Білім берудегі менеджмент



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата06.02.2017
өлшемі2,66 Mb.
#3546
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 
экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай
-
ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелеріі 
шешуі  де  байланысты.  Сонымен  қатар,  әлдебір  елде  қазіргі  технологияның  дамуы  мен 
қолданылуының
 
деңгейі  оның  материалдық  базасының  дамуымен  ғана  емес,  негізінен 
қоғамдық парасаттандыру деңгейімен, онъң жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу 
қабілетінде
 
анықталады.
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, ӛмір сүретіндер 

бүгінгі мектеп
-
оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан 
ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. 
 
Шынында  да,  қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  ӛз  пәнінің  терең  білгірі  болу  емес,  тарихи 
танымдық,  педагогикалық
-
психологиялық  сауаттылык.  Саяси  экономикалық  білімділік  және 
ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны 
құмар,  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  оқу  мен  тәрбие  ісіне  еніп,  оқытудың  жаңа 
технологиясын  шебер  меңгерген  жан  болғанда  ғана  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші  тұлға 
ретінде ұлағатты саналады.
   
Еліміздің  кепілі,  болашақ  тірегі  мектептердің  білім  деңгейін  кӛтеру  және  онда 
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу
-
тәрбие процесін тиісті деңгейге кӛтеру, 
ұстаздардың, басшылардың, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп 
есептейміз.
 
 
Пайдаланған әдебиеттер

1. Аверьянов Л.Я. Образование для всех 

реальность уже сегодня. 

М: «Лидер»
, 2006; 
2.  Брусиловский  П.,  Миллер  Ф. 
Wed-
тестирование  в  дистанционном  обучении. 

М.
 
«Лидер»
, 2009. 
3.Қазақстан  Республикасының  Президентті  Н.Ә.Назарбаевтың  2011  жылдың  наурыз 
айындағы Қазақстан халықтарына арнаған Жолдауы 
\\Егемен
 
Қазақстан
\\ - 2011. 
4.Қазақстан  Республикасы  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы 
\\Қазақстан
 
мұғалімі –
 2011 - 
№1.
 

122 
 
 
 
МЕКТЕПТЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТ АЛАҢДАРЫНА
 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ
-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУДЕГІ 
ЭКСПЕРИМЕНТ 
 
ЖҦМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
 
 
Чалагизова А.К.,
 
Алматы қаласының педагог
 
 
қызметкерлердің
 
біліктілігін арттыру
 
                                                                      
институтының    директор м.а.
 
Султанбаева Л.У,
 
Алматы қаласының педагог қызметкерлердің
 
 
біліктілігін арттыру институтының  доцент м.а.
 
 
Эксперимент –
 
танымдық жағынан алғанда нақты және пайдалы нәтиже беретін, терең 
еңбектенуді  қажет  ететін  зерттеудің  ең  күрделі  бір  түрі.  Күрделі  және  терең  болғанымен, 
ғылым мен тәжірибеде экспериментсіз мүмкін емес. Кез келген эксперимент, әсіресе, себеп
-
салдар  байланыстарын  дәлелдеу  эксперименттері  дұрыс  ұйымдастырылып,  дұрыс 
жүргізілген  жағдайда  ғана  дәлелденген,  нақты  нәтижелерді  береді.  Сондай
-
ақ  кез  келген 
эксперименттің барысында бірқатар ӛзіндік мәселелердің туындап отыратындығы сӛзсіз. 
 
