1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет22/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71

 

 

146 



 

сабақ  беру  барысында  диалогтік  оқыту,  ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар,  сын-

дарлы ойлау әдістерін қолдануды қолға алдым. 

Сындарлы  ойлау  барысының  тиімділігі:  біріншіден  ортақ  проблема  болады,  олар  бұл 

мәселе  бойынша  бірлескен  түсінік  қалыптастырады,  екіншіден  идеялармен  пікір  алмасып, 

бір-бірінің  идеяларын  талқылайды  баға  береді,  үшіншіден  ұжымдық  білім  мен  түсінік 

қалыптасады,  төртіншіден  өз  ойларын  дауыстап  айтады,  болжам,  ұсыныстарын  талқылап 

үйренеді. 

Бұл  модуль  оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуды 

саналы және оймен қабылдауын көздейді. 

Сингапурда білім жүйесінде АКТ-ны пайдалану кеңінен қолданыс тапқан. Атап айтсақ: 

Интернет  желісімен,  өзіндік  ізденіс  жұмыс  түрлерін  ұйымдастырулары,  оны  логикалық 

өңдеу  мақсатында  көздейтіндіктері,  онлайн  режимінде  желі  бойынша  өздеріне  қажетті 

мәліметтерді  білікті  мамандармен  байланыс  жасай  отыра  тауып  білуге  толықтай  жағдай 

жасалған. 

Келесі еліміз-Финляндия дүние жүзіндегі білім берудегі бірден-бір көшбасшы ел. 

«Финляндия  елі  нені  жақсартты?»  деген  сұраққа  жауап  іздесек,  бұл  елдің  реформасы 

білімнің табысты болуы мен баланың қоғамға бейімделуіне ықпалдандырылған. Реформаның 

негізгі аспектілері оқу бағдарламасын қайта құру, реформаның дидактикасы, мектепті және 

білім  сапасын  басқару.  Жас  финдер  тек  сауаттылық  бойынша  ғана  емес,  сонымен  қатар 

математика  және  жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  көшбасшыларының  бірі  болып 

саналады (3). 

Менің ойымша, баланың қоғамға бейімделуі өз-өзіне деген сыни көзқарасының жоғары 

болуында, деп ескере келе, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, іс-әрекетті зерттеу үдерісін, 

қалыптастырушы  бағалауды  енгізу,  математиканы  оқытудың  заманауи  тәсілдерін  қолдану 

тиімді деп ойлаймын. 

Финляндияда оқушыға сенім, мұғалімге сенім және мектепке сенім деген принциппен 

жұмыс істейтінін анықтадым. Фин мектептерінде барлық бала бірдей, шағын топтарда бірін-

бірі  оқыту  арқылы  оқыту    жұмысы  ұйымдастырылған.  Егер  оқушы  бір  пәннен  үлгермесе, 

мектеп  оған  жан-жақты  көмектесуге  міндетті,  мысалы  оған  «мектеп  көмекшісі»  жәрдем 

береді, әр сыныпта мұғалімнен басқа тәрбиешілері де болады екен.(3)  

Мен мектепте оқушылардың сеніміне кіру үшін, «Сенім дәптерін», бағалау кезеңіндегі 

формативті  бағалауды,  өзін–өзі  бағалау  критерийлерін  қолдана  отыра  сендіру  іс-әрекетін 

жасауды ұсындым.  

Бұл  әрекет    барысында  оқушылар  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауға, 

идеяларды 

ұсынуға 

және 


қорғауға, 

әртүрлі 


ұстанымдармен 

алмасуға, 

басқа 

тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алады. 



Айтылған жағдайлар мұғалім мамандығының  мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағынан 

қолдау  мәселесін  нұсқайды.  Қазіргі  таңда  біздің  елдің  басым  бағыты  әлем  елдерінің 

арасында көшбасшы бола алатын білімге көшу болып табылады. 

Келесі  еліміз–Ұлыбритания.  Білім  беру  жүйесі  бойынша  назар  аударғаным,  бұл 

мектептің  білім  беру  саласы  төрт  сатыға  бөлінеді  екен:  мектепке  дейінгі  білім,  міндетті 

бастауыш,  орта  білім  беру,  мектептен  кейінгі  орта  және  жоғарғы  білім  беру.  Бастауыш 

мектеп сегіз жастан бастап оқытылады.(4) 

 Менің түсінігім бойынша, Британдық мектептің басты мақсаты-шығармашыл, өзіне-өзі 

сенімді өз бетімен жұмыс істей алатын адам тәрбиелеу. 

«Бұл  ел  білім  саласын  қалай  дамытты?»  деген  ойға  келетін  болсақ,  оқушыларды  өз 

беттерімен  оқу  дағдыларына  қалыптастырылуы,  оқу  бағдарламалары  оқушы  талабы  мен 

қызығушылықтарын  ескере  құрылуы,  өз  бетімен  оқитын  пәнді  оқушының  өзінің  таңдауы, 

алдарына қойған мақсатқа жетуге тынбай еңбектенуі жолдарын тілге тиек етуге болады. 

 «Жақсы  дерлік  те,  жаман  дерлік  те  бір  әдіс  жоқ.  Олақтықтың  белгісі–бір  ғана  әдісті 

болу,  шеберліктің  белгісі-түрлі  әдісті  болу.  Мұғалім  орында  жоқ  әдісті  табу  керек,  оларды 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

147 



 

өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» - деген Л.Толстой сөзі өткен ғасырда 

айтылса да, қазіргі ұстаздарға айтылғандай, әлі өз мәнін жоймаған асылдығымен қымбат сөз 

(5). 


 Әлем  елдерінің  білім  жүйесіндегі  нәтижелі  жетістіктеріне  үңілетін  болсақ,  баланы 

жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыра  отыра,  өздігінен  білім  алуға  дағдыландырып,  алған 

білімдерін өмірде шынайы қолдана білуіне қолдау көрсетулері бізге үлгі. 

Әлем  елдеріндегідей  жетістіктерге  жетуге  ұмтылуымызға  бізге  мемлекет  тарапынан 

барлық жағдай жасалған. 

 Білім  беру  мен  білім  алудағы  жаңа  тәсілдер,  сыни  тұрғыдан  ойлануға  үйрету;  білім 

беру  үшін  бағалау  және  оқытуды  бағалау;  білім  беруде  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды  пайдалану;  талантты  және  дарынды  балаларды  оқыту;  оқушылардың  жас 

ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту; білім берудегі басқару және көшбасшылық. 

Сын  тұрғысынан  ойлау-ой  жүгірту,  тұжырым  жасау,  проблеманы  шешу  ұғымдарын 

ашады.  Неге  сенуге  болады?,  Не  істеу  керек?,  Қалай  ойластыруға  болады?,  Қалай  шешуге 

болады?  деген  сұрақтар  төңірегіндегі  мағыналы  ойды  ашады.  Сыни  ойлау  қай  нәрсені  де 

болмасын  терең  ойлап,  салыстыра  талдау  жасап,  өз  ой  көзқарастарын  білдіріп,  өз  ойларын 

нақты да тұжырымды жеткізе білуі деп ойлаймын. 

 Оқушымен бірге мұғалімнің өзі де сыни ойлау арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға 

ықпалдасатынына  көз  жеткіздім.  Қазақстан    Республикасының  педагог  қызметкерлерінің 

біліктілігін  арттыру  курсының  бірінші  (ілгері)  деңгей  бағдарламасын  тәмамдау  барысында 

мұғалімдердің  бойындағы  төмендегі  дағдыларды  қалыптастыру  мақсатын  жүзеге  асыруды 

жоспарладым. Іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау және жүргізу; 

-

 



Мектеп мұғалімдерінің тобына коучинг жүргізу; 

-

 



Тәлімгерлік арқылы мектеп коучтеріне қолдау көрсету; 

-

 



Мектеп тәжірибесін түрлендіру; 

-

 



Әріптестерге  желілік  қоғамдастық  пен  мұғалімдердің  кәсіби 

қоғамдастығы арқылы қолдау көрсету. [1,б.7] 

Желілік  қоғамдастық  жұмыстарын  жандандыру  барысында  біздің  мектепте  қалалық  білім 

беру орталығымен байланыса отыра «Заман» атты топ құрамы және мектепішілік әріптестер 

арасында  «Жалын»  атты  топ  құрамы    ұйымдастырылды.  Желілік  қоғамдастық  құрамына 

№44, №87, №21,  №37, №10 мектептер қамтылды. 

Желінің  даму  басымдылығы:  «Диалогтік  оқыту  арқылы  оқушылардың  ойлау 

дағдыларын  қалыптастыру».  Ескерілетін  табыс  критерийлері:  желілік  қоғамдастықта  өзара 

байланыс орнайды, бірлескен оқу жүйесі құрылады, оқыту мен оқу үдерісінде мұғалімнің іс-

тәжірибесіне өзгеріс енгізу үшін кәсіби дағдысы жетіледі.  Бұл баяндамада жаңа форматтағы  

біліктілікті арттыру курсынан алған жеті  модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың 

кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалады.   

Бұл 

модульдерді 



сабақта  мұғалім  ұтымды  пайдалана  білсе,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  артып, 

шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында 

ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі айқындадған. Оқыту мен оқудағы 

жаңа  тәсілдердің  ішінде  ақпараттық-  коммуникациялық  технологияларды  пайдалану 

қоғамдағы  өзгерістерді  танып  білуге  және  оларды  тез  қабылдауда  мол  мүмкіндік  береді. 

Жоспарланған  сабақты  тиімді  өткізуге  көмектеседі,  оқушының  ой  өрісінің  дамуына, 

зерттеулік  жұмыстар  жүргізуіне  ықпал  етеді.  Қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшелігі  -  тек 

біліммен қаруланып қоймай,        өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше 

өрлеуіне  қажеттілік  тудыру.    Алдағы  басты  міндетіміз  мұғалімдердің  педагогикалық 

тәжірибелерін  жетілдіру  мен  бағалай  білуге  көмектесу,  сындарлы  оқуға  бағыттау  екендігін 

естен шығармауға тырысайық. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

148 



 

Қорыта келе, белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп 

отырғанда  ғана  мұғалім,  ал  оқуды,  ізденуді  тоқтатысымен  оның  мұғалімдігі  де  жойылады» 

деген пікірімен аяқтағымыз келеді.  



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Мұғалімге  арналған  нұсқаулық  .  Бірінші  (ілгері)  деңгей.  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ. Педагогикалық щеберлік орталығы, 2014 

2.Үлестірме материалдар бірінші апта. Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым. 2014 

3. ru.Wikipedia org/wiki. Образование в Финляндии 

4. Шуканова Ф.К. // «Білім берудегі менеджмент», 2010, №4, 59-бет 

5. кк.Wikipedia.org/wiki/ Сингапур. «Сингапурдың білім беру жүйесі» 

 

Аннотация 

 

Поскольку  в  настоящее  время  приоритетным  направлением  является  переход  нашей 



страны к знаниям, которые могут стать лидером среди стран мира, стран мира, в частности, 

Сингапур,  Финляндия,  Великобритания,  проанализировали  достижения  в  системе 

образования стран. Совершенствование педагогического опыта учителей, ценить и помогать, 

направлять на обучение в конструктивных мероприятий возбуждено мысли. 

 

 

Асемгуль Тугаевна ЖУСУПОВА, 



Мамлют қазақ мектеп – интернаты, бастауыш сынып мұғалімі 

Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы         

 

БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ  

 

Түйін 

        Қоғамда  туындап  отырған  жаңа    экономикалық  қатынастарға  орай  білім  беруді 

реформалау  мәселесі  туындайды.  Реформалаудың  басты  мәселесі  білім  мазмұны  толық 

жаңғырту  жетілдіруді  талап  етеді.  Ол  білім  беру  стандарттарын,  базалық  оқу  жоспарларын 

жасау  және  тәжірибеге  енгізу  арқылы  жүзеге  аспақ.  Стандарттар  барлық  тұрпаттағы  оқу 

құралдарының  қай  түріне  жататынына  қарамастан,  кадр  даярлаудың  жоғары  біліктілік 

сапаларын үйлесімді атқаруы тиіс. Бұл күнде өмір өлшеусіз өзгереді. Қазақ халқы өз еркін өз 

қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білім  мен тәрбие ісіне көңіл 

бөліп,  өзіндік  бағыт  ұстап,  жасампаздық  жолға  меңзейтін  әдістер  ұсынуда.  Білім  беру  « 

Қазақстан  –  2030  »    ұзақ  мерзімді  стратегиясының  маңызды  басымдықтардың  бірі  болып 

табылады.  Қазақстандағы  білім  беру  реформаларының  жалпы  мақсаты  білім  беру  жүйесін 

жаңа  әлеуметтік  –  экономикалық  ортаға  бейімдеу  болып  табылады.  Қазақстан  Президенті 

Республиканы  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  енгізу  туралы  міндет  қойған 

болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.   



 

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, 

ақыл – ой – азаттығымыздың алдаспаны” 

Н.Ә. Назарбаев 

 

        Қоғамда  туындап  отырған  жаңа    экономикалық  қатынастарға  орай  білім  беруді 



реформалау  мәселесі  туындайды.  Реформалаудың  басты  мәселесі  білім  мазмұны  толық 

жаңғырту  жетілдіруді  талап  етеді.  Ол  білім  беру  стандарттарын,  базалық  оқу  жоспарларын 

жасау  және  тәжірибеге  енгізу  арқылы  жүзеге  аспақ.  Стандарттар  барлық  тұрпаттағы  оқу 

құралдарының  қай  түріне  жататынына  қарамастан,  кадр  даярлаудың  жоғары  біліктілік 

сапаларын үйлесімді атқаруы тиіс. Бұл күнде өмір өлшеусіз өзгереді. Қазақ халқы өз еркін өз 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

149 



 

қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білім  мен тәрбие ісіне көңіл 

бөліп,  өзіндік  бағыт  ұстап,  жасампаздық  жолға  меңзейтін  әдістер  ұсынуда.  Білім  беру  « 

Қазақстан  –  2030  »    ұзақ  мерзімді  стратегиясының  маңызды  басымдықтардың  бірі  болып 

табылады.  Қазақстандағы  білім  беру  реформаларының  жалпы  мақсаты  білім  беру  жүйесін 

жаңа  әлеуметтік  –  экономикалық  ортаға  бейімдеу  болып  табылады.  Қазақстан  Президенті 

республиканы  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  енгізу  туралы  міндет  қойған 

болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.  

Солардың 

бірі: 


-  Өз  мүддесі  мен  қоғамдық  мүдделерді  ұштастыра  білетін  ,  зиялы,  адамгершілігі    мол, 

денсаулығы 

мықты 

жеткіншек 



тәрбиелеу. 

-  Оқушылардың  санасына  туған  халқына  деген  патриоттық  сезім  ұялатып,  ұлттық  рухты 

сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту. 

Білім  беру  саласындағы  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  саясатын  іске  асырудың 

ұйымдастырушылық  негізі  –  қазақстандық  білімді  жаңғыртудың  жалғастырылуын 

қамтамасыз  ететін  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы    болуы  тиіс.Бағдарлама  білім  беру 

саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  ұйымдастырушылық  негізі  ретінде  білім  беру  мен 

тәрбиенің,  басқару  жүйесінің,  білім  беру  қызметі  субъектілерінің  құқықтық-

ұйымдастырушылық 

нысандарының 

және 


қаржы-экономикалық 

тетіктерінің 

құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен 

мерзімі  бойынша  бір-бірімен  өзара  байланыстағы  іс-шаралар  кешені  болып  табылады. 

Қазіргі  заман    мұғалімі  заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар, 

шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  оқу  мен  тәрбие  ісінде,  оқытудың  жаңа  технологиясын 

шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде танылатыны сөзсіз. 

Ендеше  қазіргі  заман  оқушысы  сыни  ойлап,  өзін-өзі  бағалай  алатын,  алған  білімін  өмірде 

қолдана  алатын  жан-жақты  тұлға  болуы  тиіс.  Бұл  жерде  елімізде  жүзеге  асырылып  жатқан 

«PISA»  бағдарламасы  аясында  функционалдық  сауаттылығын  дамыту-  бүгінгі  заманның 

талабы.  Болашақ  азамат  өз  ұлтының  асыл  мұрасын    сусындау    арқылы    туған  халқының  

тарихымен,  мәдениетімен  жете  танысып,  білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын  

терең    меңгерген    оқушы,  қоғамның    кез-келген  саласында    қиналмай  жұмыс  істеп,  өзінің  

функционалдық сауаттылығын көрсете алады. 

     Оқушыларға бағытталған  белсенді оқытудың  маңыздылығын сезіну және оқушылардың 

оқу  сауаттылығы  саласындағы  нәтижелерін  жақсарту  үшін,  оқу-тәрбие  үдерісінде  белсенді 

оқытудың  көптеген стратегияларын қолдану тиімді. Белсенді оқытудың  әдіс-тәсілдері  оқу  

сауаттылығы  саласындағы  арнайы    дағдыларды    дамыту,  бағалау,  PISA    аясында  

келтірілетін мысалдарды  талдау және  мәселелерді  табысты  шешу үшін  қажетті  дағдылар 

мен стратегияларды  анықтау, мәселелерді шешуді іздеу стратегияларын  ұғынуға  мүмкіндік  

туғызады. Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына  үнемі оқып үйренсем деген  

ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін 

жаңа  технологиялармен,  әдіс  тәсілдермен  байланыстыра  отырып  дамыту.  Қоғамның 

өзгеруімен  байланысты  білім  беру  әдістері  де  білім  көлемі  де  үнемі  өзгеріп  отырады.  Ол 

білім    беру  заңдылықтарына  байланысты  өзгеріп  дамып  отырады.  Біз  ұстаздар  қауымы 

қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта 

қолданудың 

тиімділігін 

қашан 

да 


жолға 

қоярымыз 

анық. 

Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Назарбаев зияткерлік 



мектебі» 

курсы 


бағдарламасын 

меңгеруде 

түйгенім: 

-  Оқушыға  қалай  оқу  керектігін  үйрету,  соның  нәтижесінде  еркін,  өзіндік  дәлел  -  уәждерін 

нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір  - көзқарастары жүйелі 

дамыған,  сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы  қалыптастыру.  Мен 

мұғалім  ретінде  оқушыларға  білім  беру  мен  тәрбие  берудегі  жауапкершілікті  мұғалім 

бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі  тізгінін ұстайтын 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

150 



 

«  Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асыратын  ұрпақ  тәрбиелеуде  үлкен  жүкті  арқалай  отырып, 

қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім 

де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, 

олардың  жан  дүниесін  түсіну,  оқушылармен  дұрыс  қарым  –  қатыныс  орнату,  олардың 

әрқайсысына  мән  беріп,  назарда  ұстау  мен  үшін  әдетке  айналған.  Бастауыш  сыныптарда 

қолданылатын  жаңашыл  әдістерді  анықтау  іскерлік,  әр  оқушының  жеке  басының  қабілетін 

есепке  алу  іскерлігі;  оқушылардың    таным  қабілетін,  өздігінен  білімін,  іскерлігі  мен 

дағдысын жетілдіру іскерлігі. 

 

Бүгінгі  таңда  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  алдында  білім  сапасының 



бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені 

адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары 

кәсіптілік  пен  интеллектуалдық  әрекеттерді  қажет  ететін  жағдайларда  заман  талабына  сай 

өмір сүріп, қызмет етуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің 

алдына  оқыту  үрдісін  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әр  түрлі 

технологияларды  меңгерту  мұғалімнің  интелектуалды,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани, 

азаматтық  және  де  басқада  көптеген  адами  қабілетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді.  

Жаңа технологиялар  теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер  беруде. 

Жаңа  педагогикалық  технологияларды  күнделікті  сабақ  үрдісінде  пайдаланй  үшін  ,  әр 

мұғалім  алдында  отырған  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогтік 

мақсатына,  мүддесіне  сай,  өзінің  шеберлігіне  орай  таңдап  алады.  Бұл  жаңа  технологиялар 

оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін,  терең  ойлай  білуін,  теориялық  негіздерін, 

эстетикалық  көзқарастарын  пайымдауын,  баға  беруін,  танымдық  белсенділігін  дамытуға 

бағытталған.  Жалпы білім беретін мектептердегі оқу – тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни 

оның  нәтижесінің  жоғарғы  деңгейде  болуын  қадағалау  жаңашыл  педагогтардың  қолында 

болды.  Олар  педагогикаға  «  жаңа  технология  »  терминін  енгізді.  Бұл  жаңашыл 

педагогтардың мақсаты – оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толқынды Бұл 

жаңашыл  педагогтардың  мақсаты-оқушылардың  алатын  білімдерін  сапалы  ету,  оның  жеке 

тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай  қазірде оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын 

дамыту 

жолында 


мынандай  

әдіс-тәсілдер 

қолдануға 

болады. 


Мысалы:  «Миға  шабуыл»-    тапсырмалар  берілгенде  оқушылар  жұппен  немесе  шағын 

топпен   орындайды.  Сын    айтылмайды,  бірін  бірі  тыңдайды,  дұрыс  жауапты  таңдайды 

,ерекше идеяларды қолдайды. 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең 



алғаш  рет  әр  баланың  қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы  жеке  адамның 

дарындылығын  таныту  сияқты  өзекті  мәселелер  енгізіліп  отырғаны  белгілі.  ХХІ  ғасыр-

бәсеке  ғасыры,  бұл  бәсеке  енжарлықты,  керітартпалықты  көтермейді.  Еліміз  егемендігін 

алып,  өзін  бүкіл  әлемге  мойындата  бастаған  осы  кезеңде  біздің  қоғам  дарынды,  қабілетті, 

жан-жақты  жетілген  адамдарды  қажет  етеді.  Сондықтан  да  еліміздің  білім  берудегі  ұлттық 

жүйесі  өте  қарқынды  өзгерістер  сатысында  тұр.  Бүгінгі  таңдағы  негізгі  мақсат  -  ұлттық 

құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға 

тәрбиелеу.  Ол  үшін  оқушылардың  белсенділігін  арттыру,  ізденімпаздыққа  үйрету  және 

білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. 

 

Ендеше,  бүгінгі  біздің  алдымызда  тұрған  келелі  міндет-оқытудың  жаңа 



технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке 

тұлға даярлау. Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту 



ісін  түзетуден  бастау  керек» деген  болатын.  Сондықтан  да,  қазіргі  кезде  білім  берудің 

жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру  деңгейіне  жетуге  ат  салысуда,  ертеңгі 

болашағымыздың  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  алуы-қазіргі  қоғамдағы  ұстаздарға 

байланысты.  Жалпы  алғанда,  заман  талабына  сай  білім  беруде  маңызды  жақтары  өте  көп. 

Білім  -теңіз,  оның  тереңін  жетік  білетін,  қыр-сырын  меңгерген,  құпиясын  аша  алатындар 

ғана  бойлай  алады.  Мұндай  адамдарды  мұғалімдер  ғана  тәрбиелеп,  дайындайды.    Мұғалім 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

151 



 

білімді  оқушы  санасына  сабақ  арқылы  жеткізеді,  ал  сабақ  сапасын  арттыру  –  барлық 

мұғалімдерді  толғандыратын  маңызды  мәселе.  Күн  сайын  өтетін  жаттанды  кезеңдерден 

тұратын  дәстүрлі  сабақтар  оқушыларды  жалықтырып,  білімге  ынтасын  төмендетері  сөзсіз. 

Сондықтан  өзімнің  алдағы  педагогикалық  жұмысымда  сабақты  жандандырудың  әдіс-

тәсілдерін  дұрыс  таңдап,  бұған  оқушыларды  тартып,  олардың  белсенді  өз  бетімен  ізденіп 

жұмыстануын ұйымдастыруды  алдыма міндет етіп қойдым. Белсенді  оқыту оқушының оқу 

сауаттылығна  қатысты  ойлары  мен  дағдыларын  дамытуды  қолдайды.      Олардың  қайсысы 

белсенді  оқытудың дағдыларын  дамытуды қолдайтынын және бұл  дағдылар  қалай   сәйкес 

оқыту  стратегияларымен    дамитынын    анықтау    үшін  з  ерттеуге    көмектесеміз.  Біз  қалай 

үйренеміз  жайында өз пікірлерімізді айтамыз: кітап оқып,  дәріс тыңдап  және сұрақ қойып  

немесе  ойын    ақылы    үйрене    алатындығымызды,  басқа  адамдармен  өз  пікірлерімізді 

алмастыра  отырып,  басқа    біреуден    үлгі    ала  отырып,    машықтана  отырып    немесе 

әрекеттерді  өздігінен  жасай  отырып  үйрене  аламыз.Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең 

бірінші  сабаққа  даярлықтан  басталады,  яғни, өтілетін  сабақтың  жоспарын  құру,  оны  өткізу 

әдістемесі,  оқушылардың  қабілеттерін,  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  иллюстрация, 

техникалық  құралдарды,  дидактикалық  материалдарды  пайдалану.  Мұғалімнің  осы 

шығармашылық  әрекеті  арқылы  оқушының  шығармашылық  қабілеті  қалыптасады.  Ал, 

көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. 

Оқушыны  шығармашылық  ойлауға,  жылдамдыққа,  икемділікке,  тапқырлыққа  үйрету  ол 

мұғалімнің 

әр 


сабағында 

қалыптасып 

отыратыны 

анық. 


Кез-келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру  деңгейінің  жоғарлығы,  дүние 

жүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен  салмағы  сол  елдің  технологиялық  даму  деңгейімен 

анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім 

беру  ісінің  жолға  қойылғандығы  мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп  тіреледі. 

Экономикалық  күшті  дамыған  елдердің  тәжірибесі  экономика,  ғылым  және  мәдениеттің 

қарқынды  дамуының  негізгі  кілті  екендігін  көрсетіп  отыр.  Ендеше  қазіргі  заманның 

ақпараттық  технологиясын  игеру  міндеттіміз.  заманның  ақпараттық  технологиясын  игеру 

міндетіміз.  Білім  беру  –  аса  күрделі  әлеуметтік-экономикалық  механизм.  Оны 

реформалаудың  мәселелері  де  сан  қырлы.  Қазіргі  кездегі  Республикамызда  қолға  алынған 

білім  беру  жүйесін  реформалау  ісі  осы  саланың  экономикалық-ұйымдық,  құқықтық, 

құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз 

байланысты.  Білім  беру  ісіндегі  жаңа  үрдістің  мән-мағынасы,  сипаты  мен  бағыт-бағдарын 

айқындаушы дәйекті факторлар: 

           •   Қазақстан    Республикасының     тәуелсіз    егеменді мемлекет болып қалыптасуы; 

           •   экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту; 

           •   ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр. 

Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты 

білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан 

кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық  қызмет пен өзін-өзі  басқару, 

өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.Білім беру реформасын одан әрі 

тереңдете  жүргізу  жаңа  замандық  база  жасауды  қажет  етіп  отыр.  Ең  алдыменен,  ел 

экономикасының  нарықтық жаңа кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын 

заң  баптары  керек  болды.  Азаматтардың  білім  алу  құқығын  айқындайтын  Қазақстан 

Республикасы   

Конституциясының   

30-бабының   

қағидасын 

толығырақ   мазмұндап,   білім   берудің   мемлекеттік   емес секторларының орны мен рөлін, 

шетелдік,  халықаралық,  діни  білім   беру  ұйымдарының   құқықтық  негіздерін   нақтылап, 

білім      

мекемелерінің      

жаңа      

әлеуметтік-экономикалық 

жағдайдағы     қызметтік     міндеттерін     белгілеу     қажеттілігі  туындады.Қазіргі  білім  беру 

жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау.  Мектеп  –  үйрететін  орта,  оның 

жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс  - оның сабақты 

түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет