президентіміз  «Дін  

мен  тілге  бөлмейтін  Нау-

рыз  мейрамы  тәуелсіздік 

жылдары  ұлысты  ұйыстыра 

түсті.  Бүгінде ол  еліміздегі 

ең  үлкен  мереке»  -  де-

ген  болатын.  Бүгінде  На-

урыз 

мейрамы 


жалпы 

халықтық  сүйікті  мереке-

ге  айналды.    Сондықтан 

молшылықтың 

нышаны 

іспетті  ізгілікке  толы  ме-



реке  ойға  алған  барлық 

мақсат-жоспарлардың жүзе-

ге  асуының  бастауы  деп 

есептелінеді. 

Халқымыз 

Наурыз 


ме-рекесiнде 

адамдарға 

ғана  емес,  табиғатқа  да  ерекше  қамқорлық  жасап 

отырған. Ол жөнінде: «Бір тал кессең, он тал ек»  де-

ген қанатты сөз қалдырған. Табиғатты аялау және оны 

қамқорлыққа алу жайында  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз 

хадисінде:  «Бiр  мұсылман  бiр  ағаш  отырғызса  неме-

се бiр нәрсе ексе және одан бiр құс, бiр адам немесе 

жануар жесе, ол адам үшiн садақа  болып есептеледi», 

-  дейді.  Халқымыз  осы  күні  егілген  ағаштың  саясы 

мол болады, көзі ашылған бұлақтың суы сарқылмайды 

деп ырымдаған. Сол себепті «Атаңнан мал қалғанша,  

тал қалсын» деп ата-бабамыз текке айтпаған. Наурыз 

мейрамы күні өсіп-өнейік, атымызды жақсы жағынан 

шығаратын  ұрпақтарымыз  көп  болсын  деген  ниет-

пен  ағаш  отырғызуды  да  әдетке  айналдырған  жөн. 

Ұлыс  сөзінің  өзі  ұлы  іс  деген  тіркестен  шыққанын 

ескерсек,  Ұлыстың  ұлы  күні  тал  егу  секілді  ілкімді 

істерді  атқарсақ,  жастарға  тәрбиелік  мәні  зор  үлгі-

өнеге  болары  хақ.  Сонымен  қатар,  наурыз  мейра-

мында ел ағалары мен ардақты азаматтар жастарға ақ 

бата беріп, салт-дәстүрдің озық үлгісін жандандырса, 

жас келiндер, бойжеткендер кесте, орамал тiгiп, боз-

балалар  жағы  ағаштан  тұрмыс  бұйымдарын  жасап, 

темiрден сәндiк бұйымдарын соққан. Мұның бәрi - күн 

мен  түн  теңесетiн  шақта  кәдеге  асатын  «ұйқыашар», 

«селт  еткiзер»  жоралғыларының  сый-тартулары. 

Көктемгi «өлiара» өтiсiмен, ата-бабамыз үй айналасын 

тазартып,  қалың  қар  тiгiсi  сөгiлген  жайылымға  мал 

шығарған.  «Жаңа  жыл  мұнтаздай  таза  үйге  кiрсе,  ол 

үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген 

сенiм  бойынша,  үй-iшiн  де  қағып-сiлкiп,  отпен  алас-

тайды. Бұл күні барлық даланы Қыдыр ата аралайды 

деп үйінің есігін ашып отырады.

Айта кету керек, еліміздің оңтүстігіне көктем ерте 

келеді,  тұрғындар  да  ұлттық  өнерді  айрықша  қадір 

тұтады. Сондықтан да дархан дарияны жағалай жатқан 

облысымызда  Наурыз  мейрамы  ерекше  тойланады. 

Бұл мерекеге дайындық алдын ала жүргізіледі. Облыс, 

аудан және ауыл әкімшіліктерінің ұйымдастыруымен 

нақты  іс-шаралар  жүзеге  асырылады.  Ұлттық  ою-

өрнекпен  безендірілген  ақ  киіз  үйлер  тігіледі.  Нау-

рыз қарсаңында әр отбасы өз үйінің айналасын тазар-

тады. Бұл іске мекемелер мен жеке адамдар да қуана 

кіріседі.

Ал Наурыз мерекесі күндері оңтүстікте қонақтарға 

ұлттық  тағамдар  ұсынылады.  Театрландырылған 

көріністер  көрсетіледі.  Ұлттық  ат  спортынан  жары-

стар  өтеді.  Соның  ішінде  көкпардың  орны  бөлек. 