Алматы  қалалық
 
білім  беру  жүйесінде  келесі  негізгі  эксперименттік  алаңдар  іске 
қосылған. Олар:
 
1)  ерте  жастан  (2
-
сыныптан  бастап)  ағылшын  тілін  тереңдетіп  оқыту  бойынша 
экспериментік алаңдар;
 
2) 12 жылдық білім беру бойынша эксперименттік алаңдар;
 
3) дарынды оқушылармен
 
жұмыс жасау бойынша эксперименттік алаңдар;
 
4) жаңа педагогикалық технологияларды енгізу бойынша эксперименттік алаңдар;
 
Осы алаңдардағы эксперимент жұмысының ең маңызды мәселесі –
 
барлық алаңдарға 
ортақ математикалық
-
психологиялық жетекшілік ету (бұдан былай МПЖ) жүйесінің жоқтығы. 
Біздің  қалалық  эксперимент  алаңдарымыз  енгізілген  жаңалықтардың  тиімді  немесе  тиімді 
еместігін  оқушылардың  сабақ  үлгерімін,  білім  сапасын,  оқушы  жетістіктерін,  т.б. 
кӛрсеткіштерді  мониторингілеу  арқылы  анықтап  отырады.  Алайда,  бұл  жерде  нақты 
болжамдарды  дәл  ӛлшеуге  бағытталған  бірыңғай  МПЖ  жүйесінің  жоқтығы  біздерге 
объективті кӛрсеткіш бере алмайды. Сондықтан, біздер, яғни ББЖМБК ҚДИ
-
ның «Педагогика 
және  Психология»  бағытындағы  оқытушылары,  осы  мәселеге  байланысты,  эксперименттік 
алаңдары  бар  білім  беру  ұйымдарына  әдістемелік  кӛмек  ретінде  үнемі  МПЖ  жұмыстарын 
ұйымдастыру  және  жүргізуге  қатысты  жеке  және  топтық  кеңес  беру,  ғылыми
-
әдістемелік 
семинарлар,  т.б.  іс
-
шаралар  жүргізіп  отырамыз.  Мұны  біздер  білім  беру  мекемелеріне 
арналған МПЖ бағытындағы әдістемелік кӛмек деп атаймыз. 
 
МПЖ бағытындағы әдістемелік кӛмектің тиімді жақтары бар. Олар:
 

 
түрлі  бағыттағы  эксперимент  алаңдары жүргізіліп  жатқан  эксперимент  мазмұнының 
әртүрлігіне
 
қарамастан  бір  жүйеге  түседі.  Әсіресе,  бұл  барлық  эксперимент  алаңдары 
бойынша бақылау кесінділерін, есеп
-
қисап алу кезінде ыңғайлы;
 

 
бір  бағытта  жұмыс  жасайтын  (мысалы,  12  жылдық  білім  беру  бойынша) 
эксперименттік  алаңдар  жүргізіліп  жатқан  эксперимент  жұмысының  нәтижесін  объективті 
тұрғыда ала алады;
 

 
жүргізіліп  жатқан  эксперименттің  ортаңғы  шегіне  немесе  соңғы  жағына  жеткенде 
экспериментті  жүргізуші  жақ  бастапқыда  берілген  болжам  мен  қойылған  міндеттердің 
орындалуы  немесе  орындалмауы  туралы  нақты  талдау  жасай  алады.  Себебі,  МПЖ 
жүйесінде,  біріншіден,  экспериментті  жүргізудің  барлық  кезеңдері  және  әрбір  кезеңдегі 
жұмыстың  мазмұны  белгіленеді;  екіншіден,  МПЖ  жүйесінде  эксперимент  жүргізудің  барлық 
(ӛлшемдік,  статистикалық,  корреляциялық)  әдістері  беріледі.  Ал  бұл  әдістерден  хабарлы 
болу  эксперимент  жүргізуші  маманды  күтілетін  нәтижелердің  тізіміндегі  қандай 
кӛрсеткіштерге және қай дәрежеде қол жеткізе алуы
-
алмауы туралы мәліметпен қамтамасыз 
етеді.  Сондықтан,  МПЖ  жүйесі  экспериментті  жүргізушіге  бастапқыда  берілген  болжам  мен 

123 
 
қойылған
 
міндеттердің  орындалуы  немесе  орындалмауы  туралы  нақты  талдау  және  оның 
түсіндірмесін бере алады.
 
МПЖ  жүйесін  жобалауда  алдымен  педагогикалық
-
психологиялық  эксперимент 
жүргізудің негізін құрайтын зерттеу ерекшеліктері мен талаптарын ескерген жӛн. 
 
Эксперимент  –
 
бұл  дәлелдеудің  қатал  логикасын  талап  ететін,  сенімді  фактілерге 
негізделетін,  эмпирикалық  зерттеулердің  негізінде  орнатылған  ғылыми  және  қолданбалы 
болжамдарды  тексеруге  бағытталған  зерттеу  жұмысының  бір  түрі.  Болжамсыз 
эксперименттің болуы мүмкін емес [1; 18].
 
Болжам  –
 
жорамалды  сипаттағы  ғылыми  тұжырымдама.  Болжамды  дәлелдеу  үшін 
ғылыми  және  тәжірибелік  тұрғыдан  эксперименттер  жүргізу  талап  етіледі.  Болжамсыз 
жасалған  эксперименттің  кӛз  жетімді  теориялық  және  статистикалық  дәлелдері  жоқ  деп 
есептелінеді.  Болжам  –
 
эксперименттің  ӛзегі.  Сондықтан  кез  келген  эксперимент  жүргізуде 
оның болжамын алдын ала нақтылап алу қажет.
 
МПЖ жүйесінде педагогикалық
-
психологиялық эксперимент жүргізудің негізін құрайтын 
зерттеу  кезеңдері  дұрыс  сақталуы  қажет.  Осыған  орай,  В.Н.Дружининнің  экспериментті 
жүргізуге  ұсынатын  кезеңдерін  алуға  болады.  В.  Н.  Дружинин  бойынша,  экспериментті 
жүргізу  10  кезеңнен  тұрады 
[2
]
.  Зерттеу  кезінде  болмашы  қате  жіберіп  алмау  үшін,  оның 
барлық  кезеңдерін  мүмкіндігінше  дұрыс  ұстану  қажет.  Осы  кезеңдерге  тоқталып,  талдау 
жасап кӛрейік.
 
1.  Зерттеу  тақырыбын  анықтау.
 
Кез  келген  зерттеу  тақырыпты  анықтаудан 
басталады.  Тақырып  берілген  зерттеу  мәселесінің  (проблемасының)  аясын,  пәнін,  әдісін, 
объектісін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Тақырып  қандай  да  бір  мәсәлеге,  оның  ӛзектілігіне 
байланысты анықталады. 
 
2.  Ғылыми  әдебиетпен  жұмыс  жасау  кезеңі.
 
Зерттеуші  аталған  мәселе  тӛңірегінде 
ғылыми  түрде  ізденеді.  Ғылыми  әдебиеттермен,  тұжырымдамалармен  танысу  зерттеушіге 
зерттеуге  байланысты  кӛптеген  құбылыстарды  түсіндіреді,  сондай
-
ақ  осы  мәселеге 
байланысты  басқа  ғалымдар  мен  зерттеушілердің  жүргізген  жұмыстарымен  таныстырады. 
Берілген  кезеңнен  шығатын  нәтиже  –
 
мәселені  нақтылау  болып  табылады№  Алдыға  жаңа 
болжам  тартылуы  мүмкін,  зерттеудің  жаңа,  тиімді  жолдары  ашылуы  мүмкін.  Шешімі
 
тӛмен, 
ӛзекті  емес,  қызығушылық  шақырмайтын,  не  болмаса  әлдеқайда  зерттеліп,  шешімін  тауып 
қойған  мәселелерді  қайта  қараудың  мәні  жоқ.  Сондықтан,  бұл  жағдайларда,  кӛбінесе, 
зерттеу осы жерде не тоқталады, немесе басқаша бағытта жалғастырылады. 
 
3. Болжамды нақтылау және ауыспалыларды анықтау.
 
Эксперименттік болжам былай 
болуы керек:  «Егер...  онда...,  ӛйткені».  Бұл жерде болжам  ӛте  нақты және  әрекетті  сипатта 
болуы  керек.  «Егер  А  болса,  онда  В».  А  және  В  ауыспалылары  экспериментте  бақыланып 
отырады, яғни: «А» ауыспалысын зерттеуші (экспериментатор) басқарады, «В» ауыспалысы 
тікелей  немесе  кӛмекші  құрал  арқылы  тіркеліп  отырады.  Болжам  анықталғанда, 
ауыспалылар  да  анықталып  бітеді.  Осымен  эксперименттік  зерттеудің  пәні  де  (яғни 
психиканың  мінез
-
құлықты  реттеуші  және эксперимент  кезінде  тіркеуге алынып, бақыланып 
отыратын жағы) анықталады.
 
4.  Эксперимент  құралын  таңдау.
 
Зерттеушінің  таңдап  алған  эксперименттік  құралы: 
а)тәуелсіз  ауыспалыны  басқаруға;  б)тәуелді  ауыспалыны  тіркеп  отыруға  мүмкіндік  береді. 
Бұл  жерде  зерттеудің  нақты  әдістемесі  мен  құралы  таңдалады.  Сондай
-
ақ  эксперимент 
жүргізуге жасалатын (арнайы орын, бӛлме, жағдай, уақыт, т.б. сияқты) арнайы жағдайлар не 
сыртқы ауыспалылардың әсерінен қорғайды, не керісінше, сыртқы ауыспалылардың  тәуелді 
ауыспалыға әсерінің кӛлемін сақтайды.
 
5. Эксперименттік зерттеуді жоспарлау.
 
Бұл кезең зерттеудің орталық кезеңі болып 
табылады.  Бірінші  сыртқы  ауыспалылардың  тәуелді  ауыспалыға  әсерін  (экспериментті 
жұмыстың сыртқы және ішкі валидтілігін қамтамасыз ету үшін) анықтап
 
алу қажет. Содан соң 
эксперимент  жоспары  таңдалады.  Жоспар  жүргізілетін  зерттеудің  болжамына,  сыртқы 
ауыспалының  қаншалықты  мӛлшерде  бақылау  қажеттігіне,  зерттеу  жағдайына  байланысты 
келеді.  Уақыт  пен  кейбір  ресурстар  (қаржы)  мәселесі  шектеулі  болған  жағдайда 
эксперименттің  ең  қарапайым  деген  жоспары  таңдалады.  Зерттеуші  жоспарды  бір  ғана 
сыналушыға  арнап  құруына  болады.  Егер  зерттеуді  топпен  жүргізсе,  онда  зерттеуші 
«эксперименттік  топ»  және  «бақылау  тобын»  анықтап  алып,  жоспарын  соған  байланысты 
құрады.  Эксперимент  тобы  дегеніміз  зерттеу  сынағына  алынатын  топ.  Ал  бақылау  тобы  –
 

124 
 
эксперимент  тобының  динамикасын  салыстырмалы  түрде  байқау  үшін  қатар  алынатын  топ 
(1-
суретке қараңыз).
 
 
1-
сурет

Эксперимент және бақылау топтары
 
 
Эксперименттік топ. 2 «А»
 
Бақылау тобы. 2 «Б»
 
 
 
 
Екі (негізгі эксперимент және бақылау) топқа жүргізілетін зерттеу ең қарапайым
 
жоспар 
болып  саналады.  Екі  ауыспалы  арасындағы  байланысты  зерттеуге  арналған  үрдісті 
классификациялық  жоспарды  Д.  Кэмпбелл  жасап  шығарған.  Берілген  жоспардың  негізін  екі 
топқа  арналған  алдын  ала  тестілеу  сияқты  қарапайым  жоспар  (тест  –
 
әсер  ету  –
 
ретест);
 
алдын ала тестіленбеген екі рандомизациялы топқа арналған жоспар (рандомизация –
 
әсер 
ету  –
 
тест);  осы  екі  жоспарды  біріктіретін  Соломон  жоспары  құрайды;  Бұлар  күрделі 
эксперимент  болып  саналады.  Эксперименттік  зерттеуде  –
 
шынайы  эксперимент  жоспары 
деп аталады.
 
6. Сыналушыларды топқа іріктеу.
 
7.  Эксперименттің  жүргізілуі.  а)экспериментті  даярлау  (эксперимент  нұсқауын  жасап 
шығару);  ә)сыналушыларды  нұсқаумен  таныстыру  және  олармен  мотивациялық  жұмыс 
жасау; б)эксперимент жүргізу. Жұмыс барысы, ондағы құбылыстар тіркеліп отырады.
 
8.  Статистикалық
-
сараптамалық  әдістерді  таңдау,  оларды  жүргізу,  нәтижелерін 
интерпретациялау.  Статистикалық  бағалау  «эксперименттік»  және  «бақылау»  топтарының 
арасындағы ұқсастық пен айырмашылығы туралы мәлімет береді.
 
9. Нәтижелерді
 
қорытындылау және интерпретациялау. «Егер А болса, онда В» деген 
эксперимент болжамы ауыспалылар арасындағы себепті байланысқа қарай не дәлелденеді, 
не  теріске  шығады.  Бірақ  дәлелденбеген  болжам  қандай  да  бір  теорияны  теріске  шығара 
алмайды.
 
10.  Ғылыми  жұмысқа  есеп  беру.  Есеп  беру,  ғылыми  журналдарға  хат,  мақала, 
монография жазу.
 
Сондай
-
ақ,  МПЖ  жүйесінде  зерттеушіге  эксперимент  жүргізудің  негізгі  ережелерін 
ұстану  қажет.  Р.  С.  Немов  психологиялық
-
педагогикалық  эксперимент  жүргізудің  мынадай 
ережелерін ұсынады [1. 18]:
 
1. Зерттеу мәселесін, оның мақсатын, міндеттерін, болжамын
 
нақты анықтап алу;
 
2. Зерттеудің қаншалықты сәттілікте ӛткендігін, зерттеуде ұсынылған болжамның дұрыс 
немесе бұрыс дәлелденгендігін анықтайтын көрсеткіштер
 
мен белгілерін
 
құрып алу;
 
3
. Зерттеудің нысаны (объектісі) мен пәнін
 
дәлдеп анықтап алу;
 
4.  Зерттеу  нысаны  мен  пәнінің  бастапқы және  соңғы күй
-
жағдайларын  салыстырмалы 
түрде зерттеуде сенімді, әрі валидті  психодиагностикалық әдістерді таңдау
 
және әзірлеу;
 
5.  Эксперименттің  сәтті  ӛткендігіне  кӛз  жеткізетін  нанымды,  қарама
-
қайшылығы  жоқ 
«дәлел логикасын»
 
құру және қолдану;
 
6. Жүргізілген эксперименттің нәтижелерін ұсынудың
 
қолайлы формасын
 
анықтау;
 
2
. Бастапқы сынақ 
- 43% 
 
Дәстүрлі  оқыту
 
4
. Соңғы сынақ 
- 49 % 
1. 
Бастапқы сынақ –
 4.2,7% 
 
 
Эксперимент 
бойынша  оқыту
 
3
. Соңғы сынақ 
- 56 % 

125 
 
7.  Эксперимент  нәтижелерінің  ғылыми  және  тәжірибелік  аймақтарда  қолданылуын
 
сипаттау,  жүргізілген
 
экспериментің  тәжірибелік  қорытындыларын
 
шығару
 
және 
ұсыныстарды
 
дайындау.
 
Сонымен,  мектептердегі  эксперимент  алаңдарының  жұмысындағы  ең  ӛзекті  мәселе  –
 
барлық  алаңдарға  ортақ  математикалық
-
психологиялық  жетекшілік  ету  (МПЖ)  жүйесін  құру 
болып  табылады.  МПЖ  жұмыстарының  әдіснамасы  ретінде  педагогикалық
-
психологиялық 
эксперимент  жұмыстарының  әдіснамаларын  қарастыруға  болады.  Себебі,  педагогикалық
-
психологиялық  экспериментте  эксперимент  жүргізудің  негізгі  ережелері,  мақсат,  міндеттері, 
жүргізу  кезеңдері
 
рет
-
ретімен,  жүйелі  ұсынылады.  Бұл  аталғандар  экспериментті  жүргізуші 
маманға жетекшілік кӛрсетеді. Сондықтан, берілген мақалада педагогикалық
-
психологиялық 
эксперимент  жұмыстарының  алғышарттары  –
 
эксперименттік  алаңдары  бар  мектептерде 
математикалық
-
психологиялық  жетекшілік  ету  (МПЖ)  жүйесін  құрудың  негізі  ретінде 
қарастырылады. 
 
Резюме
 
В  данной  статье  автором  предлагается  идея  единой  системы  психолого
-
математического  сопровождения  в  школах  с  экспериментальными  площадками.  Для 
психолого
-
математического 
сопровождения 
эксперимента 
предлагаются 
основы 
экспериментальной  работы  (этапы  проведения  эксперимента  по  В.Н.  Дружинину,    правила 
проведения эксперимента по Р.С.Немову). 
 
Қолданылған
 
әдебиеттер:
 
1. Немов Р.С. Психология: учеб. для высш. пед. заведений.
 
Кн. 3: Экспериментальная 
педагогическая психология и психодиагностика. –
 
М.: Просвещение: ВЛАДОС, 1995. –
 
512с.
 
2. 
Дружинин
 
В.Н. Экспериментальная психология. СПб
, 1996. 
3.  Наследов  А.Д.  Математические  методы  психологического  исследования.  Анализ  и 
интерпретация данных: учеб. пособие. 3
-
е изд., стереотип. –
 
СПб.: Речь, 2008. –
 392.
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

126 
 
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ДАЙДЖЕСТ
 
БИБЛИОГРАФИЧЕСКИЙ ДАЙДЖЕСТ
 
 
Қ.А.Қапизаева,  
 
ААҚ «Өрлеу» орталығының филиалы
 
ББЖ КБАРИ  кітапхананың  маманы 
 
 
Құрметті
   
оқырман,  сіздерді  біздің    библиографиялық  дайджест  бетінде  
Қазақсандық    және  шет  елдік  педагогикалық  әдебиеттерінің    жаңалықтарымен  
танысуға  шақырамыз.
 
Шоқан    Уәлиханов.  Кӛп    томдық    шығармалар    жинағы.  Алматы.  Толағай  
групп. 2010.
 
Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  әлемдік  ғылымға  қомақты  үлес  қосқан  алғашқы 
қазақ ғалымы. Ш.Ш. Уәлихановтың  шығармашылығы   кӛзі  тірісінде әлемге таныла  
отырып, бүгінгі  күнге  дейін  ғылыми  құндылығын  жойған  жоқ. Шоқан Шыңғысұлы  
Уәлиханов    әлемдік  ғылымға  қомақты  үлес  қосқан  алғашқы  қазақ  ғалымы.  Ӛзінің 
асқан  талантымен,  білімпаздығымен,  кӛпқырлы    ғылыми  білгірлігімен    және  
интеллектуалдық    тереңдігімен    орыстың    зиялы    қауымын    ғана  емес,  сонымен  
қатар Европа  мәдениетін  таңдай  қақтырып, тәнті  етті.
 
Ӛзінің
   
дарынды    ғылыми  ізденістері  мен  шығармашылық  толғаныстарға  толы 
қысқа  ӛмірі  ішінде  Шоқан  тарих,  география,  этнография,  лингвистика,  археология, 
құқықтану ғылымдары саласында жемісті еңбек етіп, қазақ халқына аса бай, бағалы  
мұра    қалдырды.  Оның  «Абылай»,  «Жоңғария 
 
очерктері»,  «Қазақтың    шежіресі», 
«Қазақтар  туралы  жазбалар»,  «Сот  реформасы  туралы  жазбалар»,  «Қазақтағы  
шаман    дінінің      сарқыншақтары»,  «Ыстықкӛл  сапарының  күнделігі»,  «Қытай 
империясының батыс  провинциясы мен Құлжа  қаласы» зерттеулерінің  үлесі  зор. 
 
Кӛптеген    еңбектерінде    Ш.Уәлиханов    публицист,  әдебиетші,  жазушы  ретінде 
Орта  Азия  халықтары    мен    Қазақстанның    аса  бай  ауыз  әдебиетін,  сирек 
қолжазбаларын,  нумизматика,  сфрагистика  ескерткіштерін,  халық  қолӛнерінің 
улгілерін  жинап,  зерттеді.  Қазақтың
   
халық  поэзиясының    теориясы  туралы    және  
қырғыздың  эпостық  жыры «Манас»  туралы зерттеу  еңбектері  кірген. Еңбек  ұлы  
ғалымның    ӛмірі  мен  қызметі    туралы  кӛптеген  материалдар    берілген    және 
әдебиеттердің тізімі  хронологиялық  ретпен  түзелген. Бұл  коп томдық шығармалар  
жинағы жалпы  оқырман  қауымға арналған.
 
Сейталиев Қ.  Педагогика  тарихы: Оқулық.  Алматы. Білім. 2008. –
 
416 б.
 
Жоғары  педагогикалық  оқу  орындарында  болашақ  мұғалімдерді  кәсіптік 
даярлау  барысында    педагогикалық    пәндер    жүйесінде    педагогика    тарихының  
алатын  орны  үлкен. Бұл  оқулық  4 бӛлімнен  тұрады:
 
Шетел, Ресей, Кеңестік, Қазақ  педагогикасының  тарихынан  тұрады.
 
Адам    тәрбие    субъектісі    ретінде    мәдениетті    тұтынушы    және    оның    иесі  
болып    табылады.  Тәрбиенің,  білім
 
берудің,  оқытудың    міндеттерін    дұрыс    шеше  
білу –
 
қоғамдағы  мәдениеттің  дамуының  басты  шарты. Жас ұрпақтың  мәдениеті  
мен  тәрбиесінің  дамуының  арасындағы  ӛзара  байланысты  тарихы
-
педагогикалық  
үрдісті    анықтау  –
 
педагогика    тарихының    ғылым    және    оқу    пәні    ретінде    негізгі  
міндеттерінің  бірі. 
 
Педагогикалық ой
-
пікірдің кез
-
келген ӛкілі мәдениеттің жаршысы, насихатшысы 
болып  табылады.  Тарихи
-
педагогикалық  мәселелерді    зерделеуде    зерттеуші 
адамзат  тарихының,  мәдениет  тарихының,  философия  тарихының,  әдебиет 
тарихының қайнар кӛздерін, әртүрлі еңбектерін кеңінен пайдаланады.
 
Сейталиев  Қ.  Педагогиканың    жалпы    негіздері.  Оқу    қҧралы.
   
Алматы. 
Ӛлке. 2009. –
 
232 б.
 

127 
 
Бұл оқу құралында педагогика ғылымы, оның теориялық
-
әдіснамалық негіздері, 
қазақ
 
педагогика  ғылымының  қалыптасу  мен  дамуы,  педагогика  ғылымдарының 
салалары  және  оның  басқа  ғылымдармен  байланысты,  педагогиканың  ғылыми
-
зерттеу  әдістері,  жеке  тұлға,  оның    дамуы    мен    қалыптасуы,  жеке    тұлғаның    жан
-
жақты    және  үйлесімді    дамуы,  тәрбиенің 
 
мақсаттары  мен    міндеттері,  тәрбие   
туралы    қазіргі    әртүрлі    буржуазиялық    бағыттар    мен    теориялар,  тұтас  
педагогикалық  үрдіс  және  оның заңдылықтары т.б. тақырыптар  қарастырылады.
 
Оқу    құралында    әрбір    тақырып    бойынша    бақылау    сұрақтары    мен  
тапсырмалар  берілген. Қазақстан  Республикасы  ұлттық білім  беру  жүйесі  туралы 
және кӛптеген  мәселелерге талдау  жасайды.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет