1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет42/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71

 

 

265 



 

Бүгінгі  таңда  «құзырлық»  ұғымымен  қатар  «түйінді  құзырлықтар»  ұғымы  да 

кеңінен  қолданылуда.  Ол  «Еуропаға  арналған  түйінді  құзырлықтар»  бағытын 

ұстанатын  Еуропа  Кеңесі  көлемінде  айқындалған  стратегиядан  бастау  алады. 

Бұл түйінді құзырлықтар саны жағынан да, мазмұны жағынан да әркелкі. 

Құзыреттілік  –  жұмыскердің  өз  білімі,  біліктілігі  және  дағдылары  негізінде 

нақты  кәсіп  аясында  жоғары  сапалы  және  мөлшерлік  еңбек  нәтижелеріне  жету  үшін 

нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті. 

Педагог іс-әрекеті  білім саласында кәсіби міндеттерді  шешуге бағдарланады. Шешім 

мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық  – 

іс-әрекеттің  алғашқы  кезеңі,  екінші  кезең  іс-әрекет  бағдарламасын  жоспарлау, 

жобалау.  Іс-әрекет  бағдарламасын  құру  үшін,  қандай  әрекеттер  және  қандай  оқыту 

процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы  – 

педагог  іс-әрекетінің  моделі  пайда  болады.  Іс-әрекетін  бағдарлау  педагогтың 

интеллектуалдық  қабілетіне  байланысты,  қандай  білім  мен  іскерліктерді  игерген, 

педагогтың  кәсіби  міндеттерін  эвристикалық  жолмен  шеше  алуы,  оқыту 

технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің 

бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі [3, 408]. 

Біліктілік  –  адамның  қандай  да  бір  кәсіби-  еңбек  қызметін  орындауға  деген 

дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – 

қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, 

білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат [1, 16-

17б.]. 

Кәсіби  оқытушы  құзырлығы  жоғары,  әлеуметтік  тұрғыдан  жетілген,  әдіс-



тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге 

ұмтылған  маман.  Мұғалім,  педагог  мамандығы,  зиялылар  ішіндегі  көп  топтасқан 

мамандықтардың  ірі  тобына  жатады.  Білім  беру  жүйесінде  педагогтар  мемлекеттік 

қызметкерлер  болып  табылады.  Педагог  өз  мамандығының  сапасын,  біліктілігін 

арттыруды  психологиялық  тұрғыдан  қамтамасыз  етуі  үлкен  роль  атқарады. 

Педагогтың  іс-әрекеті  көбінде  оның  кәсіби  шеберлігінің  кеңістігіне  қатысты. 

Оқушыларға  тәрбие  мен  білім  берудегі  мақсат  -  ғылыми-педагогикалық 

тапсырмаларды  орындауға  және  мұғалімнің  педагогтық  қызметінің  қажетті 

функциялары мен түрлерін орындауға бейім тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 

Педагог  оқыту  үрдісінің  білім  беру  саласы,  мәні,  мағынасы  және  құрылымы  туралы 

білім жүйесін білуі керек [4, 432]. 

Орнықты  даму  стратегиясы  аясындағы  әлемдік  білім  беру  жүйесіне  кірігу 

үдерісіне  аяқ  басқан  қазақстандық  педагогтың  міндеті  –  оқушыны  өз  бетімен  білім 

алуға  бағыттау,  тұлғалық  қасеттерін  өз  бетінше  дамытуына  жағдай  жасап,  көмек 

көрсету. Оның іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Іс-

әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім 

мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше 

алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. 

Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігімен шешіледі. Жаһандану жағдайындағы 

педагог  -  құзырлығы  жоғары,  әлеуметтік  тұрғыдан  жетілген,  әдіс-тәсілдерді 

меңгерген,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін,  өзін-өзі  кәсіби  жетілдіруге  ұмтылған 

маман. 


Мұғалімнің 

кәсіби 


шеберлігіне 

байланысты 

мәселелер 

көптеген 

жауапкершілікті  талап  етеді.  Қазақстандағы  жалпы  білім  беретін  және  кәсіби  білім 

беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде 

принципті өзерістерді қажет етеді.Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу 

ақпаратының  мазмұны  жаңаруда,  педагогикалық  коммуникация  құралдары,  және 

педагогикалық  әсер  етудің  объектісі  -  оқушылар  да  айтарлықтай  өзгеруде.  Осы 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

266 



 

факторлардың  барлығы   педагогикалық  кәсіби  шеберлігінің  деңгейін  жоғарлатуды 

талап  етеді.  Оқу  процесінің   жаңаруына  қажетті  шарт  кез-келген  педагогикалық 

жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың  педагогикалық шеберлігін 

арттырубасты  мәселе.  Жаңа  әлеуметтік  тұрғыда  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігінің 

қалыптасуы - білімінің жоғарғы сапасын   қамтамасыз етеді. 

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін 

күрделендіріп  отыр.  Өйткені  дәл  қазіргі  таңда   оқушылардың   жалпы  және  рухани 

мәдениетін  мұғалім  анықтайды.  Педагог-  өз  ісінің  шебері.  Бұл  дегеніміз  жоғары 

мәдениетті,  өз  пәнін  терең  білетін,  өзіне  тиісті  ғылым  және  мәдениет 

салаларымен   жақсы  таныс,  психологиялық  мәселелерін  практикалық  түрде  талдай 

білетін,  тәрбиелеу  мен  білім  беру  әдістемесін  терең  меңгерген  маман.  Осылайша, 

педагогикалық 

шеберліктің  

маңыздылығын 

кәсіби 


әрекеттерді 

ұйымдастырудың   жоғарғы  деңгейін   қамтамасыз  етуші   жекелік   қасиеттердің 

жиынтығы  деп   көрсетеді.  Бұл  қасиеттерге  оқытушы  әрекетінің  гуманистік 

бағытталуы,  кәсіби  білімі,  педагогикалық  ерекшеліктері  және  педагогикалық 

техникасы жатады. 

Әдебиеттер: 

1.

 



Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасы.Астана,2005, 16-17б. 

2.

 

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы,6 том.Астана, 2007, 96 б. 



3.

 

Қ.М.  Нағымжанова.  Оқыту  технологияларын  таңдау  және  мұғалімнің  кәсіби-



педагогикалық  мәдениеті.  «С.  Аманжолов  оқулары  -  2005»  Халықаралық  ғылыми-

практикалық конференцияның материалдары. Өскемен, 2005. 538 б. 

4.

 

А. Айталы«Ұлттық жаңарудың алғы шарттары» Тіл және қоғам – Астана,2004, № 3. 



5.

 

Ә. Кекілбайұлы«Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл» Тіл және қоғам –Астана, 2004, 



№ 5 

Аннотация 

В данной статье раскрываются ключевые понятия о компетенции педагогов, а 

также  их  влияние  на  учебную  деятельность.  Дается  описание  основных  элементов 

понятия «компетенция». 

 

Бахытгуль Мухамбетгалиевна МУКУШЕВА, 

Қарағанды қаласының №16 ЖББ ОМ, 

тарих пәні мұғалімі 

Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

ЖАҢА БІЛІМ БЕЛЕСІ 

 

Түйін 

Мақалада  қазіргі  таңда  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесінде  жүзеге  асырылып 

жатқан  жаңашыл  оқыту  бағыттары  сипатталған.  Заман  талабына  сай  білім  беру 

үрдісіне  енгізіліп  отырған  12  жылдық  білім  беру  жүйесі  мен  функционалдық 

сауаттылық  бағдарламалары  жайындағы  мәселелер  көтерілген.  Және  осы 

бағдарламаларды  жүзеге  асыруда  Кембридж  университетімен  біріге  отыра 

құрастырылған бағдарламамен үйлесімділігі ашылған. 

 

Білім  –  өмір  азығы.  Адамның  бойындағы  білімділігі  мен  біліктілігі  өмірлік 



қағидаттардың негізінді жатыр. Сократ, Демосфен, Аристотель заманында ашық аспан 

астында білім нәрімен сусындатқан ұлы тұлғалар тағылымы еш уақытта ұмыт болмас. 

Ұлы  Абай  атамыз  да  өз  өлеңінде  «қолымды  мезгілінен  кеш  сермедім»  деп,  білімге 

ұмтылуы қазіргі ұрпаққа үлгі болуы керек. Қазіргі заман талаптарына сай құзырлы да 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

267 



 

қалаулы  мамандық  иесі  ретінде  қалыптасудың  проблемалық  тұстары  әлі  де 

қарастырылып жатыр. Себебі, заман өзгеруіне сай жылжи отыра даму арқылы ғана біз 

талаптарға  сай  бола  аламыз.  2016  жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасында 

білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016  –  2019  жылдарға  арналған 

бағдарламасының  мақсатында,  «экономиканың  орнықты  дамуы  үшін  білім  берудің 

және  ғылымның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  адами  капиталды  дамыту»  деп 

көрсетілген  .  ХХІ  ғасырдағы  оқыту  әдістеріндегі  өзгерістер  мен  талаптардың  өсуіне 

сай болу үшін мемлекетіміз 12 жылдық білім беру жүйесіне сабырмен, басқа елдердің 

үздік  тәжірибелеріне  сүйене  отыра  жүзеге  асыруда.  2012  жылдан  бастап  Кембридж 

университетімен  біріге  отыра  құрастырылған  бағдарлама  осы  талаптарға  сай  тұлға 

қалыптастыру жолындағы алғашқы бастама еді.  Заманның ілгері жылжуына сай білім 

қағидалары да өзгеріске түсуі шарт.  Сапалы білім қоғамда көтерілетін ең маңызды да, 

өзекті  мәселе  болып  отыр.  Сындарлы  білім  беру  бағдарламасына  негізделе  отыра 

енгізілген жеті модуль адам баласының толықсып өсуі мен дамуының траекториясын 

көрсетіп тұрғандай. «Білім өмір –шырағы» демекші, қазіргі танда тек қана білімді болу 

аздық  етеді.  Білімді  бойына  тек  қана  жинай  бермей  оны  өмірде  қолдану  арқылы 

қоршаған  ортаға  өз  пайданды  тигізе  алуын  керек.  Бойында  ұйымдастырушылық, 

көшбасшылық қабілеттері болмауы мүмкін. Креативті түрде шешім қабылдай алмауы 

мүмкін, әлде өзіндік «мені» әлсіз бе? Біздің дәстүрлі түрде оқып жатқан мектептеріміз 

қоғамның жас азаматының бойында осы қабілеттерді қалыптастыра ала ма деген сұрақ 

туындайды? Неге біздің мамандарымыз шетелде жұмыс істей алмайды? Мұнын себебі 

дәстүрлі оқыту ма? Ал онда, кеңес үкіметі тұсында біздің ғалымдарымыздың жасаған 

ғылыми ашулар мен жаңалықтары қайда қалады? Сұрақ көп. Жауапты қайдан іздеуге 

болады.  Әрине,  адамның  түп  қазығын  қалайтын  білім  ордаларынан.  Дәл  осы  жерде 

болашақ азаматтың қалыптасуы, мамандық иесі болу үрдістері жүреді. Осыған орай , 

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту 

–  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  мектеп 

оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық 

жоспарды  қабылдау  жөнінде  нақты  міндет  қойды.  Аталған  міндет  Қазақстанның 

әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  кіруі  процесінде  де  маңызды  болып 

табылады.  Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында  қалыптасады. 

Функционалдық  сауаттылығы  дегеніміз-адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және 

экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі 

заман  ағымына,  жасына  қарамай  ілесіп  отыруы,  адамның  мамандығына  ,  жасына 

қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 

 -белсенділік 

 -шығармашылық тұрғыда ойлау 

 -шешім қабылдай алу 

 -өз кәсібін дұрыс таңдай алу 

 -өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.  

Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында  қалыптасады.  Функционалдық 

сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  2011-2020  жылының  мемлекеттік 

бағдарламасында  айқын  көрсетілген.  Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін 

мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан 

дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы  әлемде  әлеуметтік 

бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  болып 

табылады. Мұғалімнің де функционалдық сауаттылығын дамыту қолға алынып отыр. 

Осыған  орай  «Өрлеу»  оқыту  орталығы  ұстаздарды  үшайлық  дайындық  курстарын 

оқытуда. 

ҚР  Президенті  Назарбаев  Н.Ә.  атап  көрсеткендей,  «оқыту  үдерісінде  қазіргі 

заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу»  қажеттілігі  ,  «оқу  жастарға  тек 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

268 



 

білім  беріп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оларды  әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде 

пайдалана  білуге  де  үйретуі  тиіс»  деген  болатын.  Әлемнің  білім  кеңістігіне  есік  ашу 

үшін алдымен мектептеріміз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі шарт. Сол орайда 

енгізіліп отырған үш айлық курстың жеті модулінің маңызы өте зор. Себебі дәстүрлі 

мектепте білімге адам бағытталған болса, енді білім адамның қажеттілігіне жарау үшін 