Әрбір  ауылдың  жастарынан  жасақталған  команда-

лар ұлттық ойын түрлерінен тартысқа түседі. Қазақша 

күрес, арқан тарту, бағанға өрмелеп, жүлде алу секілді 

жарыстар ұйымдастырлып, жеңімпаздарға сый-сияпат 

үлестіріледі. 

Түбі бір түркі әлемінің барлығы тойлайтын нағыз 

халықтық сипаттағы Наурыз мейрамы - көктемнің ең 

ұлық мерекесі. Ұлыс пен ұлы іс оң болсын, ақ мол бол-

сын, ағайын!



Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

КӨПТЕН КҮТКЕН НАУРЫЗ ТОЙЫ АРАЙЛЫ, 

НҰРҒА БӨЛЕП ЖАТЫР МІНЕ, МАҢАЙДЫ

4

Тiршiлiк тынысы

3015

284

Газет  Қазақстан  Республикасы  байланыс  және  ақпарат  агенттігінде 

19.06.2014 жылы қайта тіркеліп, №14409-Г  тіркеу куәлігі берілген. 

Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4



№22 (8329) 21 наурыз, 2015 жыл

Табиғат  бастауы  су  ғой.  Сусыз  тіршілік  болмас. 

Сондықтан, Наурыз көженің де негізі су болып табылады. 

Бұның да астарында «өмір – өзен, ұрпақ – өріс, судай асып-

тасысын» деген ниет болса керек.

Қазақтың ең жақсы көретін, негізгі асының бірі – ет. 

Қашанда қазақы дастарханның берекесін ет келтіреді. Сол 

себепті Наурыз көжеге қазақтың төл асы – ет қосылады. 

«Ұзынсарыға»  сақталған  сүрі  етті  «қазан  толсын,  ас  мол 

болсын»  деген  ырыммен  тұтастай  Наурыз  көжеге  салып 

қайнатады.

Көжеге  үшінші  дәм  –  арпаны  қосады.  Арпаның 

емдік  қасиеті  жайлы  бәріне  белгілі.  «Арпаны  жиі 

пайдаланатындардың  қаны  бұзылмайды»,  -  дейді 

білетіндер.  Ирак  тәуіптері  бұл  дәнді  «ғажап  құтты  дән» 

деп атаған. Ол көптеген ауруларға шипалы, сонымен қатар 

тойымды болып келеді.

Арпамен қоса, тары, күріш сияқты дәнді дақылдар да 

қосылады. Жалпы, Наурыз көжеге дәнді дақыл қосудың бір 

мағынасы – «бір тамырдан өсіп-өнген дәндей ұрпағымыз 

көп болсын» деген тілек болса керек. Наурызда берілетін 

бата нышаны осы Наурыз көжеде де сайрап тұр.

Көжеге  міндетті  түрде  айран  немесе  ақ  құяды.  Құрт 

та  көженің  дәмін  келтіріп,  ерекшелендіреді.Мұның  да 

негізінде «сүттей ұйып отырайық, ақ мол болсын» деген 

ниет  жатыр.  Қазақтың  ұлттық  тағамдарының  көбі  осы 

сүттен  жасалады.  Сондықтан,  оның  ұлттық  тағам  –  Нау-

рыз көжеге қосылуы да заңдылық па дейміз. 



Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін дәстүрлі 

наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір 

үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа са-

пырылады, наурыз көже дайындалады. Ырымшыл 

қазақ халқы әу бастан киелілікке, қасиетті сандарға 

мән  берген.  Сол  себепті  бұл  тағамды  жеті  түрлі 

тағамнан  жасап,  «молшылық  болсын,  береке  бол-

сын» деп ниет еткен.

НАУРЫЗ КӨЖЕ ЖӘНЕ ОҒАН КІРЕТІН 7 ДӘМ

Кез-келген  тағамның  дәмін  тұз  келтіреді.  Наурыз  көжеге  де 

тұз жетінші тағам ретінде қосылады. 

Әлбетте,  наурыз  көжеге  белгілі  бір  тағам  түрін  қосу  керек 

деген  арнайы  нұсқау  жоқ.  Әркім  қолындағы  бар  азық-түлігіне 

қарайды. Тіпті кейде көкөністер де, жемістер де қосатындар бар. 

Дәм саны жетеу болса болғаны.

Осылай  Наурыз  мерекесінде  қазандар  көжеге  толып,  ауыл 

тұрғындары  бір-біріне  қонақ  болған.  Бұрынырақта  әйелдер 

өздерімен  ыдыс  ала  жүрген.  Әр  үйден  көже  құйып  алып,  өз 

үйінің  қазанындағы  көжеге  қосқан.  Бұл  дәм-тұзымыз  араласып, 

ынтымақ-бірлігіміз  нығайсын,  көже  секілді  мидай  араласып, 

көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге 

жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдірген.

Көжені ыдысқа толтырып құйып береді, бұл – «жаңа келген 

жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол «құйылған көжені 

тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады» дейді.



А.ИБРАГИМҰЛЫ

Қарық қып құтты Наурыз,

Қазанға толсын сары уыз.

Қайнасын Наурыз көже де,

Толтырып ішкей кесеңе.

 

Ұлыстың ұлы күнінде,

 

Көппенен бірге күлімде.

 

Көбейсін жаңа достарың,

 

Молайсын елге қосқаның.

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Ішінде жүрсе азғана,

Шайылсын өкпе, наз-нала.

 

Алдыға сыймай сәбилер,

 

Құшағын жайсын жаңа үйлер.

 

Жастардың самсап отауы,

 

Мейірім төксін Отаны.

Әспеттеп ата дәстүрін,

Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

Барыңның дәмді нәрін бер

 

Ниеттерің ақ болсын,

 

Наурыздың ақша қарындай.

 

Бастарыңа бақ қонсын,

 

Шашыңның барлық талындай.

Санасы өсіп адамның,

Көңілде кір қалмасын.

Құты қашып жаманның,

Жақсы тапсын жалғасын.                                                            

 

Тыныш болсын даламыз,

 

Түгел болсын нуымыз.

 

Таза болсын ауамыз,

 

Тұнық болсын суымыз.

Қатыгездік жоқ болсын,

Оралмасын кез өгей.

Кірісіміз көп болсын,

Бүгінгі Наурыз көжедей! - деп бата берген. 

Наурыз көже ішілерде ақсақалдар:



Алтыбақан.  Күн  мен  түн,  тәңір 

мен  іңір,  құт  пен  жұт  үйлесімінің 

белгісі  ұлттық  ойынға  айналған 

бас  таңды  қарсы  алуға  арналған 

наурыздың жастар жоралғысы. Тымық 

кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ой-

налады.  Жастарды  әріптес  таңдауға, 

ептілікке,  тапқырлыққа,  өнерлілікке 

бейімдейді.

РӘСІМДЕР


Иіс.  Наурыз  басталардан  бұрын  әруақ  әлемінің  қажетін 

«Иіс» рәсімімен өтеу» «жеті шелпек», «майшелпек», «жеті нан» 

аталған  тағам  пісіріп  тарату,  дұға  оқумен  жүзеге  асырылған. 

Қазақ  дастарханының  дәстүрлі,  ертеден  келе  жатқан  кәделі 

ұлттық тағамы болып саналады. Қазақ үстеліне алғаш осы шел-

пектер қойылады және оны кез келген мейрамдар күндері жа-

сайды. Бұл наурыздық ұқтырымдардың сарқыты. 

Көрісу.  Қазақтың  қуаныш  пен  қайғыдағы  ниет 

біріктіру  ырымы,  ғұрпы.  Адамдардың  бір-бірімен 

төс қағыстыра сәлемдесуі. Төстің өзі қазақша көкірек 

аталады да, түркілік «көк» «ірек», яғни «көкке тиесілі 

қақпақ»  дегенді  білдіреді.  Көкіректерді  түйістіру 

арқылы адамдардың бір-бірімен былайша сәлемдесуі 

көкірекке ұялаған жағымды ниеттер мен бастамалар-

ды біріктіру, молайту ниеті. Осы ниетте жасы кіші от-

басы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп 

шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу 

керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі 

керек.


Бастаңғы.  (Ырыс  таңы)  немесе 

Қыдыр түні. Бұл жаңа ырыс тілеу. Жаңа 

уақыттың  жаңарған  жерге  келуін  тілеу, 

пенделік пиғыл мен ниеттерді бір мезгілде 

бір  арнаға  тоғыстырып,  жаратқанға 

құрмет  көрсету,  таң  атқанға  дейін  салта-

натпен ұйқысыз өткізу ғұрпы. Наурыздың 

21-нен  22-не  қараған  таңның  алғашқы 

сәулесін  қарсы  алып,  басқы  таңға  сәлем 

ету,  жас  сәулеге  шому,  алғашқы  қуатқа 

кенелу рәсімі. Жыл сайын наурыздық таң 

сәулесі рауандайтын сәтті түні бойы мере-

келеумен қарсы алу шарасы. 

Қыдырсый.  Балаларды  жақсылық  күтуге  баулитын, 

Қыдыр  ата  атынан  ата-аналары  мен  туыстары  арнайы  әзірлеп, 

жылқоржынға  әзірлеп  жасырылған  сыйлық.  Мұны  ырыс  таңын 

қарсы алу түні балаларға сыйлауға әбден болады. 

ҒҰРЫПТАР

Аластау. Аластау немесе шырақ жағудың бірнеше мәні бар. 

Қыдыр атаның жолына жарық түсіру, отауды аластау, лас қуат 

пен кір ниеттен тазару. Үйдегі құт пен ырысты, жылу мен ошақты 

қадірлеу белгісі. Рухани әлеммен сыйласу, оларға құрмет көрсету 

нышаны. Шырақтың жетеу болғаны абзал. 

Ұйқыашар.  Бойжеткендер  тарапынан  ғашық  жігіттеріне 

арнап  пісірілген  бастаңғы  кезіндегі  дастархан  мәзірі.  Әдетте 

ұйқыашарды соғымның соңғы етін уызға салып дайындаған неме-

се ұлттық тағамдардың басқа да түрлерінен ұсынады. Жылқының 

майы мен құйрық-бауырын ара ластырып та ұйқыашар ұсынғандар 

болыпты. Тiптi, бұлақтың таза суын да берген деседi. Ұйқыашар 

ретiнде сондай-ақ боза, қымыз құйылып беріледі.

Селтеткізер. Жігіттер тарапынан бойдеткендерге арнайы ал-

дын  ала  әзірленген  сыйлық.  Бұл  сыйлық  бастаңғыға  жиналған 

жігіттердің  бойжеткендерге  тосыннын  сыйлайтын  селт  еткізер 

сыйлығы. 



Белкөтерер.  Қариялардың  ырыс  таңын  қарсы  алу  кезінде 

тамақтануына  арналған  мерекеге  лайық  ас  мәзірі.  Белкөтерер 

әдетте ауқатты отбасының қадірлі қарттарды шақырып, Қыдыр 

түнін өткізуге арналған қонақ асы. Сол түні көпті көрген қариялар 

өткен-кеткен  қызықтарын,    жастық  шақтарындағы  дәуренін 

еске  алысып,  өсиет  әңгімелер  айтады.    Өзара  ескі  жылдағы 

жақсылықтарды саралап, жаңа жылға болжам жасайды. 

БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Үстіміздегі жылдың  19 наурыз күні ардагер-ұстаз, аяулы 

ана  Жәмила Шахарова 73 жасқа қараған шағында дүниеден 

өтті. 

Шахарова  Жәмила  1942  жылы  15  сәуірде  Шаған  ауы-



лында  дүниеге  келген.  1961  жылы  Қызылорда  қаласындағы 

М.Мәметова  атындағы  педагогикалық  училищені,  1966 

жылы  Қызылордадағы  Н.Гоголь  атындағы  педагогикалық 

институттың  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі 

мамандығы бойынша жоғары білім алған. 

Еңбек  жолын  1961  жылы  Шағандағы  №37  орта  мектеп-

те  мұғалім  болып  бастап,  1976-1982  жылдары  осы  мектепте 

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 

Білікті  ұстаз  өзінің  іскерлігінің,  мол  тәжірибелілігінің 

арқасында  білім  саласының  басшылығынан  алғыс  хаттарға 

ие  болды.  1976  жылы  осы  қызметтегі  жоғары  жетістіктері 

ескеріліп, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 

Ж.Шахарова 1982-1990 жылдары Шаған ауылдық Советі атқару комитетінің төрайымы, 

1990-1993 жылдары № 221 орталау мектептің директоры, 1993-1996 жылдары зейнет де-

малысына    шыққанға  дейін осы мектепте мұғалім болды. 

Ардақты ұстаз өмір бойы білім саласында еңбек етіп, жас ұрпаққа білім мен тәрбие 

берді.  Оның  өнегелі  өмірі  мен  қызметі  ағайын-туысқа,  әріптестеріне  үлгі  болып  қала 

бермек.  Марқұмның  қазасына  байланысты  отбасына,  ағайын-туыстарына  қайғыларына 

ортақтасып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. 

Жарық  дүниедегі 

өлшеулі  өмірі  тау-

сылған  уақытта  пен -

денің  жаны  жа     ра -

тушының  құзы рына 

өтеді.  Сұм  ажал дың 

қақпаны 


қа быр-

ғамызды  қайыс тырып, 

өзегімізді  өртеп,  көңі-

лімізді сағынышқа тел-

мірткелі міне, бір жыл 

болды. 


Тағдырдың пешенесіне жазған ғұмырында 

Ақылбек  Ықылас  Аманқосұлы  туысқа 

мейірімді,  досқа  адал,  асыл  жар,  аяулы  әке 

бола білді. Көңілі ақ, жүрегі таза Ықылас ба-

уырымыз 40 жасқа толғанда жүрегімізге ауыр 

қайғы салып, арамыздан кете барды. 

Тағдырдың  ісіне  не  шара,  арамыздан 

алыста  болса  да  жанымызда  демеп  жүретін 

секілді. Жақсыларды жалмаған суық ажалдан 

қашып  құтылмасымыз  анық.  Жарық  дүниеде 

көре  алмай  кеткен  қызығын  артында  қалған 

ұл-қыздарына нәсіп етсін. Жатқан жерің жай-

лы,  иманың  жолдас  болып,  жаның  пейіштің 

төрінде шалқысын!

Фәниден өтіп, бақиға,

Асықтың неге қайтуға-ай.

Жүрегің толып жалынға,

Арманың қалды айтылмай.

Көре алмай нұрлы жүзіңді,

Көңілде бүгін толы мұң.

Пейілі аппақ перзентім,

Пейіштен болсын орының.

Еске алушылар: анасы-Тұрсынай, 

жұбайы-Күләш, балалары-Мардан,   Жа-

нерке, Ақмаржан, Мерей және бауырлары.   

Үстіміздегі  жылы  19  наурызда  Шаған 

ауылының тумасы, ардақты ұстаз Жәмила Ша-

харова өмірден озды. 

Аяулы ұстаз педагогикалық білім алған соң 

туған ауылы Шағанда 1961 жылы еңбек жолын 

бастады.  15  жыл  №37  орта  мектепте  мұғалім 

бола  жүріп,  оқу  ісінің  меңгерушісі  қызметін 

абыроймен  атқарады.  Ұстаздық  қызметте 

жүріп отбасын құрып, шаруашылықтың іргесін 

қалаған азаматтардың бірі Тұрсын ақсақалмен 3 

ұл өсіріп, тәрбиеледі. Балалары қазір 8 немере 

сүйгізген бақытты әже болды. 

Жәмила Шахарова көптеген мадақтау грамоталардың, наградалардың 

иесі. Ол еңбегінің арқасында ауылдастарына, әріптестеріне сыйлы еді. Аяу-

лы ұстаз осындай құрметке лайық жан болатын. Ұстаздардың ұстазы атанған 

ұстаздың  ұлағатты  өмірі  жас  ұстаздарға  үлгі-өнеге  болмақ.  Ұрпақтарына 

осынау ашық аспан, жақсы өмір сыйлаған жанның алды пейіш, арты кеніш 

болсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы жолдас болсын. 



А.АТАҚАЕВ, Б.ҚАДЫРОВ, З.ТАСБЕРГЕНОВ, Б.ӘБУТӘЛІПОВ, 

Қ.ӘБДІБЕКОВ, У.ӘБДІРАМАНОВА.

Жәмила ШАХАРОВА

Жәмила ШАХАРОВА

ЕСКЕ АЛУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ 

МКК аудан көлемінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін медициналық қызмет ақылы 

негізде жүргізілетінін хабарлайды.



Сырдария аудандық орталық аурухана әкімшілігі

Ғ.ҚАЗАНТАЕВ, Н.ӨМІРСЕРІКҰЛЫ, Б.ЛЕКЕРОВ, Е.ӘЖІКЕНОВ, 

жүктеу/скачать 17,99 Mb.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет