15
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 20-21 (201-202),
қараша, 2015 жыл
Ақмола облысы Ерейментау ауданының
территориясында, Құмай өзенінің алқабындағы тау
етегіндегі жазық далада, «Бұйратау» мемлекеттік
ұлттық табиғи серуен тоғайына жақын жерде, Қарағайлы
ауылынан оңтүстікке қарай ерте және ортағасырлық
ескерткіштердің бірегей кешені орналасқан.
Ескерткіштерді зерттеу және сақтауға бағытталған
кешенді зерттеулер 2009 жылы басталды. Алғашқы
жылдың өзінде археологиялық барлау нәтижесінде қола,
сақ, ғұн, түрк мәдени кезеңдеріне жататын ескерткіштер
тобы ашылып, құжатталды. Ашылған ескерткіштерді
толықтай құжаттауға арналған кешенді жұмыстарға
мыналар кірді: топографиялық түсірме, картаға түсіру,
төлқұжаттар дайындау сияқты жұмыстар жүргізілді,
Түрк мемлекеттілігінің
ғұрыптық таңбасы
Құмай–
графикалық және фотосуреттер, сипаттамалар жасалып,
ғылыми есеп даярланып, далалық семинар өткізілді.
Ескерткіштердің төлқұжаттары Ақмола облыстық
Мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығына
есепке алу үшін ұсынылды.
Ескерткіштер орналасқан аймақты одан әрі зерттеу
барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің экспедициясымен жыл сайын жаңа
бірегей ескерткіштер ашылып және зерттеліп жатыр.
Қола дәуірінен кейінгі ортағасырға дейінгі аралықты
қамтыған, бірнеше мыңжылдық мәдениеттің даму
тарихын көрсететін ескерткіштерді зерттеу нәтижелері
қазақ, орыс және түрік тілдерінде жазылған «Құмай
археологиялық-этнографиялық кешені» атты кітапта
жарияланды. Зерттеулердің нәтижесі негізінде мәдени
мұраны шынайы табиғи ортада сақтау және қорғау,
соның негізінде Қарағайлы ауылында ландшафтық
мұражай құру туралы жоба әзірленді. Ландшафтық
мұражай құру идеясы ғұрыптық ескерткіштердің
табиғи ортада орналасу фактісіне, және табиғи ортаға,
Тәңір мен Жер/Суға, тас мүсін арнап жасалған ұлы
тұлғаларға сыйыну үшін ғұрыптар жасайтын орындарда
орналасуына негізделген. Ескерткіштердің ішіндегі ең
көзге түсетіні ғұрыптық құрылыстардың шығыс жағынан
ұлы тұлғалардың құрметіне орнатылған тас мүсіндері бар
мемориалдық және ғұрыптық кешендер болып табылады.
Зерттеу жұмыстары Қосбатыр ескерткішінен (ол туралы
Ә. Марғұлан жазып кеткен, Қазақ энциклопедиясы мен
Ақмола облысының энциклопедиясында мәліметтер бар)
басталып, жыл сайынғы барлау жұмыстары нәтижесінде
қазіргі таңда тау етегін белдей орналасқан ғұрыптық
қоршаулары бар 15 тас мүсін ашылып зерттелуде.
Көптеген ескерткіштер археологиялық қазба жұмыстары
кезінде жартылай қираған түрде болды. Бағы заманда
тік тұрғызылып орнатылған ескерткіштер уақыт өте
келе түрлі жағдайлар мен себептерге байланысты құлап,
жерге көміліп қалған.
Барлық мүсіндер граниттен ойылып жасалған, бет
жағымен күн шығысқа қараған. Отан үшін өз өмірін
құрбан еткен батыр тұлғалардың мүсіндерінің сол
қолында қару, оң қолында ант қабылдауға арналған суы
бар ғұрыптық ыдыс бейнеленген. Ыдыстарды кеуде
тұсында жартылай бүгілген қолға ұстап тұрған бейнелер
көптеп кездеседі. Адалдықтың антын қабылдаған кезде,
оны сумен бекіту дәстүрі түрк халықтарына тән болған,
монументалды өнерде жүзеге асқан бұл дәстүр араб
деректері мен көне орыс жазбаларында сипатталған,
қазақ этнографиясында да «ант суын ішу және неке суын
ішу» деген түрде сақталған.
Ұлттық саябақ аумағында орналасқан қоныстың
қалдықтары сақталған, онда қалың қабырғалы
үлкен ғимараттар, он шақты бөлмелер мен суға
арналған сужетектер бар. Қазіргі таңда, осы қоныста
Стамбул университетінің ғалымдарымен бірлесіп
геоморфологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Осында
орналасқан үйдің біреуінің шетінде сақ дәуірінің тас
мүсінінің бір бөлігі жатқандығы қызығушылық тудырады.
Қайта ашылған ескерткіштердің ішінде ғұн кезеңінің
керемет құрылыстары ұсынылған. Ғұндардың қорғандық
құрылыстарының архитектурасы жартылай доғаланып
шығысқа бағытталған екі тас тізбектен тұруымен
ерекшеленеді. 2012 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі
аралықта зерттелген екі ғұрыптық құрылыс қалпына
келтіріліп, далада табиғи жағдайда орын алып тұр.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің ғалымдарының іс әрекетінің бір бағыты
мәдени мұраны шынайы табиғи ортада сақтап қалуға
бағытталған. Аталған бағыттың мақсаты мемлекетіміздің
мұраны сақтап, оны тарихи өлкетану арқылы
патриоттыққа тәрбиелеу, отандық және халықаралық
туризмді дамыту, жергілікті халықтың әлеуметтік
жұмыспен қамтылуы мәселелерін шешу сияқты түрлі
мақсаттарға пайдалану туралы идеяларына сәйкес келеді.
Ел бейнесі факторының да маңызы зор.
2015 жылы шілде айында реставратор Михайл
Бондарев жас мамандар мен Торғай ауылының
оқушыларымен бірлесіп бұрын екіге бөлініп қалған қаған
мүсінін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Үлкен
гранит мүсінді қалпына келтіруге бағытталған күрделі
жұмыстарға Ерейментау энергетика жүйесінің басшысы
Амангелді Мажитов, краншы Рустанов Мағауия
тарапынан, «Ереймен – ТАУ 2005» ЖШС басшылығы
Оразақов Темірболат, Сұлтаналин Дүйсенбай тарапынан
үлкен көмек көрсетілді. Алғашында, далалық жағдайда
дизель генераторының көмегімен сынған
мүсіннің екі бөлігінде де саңылау тесілді,
сосын мүсіннің төменгі бөлігі орнатылып
швеллерге бекітілді. Екінші күні кранның
көмегімен мүсіннің үстіңгі бөлігі көтеріліп,
төменгі бөлігіне орнатылып, цемент езбесімен
орнықтырылды. Мүсінді қалпына келтірудің
үшінші кезеңі барлық мүсінді металл негіз
– швеллерге арнайы анкерлермен бекітуге
бағытталды. Мақалаға қосымша берілген
суреттерден табиғи дала кеңістігіндегі
түрк қағанының мүсінін қалпына келтіру
жұмыстарының барысын және қағанның
бет-бейнесін көруге болады. Дала көгінде
орын тепкен эпикалық батырдың түрі қандай
болғаны қалпына келтіру жұмыстарынан кейін
белгілі болды. Биіктігі 2,2 м-ден асатын гранит
мүсіннен дәстүрлі түрк стилінде бет-әлпеті нақ
көрінетін батыр тұлға бейнеленген. Суреттегі
бет-әлпеті мынадай: көз қиығы бадам дәні
тәрізді ірі көздері, кең шығыңқы сызылған
қастары, ірі танаулы шоңқа мұрны,
кең сызықты мұрты, қатты, сопақ
пішінді иектерінен аты аңызға
айналған батыр тұлғаның келбетін
көруге болады. Кеуде тұсында
жартылай бүгілген қолында
бейнеленген суға арналған
ыдыс пен қынаптағы ірі қанжар
Отаны мен халқын қорғаған
батырдың даралығын дәлелдеп
тұрғандай. Жергілікті жердің
топграфиясында қаған мүсіні бар
ғұрыптық кешен басқа осындай
құрылыстардың ең алдында
орналасқаны қызығушылық
тудырады. Құрылыстың өзі де,
қаған бейнесі де Құмай өзеніне
жақын орналасқан, ал одан пішіні
жағынан да, биіктігі және бет
келбетінің нақтылығы жағынан да
артта қалатын басқа тас мүсіні бар
құрылыстар оның артында, белгілі
бір қашықтықта орналасқан.
Барлық кешенді, оның
құрамдас бөліктерін, мүсін
үлгілерінің материалдарын,
жақсы табиғи орта аясында
(Бұйратау мемлекеттік ұлттық
табиғи саябағы) ғұрыптық құрылыстардың шағын
аумақта көптеп орналасуын талдау нәтижесінде осы
ескерткіштердің тарихи және мәдени маңызы жоғары
екеніне көз жеткіземіз. Ғарыш пен жер мәңгілік уақытпен
бірге адамзат ойының дамуында әрқашан қозғаушы күш
болғаны белгілі. Далалық ландшафт оның тұрғындары
үшін аспан мен жердің бірлігін көрсететін теңдессіз орта
болды, ол Тәңір мен Жер-Сутүрк құдайлар пантеоны
идеологиясының құрылуына негіз болды. Әлеуметтің
санасында құдайлар пантеонының бірлігі идеясының
жердегі өмірін Отанына және халқына қызмет еткен
құдайландырылған ата-бабалар елестетуі мүмкін. Ұлы
тұлғалардың ойларының мазмұнын сақтап қалған жазба
мәтіндерден осы адамдардың күні-түні өз халқының
қамын ойлап, отандастарының қарны тоқ болып,
қыздары күң болмасын деп өз өмірін осындай игі істерге
арнағанын көруге болады. Түркістанның/Қазақстанның
этногеографиялық феномені көптеген мыңжылдықтар
бойы Отан, Туған Жердің тәуелсіздігі туралы ойлары
анық болған адамдардың ұрпақтарымен жасалды.
Қазақ даласының төсінде ескерткіштерді сақтауа
бағытталған көпжылдық жұмыстар өз нәтижесін
беруде. Жамбыл облысында Мерке, Жайсан
ғибадатханаларында сақталған ғұрыптық мемориалдар
тек қана ғылыми және ғылыми көпшілік баспаларда
ғана танымал емес, оларды әлем танып отыр. Түрк
мемлекеттілігінің ғұрыптық таңбасы болып отырған
Құмай кешеніндегі ескерткіштер біртіндеп елдің игілігіне
айналып, дала мәдениетінің бет-бейнесіне айналып
келеді. Өткізілген далалық семинарлар, конференциялар
нәтижесінде ландшафтылық мұражай ашу жобасының
жүзеге асатын уақыты жақындап қалғанын байқауға
болады.
Айман ДОСЫМБАЕВА,
т. ғ. д., профессор
16
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 20-21 (201-202),
қараша, 2015 жыл
Еуразия
университеті
ҚҰРЫЛТАЙШЫ:
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
ДИРЕКТОР –
БАС РЕДАКТОР
Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ
Журналистер:
Жүніс ОМАР
Мақсұтбек ОТАШЕВ
Гүлзабира ШӘУЕНОВА
Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ
Техникалық редактор
Жанар ПЕРНЕБЕКОВА
Фототілші
Ербол ЕРДЕНБЕК
Газет ИП"Старков С.А."
баспаханасында басылды.
Таралымы-1000 дана. Газет айына екі рет шығады.
ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900
ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г,
Қазақстан Республикасының
Ақпарат министрлігінде тіркелген.
Тапсырыс №
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
010000, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2-үй,
347 бөлме. Тел: 709500, 31325 (ішкі байланыс)
Shauenova_ga@enu.kz
Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның
көзқарасын білдірмейді.
ОҚУ МЕН ТӘЖІРИБЕ
Поблагодарили за четкую
слаженную работу
Үкілі үміт
үзілмесін!
Теориялық
біліміміз шыңдалды
Бала үшін балабақшада
тәрбиеленудің орны ерекше және осы
мекемеден алатын білімі мен қызығы
мол. Балабақшада тәрбиеленетін бала,
алдымен, өзін әлеуметтендіруінде,
қоршаған ортасымен коммуникативті
қарым-қатынас жасауында және де
баланың танымдық процестерінің
жас ерекшелігіне сай дамыта білуінде
үлкен орын алатын бірден-бір мекеме.
Психология мамандығының
3-курс сту денттері жетекшіміз Құнан-
баева Айзат Жайдархановамен уни-
верситет қабырғасында алынған
теориялық білімімізді шыңдау және
тәжірибе жүзінде іске асыру үшін,
Астана қаласындағы №51 «Алтын
сандық» балабақшасында тренингтік
жаттығулар жүргіздік. Бұл шараның
негізгі мақсаты: мектепке дейінгі
жастағы балалардың тілдік аппараты
пен бұлшық еттерін жаттықтыру
Ученье
Қуанышты хабар!
На основании постановления
Акимата города Астана на базе
отдела по работе со специальными
документами (далее спецчасть)
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева были
созданы Штаб и Участок
оповещения.
Недавно по городу была
объявлена «боевая тревога» и в
заключительный день в спецчасти
ЕНУ прошли учения и тренировки,
в связи с введением особого
положения инициированный
Акиматом города, Министерством
обороны РК и Объединенным
управлением по делам обороны
Алматинского района г.Астана
(далее военкомат).
С введением особого поло-
жения на время учений и тренировок, был обеспечен
доступ представителям акимата, министерства
и военкомата в здание учебного корпуса №3,
предоставлен служебный кабинет Гражданской
защиты с прилегающей территорией, необходимым
имуществом, противопожарным оборудованием и
телефонной точкой связи на период мобилизации.
Начальник участка оповещения №6
О.В.Поливаная четко доложила обстановку,
прибывшему Штабу контроля. Проводила
инструктаж с посыльными и через каждый
час отчитывалась в координационный центр.
Кроме представителей акимата, Министерства
Обороны и военкомата, в учении с нашей
стороны приняли участие: руководитель аппарата
ректора Д.Айтмагамбетов, советник ректора
по внешним связям Ғ. Досмахамбетұлы, отдел
Гражданской защиты вместе с начальником отдела
С. Қарақыстық, начальник отдела по работе со
специальными документами Б.К.Абдильдинова,
главный специалист отдела по работе со
специальными документами Т.С. Мурзабекова.
В заключение мероприятия представители
акимата и министерства поблагодарили всех
участников за четкую слаженную работу
университета и военкомата.
Отдел по работе со специальными документами
благодарит руководство ЕНУ за поддержку,
а также администратора учебного корпуса №3
Т. Наумову и сотрудников службы контроля и
доступа вместе начальником М. Абильмажиновым
за оказанную помощь при прохождении учений.
Б. АБДИЛЬДИНОВА,
начальник отдела по работе
со специальными документами
Т. МУРЗАБЕКОВА,
главный специалист отдела по работе
со специальными документами
Ресей, Қырғызстан, Қазақстан, Әзірбайжан,
Ұлыбритания, Беларусь, Өзбекстан, Нидерланды,
Австралия, Молдава, Австрия, Армения, Болгария,
Германия, Грузия, Израиль, Италия, Латвия, Литва,
Сербия, АҚШ, Тәжікстан, Түркменстан, Украина,
Франция, Чехия, Эстония және Швеция сынды
әлемнің 28 елінен 800 ақын-жазушы, суретші,
киногерлер сайысқа түсіп жатқан «IV Open Eur-
asia and Central Asia» халықаралық конкурсында
әдебиет санаты бойынша жартылай финалға
жеткен 30 үміткердің қатарында біздің әріптесіміз
ОҢАЙГҮЛ ТҰРЖАН да бар екен.
«IV Open Eurasia and Central Asia» конкурсы
мемлекеттер арасында әдеби байланыстарды
кеңейтіп, авторлар, оқырмандар, суретшілер мен
режиссерлер, өз мемлекеті мен шет елдерде әдебиет
пен мәдениетті дамытуға қызығушылық танытқан
мамандардың жаңа мүмкіндігін ашып, әлемге
жаңа есімдерді паш етуде қатысушылардың кәсіби
тұрғыда шыңдалуына әрі мәдениет пен ұлт бірлігін
сақтауға зор мүмкіндік бермек.
Конкурс төрт санат бойынша өтті: «Әдеби
туынды», «Көркем аударма», «Суреттеме
(иллюстрация)», «Бейнефильм». Автор үшін
де, қазақ әдебиеті үшін де әлемдегі 800-дің ішінен
алғашқы отыздыққа ілігу – үлкен жеңіс. Алда –
финал!
Университет ұжымы ақын, публицист, ғалым,
ұстаз Оңайгүл Тұржанды халықаралық деңгейдегі
осы жетістігімен құттықтайды және келесі
айналымда да жеңіске жетуіне тілек білдіреді!
Журналистика және
саясаттану факультеті
Телерадио және
қоғаммен байланыс
кафедрасының
доценті, ақын
Оңайгүл Тұржанның
атына Лондон
қаласынан қуанышты
хабар келді.
және психолог жұмысымен танысу
болып табылады. Жоспар бойын-
ша 3-5 жас аралығындағы балалар-
мен: “эмоция” жаттығуы, ерін мен
тіл жаттығуы, дыбыстарды айту,
дикцияны жетілдіру жаттығуы және
синестезиялық жаттығулар жүргізіліп,
түрлі ойындар ойнатылып, балалармен
қарым-қатынастағы коммуникативті
жағы көбірек жүзеге асты. Тренинг
жүргізу барысында, психология
мамандығының студенттері бар білімін,
актерлық шеберлігін және икемділігін
көрсете отырып, балалардың бойында
қызығушылығын тудырды және жақсы
көңіл-күй сыйлай білді.
Балабақшадағы “Қоңырау”
тобының балалары бізге көптеген
өлеңдері мен әндерін айтып, өз
өнерлерін ортаға салды. Осындай
балаларды тәрбиелеп, балалардың
бойындағы талантты шыңдата білген,
әрине тәрбиешілердің зор еңбегінің
жемісі. “Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға” демекші, бізді қуана
қарсы алған “Қоңырау” тобының
тәрбиешісі Динара Мырзахмедова да
өте шығармашыл жандардың бірі екен.
Сол кісінің өлең қоржынынан шыққан
жыр шумақтары балабақшадағы әр
баланың жадында сақталған.
ПСХ-31 тобының студенттері