адамға  бағытталуы  тиіс.  Сонымен  қоса,  әрбір  адамның  жеке  қасиеттері  мен 

қабілеттерін  ескере  отыра,  адамның  әлеуметтену  процессіне  игі  әсерін  тигізе  алуы 

тиіс.  Кембридж  университетінің  бағдарламасының  негізі  болып  тұрған  жеті  модуль 

жеке тұлғаның қалыптасуына жақсы әсер етеді деген ойдамын. Және бұл бағдарлама 

арқылы  жас  бала  бойында  функционалдық  сауаттылық  негіздерін  қалыптастыру 

мүмкіндіктері ашылады. Кеңінен тоқтала кетсек, бірінші модуль «Білім беру мен білім 

алудағы  жаңа  тәсілдер»  оқушы  мен  ұстаз  арасындағы  білім  алу  мен  беру  процессін 

жемісті  етсе,  ал  екінші  модуль  «сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету»  баланын  ойлау, 

ойлану, тығырықтан шығу, жағдаяттардан ұтыспен шығу, ұтымды жауап қату сияқты 

қабілеттерін қалыптастырады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан 

анағұрлым  кең  коммунокациялық  үдерістерге  тиімді  және  ойдағыдай  қатысуға 

мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек. (Wolf 

and  Alexander,  2008)  Үшінші  «білім  беру  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау»  модулі 

қалыптасқан  ескі  бағалау  стереотипін  сындырып,  бағалауға  жаңаша  көз-қараспен 

қарауға мүмкіндік ашқандай. Бағалауды тек қана мұғалім ғана жүзеге асырып қоймай 

оқушы да қатыса алады. Және балалардың арасында жоғары баға мен балға ие болу, 

бәсекелестікке  түсу  сияқты  қызығушылықтары  ашылады.  Сыни  тұрғыдан  ойлау 

қабілеттерін  оқушы  бойында  қалыптастырмас  бұрын  ең  алдымен  мұғалім  өзі  сыни 

тұрғыдан  ойлап  үйренуі  керек.  Соның  ішінде  диалогтік  оқыту  оқушы  мен  мұғалім 

арасындағы байланысты нығайта отыра, оқушының дамуына жол ашады. 

«Білім  берудегі  ақпараттық-коммуникациялық  технолгияларды  пайдалану»  

модулі  қазіргі  таңның  ең  маңызды  талаптарына  сай  құзыреттіліктерді 

қалыптастыратын  құрамдас  бөлігі  деп  танимын.  Ақпараттық-технологияларды 

меңгеру,  емін  еркін  жұмыс  жасай  білу,  АҚТ  ұсынған  мүмкіндіктерді  кеңінен 

пайдалана  алу,  интернет  әлеміне  еніп  қажетті  мәліметті  тауып  алу  қабілеттері  бар 

мамандар қажет екендігі айдай анық.  Ал егер де бойында  «талантты және дарынды» 

ұштастыра  алатын  болсан  нағыз  бәсекеге  төтеп  бере  алатын,  қажетті  мамандық  иесі 

боласын. Адам болмысынан талантты болып туа ма, әлде дарынды болып туа ма? Бұл 

сұрақ  көптеген  адамдар  мен  ғалымдардың  көкейінде  жүрген  болар.  Талантты  болып 

туып,  дарындылықты  дамытуға  болады.  Бірақ,  жас  адамның  бойындағы  талант  пен 

дарындылықты  тауып  алып  ашу,  дамыту,  жетілдірту  ата-ана  мен  ұстаздың 

мойынында.  Егер,  сіз  жақсы  ұстаз  болсаңыз,  онда  кез-келген  баланың  бойында 

тығылып  жатқын  дарындылықты  таба  алып,  оның  өсіп  жетілуіне  жола  аша  алуыныз 

қажет. «Ұлы ұстаз шабыттандырады» демекші, баланың дарындылығының әлемге паш 

етілуі, әрине ұлықты іс болары анық. Бірақ, сол талант қашан, неше жасында, қандай 

жағдайда  ашылады?  Неше  жастан  бастап  талант  пен  дарындылық  танылады? 

Бағдарламада  берілген  «талантты  және  дарынды  балаларға  білім  беру»  модуліндегі 

Эйер  мен  Лоу  талантты  немесе  қабілетті  үнемі  айқындай  отырып  бастауыш 

мектептердің  мұғалімдері  өздерін  «дарынды  бақылаушылар»  ретінде  көрсетуга  тиіс 

деген болатын. Демек, дарындылықты ашу үшін баламен тығыз жұмыс жасау қажет. 

Менің ойымша кез-келген баланың бойында тығылып жатқан талант пен дарындылық 

болады.  Егер  сіз  осыны  байқай  алсаңыз  «ұлы  ұстаз»  болғаныныз.  Фриманның 

пайымдауынша  егер  бала  ерте  жасынан  сөйлей,  оқи  және  жаза  бастаса,  ол  ерте 

жастағы дарындылықты көрсетеді. Ал оны әрі қарай дамыту үшін «ынталандыратын» 

және  «күрделі»  тапсырмаларды  ұсыну  Эйр,  Выготский  және  Катцтың  еңбектерінде 

көрсетілген.  Өз  тәжірибеме  көз  жүгіртетін  болсам,  шын  мәнінде  дарындылығы  бар 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

269 



 

бала ешқашан жай отырғысы келмейді, үнемі ізденіс үстінде болуды ұнатады. Егер сіз 

дарындылығы  бар  оқушыға  күрделі,  өз  бетімен  орындауға  арналған  тапсырмалар 

ұсынсаныз,  зерттеу  жұмыстарына  шоғырландырсаныз  баланың  даму  процессін 

бақылай  аласыз.  Алайда,  Выготскийдің  айтуынша,  тым  күрделі  жұмыс  балаларға 

орындалмайтын,  ынтасын  жоятын  жұмыс  болып  көрінетіндігін  дәлелдейтін  «жақын 

арадағы  даму  аймағы»  теориясы  негізінде  балалардың  өзекті  қабілеттерінің 

деңгейлерін  бағалаудың  тиімді  екенің  баса  айтады.  Шын  мәнінде  баланың 

мүмкіндіктерін  ескере  отыра  құрылған  жоспар  жетістікке  әкелетіні  анық.  «Білім 

берудегі  басқару  және  көшбасшылық»  модулі  адам  баласының  жетістігі  мен 

дамығандығының көрінісі ретінде қарастырамын. Мұғалім бойындағы көшбасшылық 

қасиет    және  жұмысты  басқара  білу,  жұмыс  барысына  игі  әсерін  тигізеді. 

Адамгершілік 

мақсаттағы 

мұғалімдер 

өздерінің 

әріптестеріне 

және 


айналасындағыларға  әсер  ету  үшін  көшбасшылық  қасиеттерін  көрсетеді.  Олардың 

көңілінде  үнемі  талапқа  сай  білім  беру  тұрады.  (Frost,  2011)  Егер  сіз,  игі  бастама 

манында өзге әріптестеріңізді шоғырландырып, оқушыларды жаңашылдыққа жетелей 

алсаныз,  демек  оптимистік  көз-қарастағы  мұғалімсіз,  оптимизмге  ынталандыру- 

мұғалім  көшбасшылығының  міндетті  қыры  болып  табылады.  Осындай  сабақтар 

барысында  оқушылардың  қай  сұрақтар  маңында  белсеңділік  таңытып  жұмыс 

атқарғандығы  және  тақырыптарды  зерделей  келе,  өмірмен  тығыз  байланыстағы 

қойылған  проблемалық  сұрақтарды  шеше  отыра,  өмірлік  тәжірбие  мен  көз-

қарастарының  қалыптасуына  әсер  ететінің  байқадым.  Тарих  сабақтарындағы 

оқушылардың «өз бетінше білім алуға» деген қызығушылықтарын бақылап, келесі оқу 

жылында  осы  технологияларлы  тереңдете  енгізу  арқылы,  оқушылардың  ашыла 

түсуіне жол ашпақпын. 

Өз тәжірибиемді зерделей келе, жаңа оқыту тәсілдерінің сабақ барысына әкелген 

өзгерістерін SWOT-анализ түрінде көрсетсем. Бұл салыстырмалы кестеде жаңа оқыту 

тәсілдерінің оқушы мен мұғалім бойына әкелген өзгерістер зерделенген. 

Мықты тұстары 

Оқушы бойында жаңаша ойлауды дамыту 

Оқушының  өз  бетімен  шешім  қабылдап, 

таңдай жасай алуы 

Ескі  жадыны  жаңғырта  отыра  қазіргі 

күнмен байланыстырады, салыстырады 

Субъектілі қарым-қатынасы 

Біріге отыра шешім қабылдау 

Оқушы 

мен 


ұстаз 

бойындағы 

көшбасшылық қабілет 

Сыни көз-қарастың қалыптасуы 

Ізденімпаздық 

Әлсіз тұстары  

Уақыттың унемді пайдалынбауы 

Бүкіл  сыныптың  күрделі  сұрақтарды 

талқылауға қатыспауы 

Материалдық базаның әлсіздігі 

Сыныпта оқушы санының көптігі 

Мұғалімдердің  жаңа  оқу  тәсілдерін 

толықтай меңгермеуі 



Мүмкіндік  

Өзін-өзі реттеу 

Өзін-өзі бағалау 

Өзіне деген сенімділік 

Сыни ойлана алу 

Функционалды сауаттылықтың дамуы 



Қажетті түзетулер 

Оқу  матреиалдық  базасының  жаңа  оқыту 

тәсілдеріне сай өзгертілуі 

Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру 

Оқушылардың 

білімділік 

сапаларын 

жаңаша бағалау 

Оқу үрдісінегі тәрбиеге мән беру 

Оқушылардың  бойындағы  таланттылық  пен  дарындылықтын  осы  бағдарлама 

аясында  жүзеге  асыру  жолдарының  оңтайлығын  көрсетті.  Оқушылардың  білімділік 

даму  траекториясына  қарай,  алғырлығы  мен  ынтасы  және  тумысынан  біткен  ерекше 

қабілеттеріне  қарай,  талантты  немесе  дарынды  деп  анықтаймыз.  Бұл  ұғымның 

мазмұндық  жағы  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Жаңа  технологиямен  өткізілген  сабақ 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

270 



 

барысында  оқушыны  сырттан  бақылай  отыра  кейбір  балалардың  бойындағы 

қасиеттерді  байқауға  болады.  Мысалы,  «үнсіз  оқушы»  сабаққа  қатыса  отыра  өзінің 

пәнге  деген  қатынасы  арқылы,  қоғамға  және  өмірге  деген  көзқарасын  көрсеткен 

болатын.  Ал  талантты  әрі  дарынды  оқушыларымыз  одан  әрі  дами  түсе,  шындала 

бастады.    Оқушылардың  «өзін-өзі  реттеуін  және  ұйымдастыруын»  басшылыққа  ала 

отыра,  «көшбасшылық  және  лидерлік»  модулін  басты  етіп  алдым.  Елімізде  жүзеге 

асырылып  жатқан  Кембридж  университетінің  бағдарламасының  заман  талабына  сай 

өзгерістерге  бейімделе  алатын  тұлғаны  қалыптастыра  алатындығына  көзіміз  жетті. 

Бағдарлама  тапсырмаларын  орындай  отыра  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  ,  жеке  даму 

стратегиясына  шығару  арқылы,  әлемдік  нарықта  бәсекеге  түсе  алатын  жан-жақты 

құзыретті  тұлғаның  қалыптасуына  жол  ашатындығында.  Әлемдік  білім  беру 

жүйесіндегі  он  екі  жылдық  білім  беруге  қол  жеткізу  арқылы,  мықты  деп  саналатын 

жоғары оқу орындарына түсуге  мүмкіндік ашылады. Білімді  ұрпақ еліміздің көркеюі 

мен дамуына өз септігін тигізері анық. Осы бағдарламар жаңа білім белесіңе бастаған 

қадамның алғашқы бастамалары.  

 

Әдебиеттер: 

1.

 



 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытуды 2016 – 2019 

жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2016 жыл 

2.

 

Н.Назарбаев., 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту 



– Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 

3.

 



 Frost.  D,  (2011)  «Мұғалімнің  көшбасшылығы:  мақсаттылық,  стратегия  және 

әсері, мектеп жетекшілігі және басқару» 

4.

 

 Хаген .Д мен Хейел. Д, (1973) «Баларды зейінді дамыту» 



5.

 

 Фриман. Д, (1998) «Ерекше қабілеттерді оқыту» 



6.

 

 Эйр.  Д,  (2001)  «Бастауыш  мектепте  дарынды  және  талантты  оқушыларға 



арналған оқу жоспарын құру» 

7.

 



 Выготский. Л,  (1978) «Қоғамдағы сана» 

8.

 



 Wolf and Alexander,  (2008)  «Дәлелдеу және диалогтік оқыту:  өзгермелі  өмірге 

арналған балама педагогика» 

9.

 

 Д.  Эйер  мен  Х.  Лоу,  (2002)  «Орта  мектептегі  дарынды  және  талантты 



оқушыларды оқыту» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет