Дәрістер тезистері 1-Дәріс Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата06.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#3505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Файлдар маршруты. Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек 

ӛз атын ғана емес, сонымен қатар тұрған каталогын, оның басты каталогпен байланысын, 

дискісін кӛрсету қажет. Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін) кӛрсететін каталогтар 

тізбегін  –  маршрут  немесе  жол  деп  те  атайды.  Сонымен,  файл  толық  түрде  мынадай 

элементтермен беріледі: 

1)

 



дискінің аты, ол бірақ кейде кӛрсетілмей де кетеді; 

2)

 



бірінің  ішіне  бірі  кіретін  каталогтар  тізбегінің  аттарынантұратын  маршрут 

(ол да кейде кӛрсетілмей кетеді); 

3)

 

тізбекті  аяқтайтын  файлдың  ӛз  аты  (файл  тізімдегі  ең  соңғы  каталогта 



орналасады). 

Уақыттың  әрбір  мезетінде  бір  дискіжетек  ағымдағы  екпіді  күйде  болады,  оның 

айғағы  ОЖ  шақыруы,  яғни  жұмыс  істеп  тұрған  дискіжетек  пен  файлдар  маршруты 

атының кӛрсетілуі. 

      Мысалы: 

        A: >  немесе C:\> 

        C:\ DEMO\VICTOR>  немесе   C:\SYS\AZAT\ALMA>  

       Сонымен  файлдың  маршрутын  немесе  адресін  толық  кӛрсету  үшін  дискінің 

атын,  каталог  аттарының  тізбегін,  ең  соңында  файлдың  атын  және  типін  толық  кӛрсету 

қажет.  Жалпы  ереже  бойынша  файлың  толық  аты  тӛмендегідей  болады.  [дискінің 

аты:\][маршрут\] файлдың аты [.типі] 

Тік  (квадрат)  жақшаның  ішідегі  сӛздер  кӛрсетілмеуі  де  мүмкін.  Компьютер  іске 

қосылып ОЖ жұмысқа кіріскен соң, экранға жұмысқа шақыру (немесе дайындық) белгісі 

шығарылып отырады. Ол жұмыс істеп отырған ағымдағы диск аты мен ағымдағы каталог 

аты тізбегінен тұрады, мысалы, 

C:\DOS\>-C: дискісінің   DOS каталогы жұмыс істеп тұр; 

C:\>-C:  дискісінің  түпкі,  ең  жоғарғы  деңгейдегі  каталогы  іске  қосылып,  жұмыс 

істеуге дайын тұр;                                                                   

D:\BAS\TUDENT\>-D:  дискісінің  BAS  каталогындағы    бағынышты  STUDENT 

каталогы ағымдағы күйде жұмысқа дайын тұр; 

A:\>-A: дискісінің түкі каталогы жұмысқа дайын, т.с.с. 

Файлдың аттарының стандартты типтері. Файлдың аты немесе типі (Windows-те 

суреті,  белгішесі) онда сақталынатын  информацияның тегіне,  мазмұнына, типіне қарап 

беріледі.  Файлдардың  толық  аттары  бойынша  айырып  тануға  мүмкіндік  беретін  мына 

тӛмендегідей стандартты типтері бар:  

.ASM -aсссемблер тіліндегі программа; 

.BAS-BASIC -тіліндегі программа; 

.COM-тікелей атқарылуға арналған командалық файл; 

.DAT-мәліметтер файлы; 

.DOC-программасында дайындалған құжаттық файл; 

.EXE-басқаруымен атқарылатын файл; 

.PAS-Паскаль тілінде жазылған программалық файл; 

.TXT-Блокнот программасында дайындалған мәтіндік файл. 

 

ОЖ-нің негізгі командалары:  

Dir  [дискінің  аты]  [файлдың  аты]  [/P][/W]  –  дискінің  мазмұнын  кӛруге  мүмкіндік 

беретін команда, /P-дискінің мазмұнын экранға парақтап шығару, /W-мазмұнды қысқаша 

шығару;  

MD [каталог аты] – жаңа каталог құру командасы; 

RD [каталог аты] –каталогты ӛшіру командасы; 

СD [каталог аты] –каталогты ӛзгерту командасы; 

COPY [қайдан] [қайда] – файлды бір орыннан екінші орынға кӛшіру командасы; 

REN [файлдың ескі аты] [файлдың жаңа аты] – файлдың атын ӛзгерту командасы; 


DEL [файл аты]  – файлды ӛшіру командасы; 

TYPE [файл аты] – мәтіндік файлды экранға шығару командасы

CLS – экранды тазалау командасы; 

DATE – ағымдағы күн-ай мерзімін кӛрсету командасы; 

TIME – ағымдағы уақытты кӛрсету командасы; 

FORMAT A: - жаңа дискетаны форматтау командасы. 



Операциялық  жүйе  ДЭЕМ-дегі  кез  келген  программалық  жабдықтардың  ажырамас 

екіншігі бір бӛлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару 

мүмкіншілігін  беретін,  сол  себепті  басқа  программаларды  аппаратурамен  байланыс 

жасаудан  босататын,  компьютерде  жұмыс  істегісі  келетін  әрбір  адамға  ӛте  қажет 

операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі. 

ОС  дербес  компьютердің  аппаратурасының  жалғасы  сияқты,  ол  атқаратын  істерді 

мынадай үш топқа жіктеуге де болады: 

1) мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру; 

2) ЭЕМ-ді сыртқы ортамен байланыстыру; 

3) мәліметтерді сақтау мен ӛңдеу жұмыстарын атқару. 

Компьютерлердің әртүрлі модельдерінде қолданылатын ОС-тердің мүмкіндіктері де 

әрқалай бола береді. Ең кӛп тараған ОС түрлеріне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNІX 

және  де  соңғы  кезде  кеңінен  қолданыла  бастаған  кӛп  терезелі  операциялық  жүйелер  – 

Wіndows программалары жатады. 

MS-DOS  жүйесі  1981  жылы  ІBM  PC  компьютерлерімен  бірге  шығып,  ол  әрбір 

компьютерге  орналастырылған  болатын.  Қазіргі  кездерде  стандартты  операциялық  жүйе 

ретінде  Wіndows  есептеледі,  бірақ  MS  DOS  жүйесінің  негізгі  түсініктері  операциялық 

жүйелердің бәрінде де толық пайдаланылады. 

Дербес компьютерлерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рӛлін магниттік 

дискідегі  жинақтауыштар  атқарады,  сондықтан  оларды  дұрыс  қолдана  білу  ЭЕМ-ді 

тиімді пайдалану негізі екені талас тудырмаса керек. Дискілер латын афавитінің алғашқы 

бас әріптерімен А: , В: , С: , D: т.с.с. болып белгіленеді. 

ДЭЕМ іске қосылғанда ОС кӛбінесе С: қатты дискісінен немесе А: иілгіш дискісінен 

оқылып  жедел  жадқа  жүктеледі  де,  экранға  ОС-тың  қызмет  атқаруға  дайын  екендігін 

кӛрсететін тӛменде кӛрсетілгендей стандартты түрдегі жұмысқа шақыру белгісі шығады. 

 A:\>  

– бұл А: дискісінің жұмыс істеп дайын тұрғанын кӛрсететін шақыру белгісі, 



егер  компьютер  іске  қосылғанда  А:  дискіжетегі  ұясына  дискет  салынбаса,  онда  ЭЕМ 

автоматты түрде С: дискісінен ОС мәліметтерін алуға тырысады;   

C:\>  

– С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын кӛрсететін шақыру белгісі. 



ОС  ЭЕМ  жедел  жадына  дұрыс  жүктелген  соң,  экранға  A:\>  немесе  C:\>  тәрізді 

команда енгізу қатарына шығады. 

Мәтіндер  мен  программалардан  тұратын  мәліметтер  тұрақты  күйде  дискідегі 

файлдарда  сақталады.  Файл  (fіle  -  бума,  десте)  белгілі  бір  атпен  магниттік  дискіде 



жазылған  біртектес  информациялар  жиыны.  ОС  жұмысы  үшін  керекті  алғашқы 

деректер  және  нәтижелік  соңғы  мәліметтер  рӛлін  де  әртүрлі  типтегі  файлдар  атқарады. 

Файл программадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін. 

әрбір файлдың файлдар каталогында – мазмұнында тіркелген ӛзіндік аты болуы керек. 

Файлды дискіге жазғанда не ӛзгерткенде, оның кӛлемі, құрылған уақыты, мерзімі де 

тіркеледі.  Файлдың  аты,  типі,  символмен  берілген  (байт)  кӛлемі,  операциялық  жүйенің 

календары  мен  сағатынан  алынып  жазылған  күні,  айы,  сағаты  файлдың  атрибуттары 

(кӛрсеткіштері)  деп  аталады.  Олар  файл  жазылғанда,  ӛзгертілгенде  немесе  кӛшірілгенде 

тіркеліп отырады. 

Файлдарды дискілерде сақтауды оңайлатып, белгілі  бір жүйеге келтіру мақсатында 

оларды  каталогтарға  (директорияларға)  біріктіріп  қояды.  Каталог  немесе  директорий  – 

белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған 

бір топ файлдар тізіміне қойылған атау. Бұл тізімді ЭЕМ-нің сыртқы жадының бір бӛлігі 

не  тарауы  деп  қарауға  болады.  Wіndows  жүйесінде  каталогтар  атқаратын  қызметін 

толығырақ  ашатын  бума  (папка)  термині  қолданылып  жүр.  Әрбір  каталогтың  ӛзіндік  


белгілі бір аты болады. Бірнеше каталогтардың аты басқа тізімге тіркелуі де мүмкін, онда 

ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады. Осы тәрізді  тармақталған бұтақ тәріздес 

файлдар жүйесі құрыла береді. 

Бір каталаг екінші бір каталогтың ішінде орналаса береді, мұндайда ол бағынышты 

атанып,  сатылы  түрде  бұл  каталогқа  да  басқа  бір  каталог  бағынышты  болып  орналасуы 

мүмкін.  Осындай  түрде  бір-бірінің  ішінде  орналасқан  каталогтар  бұтақ  тәрізді  көп 



сатылы (иерархиялы) файлдар жүйесін құрады. 

Файлдар  бұтақ  тәрізді  күрделі  түрде  құрылса,  онда  оның  тек  ӛз  атын  ғана  емес, 

сонымен  қатар  тұрағын,  басты  каталогын,  оның  деңгейлерін  кӛрсету  қажет.  Мұндай 

файлдың  нақты  тұрағын  (адресін)  кӛрсететін  тізбектелген  файлдар  атауы  -  маршрут  не 

жол деп те аталады. 

Сонымен  файлдың  маршрутын  немесе  адресін  толық  кӛрсету  үшін  дискінің  атын, 

тізбектеле  орналасқан  каталог  аттарын,  ең  соңында  файлдың  атын  және  түрін  толық 

кӛрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты тӛмендегідей болады.  

             [дискінің аты:\] [маршрут\] файлдың аты[.түрі] 

Тік (квадрат) жақшаның ішіндегі сӛздер кӛрсетілмеуі де мүмкін. ЭЕМ іске қосылып 

ОС  жұмысқа  кіріскен  соң  экранға  жұмысқа  шақыру  (немесе  дайындық)  белгісі 

шығарылып  отырады.  Ол  жұмыс  істеп  отырған  екпінді  диск  аты  мен  ағымдағы  каталог 

аты тізбегінен тұрады, мысалы, 

C:\DOS\>    - С: дискісінің DOS каталогы жұмыс істеп тұр. 

ОС жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс құралы - команда. Ол компьютерге  белгілі 

бір әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру үшін қолданылады. 

Команда  формат    деп    аталатын,    арнаулы  құрылымнан  (структурадан)  тұрады. 

Формат команданың атынан және параметрінен құралады. 

MS-DOS  барлық    командалары    резидентті    және  транзитті  болып  екі  үлкен  топқа 

бӛлінеді.  Резидентті  (ішкі,  бірге құрылған) командалар қызмет ететін COMMAND.COM 

файлының    құрама  бӛлігі  болып  табылады.  Олар  -  тез  орындалатын  жиі  қолданылатын 

қарапайым командалар. Бұл топқа:  DІR,  MD,  CD,  RD, TІME, DATE, REN, DEL, TYPE, 

COPY және т.б. командалар жатады.  

Транзитті  (сыртқы,  шақырылып  іске  қосылатын)  кірме  командаларға  дискідегі 

программалық  файлдар  жатады.    Оларды  іске  қосып  орындаудан  бұрын  дискіден  оқу 

керек.  Бұл    топқа    мына  командалар  жатады:  FORMAT,  ATTRІB,  TREE,  MODE, 

DІSKCOPY және т.б. 

 

1.



 

Магнитті дискілер қалай белгіленеді? В: дискісі неге қолданылмайды? 

2.

 

Файл  дегеніміз  не?  Ол  нені  кӛрсетеді?  Windows-те  неге  файл  типі  сирек 



қолданылады? 

3.

 



Файл атрибуттары деген не? Оларды атап шығыңыздар ? 

4.

 



Файлды топтап белгілеу үшін қандай символдар қолданылады? 

 

5 дәріс.  



Тақырыбы: Windows  объектілері. Файл, бума, жарлық. Жұмыс үстелі. Себет. 

Windows анықтамалық жүйесі. Windows ОЖ-сін баптау.  

Сілтеуіш программасы 

         Ескерту. Операциялық жүйесіз компьютер жұмыс істемейді. 

        Алдымен  MS  DOS  операциялық  жүйесі  құрылды,  онда  командалар  қолмен  теріледі. 

Қолдануға  ыңғайлы  болу  үшін  командаларды  термей-ақ  пернелерді  басу  арқылы 

орындайтын  арнайы  программалар  құрылды.  Операциялық  жүйелермен  жұмысты 

жеңілдету  үшін  құрылған  арнайы  программаларды  операциялық  қабыршықтар  деп 

атайды.  MS  DOS  операциялық  жүйесі  үшін  кең  тараған  операциялық  қабыршық  ретінде 

Norton Commander программаларын атауға болады. 

        WINDOWS  операциялық  жүйесі  ыңғайлы,  графикалық  түрде  құрылған,  онда  меню, 

команда, терезе, объект ұғымдары қолданылады.. Бір мезгілде бірнеше программалармен 

жұмыс істеуге болады және сыртқы құрылғылармен байланысу қызметін де операциялық 



жүйе  ӛзі  атқарады.  WINDOWS  операциялық  жүйесінде  жұмыс  істейтін  кӛптеген 

программалар  жазылады,  ескі  программалар  ыңғайланып  қайта  құрылды.  WINDOWS-та 

қазіргі  кезде  кең  тараған  барлық  қолданбалы  программалар  жұмыс  істейді  десек  артық 

болмайды. 

       WINDOWS программалары ортақ  принципте құрылған оларда меню, команда, терезе 

ұғымдарымен қатар объект ұғымы және белгілеу кеңінен қолданылады.    



Терезе  –  Windows  жүйесіндегі  ең  негізгі  ұғым  болып  саналады,  Windows  сӛзінің  

нақты аудармасы «терезелер» екні осыны білдіреді. 

Терезе  –  экранның  тӛртбұрышты  қоршаулы  аумағы,  онда  әртүрлі  программалар 

орындалады,  кез  келген  мәліметтер  ӛңделіп  түзетіледі  және  басқару  әрекеттері 

жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бӛлігін 

ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез 

келген  программаның  ӛзіне  тән  жұмыс  істеу  терезесі  болады.  Егер  терезені  жабатын 

болсақ,  дәл  сол  уақытқа  дейін  екпінді  күйде  болып  жұмыс  істеп  тұрған  программаның 

жұмысы да аяқталады.  

Терезе  шекаралары  –  бұл  терезенің  периметрі  бойынша  ӛтетін  тік  және  кӛлденең 

сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол 

жағында  жүйелік  меню  батырмасы  орналасқан,  ал  оң  жағында  терезенің  аумағын 

ӛзгертуге  арналған  батырмалар  бар.  Тақырып  жолынан  тӛменірек  меню  жолы  бар.  Ал 

меню жолынан тӛменгі тӛртбұрышты аудан – терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы 

жұмыс  аумағында  әртүрлі  информация  болады:  орындалатын  программа,  ӛңделуге 

арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б. Кез келген терезенің белгілі бір 

шектеулі  мӛлшері  болады,  сондықтан  информация  кӛп болса,  ол  терезеге  симай  қалады. 

Мұндай  жағдайда  терезенің  оң  жақ  шетінде  айналу  сызықтары  деп  аталатын  элемент 

пайда  болады.  Бұл  элементтің  пайда  болуы  осы  мезетте  терезе  ішіне  симайтын 

информацияның  бейнеленіп  тұрғанын  кӛрсетеді.  Экран  бетіндегі  программалар  мен 

құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады: 

толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады

қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бӛлігін алып тұрады; 

шарт белгі түрінде, яғни терезе кішірейтіліп шарт белгіге айналып кеткен. 



 Жұмыс столы 

Жұмыс  столы  –  екінші  негізгі  ұғым.  Жұмыс  столы  ұғымы  қазіргі  барлық 

операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі ӛзіміздің жұмыс 

столымызды  алайық.  Жұмыс  столында  кітаптар,  мәліметтер  салынған  бумалар,  құрал-

жабдықтар орналасуы  мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әртүрлі  күйде орналаса 

алады.  Жұмыс  столы  бетіндегі  заттарды  алма-кезек  қолдануға  және  олардың  орнын 

ауыстыруыңызға  болады.  Дәл  осы  стол  бейнесі  экранда  да  жүзеге  асырылып  отыр.  

Windows  ортасында  жұмыс  столының  рӛлін  дисплей  экраны  атқарады.  Онда  жұмыс 

істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде 

орналасқан.  Ӛзіңіздің  жұмыс  столыңызды  реттеп  таза  ұстауыңыз  сияқты  экранда  да 

қажетті  құжаттарды,  құрал-жабдықтарды  жоғалтып  алмайтындай  артық  зат  ұстамай 

жұмыс істеуге кӛңіл бӛледі. 



Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар 

Шартбелгі    -  бұл  экран  бетіндегі  қысқаша  жазуы  бар  кішірейтілген  графикалық 

бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп 

тұруы  мүмкін.  әр  шартбелгі  белгілі  бір  терезеге  сәйкес  келеді  және  ол  қажет  болғанда 

үлкейту  батырмасы  арқылы  терезеге  айналады.  Экранда  мынандай  шартбелгілер 

кездеседі: 

қосымша программалар шартбелгісі; 

белгілі бір топтар шартбелгісі; 

функциялар шартбелгісі. 

Жарлық  –  бұл  белгілі  бір  объектімен  тікелей  қатынас  жасауды  іске  асыратын 

командалық  файл.  Мысалы,  жарлық  арқылы  каталогтың,  желідегі  дискінің  ішіндегісін 

кӛрсетуге  болады,  тез  арада  басқа  каталогта  орналасқан  программаларды  іске  қосуға, 



файлды  да  жылдам  ашуға  болады.  Бума  –  экранда  каталогтарды  және  программалық 

топтарды  белгілеу  үшін  қолданылады.  Мұның  мағынасы  мынада:  каталог  пен 

программалар тобы орналасқан контейнер болып табылады. Каталог – файлдарға арналған 

контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер. 



Тышқан тәрізді графикалық сілтеме 

Windows ортасында пернелер тақтасының кӛмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ 

тышқан  тетігімен  басқарылатын  графиктік  сілтемені  немесе  олардың  комбинацияларын 

қолдану  ӛте  тиімді.  Стол  бетімен  тышқанды  жылжыту  экран  бетіндегі  тышқан 

сілтемесінің  яғни  курсорының  жылжуымен  сай  келеді.  Тышқан  тетігінің  екі  немесе  үш 

батырмасы  болады.  Жұмыс  барысында  негізінен  оның  сол  жақтағы,  ал  анда-санда  оң 

жақтағы  батырмасы  қолданылады.  Тышқан  тетігінің  ортаңғы  батырмасы  Windows 

ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде қолданылады. Тышқан тетігімен 

орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен курсордың қозғалуы болып табылады. 

Келесі  операция  –  шерту.  Бұл  операция  сілтемені  экран  бетіндегі  қажетті  элементке 

апарғанан кейін ғана орындалады. Мысалы, сілтемені графиктік элементтің шартбелгісіне 

жеткізіп,  шерту  операциясын  орындауға  болады.  Шерту  деп  тышқанның  сол  жақ 

батырмасын  бір  рет  басып,  қайта  жылдам  қоя  беруді  айтады.  Тышқанмен  орындалатын 

күрделі  операцияға  оның  сол  жақ  батырмасын  жылдам  түрде  екі  рет  шерту  әрекеті 

жатады.  Егер  ол  аралықта  кӛп  уақыт  ӛтіп  кетсе,  онда  Windows  жүйесі  бұл  әрекетті 

жекеленген екі бӛлек шерту деп түсінеді.  

Келесі  операция  –  тасымалдау.  Ол  терезелер  мен  шартбелгілердің  орнын 

ауыстырады,  яғни  басқа  орынға  тасымалдайды  және  терезелердің  ұзындығы  мен  енін 

ӛзгертуде  қолданылады.  Объектілердің  тасымалдау  амалы  былай  орындалады:  сілтемені 

орны ауыстырылатын элеменке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол 

басулы  күйінде  ұстап  отырып,  сілтемені  қалаған  жаңа  орынға  жеткіземіз,  сонан  соң 

батырманы қоя береміз. 



 Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері 

Кӛрсету    және  шерту  принципі  –  бұл  принцип  бойынша  кӛптеген  операцияларды 

орындау  үшін  тышқан  сілтемесін  экран  элементіне  апарып,  оның  сол  немесе  оң 

батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен тӛмендегі әрекеттерді орындауға болады: 

программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту, және бұрынғы қалпына 

келтіру; 

кӛлденең орналасқан меню пункттерін таңдау; 

экранға шығатын меню командаларын таңдау; 

аспаптар тақтасы командаларын таңдау; 

мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу

командалық батырманы басу, таңдау; 

ауыстырып қосқыштың мәнін ӛзгерту; 

мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын ӛзгерту; 

мәтін енгізілетін ӛріс жолдарының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және т.с.с 

Ерекшелеу  немесе белгілеу принциптері  – бұл операция мынадай іс-әрекеттерден 

тұрады: 


-  фрагментті  кӛшіру,  тасымалдау,  жою,  олардың  шрифтерін  және  мӛлшерін 

ӛзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне кӛлеңке түсіріп қараңғылау т.с.с. мұндай операциялар 

екіге  бӛлініп  орындалады:  ең  алдымен  біз  фрагментті  белгілеп  алуымыз  керек,  ал  сонан 

соң  нақты  команданы  орындау.  Мысалы,  мәтін  бӛлігін  тышқанның  кӛмегімен  немесе 

арнайы  перне    және  бағыттауыш  сызықтар  арқылы  белгілеп  алуға  болады. 

Графиктік түрдегі фрагменттерді белгілеуде, әдетте «қайшымен қиюды» қолданады. 

Тасымалдау және барған орнында қалдыру принципі – бұл әдіспен ӛңделіп жатқан 

құжаттың  белгіленген  үзігін,  шартбелгіні,  терезені  басқа  орынға  ауыстыруға  немесе 

олардың кӛшірмесін алуға болады. Мысалы, егер де суреттің бір бӛлігі қайшымен қиылып 

белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бӛлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң 

жақ  батырмасын  басып  тұрып,  жаңа  орынға  ауыстыруға  болады.  Батырманы  босатқан 

кезде сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі. Егер оны ауыстыру барысында  пернесін 



басып  тұрған  болсақ,  онда  жаңа  орынға  сол  сурет  фрагменттінің  кӛшірмесі  орналасады. 

Осындай  жолмен  үнемі  кӛшіру  мен  орын  ауыстыру  амалдарын  қатар  қолдануға  тура 

келеді.  

Windows  жүйесінде  тасымалдау  және  барған  орнында  қалдыру  әдісімен  келесі 

операцияларды орындау жиі жүргізіледі: 

- үлкейтілмеген терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстыру. Кӛп жағдайларда, 

тышқанның  сол  жақ  батырмасымен  бірге    пернесін  бассақ,  онда  программалық 

элементтерді бір топтан екінші топқа кӛшіруге болады; 

-  графикалық  редактордың  жұмыс  аумағындағы  суреттің  белгіленген  фрагментін  жаңа 

орынға  ауыстыру  немесе  оның  кӛшірмесін  алу.  Әдетте,  мұндай  фрагмент  рӛлін  кӛбіне 

басқа графиктік файлдан мәтіндік құжатқа қойылуға тиіс бейне суреттер атқарады; 

-  Word  редакторында  мәтіндік  информацияның  белгіленген  фрагментін  басқа  жерге 

ауыстыру немесе оның кӛшірмесін алу; 

- суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру және кӛшірмелерін алу;  

-  мәтін  беттеріндегі    абзацтың  жаңа  жолын  және  оның  оң  жақ,  сол  жақ  шекараларын 

кӛлденең сызғыштың жоғарғы және тӛменгі кішкене үшбұрыштарын тасымалдау арқылы 

тағайындау; 

-  дайын  шартбелгілер  жиынына  әрбір  адам  ӛзі  қолданатын  құрал-саймандар  тақтасын 

құрастыру.  

Windows жүйесін іске қосу 

Windows  операциялық  жүйесі  компьютер  токқа  қосылысымен  жедел  жадқа 

жүктеледі де экранда жарлықтары мен шартбелгілері бар қалыптағы кӛрініс пайда болады. 

Windows жүйесімен жұмысты аяқтау. 

Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді ӛшірмес бұрын мынадай 

әрекеттерді орындау қажет: 

жұмыс істеп тұрған программаларды жабу; 

Windows жүйесінен шығып жұмысты аяқтау ісін орындау. 

Тек осыдан кейін компьютер ӛшіріледі. Неге бұлай?  

Windows  жүйесі  компьютер  құрылғыларын  толық  пайдаланып,  оларды  толық 

басқарып  отырады.  Бұл  сәттерде  Windows  жүйесі  уақытша  пайдаланатын  файлдарды 

жасап алады. Windows жүйесі жұмысын дұрыс аяқтаса, ол файлдар ӛз-ӛзінен жойылады. 

Егер  жұмыс  дұрыс  аяқталмаса,  ол  файлдар  дискіде  сақталып  қалып,  біраз  орын  алып 

тұрады. 

Сондықтан  Windows  жүйесінде  тұрып  жұмысты  аяқтау  үшін  мынадай  әрекеттер 

орындалуы тиіс:  

1. Тышқан курсорын іске қосу батырмасына алып барып, оны бір рет шерту керек 

те,  меню  командаларының  ішінен  «Windows-бен  жұмысты  аяқтау»  командасын  таңдау 

қажет.  Мұнан  кейін  «Windows-бен  жұмысты  аяқтау»  атты  сұхбат  терезесі  экранға 

шығады.  Бұл  терезені    пернелері  арқылы  да  шығаруға  болады.   

пернелері кез келген терезені жабу ісін атқарады. 

2. Экрандағы сұқбат терезесінде кӛрініп тұрған ауыстыру тобындағы «компьютерді 

ӛшіру» жолын таңдап алып, «иә» басқару батырмасын басу керек.  

3.  Windows  жүйесі  жұмысын  аяқтап,  терезені  жапқанша  күте  тұрып,  соңынан 

компьютерді сӛндіру қажет.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет