1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет60/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71

 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

376 



 

Түйін 

Су  –  Джок  терапиясының  негізінде  тілі  нашар  балалармен  тузету  –  педагогикалық 

жұмысты ұйымдастыруына арналған мақала. Тілінің нашарлауын түзету әдістері және 

дәстүрлі тәсілдермен бірге дәстүрлі емес Су – Джок әдісін бірге қолдану міндетті екені 

анықталды.  Әдебиеттегі  сараптаманың  негізінде  әртүрлі  және  тиімді  түзете  –  оқыту 

әрекеттерін  боламалы  әдістер  мен  тәсілдерді  қызықты  етіп  қолдану  өзімнің  іс-

тәжірибелік  жұмысымда  дәлелденді.  Ал  Су  –  Джок  терапиясы  –  бұл  тиімді,  жан  – 

жақты, қолжетімді және сауығудың қауіпсіз әдісі.  

 

Бахытгул СЫДЫХ,  

№74 мектеп-гимназия,  

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  

Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 

                



ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ  

 

                                                 Аннотация 

      Бұл  мақалада  Қазақстанда  білім  беру  жүйесінің  өзекті  мәселелері,  білім  беру 

саласына  мемлекет  тарапынан  жасалып  жатқан  түрлі  шаралар,  жаңашыл  бастамалар, 

және олқы тұстары туралы баяндалады. Жасөспірімдерге берілетін  білім мен тәрбие 

мазмұны,  ұлтымыздың  ұрпақ    тәрбиесіндегі  мәдени-рухани  құндылықтар,  бүгінгі 

күнде  мектептің  жаңа  реформалық  жүйесі  12  жылдық  білім  беру  мен  мамандар 

даярлаудағы көкейкесті мәселелер қарастырылады.  



 

         Білім  беруді  жаңғырту  –  бүгінгі  заманның  талабы.  Болашақ  мамандардың 

сауатты,  білімді  болуы  білім  ошақтарындағы  дұрыс  оқытудың  нәтижесіне 

байланысты.  Білім  жүйесіне  бейжай  қарауға  болмайды.  Өйткені,  бүгінгі  оқушы  – 

ертеңгі маман. Білімсіз оқушыдан жақсы маман шықпайтыны тағы белгілі. Сондықтан, 

білім  беру  саласына  мемлекет  тарапынан  жасалып  жатқан  түрлі  шаралар,  жаңашыл 

бастамалар осы олқылықтардың орнын толтыруы тиіс. 

     Ең  күрделі  және  маңызды  нәрсе-білім  жүйесін  мазмұндық  өзгерту,  оның  ішкі 

мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру 

болмақ.  Білім  жүйесінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамыту  білім  жүйесінің  жаңа  үлгісін 

жасау,  оқушыларға  берілетін  білімнің  мақсатын,  міндеттерін,  мазмұнын,  оқыту 

технологиясын  өзгерту  арқылы  жүргізіледі.  Ал,  мұның  өзі  жаңа  мазмұндағы 

оқулықтар 

мен 

оқу 


әдістемелік 

құралдарды 

әзірлеуді, 

педагогикалық 

университеттердегі  мұғалімдерді  және  даярлау  мазмұнын  өзгертуді,  мұғалімдерді 

және басшыларды қайта даярлауды, білім жүйесінің барлық сатыларының үздіксіздігі 

мен  үндестігін  қайта  қарауды  талап  етеді.  Қазіргі  кезде  қолданыстағы  білім  жүйесі 

жан-жақты сынға алынғанда, орта мектептегі  білім мазмұны көбіне өмірге жарамсыз 

білім  жиынтығын  беруге  лайықталып  келгендіктен,  ол  білім  жүйесі  сапасының  сын 

көтермейтіндей  дәрежеде  төмендеуінің  және  оның  қазіргі  қоғам  талаптарына  сәйкес 

келмеуінің негізгі себебі деп есептелуде. Осыған байланысты еліміздің орта мектебін 

әдіснамалық құрылымдық  және мазмұндық тұрғыан түгелдей қайта құру ұсынылуда. 

Еліміздің білім моделі ұлттық идеяға, ұлттық құндылықтарға негізделіп құрылып, ұлт 

мүддесін  басым  бағытта  бере  отырып  дамытылуы  тиіс.  Жасөспірімдерге  берілетін 

білім  мен  тәрбие  мазмұны,  ұлтымыздың  ұрпақ  тәрбиесіндегі  даналығынан,  тарихи 

мәдени  мұраларынан,  асыл  дәстүрлерінен,  ұлы  педагогтеріміз  бен  ғұлама-

гуманистеріміздің  классикалық  философиялық  ой  толғауларынан,  ғұламалық 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

377 



 

бұлақтарынан,  яғни  тереңге  бойлаған  түп  тамырынан  нәр  алып,  табиғи  таза  мәдени-

рухани құндылықтармен қаныққан болуы тиіс. Білімі мен технологиясы жедел өрлеп, 

экономикалық  және  қоғамдық  тұрақты  даму  жолына  түскен  Жапония,  Франция, 

Финляндия, Швеция сияқты елдердің тарихи тәжірибелері осының айқын дәлелі. 

  Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей 

мен  бағыттағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  жүйесінің,  оларды  әртүрлі 

ұйымдастыру  құқықтық  формадағы,  типтегі  және  білім  беру  мекемелерінде  іске 

асырушы  тармақтардың,  сонымен  бірге  білім  беруді  басқару  органдары  жүйесінің 

жиыны. 

      Бiлiм  беру  жүйесi  қоғамның  әлеуметтiк  –  экономикалық  дамуында  жетекшi  роль 



атқарады,  сондай  –  ақ  оны  әрi  қарай  айқындай  түседi.  Ал  бiлiмнiң  қалыптасып, 

дамуының  жалпы  шарттары  философияның  негiзгi  мәселесi  –  рухтың  материяға, 

сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан  зерттелетiн  iлiм  таным  теориясы  деп 

аталады. Таным теориясының басқа ғылыми  теориялардан  түбiрлi айырмашылығы – 

ол  бiлiмнiң  қалыптасуы  мен  негiзделуiнiң  жалпы  ұстанымдарын,  объективтiк 

қатынастарды қалыптастырады. 

     Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз 

білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық 

технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді, 

қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» 

Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа 

технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев 

жолдауында  айқандай:  «Болашақта  өркениетті  дамыған  елдердің  қатарына  ену  үшін 

заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, 

терезесін  тең  ететін  –  білім».  Сондықтан,  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің 

алдында  оқыту  үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың 

әртүрлі  технологиялары  сарапталып,  жаңашыл  педагогтардың  іс  –  тәжірибесі  зер

 

Оқушыларға  берілетін  білімнің  іргелілігі-бұл  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  бойы 



Кеңестік білім жүйесінің қол жеткен және басқа дамыған елдер қазіргі кезде мойындап 

отырған басты жетістіктерінің бірі. Егер білімнің жаңа моделін жасау берілетін іргелі 

білімнің  көлемін  қысқартып,  оның  тек  қолданбалы  сипатын  арттыруға  бағытталған 

болса,  бұл  Қазақстанның  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  басты  тұғырларының 

бірін  төмендетуге,  білім  жүйесінің  салмақсызданып,  осалданып,  әлемдік  бәсеке 

талаптарына  төзімділігінің  әлсіреуіне  әкеліп  соғатынын  болжай  білуіміз  қажет. 

Әлемнің  ең  қуатты  елі  Америка  Құрама  Штаттарының  Конгресінде  білім 

мекемелерінде  берілетін  білімнің  тым  таяз,  үстірт  болуының  салдарынан  сауатсыз 

ұрпақ  пайда  болады,  бұл  мемлекеттің  қауіпсіздігіне  нұқсан  келтіретін  факторларға 

айналады  деп  есептей  келе,  «Ұлтымыз  қатерлі  жағдайда»  деп  жариялануының  үлкен 

мәні  бар  екенін  қатаң  ескергеніміз  жөн.  Сондықтан  да  тұрақты  даму  талаптарына 

сәйкес  келетін  жаңа  білім  жүйесін  қалыптастыру  оқушыларға  берілетін  білімнің 

іргелілік мазмұнын сақтай отырып, оның: 

 



ақпараттық  жүйелілігін,  кешендігін,  үздіксіздігін,  өзара  және  өмірлік  ортамен 

байланыстылығын,  үйлесімділігін,  үндестігін,  өзіндік  дамып  отыруға 

қабілеттілігін арттыру; 

 



неғұрлым өмірлік құнды, әр тұлғаның жеке сұраныстары мен қабілеттіліктеріне 

сәйкестей отырып, білім мазмұны мен бағдарламаларын диверсификациялау; 

 

пәрменді  интерактивті,  ақпараттық  шығармашылық  дамыту  өзіндік  іздену 



сипатындағы технологияларды ендіру; 

 



практикалық  бағыттылықпен,  нақты  нәтижелерге  бағдарлылықпен  толықтыру 

арқылы жүргізілуі тиіс деп есептеймін. 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

378 



 

      Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп 

– 

үйрететін 



орта, 

оның 


жүрегі 

мұғалім. 



Ізденімпаз 

мұғалімнің 

шығармашылығындағы  ерекше  тұс  -  оның  сабақты  түрлендіріп,  тұлғаның  жүрегіне 

жол  таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,  қастерлеу,  арындай  таза  ұстау  -  әр 

мұғалімнің  борышы.  Ол  өз  кәсібін,  өз  пәнін  ,  барлық  шәкіртін  ,  мектебін  шексіз 

сүйетін  адам.Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация  мұғалімі  –  педагогикалық 

құралдардың  барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани 

дамыған,  толысқан  шығармашыл  тұлға  құзыреті.Жаңа  формация  мұғалімі  табысы, 

біліктері  арқылы  қалыптасады,  дамиды.  Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын 

талаптар:  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби 

шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 

       Бүгінгі таңда қоғам білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени 

өзгерістерге  сай  болуды  талап  етіп  отыр.  Бұл  мәселе  туралы  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  2011  жылғы  Қазақстан  халқына 

«Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз!»  жолдауында  былай  деген:  «Біз  білім  беруді 

жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға  тиіспіз.  Сапалы  білім  беру  Қазақстанның 

индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс». 

       Бүгінгі  күні  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  негізгі  тұлға  педагог  болғандықтан, 

оқытудың  жаңа  деңгейіне  көшуге  байланысты  сапалы  білім  беру  міндеті  мұғалімге 

жүктеледі.  Мұғалім  оқыту  әдістемесіне  жаңалықтарды  енгізіп,  шығармашылықпен 

айналысып,  үнемі  өз  білімін  жетілдіріп  отыру  керек.  Білімді  жаңғыртудың  басты 

мақсаты  білім  беру  жүйесінің  тұрақты  дамуынан  және  оны  ХХІ  ғасыр  қажеттілігіне 

сай  қамтамасыз  етуден  тұрады.  Қазіргі  таңдағы  білім  беру  саясатының  ең  бірінші 

міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, қоғамның және 

мемлекеттің  өзекті  де,  өміршең  қажеттілігіне  сәйкестендіру.  Үздіксіз  білім  берудегі 

математика  рөлі  көзге  ұрып  тұрады.  Мәселенің  бәрі  мынаған  келіп  тіреледі: 

математиканы  қалай  оқыту  керек  және  оқу  процесінде  нені  басты  назарда  ұстауға 

тиіспіз?  Математикалық  білімді  қалай  оқыту  туралы  алуан  түрлі  теориялық 

ізденістерде  нақты  практикалық  міндеттерді  шешуде  математикалық  әдістерге 

байланысты пікірлердің орын алуы – орынды құбылыс. 

        Осының  бәрі  қордаланып  келгенде,  ұстаздар  қауымының  тұрақты  да,  жүйелі 

қайта  даярлануы  мен  кәсіби  біліктілігін  көтеріп  отырудан  хабар  береді.  Осы  орайда 

жеті  модульге  негізделген  Кембридж  Бағдарламасының  түйінді  идеяларымен 

таныстым. Ұнаған тұсы  – Бағдарламаның негізінде оқушылар белсенді  іс-әрекет иесі 

бола отырып, өзінің зерттеулеріне сүйене отырып ой қорыта алуы. 

       Оқушылардың  қызығушылығын  қанағаттандыратын  «жаңа  тұрпатты»  сабақ 

қандай болмақ? Сабақ – оқушы мен мұғалім арасындағы білім алуға негізделген үрдіс. 

Жеті  модульді  тереңірек  түсіну  –  сабақты  жаңаша  жоспарлауға  мүмкіндік  беретінін 

байқауға болады. Сабақтың мақсатын дұрыс айқындау, «мұғалім — оқушы, оқушы — 

оқушы»  коммуникативті  қарым  –  қатынасын  оңтайлы  ұйымдастыруға  жол  ашады. 

Мұғалімді  оқушыға  тек  қана  білім  беру  ғана  емес,  сонымен  қатар,  әрбір  оқушының 

бойында  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  жолдары  туралы  ізденістер 

толғандырады. Сондықтан, рольдік ойындар, талдау, проблемалық мәселелерді шешу 

– жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. 

      Осы  мақсатты  алға  қойып,  өз  тәжірибеме  оқытуды  жаңаша  ұйымдастыру, 

оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  әрбір  сабағымды 

түрлендіріп  өткізу  күнделікті  дағды  болып  қалыптасты.  Оқушы  санасына  білімді 

жүйелі  түрде  меңгеруіне  және  оқушының  қабілет  деңгейлерін  дамытуда  осы  әдіс-

тәсілдердің маңызы ерекше екендігін баса айтуға болады. Олай дейтініміз, бұл әдістер 

оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттырып,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге, 

қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

379 



 

       Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  білім  беру  жүйесіндегі  басым  бағыттардың  бірі  – 

жаңаша  инновациялық  көптілді  білім  беру  моделін  құру  болып  табылады.  Заманауи 

мектеп  бітірушілеріне  шет  тілін  сапалы  меңгеру  –  өмірден  туындап  отырған 

қажеттілік.  Ғылым  мен  техниканың  қарқынды  дамуы  шет  тілін  еркін  меңгеру 

сұранысын  жоғарылатып,  теориялық  және  практикалық  білімді  терең  де  сапалы 

меңгеру шеберлік пен дағдысын талап етіп отыр. Көп тілді оқыту негізінде бейімдеу – 

дамыған  тұлғаның  әлемдік  өркениетін  кеңістігіндегі  бәсекеге  қабілеттілік  кепілі. 

Қазіргі  жастар  өздерінің  алдына  үлкен  мақсат  қоя  біледі.  Олар  шетелде  білім  алуды 

армандайды.  Қазіргі  мәліметтерге  сүйенсек,  шет  елде  оқуға  талапкерлер  көбінесе 

тілдік  мәселеде  қиналады.  Дәлірек  айтсақ,  нақты  саналатын  пән  терминологиясынан 

көп қиналады. Себебі, ол сөздер күнделікті өмірде көп қолдана бермейді. Сол себепті, 

жекелеген  пәндерді  ағылшын  тілінде  оқыту  заман  талабы.  Осы  бағытта  мектептерде 

көп  тілдік  орта  қалыптастыруда  кешенді  әрекеттер  ұйымдастырылуда.  Жекеленген 

пәндер ағылшын тілінде оқылады. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығының 

артуына  септігін  тигізеді.  Білімді  дайын  қалпында  қабылдамай,  оны  өздігімен 

қалыптастырудың  тұлғаны  дамытатындығы,  өздігімен  құрастырылған  білімнің  есте 

ұзақ  мерзімде  сақталатындығы  тәжірибе  жүзінде  дәлелденіп  келеді.  Қайталау  мен 

жаттауға  негізделген  білім  (репродуктивтік)  тек  есте  сақтау  дәрежесінде  болса, 

құрастырылған  білім  (конструктивтік)  білім  үйренушіден  түсіну,  қолдану,  талдау, 

ақпарат  негізінде  жаңа  мазмұн  құрастыру  және  бағалау  сияқты  белсенді  әрекеттерді 

талап етеді. Сол себепті, пәндерді жекелей бермей, мазмұны жағынан ұқсас пәндерді 

біріктіре  беруді  тәжірибеге  енгізіп  келеміз.  Нәтижесінде  оқушы  алып  жатқан  білімін 

қайда  қолданатынын  ұғынып,  оқуға  деген  ынта-жігері  артады.  Атап  айтсақ, 

мектептерде  математика/физика,  математика/география,  математика/музыка,  қазақ 

тілі/ағылшын  тілі,  қазақ  тілі/орыс  тілі/информатика,  физика/химия,  физика/тарих, 

химия/информатика 

т.с.с. 


кіріктірілген 

сабақтар 

өткізілуде. 

Мысалы, 


география/математика  кіріктірілген  сабағы  арқылы  оқушылар  Еуразия  материгін 

математикалық  аппараттар  арқылы  тереңірек  зерттеп,  географиялық  есептеулерді 

жүргізеді. 

         Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында білім беру  ісіне оқытудың 

жаңа  технологияларын  енгізу  міндетін  қояды.  Қазіргі  мақсат  әрбір  оқушының 

бейімділіктері,  қызығушылықтары  және  мүмкіндіктеріне  сәйкес  қанағаттандыратын, 

тапқырлық  пен  зейінділікті  ынталандыратын,  оқытылатын  материалды  толық 

шығармашылық  деңгейде  меңгеруіне  және  оқушының  парасатын  дамытатын  оқыту 

жүйесін  құру  болады.  Оқушы  өзі  оқу  керек,  ал  оқытушы  оқушының  танымдық 

әрекетінің  ұйымдастырушысы  рөлінде  болу  керек.  Мұғалім  оқушының  жұмысын 

реттеуге,  ең  қиын  мәселелер  бойынша  кеңес  беріп  және  оның  білімдерін  бақылауды 

ұйымдастыруы  қажет.  Қазіргі  заманауи  технологияларды  оқыту  үдерісінде  қолдану 

осы  міндеттердің  орындалуын  шешеді.  Білім  беруді  дамытудың  жаңа  бағыттарының 

бірі  –  білім  мазмұнын  оқушының  толық  меңгеруін  іске  асыратын  заманауи  оқыту 

технологияларын  қолдануды  жетілдіру  болып  табылады.  Алайда  қазіргі  талаптарды 

жүзеге  асыру  мүмкіндігін  беретін  заманауи  оқыту  технологияларын  анықтау,  жасау 

маңыздылығымен  қатар  оларды  білім  беру  мақсаттарына  сай  тиімді  қолдану 

жолдарын жетілдіру арасында шешуді қажет ететін қарама-қайшылықтар бар. Мұндай 

қарама-қайшылықтардың бірі – заманауи оқыту технологияларын теориялық жағынан 

негіздеудің  белсенді  зерттелуі  мен  білім  берудің  әртүрлі  бағыттарында  оларды 

қолдану  ерекшеліктерін  анықтап,  тиімді  жолдарын  білім  беру  мекемелері 

тәжірибелеріне  енгізудегі  байқалып  жатқан  кемшіліктердің  болуы  бұл  мәселені  жан-

жақты  зерттеу  қажеттілігінің  күн  тәртібіндегі  маңызды  орнын  көрсетеді.  Сондықтан 

біздің  баяндамамыздың  басты  мәселесі  заманауи  оқыту  технологияларын  қолдану 

жолдарын  анықтау  болып  табылады.  Соған  сәйкес  мақсат–  бүгінгі  білім  беру 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

380 



 

үдерісінде  заманауи  оқыту  технологияларын  қолданудың  практикалық  жағдайларын 

анықтау болып табылады. Мақсатқа қол жеткізу үшін қойылып отырған міндеттер:  

1.Психологиялық-педагогикалық 

әдебиеттер 

негізінде 

заманауи 

оқыту 


технологияларын қолдануға қатысты теориялық мәселелерді анықтау 

2.Білім беру барысында заманауи оқыту технологияларын қолдану ерекшеліктерін 

анықтау 

3.Оқытуда  заманауи  оқыту  технологияларын  қолдану  әдістемесін  жасау.                                                                                                                                                         

Сонымен,  заманауи  оқыту  технологиялары  негізінде  оқыту  барысында  оқушылар 

білімділігінің жоғары нәтижесіне қол жеткізуге, олардың өз бетінше әрекет ету және 

өздігінен  білім  алу  біліктерін  және  дағдыларын  тез  аралықта  қалыптастыруға,  алған 

білімдерін  проблемаларды  тез  шешуде  қолдануға  және  ақпаратты  тез  табуға,  тез 

өзгеретін өмір жағдайларына икемделуге үйрету мүмкіндіктері бар.    

      Қазақстан республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім 

кеңестігінің  дамуындағы  бетбұрыстарға  12  жылдық  жүйеге  көшудің  талаптарын 

түсініп  игеру  жолы  тағы  бар.  Біздің  ойымыздың  түп  төркіні  бүгінгі  күні  12  жылдық 

білім 

беру 


мазмұнында 

жатыр. 


Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе 

жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың 

жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал-ақ: 

«Қазақтың  тағдыры  да,  келешек  ел  болуы  да  мектебінің  қандай  негізде  құрылуына 

барып  тіреледі».  Келешекте  ақынның  сөзі  алдыңғы  буын  өкілдерінің  жолбасшысы 

болары 


анық. 

        Бүгінгі  күнде  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  –  жаңа  қоғам  мектебі,яғни 

болашақ  мектебі.  Халықтық  мәдениетке  интеграцияланған,  баланың  жеке  басының 

дамуына  педагогикалық  жағдай  жасайтын,  рухани  жағынан  таза,  дүниеге  тік 

қарайтын,  қоршаған  ортамен  жүйелі  байланыс  түзетін,  білімнің  жаңа  мазмұнымен 

байланысқан,  бәсекеге  қабілетті  жаңа  ұрпақ  өсіріп,  дамытып  жетілдіретін  мектеп 

болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: 

«Тәрбиесіз  қолға  білім  салма»  деген  бағдарлы  ойын  тек  қана  ескеріп  қана  қоймай, 

педагогиканың  діңгегіне,  мектеп  жұмысының  тірегіне  айналдыру  баршамыздың 

міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты 

бар.  Олар  білімді  ұлттық  құндылықтар  мен  өркениетке  негіздеу.  Шәкіртті  өз  күш-

жігерін  пайдалануға  баулу.  Бұл  екеуі  құстың  қос  қанатындай,  бірінсіз  бірі  шәкіртті 

самғау биікке көтере алмайды. 

       Ендеше  сапалы  білім  беретін  мектеп  бүгінгі  күнде  өзіндік  мектеп  реформасын 

қажет  етпек.  Сондықтан  да  мектеп  реформасын  тек  мектептің  басқару  жүйесі  мен 

оқыту  процессін  ғана  қамтып  қомай,  сол  мектептің  бала  оқытатын  мұғалімдері  жаңа 

бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар.  Бүгінгі 

күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін 

кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл 

жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере 

алмайды.  Сондықтан  да,  білімнің  жаңа  үлгісі  өзіне  сәйкес  жаңа  мұғалімдерді  талап 

етеді.  Сіздің  білім  беруге  қосар  құнды  үлесіңіз  –  ұнамды  қатынас  болмақ.  Ендеше 

қазіргі  заман  мұғалімі  шығармашылықпен  жұмыс  істей  алатын  жеке  тұлға, 

педагогикалық  қызметінің  барлық  келеңді-  келеңсіз  жақтарын  зерттеп  меңгеруге 

ынталы,  өзінің  пәнін  жетік  меңгерген,  кез-  келген  педагогикалық  жағдайда  өзінің 

білімділігі,  іскерлігі,  шеберлігі  арқасында  шеше  алатын,  педагогикалық  үрдістің 

нәтижесін  жақсартуға  ұмтылатын  мұғалім  болуы  керек.  12  жылдық  білім  жүйесіне 

көшуде мектеп алдында негізігі үш бағытты басшылыққа алады. Олар: бірінші бағыты 

-  оқушының  жеке  қабілетін  есепке  ала  отырып  жеке  даралық  бағытта  оқыту,  екінші 

бағыты  -  оқушының  потенциалдық  мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып  жеке  даралық 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

381 



 

бағытта оқыту, үшінші бағыты - ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық 

бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін 

мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – 

мемлекеттің  базалық  оқу  стандарты  жүйесіндегі  талаптар  мен  мазмұндарға  жауап 

беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – 

профильдік  оқу  стандарты  талаптарының  мазмұнында  көрсетілгендей  оқу 

курстарының  тереңділігін,  оқытылатын  пәндердің  өзара  байланыстылығын  меңгеру, 

тұлғалық 

компонент 

– 

оқушылардың 



өзіндік 

зерттеушілік 

дағдыларын 

қалыптастыруға  байланысты  мектеп  ұсынған  арнайы  таңдау  курстарын,  оқу 

жоспарларын  меңгеру.   Мұғалім  үшін  кәсіби  шеберлікке  жету,  өз  мамандығының 

данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек 

және  өмір  бойы  ізденушілікті,  зерттеушілікті  талап  ететін  мамандық  екенін  анық 

аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, 

аяқ  алысы,  жүрісі,  көзқарасы  психологиялық  және  ізгілік  тұрғысынан  шәкірт 

жүрегінен  үлкен  орын  алады.  Сондықтан  әрбір  ұстаз  үшін  оқу  мен  тәрбие  процесін 

ұйымдастыруда  мол  білімділікті,  ақылдылықты,  дұрыс  іскерліктер  мен  дағдыларды 

қолдануды  қажет  етеді.  Бүгінгі  күні  әлемдік  қауымдастық  қатарында  өзіне  лайық 

орнын  белгілеген  біздің  мемлекетіміз  үшін,  қазіргі  заман  талаптарына  байланысты 

демократиялық  қоғамға  сай  өзіндік  көзқарасы,  саяси  түсінігі  бар,  білімді  әрі  жоғары 

білікті  жас  ұрпақ  тәрбиелеу  қажеттігі  бізден  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  өтуді 

талап етіп отыр. Сонда 12 жылдық мектеп тек бұрынғы 11 жылды бір жылға созу ма?  

       ХХІ  ғасырда  білім  мен  ғылым  саласында  болып  жатқан  өзгерістер  болашақ 

мамандар  даярлауда  жаңа  міндеттер   қойып  отыр.  Осыған  орай,  бүгінгі  әлеуметтік 

білім  беру  кеңістігіне  сай  бейімдеп  білім  алу,  жалпы  ғаламдық  танымды,  ойлауды 

дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін 

сұрыптауға,  студенттің  өзінің  іс-әрекетінің  субъектісі  болуына  мүмкіндік  туғызу  – 

көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, 

әлеуметтік және мәдени өркендеудің  көшбасшысы бола алады. 

Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың   2012  жылғы  27 

қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономомикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты»  атты  жолдауындағы  7-бөлімінде:  «Білім  беру  жүйесін  жаңғырту  барысында 

біз  үшін  келесі  іс-шараларды  жүзеге  асырудың  маңызы  зор.  Біріншіден,  оқыту 

үдерісіне  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу.  Екіншіден, 

педагогтар  құрамының  сапасын  арттырудың  маңызы  зор.  Үшіншіден,  біліктілікті 

бекітудің  тәуелсіз  жүйесін  құру  қажет,  ХХІ  ғасырда  білім  беру  ісін  дамыта  білмеген 

мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және 

білікті өнеркәсіп мамандарының  шоғырын қалыптастыруымыз қажет дегендей, қізіргі 

кезде  Республикамызда  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  тапсыруымен  кәсіптік  және 

техникалық  білім  берудің  жүйесі  жаңғыртылып,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге 

бағыт  алуда.  Білім  беру  жүйесіне  енгізілген  түбегейлі  өзгерістер  білім 

берудің  

мазмұнын 

жаңартып, 

жаңа 

көзқарас 



туғызады. 

Мемлекеттік  бағдарламаның  мақсаты  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесін 

модернизациялау  болып  табылады.  Білікті  мамандар  даярлаудағы  маңызды 

бағыттардың бірі – оқытудың жаңа білім беру жүйесін қолдану болып табылады. 

       Ел  өміріндегі  бірқатар  проблемаларды  шешу  көп  жағдайда  азаматтық  қоғамның 

даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш 

сезімге,  Отанының  мүдделерін  қорғау  жөніндегі  азаматтық  борышты  орындауға 

дайындығын тәрбиелеуге байланысты. 

       Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Өзіміздің күш-қуатымызды, қайрат-жігерімізді саналы 

түрде  ортақ  мақсат  жолына  жұмылдыра  білсек,  біз  шықпайтын  асу,  біз  алмайтын 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет