Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет24/25
Дата06.02.2017
өлшемі2,43 Mb.
#3539
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Аннотация.    В  статье  рассматривается    выяснении  устойчивости  на  заболевании 
генотипа мягкой пшеницы. 
Annotation. The article deals with the elucidation of resistance to disease genotype wheat. 
 
 
А.Б.Тҧрғынбекова,  Ж.Е.Тӛлемісова 
 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН  
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
ӘӚЖ 37. 373:004 
            Т 89 
 
Бүгінде  жаһандану  заманында  жас  ұрпаққа  әлемдік  стандартқа  сәйкес  білім  беру 
мәселесі  республикамызда  ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  ізденіспен  әлемдік  жинақталған 
тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, 
оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен кӛкейкесті мәселе болып отыр. 
Қазіргі  орта  мектеп  орынында  оқытудың  белгілі  бір  әдістемелік  дәстүрлері 
қалыптасуына  қарамастан,  оқытудың  жаңаша  әдістерін  іздестіру,  оқушылардың  ойлау 
қабілетін дамыту жолдарын, ӛздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара 
білу  қабілетін  дамыту  жолдарын  іздестіру  әрекеттері  жүріп  жатыр.  Атап  айтқанда,  іргелі 
пәндерді  оқыту  мәселесіне  жаңаша  әдістер  керек,  ӛйткені,  бүгінгі  әлемдік  ӛндірістік 
технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда. 
Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты 
жинақтай  білудің,  болжамдар  мен  қорытындылар  жасай  білудің  және  жаңа  ақпараттық 
технологияларды қолданудың маңызы ӛте зор болғандықтан кӛпшілікке түсінікті болып келе 

 
181 
 
жатыр.  
Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы 
он  шақты  жыл  ішінде  информатика  негіздері  мен  есептеу  техникасы,  программалау 
курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың 
әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар 
жасалуда. 
Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы 
мен атқаратын қызметін жете түсінуге кӛңіл бӛлу қажет. 
Оқулықтың  сапалы  жазылуына  назар  аударған  авторлардың  басты  ұстанған  принципі 
тұлғалық-бағдарлық,  нәтижелі  шығармашылық  қызмет,  кіріктіру,  пәнаралық  байланыста 
оқыту  және  т.б.  нәтижеге  бағдарланған  білім  жүйесін  құру  болды.  Оқулық  -  нақты  пән 
бойынша  берілетін  негізгі  оқу  кітабы.  Оқулықта  пәннің  бағдарламасы  толық  ашылады. 
Оқулық  -  бұл  оқушы  мен  оқытушының  бірлескен  әрекеттерінің  құралы.  Бұдан  оқулықтың 
білім берудің құралы екені жӛнінде дәлелді қорытынды шығады. 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  информатика  9-сыныбына  арналған  оқулықтарды 
кӛптеген  авторлар  қарастырған:  Н.Т.  Ермеков,  В.А.  Криворучко,  Л.Н.  Кафтункина,  Б. 
Бӛрібаев, Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова және т.б. 
Оқушылардың  ақпараттық  мәдениетін  кеңейту,  алгоритмдеу  және  программалау 
құзырлығын  арттыру  үшін  оқулықтардан  басқа  қосымша  электрондық  құралдар  қажет. 
Себебі  дұрыс  құрылымданған  электрондық  оқулықтарды  пайдалану,  мұғалімнің  кӛмегінсіз 
оқушылар  ӛз  беттерімен  білім  ала  алады.  Ал  оның  тиімді  жағы:  оқушылардың  ӛз 
шығармашылық  қабілеттерін  барынша  ашып,  қызығушылығын  арттырып,  ӛздігінен  білім 
алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.  
Сондықтан бұл проблеманы шешу мәселесі жұмыстың кӛкейтесі болып отыр. 
Мемлекеттік  стандарт  бойынша  9-сынып  Информатика  пәні,  негізінен  мынадай 
тақырыптарды қамтиды: 
1.
 
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы. 
2.
 
Паскаль - программалау тілі. 
3.
 
Паскаль тілінде программа дайындау жолдары. 
4.
 
Символдардан және сӛз тіркестерінен тұратын шамалар. 
5.
 
Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері. 
6.
 
Кӛмекші программалар. 
7.
 
Графика. 
8.
 
Компьютерлік желілер. 
9.
 
Модельдеу және модельдеу түрлері. 
Мұнда  алгоритм  құрастыру,  жазу  түсініктері  беріліп,  қазіргі  кездегі  кең  тараған 
бағдарламалау тілінің бірі  – Паскаль тілінің ерекшеліктері  қарастырылып, оны пайдаланып 
математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады. 
Жұмыстың  ғылыми  болжамы  –  егер  информатика  пәні  бойынша  оқытудың  іргелі 
дайындық  кезеңінде  компьютерлік  оқытуды  пайдаланып  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  жүзеге 
асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің 
белсенділігі  мен  дербестігі  кӛтеріледі,  ӛйткені  компьютерлік  оқыту  бағдарлама  арқылы 
оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.  
Зерттеу міндеттері: 
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін оқыту мазмұнын, оны оқытудың 
әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау; 
Информатика  орта  мектепте  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін  анықтау, 
информатика пәнінің мазмұны мен құрылымын анықтау
9  -  сыныпта  информатика  бойынша  оқыту  бағдарламаларына  және  бағдарламалық-
әдістемелік кешендерді жіктеу және пайдалану үшін бағдарламалар тобын белгілеу; 
9-сынып  оқушылардың  құзыреттілік  біліктілігін  қалыптастыратын  оқыту  және  үйрету 
әдістемелік әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру. 

 
182 
 
Зерттеу  әдістері  -  ғылыми-әдістемелік,  педагогикалық-психологиялық  әдебиеттерге 
талдау  жасау,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарты,  орта  мектептің  9-сынып  информатикасын  оқыту  теориясы  мен  әдістемесін 
талдау,  озық  педагогикалық  тәжірибелерді  ескеру,  оқыту  үрдісін  тұрақты  бақылау,  тиімді 
әдістерді оқу үрдісіне енгізу және оның нәтижелерін қорыту. 
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты ӛткізудің жаңа мүмкін-дігін – қашықтан 
оқытудың енуін берді. Ол біріншіден, үйренушінің ӛзіне оқу уақыты мен орнын тағдауына, 
екіншіден,  қандай  да  бір  себептермен  дәстүрлі  білім  алудан  шеттетілген  адамдарға  білім 
алуға,  үшіншіден,  оқытуда  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдануға,  тӛртіншіден, 
оқытуға  кететін  шығынды  белгілі  бір  мӛлшерде  азайтуға  мүмкіндік  береді.  Басқа  жағынан 
қашықтан оқыту білім беруді жекешелендіру мүмкіндігін арттырады. 
Электрондық оқулықтарды құру ақпараттық материалдардың әркез жаңарып отыруына 
байланысты  мәселені  шешуге  мүмкіндік  береді.  Оларда,  сонымен  қатар,  жаттығулар  мен 
мысалдардың мол болуы және ақпараттың әр түрінің кӛрнекі түрде берілуі мүмкін. Сонымен 
бірге электрондық оқулықтар кӛмегімен білімді тексеру – компьютерлік тест орындалады.  
Білім беру саласында «электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық 
белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға 
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. 
Электрондық  оқулықтарды  қолдану  тәжірибесі  студенттер  мен  оқушылардың  берілген 
материалды  сапалы  түрде  меңгеретінін  кӛрсетті.  Бұған  тестілеу  қорытындылары  куә.  Олай 
болса ақпараттық технологияның дамуы білім беруде жаңа әдістер мен әдістемелерді ойлап 
табуға және сол арқылы оның сапасын арттыруға толық мүмкіндік береді. 
Электрондық оқулықтың тиімділігі олардың қашықтықтан оқытудағы ӛз мүмкіндіктерін 
жетілдіріп, казіргі жағдайда барлық білім алатын үйренушілерге ұсынылуында.  
Электрондық  оқулықты  пайдалану  мұғалімнің  де  ғылыми-әдістемелік  потенциалын 
дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік 
тесттер  арқылы  оқушыны  жекелей  бақылауды,  графикалық  бейнелеу,  мәтіндері  түрінде, 
мультимедиалық,  бейне  және  дыбыс  бӛлімдерінің  бағдарламасы  бойынша  алатын 
жаңалықтарды  іске  асыруға  кӛп  кӛмегін  тигізеді.  Электрондық  оқулықтарды  қарапайым 
оқулықтарға  қарағанда  пайдалану  ыңғайлы  және  оларда  ӛзін  -  ӛзі  тексеру  жүйесі  бар.  Осы 
электрондық  оқулықтың  артықшылығы  болып  табылады.  Сондықтан,  ӛзін  -  ӛзі  тексеру 
жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады да, оларды ауылдық 
жерлерде, мұғалім жетіспейтін жерлерде кӛбіне қажет етеді. 
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып 
қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға  шығармашылықпен  еңбек  етуіне 
жағдай жасайды. 
Осы  уақытқа  дейінгі  білім  беру  саласында  тек  мұғалімнің  айтқандарын  немесе 
оқулықты  пайдалану  қазіргі  заман  талабын  қанағаттандырмайды.  Сондықтан  қазіргі 
ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. 
Электрондық  оқулық  мазмұны  жағынан  толық,  жоғары  деңгейде  ақпараттанған  және 
дарынды жазылуы қажет. Қашықтан білім алуда оқулықта барлық электрондық-методикалық 
құралдары кіруі керек. 
Дәл  осындай  оқулықты  кез-келген  оқушыға  ұсынуға  болады  және  студенттердің  ӛз 
бетінше  дайындалуы  кезінде  жақсы  кӛмекші  құрал  болып  табылады.  Сонымен  қатар 
сынақтарға және әр пәннен ӛтетін емтихандарға дайындалуға да кӛмектеседі. 
Қазіргі уақытта оқулықтарға келесі талаптар қойылады: құрылымдылығы, қолдаыстағы 
қолайлылық,  баяндамалатын  материалдардың  кӛрнектілігі.  Жоғарыда  кӛрсетілген 
талаптарды қанағаттандыру үшін гипертекстік технологияларды қолдану орынды. 
Оқулықтың  электронды  варианты  (білімді  бақылау  оқытудағы  басты  мәселе 
болғандықтан  ӛзіне  бақылау  құралын  қоса  алады).  Кӛптеген  уақыт  бойы  білімді  бақылау, 
отандық білім беру жүйесінде ауызша түрде жүріліп келеді. Қазіргі сәтте тестілеудің әртүрлі 
әдістері  қолдануда.  Кӛп  адамдар  әрине  бұл  позициямен  (ұстаныммен)  бӛліспейді,  себебі 

 
183 
 
олардың ойынша тестер салыстыру және талдау т.б. сияқты қажетті дағдылардан айырады. 
Қашықтан  оқыту  жүйесіне  жаңа  қырынан  технологиялрды  енгізу  сапалы  түрде  мүмкіндік 
береді.  Біз  оқулықтың  электронды  вариантын  енгіздік.  Осылай,  жаңа  ақпарат  құралдарын 
қолдану оқытудың тиімділігін арттыруға қабілетті, сонымен қатар оқушының ӛздік жұмысы 
кезінде таптырмайтын құрал деп үміттендіруге болады. Нақты пән бойынша белсенді түрде 
білім  үшін  тек  теориясын  оқып  ғана  қоймай  тапсырманы  орындауға  (  тәжірибе  жүзіндегі) 
дағдылануы  қажет.  Бұл  үшін  оқылып  материалдардың  математикалық  модельдерін  құрып, 
есепті шешудің алгоритмін құрып және оларды программа түрінде жүзеге асыруына үйренуі 
керек. Осы мақсатқа жету жолында электрондық  оқу құралының құрамына алгоритмдердің 
қызметімен  құрылымы  кӛрсететін  графикамен  безендірілген  кӛптеген  модельдік 
программалар  енген.  Бұл  олардың  тек  түсініп  қоюын  ғана  арттырып  қоймай  жобалап 
сезінумен бейнелі ойлауын сезінеді. 
Ақпарат  құралдарының  мысалы  ретінде  гиперссылканы  алуға  болады.  Гиперссылка 
арқылы берілген тақырыптың басқа бӛліміне ӛтуге немесе келесі бетіне ӛтуге, немесе басқа 
программада  жасалған  файлды  ашуғв  болады.  Гиперссылканың  орны  сол  компьютерлердің 
қатты дискісінде немесе компьютерлік желілерде тіпті интернет желілерінде болуы мүмкін.. 
Мысалы: Гиперссылка бойынша MS Word құжатында жұмыс істеп отырып толық ақпаратқа 
ие  MS  Exel  дің  диаграммасына  кӛшуге  болады  гиперссылка  арнайы  сурет  немесе  мәтін 
(әдетте  кӛк  түске  боялып  асты  сызқылған  болады)  түрінде  болады.  Оны  қолдану  үшін 
үстінен тышқанмен сырт еткізсе жетіп жатыр. Гиперссылка жасау үшін келесі қадамдардын 
бірін орындаса жеткілікті:  
-
 
бұрыннан  бар  немесе  жаңа  құжатқа,  файылдын  немесе  Web-беттің  гиперссылкасын 
қою; 
-
 
бұрыннан бар файл немесе Web-тің байланыс жасау; 
-
 
жаңа файлмен байланыс жасау. 
Тасымалдау оперциясымен және MS Office-тің, программалық құралдары т.б. кӛмегімен 
белгілі бір объектіге жылдам гиперссылка жасауға болады. 
Бұдан  басқа  электронды  оқулық  кӛмегімен  білімді  бақылау  компьютерлік  тесттер 
жүэеге асады. 
Бұл  жұмыста  ашық  және  ӛздігінен  даму  жүйесінің  қағидалары  енгізілген  электронды 
оқулықтың тұжырымдамасы (принципі) ұсынылады. 
Тәжірибе  электрондық  оқулықтарды  қолдану  студенттердің  берілген  материалды 
сапалы  қабылдайтынын  кӛрсетеді.  Осы  тұрғыдан  ақпаратты  құралдарды  дамыту,  оқу 
жүйесіне әдістер мен әдістемелер жасауға кең кӛлемді мүмкіндік беріп, сонымен бірге оның 
сапасын арттырады. 
Атқарылған  жұмыстың  нәтижесі  –  электрондық,  әдістемелік  оқу  құралы.  Ол  жалпы 
білім  беретін  мектеп  оқушыларына,  студенттерге  жалпы  барлық  компьютерді  меңгерген 
қолданушыларға арналған. Аталған электрондық оқу құралы аудиториялық оқуға арналған. 
Бағалау екі түрде жүзеге асады біріншіде оқушы ӛзін салыстырмалы түрде тексеріп бағаласа, 
екіншіде компьютер бағалайды. 
Бұл  оқу  құралының  келесі  бӛлімінде  тапсырмалар  мен  талаптар,  әдіс  –  тәсілдер  мен 
тақырыптар күрделене бермек.  
Болашақ  мұғалімді  ақпараттық-компьютерлік  модельдеу  негізінде  кәсіби  дайындау 
проблемасын  теориялық  және  тәжірибелік  зерттеу  нәтижелері  тӛмендегідей  қорытынды  және 
ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызады.  
Қоғамдық  прогрестегі  жетістіктер  болашақ  ұрпақтың  білімі  мен  тӛрбиесіндегі 
жетістіктерге,  ал  ол  ӛз  кезегінде  жаңа  формация  мұғалімінің  білік  деңгейіне  байланысты. 
Сондықтан  да  болашақ  мұғалімдерді  инновациялық  тұрғыда  даярлау  проблемасы  аса  назар 
аударуды талап етеді. 
Болашақ  мұғалімінің  іс-әрекетінің  ерекшелігі  – оның  құрылымы кәсіби және танымдылық 
бағыттылығы  бар  біртұтас  құрылым  болып  табылады.  Болашақ  мұғалімдердің  іс-әрекеті 
құрылымын  ескере  отырып  жасалған  олардың 
ақпараттық-компьютерлік  және 

 
184 
 
математикалық модельдеу білігін қалыптастыру қазіргі кезде мамандар даярлауға талаптардың 
күшеюімен,  олардың  кәсіби  деңгейінің  ақпараттық-компьютерлік,  жалпы  информатикалық 
дайындық деңгейіне тәуелділігімен, оның ғылыми- әдістемелік негізделуімен, білім, білік және 
дағды  деңгейімен,  оқыту  мазмұны  мен  әдістемелік  шарттармен  және  т.б.  факторлармен 
сипатталады. Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге кәсіби даярлаудың 
түжырымдамасы  білім  беру  жүйесінде  мұғалімнің  кәсіби  деңгейін  кӛтерудің  әдістемелік 
негізін,  оқытудың  жаңа  технологияларын,  әдістерін  пайдалана  отырып  кәсіби  білім  беруді 
жетілдірудің әдістемелік шарттары мен жүзеге асыру бағыттарын және т.б. қарастырады. 
Жоғары  оқу  орнында  болашақ  мұғалімнің  кәсіби  даярлығының  сапасын  жетілдіруде 
ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық  модельдеуді  қолдану  білігін  қалыптастыру 
психологиялық-педагогикалық  тұрғыда  негізделді.  Жалпы  білім  беретін  мектепте  9-сынып 
информатика  пәнін  оқыту  үрдісінің  әдістемесі  қаралды.  Жұмыста  информатика  пәнін 
игеруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру мәселелері зерттелді.  
9-сыныбына  информатика  пәнін  игіруде  оқушылардың  құзыреттілік  біліктілігін 
қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру 
мақсаты  орындалды.  Информатика  пәні  бойынша  оқытудың  іргелі  дайындық  кезеңінде 
компьютерлік  оқытуды  пайдаланып  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  жүзеге  асырылса,  онда  оқу 
материалын  игеру  деңгейі  артады,  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  белсенділігі  мен 
дербестігі  кӛтеріледі,  ӛйткені  компьютерлік  оқыту  бағдарлама  арқылы  оқушылардың  оқу-
танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.  
Жұмыстың  орындалуда  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  информатика  пәнін  оқыту 
мазмұнын, оны оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау; 
Информатика  орта  мектепте  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін  анықтау;  Информатика 
пәнінің  мазмұны  мен  құрылымын  анықтау;  9  -  сыныпта  информатика  бойынша  оқыту 
бағдарламаларына және бағдарламалық-әдістемелік кешендерді жіктеу және пайдалану үшін 
бағдарламалар тобын белгілеу міндеттері орындалды.  
Алдымен  бала  қызығушылығын  ояту  керек,  олай  болса  зерттейтін  объект  –  оқушы. 
Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап, 
оқушының  таным  белсенділігін  арттыруды  мақсатымыз,  Танымдық  белсенділікті 
қалыптастыру  кӛрсеткіштеріне  интеллектуалдық,  эмоцияналдық,  жігерлілік  іс-әрекетке 
оқушылардың  белсене  қатысуы  жатады.  Осындай  нәтижеге  жету  үшін  сабақ  мазмұнының 
түрлерін,  оқытудың  амал-тәсілдерін  түгелдей  ӛзгерту  қажет,  қазір  жалпылама  баяндау, 
сұрақ-жауап,  лекция  тәрізді  сабақ  әдістері  ӛз  нәтижесін  бере  алмайды.  Сондықтан  сабақ 
процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, жаңа ақпараттық технологиясын пайдалануды таңдап 
алдым. Қорыта айтқанда, информатика сабағында электронды құралды қолдану ісіне зор мән 
берілсе, мұның ӛзі оқушылардың білім сапасының жақсаруына зор ықпалы бар.  
____________________ 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы 
орта білім. Негізгі ережелер. – Астана: Астана, 2006 
2. Симонович С.В. и др. Информатика: Базовый курс – СПб.: Питер, 2001  
3. Ермеков Н. и др. Информатика. Пробный учебник для 9 класса. – Алматы: Жазушы, 2001  
4.  Криворучко  В.А.,  Кафтункина  Л.Н.,  Язенко  Л.Г.  Дидактические  материалы  по 
информатике для 9 класса. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2002 
5. Колесникова Ю.Р. HTML: справочник.– СПб.: Питер, 2000 
6. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық 
белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. –Алматы: Рауан, 2005 
 
Аннотация.  В статье рассматривается методике преподования информатики  в средней 
школе. 
Annotation. In the article the methods of teaching science in high school. 
 
 

 
185 
 
Қ.М.Усенов, А.Н.Аманбаева, И.А.Карбозова  
 
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ ДАМЫТУ 
 
ӘӚЖ 378.853:004 
 
Ұлттық  білім  беру  жүйесін  реформалау  мен  жаңарту  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  жолдауында,  сондай-ақ  «Білім  туралы»  заңда  атап 
кӛрсетілгендей  заман  талабына  сай  білім  беруді  ізгілендіру  парадигмасы  есебінен  жүзеге 
асады. Біздің еліміздің әлемдік білім беру саласында ұлттық саясатты ұстануы, жоғары оқу 
орындарының халықаралық мәртебе алуға ұмтылуы, оқу үдерісін жаңа жүйеде ұйымдастыру 
талаптары  білім  беру  жүйесін  ғылыми-әдіснамалық  негізде  және  қоғамды  ақпараттандыру 
негізінде жүзеге асады. 
Қазақстан  Республикасындағы  экономикалық  ӛсудің  маңызды  ресурстары  мен 
интеллектуалды білім беру әлеуеті оның әлемдегі рӛлін анықтайды. Сондықтан мемлекеттік 
саясаттың негізгі элементтерінің бірі ақпараттық қоғамның талаптарына сәйкес, сапалы білім 
беруді  қанағаттандыра  алатын  қызмет  кӛрсетуге  қабілетті,  тиімді  білім  беру  жүйесі  болып 
табылады. «Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың 
мемлекеттік  бағдарламасының»  міндеттерінің  бірі  экономиканың  барлық  саласына  қажетті 
бәсекеге  қабілетті  маман  кадрлар  даярлаудың  біртұтас  ақпараттық  ортасын  қалыптастыру 
болса,  2015  жылға  арналған  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  тұжырымдамасында 
қоғамдағы  негізгі  қажеттілікті  қамтамасыз  ете  алатын  әлеуметтік  мақсаттарды  шешуге 
бейімделген  кәсіби  мамандарды  даярлауды  талап  етеді.  Осыған  орай,  жоғары  оқу 
орындарында  білім  беру  жүйесінің  алдында  әдістемелік  жүйені  жетілдіру  мен  дамыту 
қажеттігі туындайды. 
Оқу  үдерісін  ақпараттандыру  білім  беруді  ақпараттандыру  үдерістерімен  ұштасып 
жататындығы 
белгілі. 
Сондықтан 
телекоммуникациялық 
технологиялардың, 
мультимедиалық  оқу  құралдарының  кең  таралуы  заман  талабына  сай  білім  беру  үдерісін 
жасап,  жүзеге  асыра  отырып,  білім  алушылардың  адамгершілік  пен  тұлғалық 
ұстанымдарына басымдық бере отырып, оқу үдерісін жаңа деңгейге кӛтереді. 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша (2007ж) елімізде 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  (бұдан  әрі-АКТ)  саласында  мамандардыңң 
тапшылығы байқалады. 
Елбасының  «Интелектуалды  ұлт  -  2020»  жобасы  аясындағы  бірінші  басымдық  білім 
алуға  деген  сұранысты  арттыруға  ықпал  ететін  және  озық  ақпараттық  технологияларды 
белсенді  қолдануға  негізделген  білім  беру  жүйесін  құруға  бағытталған  маман  даярлау 
стратегиясы болып табылады. 
ХХІ  ғасырдың  білім  беру  жүйесі  адамзаттың  ӛмір  сүру  шарттарына  сәйкес,  сондай-ақ 
ғылыми  техникалық  және  әлеуметтік  даму  шынайылығы  негізінде  ӛзгерген  жаңа  үлгідегі 
білім  беру  парадигмасы  қайта  жасалуы  міндетті.  Қазіргі  білім  беру  жүйесін  жаңартудың 
ӛзектілігі  ХХІ  ғасырдағы  адамзаттың  жаңаша  ӛмір  сүруінің  алғышарттарының  білім  беру 
жүйесіне  жаңа  мазмұндағы  талаптар  тұрғысынан  негізделінуде.  Бүгінде  адамдардың 
сауаттылық  деңгейін  жоғарылату  ғана  емес,  сонымен  қатар  қоршаған  ортаның  әлеуметтік 
және  ақпараттық,  технологиялық,  экономикалық  жылдам  ӛзгерістеріне  адамдардың 
қатынасын  анықтайтын,  жаңаша  ойлайтын  тұлға  қалыптастыру.  Зерттеу  нәтижелерінің 
болжауы  юойынша  осы  ғасырда  үздіксіз  білім  беру  инновациялық  технологияларға 
бейімделуі  қажет  екендігін  кӛрсетеді.  Бүгінде  Жапония  сияқты  елдер  ХХІ  ғасыр  басында 
жалпыға  ортақ  жоғары  білім  беруге  ӛту  туралы  мәселелерді  қарастырып  жатыр.  Бұл  озық 
технологиялардың жоғары деңгейін топтастыратын ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы 
қатарлы жетістіктерін меңгерген жоғары білікті мамандар даярлаумен байланысты. 
Әлемнің  алдыңғы  қатарлы  елдерінде  келешегі  зор  жоғары  білім  беру  жүйесін 
қалыптастырудың  бір  жолы  ақпараттық  қоғамның  қалыптасуы;  білім  беру  арқылы  жеке 

 
186 
 
тұлғаның  шығармашылық  қабілетін  ашуға  бағытталған  дамытушы  және  инновациялық 
әдістерді  кең  кӛлемде  енгізу;  жаңа  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар 
негізінде қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолы мен халықтың кең кӛлемді сапалы білім 
беруге қол жетімділігін арттыру болып саналады. 
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысының  басында  1960  жылы  дамыған  елдер  қатарында 
индустриаландырудан  кейінгі  қоғам  тұжырымдамасын  түрлендіру  ретінде  «ақпараттық 
қоғам» тұжырымдамасы дами бастады. 
Жаңа  зерттеу  мәліметтері  бойынша  Ресей  ақпараттандырудың  алғашқы  сатысында, 
болжам  бойынша  ХХІ  ғасырдың  30-40  жж.  Жоғарғы  сатысына  кӛтеріледі  деп  күтілсе,  ал, 
АҚШ-та қазірдің ӛзінде ақпараттандырудың соңғы сатысына ӛтуді іске асыруда. 
Бүгінде қоғамды ақпараттандыру үдерісінің жаһандық дамуы барлық кӛптеген дамыған 
және  дамушы  елдердің  әлемдік  бірлестігін  қамтиды,  соның  ішінде  Қазақстанда  тұратын 
адамдар ортасында жаңа ақпараттық ортаның және олардың кәсіби қызметі мен ӛмірлеріне 
жаңа  ақпараттық  тәртіптің  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Миллиондаған  адамдарды 
ақпараттық  қоғам  жағдайындағы  мүлде  жаңа  ӛмірге  және  қызметке  дайындау  білім  беру 
жүйесінің  алдына  жаңа  ӛмірге  және  қызметке  дайындау  білім  беру  жүйесінің  алдына  жаңа 
ғаламдық  мәселелер  қояды.  Бұл  ӛз  кезегінде  тұрақты  ғылыми  мәселелерге  айналған,  білім 
беру  жүйесі  дамуының  стратегиялық  маңызды  бағыты  болатын,  білім  беруді 
ақпараттандыруға жаңа қадам ұсынуды талап етеді. 
Білім  беруді  ақпараттандыру  үдерісінің  қазіргі  заманғы  жағдайы  мен  болашақтағы 
дамуын қарастыра отырып, осы үдерістің екі маңызды даму бағытын кӛрсетуге болады: білім 
беру  жүйесінің  тиімділігін  арттыру  үшін  ақпараттық  технологиялар  және  информатика 
құралдарының  жаңа  мүмкіндіктерін  пайдалану  міндеттерінен  тұратын  аспаптық-
технологиялық  бағыт;  білім  беру  үдерісінің  ӛзіндік  жаңа  мазмұнын  қалыптастыру 
міндеттерінен тұратын мазмұндық бағыт. 
Қазіргі  қоғамды  ақпараттандыру-қайтымсыз  үдеріс,  ол  адамның  іс-әрекетінің  барлық 
салаларына, соның ішінде білім беру саласына енгізілуде. Білім беру саласындағы жазудың 
пайда  болуы  мен  кітап  басудың  шығуы  алғашқы  тӛңкерістер  болып  саналса,  ойлау  мен 
оқытудың  басты  тәсілдері  ретінде  ықпал  ете  алатын  білім  беруді  ақпараттандыру  келесі 
тӛңкеріс болып есептеледі. 
Заманауи  білім  беру  жүйесінің  түрлі  саласына  ақпараттық  технологиялардың  енгізілуі 
әлдеқайда  кең  кӛлмеді  және  кешендік  сипат  алады.  Қалыптасушы  жағдайда  жоғары  оқу 
орындары  білім  беруді  ақпараттандыру  -  оқыту  және  тәрбиелеуді  психологиялық-
педагогикалық  мақсатта  іске  асыруға  бағдарланған  заманауи  ақпараттық  технологияларды 
пайдалану,  білім  беру  саласын  тәжірибелік  және  теориялық  ӛңдеумен  қамтамасыз  ету 
үдерісінде алдыңғы қатарда болады. 
Білім  беру  кезінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  мынандай  мүмкіндіктер 
береді: 
- оқыту үдерісін тиімді ету және жетілдіру; 
-  дәстүрлі  білім  беру  үдерісінде  қол  жетпейтін  ақпараттық  технологиялар  мүмкіндігін 
пайдалану; 
- мультимедиалық технология мүмкіндіктерін пайдалану; 
- білімгерлердің ӛз бетінше білім алу қызметінің түрлі формасын ұйымдастыру; 
- білімгерлердің оқуға тұрақты уәждемесін  қалыптастыру
- олардың әлеуметтік және кәсіби бейімділігін арттыру. 
Заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып, оқыту 
кезіндегі  педагогикалық  үдерістің  маңызды  құрамдас  бӛлігі  АКТ-ні  пайдалану  арқылы 
оқушы  мен  оқытушының  ӛзара  әрекетіне  бағытталған  тұлғалық-бағдарланған  оқыту  болып 
табылады.  
________________ 
1. Бӛрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001. 
2. Информационные технологии. – Москва, 2005. 

 
187 
 
3. Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе 
новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет