Вестник Казнпу им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г



Pdf көрінісі
бет32/39
Дата06.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#3561
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39

Annotation: Multilingual educational system  has been  formed in  worldwide educational  strategies of states from 
the  70-years  of  last  century.  The  process  of  globalization  had  influenced  on  global  educational    paradigm,  as  a  result 
«global  educational    system»  had  been  formed.  The  direct  meaning  of  this  concept  is  the  multilingual    system  of 
education.  The  significance  of  the  multilingual    system  of  education  is  to  form  polilingual  individual.  At  present,  the 
process of teaching   foreign languages in the  world is  worldwide educational standard. Multilingual  education opens 
the  way  to  young  generation  widely.  Trinity  of  languages  has  been  taken  on  the  basis  of  our  country’s  educational 
system, because it is the requirement of time, century and society, that is why the role of innovational technologies are 
the most important in the process of multilingualism. The module technology of teaching –the content of education, the 
speed of earning knowledge, possibility of working himself, also provides the individuality of teaching according to the 
methods. Module is the main means of module program, methodical  direction or the unit of the content of knowledge, 
habit, activity in order to be analyzed till the level of action defined by the program. In common, «the module»  means 
«the content and technology». The main problem which has been considered in the article is the effectiveness and usage 
of module technology.  
Тірек сөздер: көптілді білім беру, оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, диалогтық бөлім. 
Ключевые  слова:  полиязычное  образование,  технология  обучения,  обучения  модульной  технологии, 
диалогическая часть. 
Key words: multilingual education, teaching technology, module technology of teaching, dialogue part. 
 
Қазіргі  таңда  өзгерістер  мен  жаңашыл  идеялармен  толығып  отыратын    білім  беру    жүйесінің  
алдына  қойған  міндетінің  бірі  де  бірегейі  -  білікті    де  білімді  мамандар  даярлау  болып  табылады. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 
Қазақстан халқына 17 қаңтар 2014жылы жариялаған жаңа Жолдауында  «Біздің болашаққа барар 
жолымыз  қазақстандықтардың  әлеуетін  ашатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасауға  байланысты.  ХХІ 
ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз 
не  істеуіміз  керек?  Біріншіден,  барлық  дамыған  елдердің  сапалы  бірегей  білім  беру  жүйесі  бар. 
Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр. 
Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 
3-6  жас  аралығындағы  балаларды  мектепке  дейінгі  біліммен  100  пайыз  қамту  жоспарлануда. 
Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсыну 
маңызды.  Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты 
терең  талдау  машығын  игеру  болуға  тиіс»  деп  көрсетілген  [1].  Бүгінде  кәсіби  біліктіліктің  басты 
шарты  –  маманның  шетелдердегі  әріптестерімен  байланыс  орнатып,  күн  сайын  ашылып  жатқан 
сандаған жаңалықтардан хабардар  болып, озық  тәжірибе  алмасуды қызметінің  тұрақты бір  бөлігіне 
айналдыру  қажеттілігі  болып  отыр.  Мұндай  талаптың  үдесінен  шығу  үшін  маманның  тілдік 
біліктілігі  жоғары  болуы,  яғни,  оның  шет  тілдерін,  халықаралық  тілдерді  еркін  меңгеруі  шарт. 
Осыған  орай,  әлемге  есігін  айқара  ашқан  Қазақстан  халқының  алдына  жаңа  міндеттер  қойылды. 
Солардың  ішінде  аса  маңыздыларының  бірі  «Үштұғырлы  тіл»  мемлекеттік  бағдарламасы  болып 
табылады. Жалпы, «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың қазанында 
өткен  Қазақстан  халқы  ассамблеясының  XII  құрылтайында  жария  еткен  болатын.  Ал,  2007  жылғы 
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталған халыққа Жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлы-
лығы»  –  «Триединство  языков»  мәдени  жобасының  жүзеге  асырылу  кезеңдерін  айқындады. 
Елбасымыз  2008  жылдың  ақпанындағы  Жолдауында:  «Үкімет  «Тілдердің  үштұғырлығы»  мәдени 
жобасын  іске  асыруды  жеделдетуі  тиіс.  Бүкіл  қоғамымызды  топтастырып  отырған  мемлекеттік  тіл 
ретінде  қазақ  тілін  оқыту  сапасын  арттыру  қажеттігіне  ерекше  назар  аударғым  келеді»,  –  деп  атап 
көрсетті.  Тілдердің  үш  тұғырлылығы  идеясын  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «қазақ  тілі  мемлекеттік 
дәрежесінде  мемлекет  өмірінің  бар  саласында  «бүкіл  қоғамымызды  біріктіруші»  қызметін  атқарса, 
орыс  тілі  ұлттар  арасындағы  қарым-қатынастарға  қызмет  етеді,  ал  ағылшын  тілі  әлемдік  экономи-
каға,  әлемдік  қауымдастыққа  кірігуімізге  қызмет  етеді»,–деп  атап  көрсетті.Осыған  орай,  2013-2014 
оқу  жылынан  бастап  еліміздің  барлық  орта  мектептерінде  ағылшын  тілі  1  сыныптан  бастап 
жүргізілуде.  Ал,  5  жылдан  кейін    орта  білім  беру  саласында  гуманитарлық  және  жаратылыстану 
пәндері  ағылшын  тілінде    жүргізіле  бастайды.  Оған  дейін  осындай  ірі  де  ауқымды  жұмысты 
атқаратын  білікті  мамандар  даярлауымыз    қажет.  Көптілділік  дегеніміз  не?  Көптілділік  термині 
(татар тілінде –күнтеллелек, ағылшын тілінде – multilingualism, mehrsprachigeit) орыс тілінен шыққан, 
қоғамда  әртүрлі  тілдердің  таралуы,  жеке  тұлғалардың  бірнеше  тілдік  құралдар  арқылы  сөйлесу 
мүмкіндігі  ретінде  түсіндіріледі.  Сондықтан  да,  жоғары  оқу  орындарында  көптілді  мамандар 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
168
 
даярлауда  нақты  да  тиімді  шаралар  қолданылуы  қажет.  Көптілді  білім  беру  стратегиясына  сәйкес 
университетімізде атқарылып жатқан игі істердің бірі 2012-2013 оқу жылынан бастап, гуманитарлық  
және жаратылыстану мамандықтарында ағылшын және орыс тілдері  қосымша жүргізілуде. Себебі, 
көптілді  білім  беру  –  көптілді  және  көпмәдениетті  тұлға  дамуының  негізі  болып  табылады.  Ал, 
жоғары  оқу  орындарының  міндеттерінің  бірі  –  бәсекеге  қабілетті,  технологияларды  меңгерген, 
білімді де білікті маман даярлау болып отыр. Ал, білікті де білімді маман дайындау  – білім берудің 
моделі  мен  құқықтық  базасына  тікелей  байланысты.  Осыған  орай,  «Жаңа  әлемдегі  жаңа 
Қазақстанды»  құру  біздің  алдымызға  үлкен  мақсаттар  қойып  отыр.  Ол  –  жеке  тұлғаның  және 
қоғамның, «парасатты экономиканың» қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті 
білім беру жүйесін қалыптастыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа онжылдық­жаңа экономи-
калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан  халқына 29 қаңтар 2010 жылғы 
жариялаған  жаңа  Жолдауында  білім  беру  туралы  «Жоғары  білім  сапасы  ең  жоғары    халықаралық 
талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО­лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге 
ұмтылулары    керек.  2015  жылға  қарай  Ұлттық  инновациялық  жүйе  толыққанды  жұмыс  істеп,  2020 
жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін 
беруге тиіс»­деп  арнайы  атап  көрсетілген [2]. Маманның біліктілігі мен кәсіби деңгейінің жоғары 
болуы  оқыту  үрдісін    дұрыс  ұйымдастыра  білумен  байланысты.  Еліміздің  білім  беру  жүйесінде 
әлемдік  деңгейге  жету  үшін  жасалып  жатқан  талпыныстар  жағдайында  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді 
қолдана  отырып,  терең  білімді,  ізденімпаз,  барлық  іс-әрекетінде  шығармашылық  бағыт  ұстанатын, 
сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. 
Сонымен, қазіргі  Қазақстан  –  дүниежүзі  халықтарына есігін  айқара  ашқан,  әлемдегі  елу  озық елдің 
қатарына  енуді  мақсат  еткен,  стратегиясы  айқын,  зайырлы  мемлекет  болғандықтан,  тіл  саясатына 
айрықша мән беріліп отыр. Әсіресе, көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекеттің бүкіл халқының басын 
біріктіру, олардың тілдік мүддесін бір арнаға тоғыстыру міндетінің жүктелуі – уақыт талабы. Себебі, 
жүз  отыздан  астам  ұлт  өкілдерінің  бейбіт  қатар  өмір  сүруі  ұлтаралық  келісімнің  берік  орнығуы, 
түптеп  келгенде,  елішілік  тұрақтылықтың  кепілі  болу  рөлін  мемлекеттік  тіл  ғана  өз  деңгейінде 
атқармақ. Сондықтан мемлекеттің негізін құраушы аса маңызды үш фактордың бірі – тіл қолданысын 
кеңейтіп, позициясын нығайтуға үлес қосу – әрбір азаматтың борышы болып табылады. 
Еліміздегі  білім  беру  саласында  оқытудың  жаңа  түрлері,  әдістері,жаңа  бағыттағы  технологиялар 
пайда  болып,  олар  білім  мазмұнының  жаңаруына  себепші  болуда.  Осындай  оқыту  әдістемесіндегі 
заман  талабына  сай  бағдар  деп  инновациялық,  технологиялық  білім  беру  жүйесін  айтуымызға 
болады. ХХ  ғасырдың    екінші жартысынан бастап  «технология»  ұғымы  қоғамдық  санада  орнығып, 
ғылыми  және  практикалық    іс  –әрекеттің  ерекше  бағдарына  айналды.  «Инновация»,  «Технология» 
терминдеріне  жеке-жеке  тоқталатын  болсақ,  инновация  дегеніміз  –  жаңа  мазмұнды    ұйымдастыру, 
жаңалық  енгізу,  яғни  инновациялық  үрдістерді  мазмұнды  ұйымдастыруды  анықтайды.  Қазіргі 
әдістемелік  әдебиеттерде  «технология»  (technology)  деген  ұғым  «оқыту»  деген  ұғыммен  қатар 
қолданылады.  «Технология»  термині  тәсілдер  жүйесі  деген  мағынаны  білдіреді.  Тым  кең  мағынада 
технология «өнер, шеберлік, біліктілік» ретінде қарастырылады [3, 469]. 
Оқыту  технологиясы  дегеніміз  –  оқыту  техникасы  туралы  ғылым,  сондықтан,  оқыту  ғылыми 
түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту керек деген білім біліктілігін білуі тиіс. Оқыту 
технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, атап айтқанда, 
қандай әдістер мен оқыту құралдары қолданылуы керек, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай  
факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарға жауап 
іздейді.  Модульдік  оқыту  –  білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз  бетінше  жұмыс  істей  алу 
мүмкіндігі,  оқудың  әдістері  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз  етеді.  Ал, 
«модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы 
нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының 
бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік 
бағдарламаның  негізгі  құралы.  Басқаша  айтқанда,  адамның  өзіндік  дамуының  шамасы.  Жалпы 
«модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына 
беретін  оқу  материалының  көлемі  ретінде  ұсынылады.  Модуль  –  оқу  мазмұны  мен  технологияны 
біріктіріп  тұрған  мақсатты  функционалды  байланыстырушы  болып  табылады  [4].  Педагогикалық 
технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұны:  
- оқытудың жалпы мақсатын қою;  
- жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
169 
- білім деңгейін алдын-ала бағалау;  
-  оқу  әрекетінің  жиынтығы  (бұл  кезеңде  жедел  кері  байланыс  негізінде  түзету  жүргізілуі  тиіс)- 
нәтижені бағалау.  
Осыған орай, оқу үдерісі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ, мазмұны әр түрлі жеке 
блоктардан жасалады. Оқу модулінің үш құрылымдық бөліктен тұратын құрылымы болады: кіріспе, 
диалогтық  бөлім  (сөйлесу)  және  қорытынды.  Оқу  модулінің  құрылымы  кесте  түрінде  төменде 
көрсетілген.  Әрбір  оқу  модулі  әртүрлі  сағаттар  санынан  тұрады.  Бұл  оқу  бағдарламасындағы  
тақырыпқа,  тақырыптар  блогы  мен  бөлімдеріне    арналған  сағат  санына  байланысты  болады.  7-12 
сағаттан  тұратын  оқу  модулі    тиімді  болып    табылады.  Алайда,  пәнге  байланысты    4  сағаттан  22 
сағатқа дейін рұқсат етіледі. Оқу модулінің ерекшелігі сағаттың  қандай мөлшері  болса да,  кіріспе 
бөлімге 1-2  сабақ   арналады.  Қорытынды  бөлімге  2-3  сабақ  арналады. Барлық    қалған  уақыт  (3  -17 
сағатқа дейін) диалогтық бөлімге арналады. 
 
Кесте 1. Оқу модулінің құрылымы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Диалогтық бөлім 
(диалогтық қарым-қатынас арқылы студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру) 
 
Қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы ізденіске  өту 
(кейбір  жағдайларда  -  шығармашылық  іс-әрекетінің  элементтеріне)  әрбір  білім  алушыға  бастапқы 
білім  деңгейінен  «білімді  бағалау»  деңгейіне  дейінгі  аралықтағы  оқу  материалын  меңгеруге 
мүмкіндік  береді.  
Диалогтық  бөлімде  танымдық    үдеріс  ойын  технологияларын  енгізе  отырып,  білім  алушыларды 
шағын  топтарға  (4-7  адам)  бөлу  арқылы  өзара  іс  әрекетке  құрылады.  Мұғалім  танымдық  үдерістің 
реттеушісі,  кеңес  берушісі  және  ұйымдастырушысы  ретінде  қызмет  атқарады.  Модульдердің 
нәтижелі  болуын  көздеп,  диалогтық    (сөйлесу)  бөлімнің  түрін  өзгерте  отырып,  әртүрлі  белсенді 
формаларды  пайдалану  арқылы  іске  асыруға  болады.  Олар:  топтық;  жұптық;  жеке  топтық    және  
ұжымдық.  Оқытудың  басты  ерекшелігі  –  студенттердің  қарым-қатынасы  арқылы  тілді  дамыту, 
тұлғаның дамуына жағдай жасау. Мақсаты: студент + студентпен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен 
өзара қарым – қатынаста болуына жағдай тудыру болып табылады. Диалогтық  (сөйлесу) бөлімінде 
тапсырманың жеңілінен күрделісіне қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырады. Ағылшын 
тілін практикалық тұрғыдан меңгертуде модульдік технология элементтерін, оның ішінде, танымдық 
ойындар  мен  шығармашылық  жұмыстарды  ұйымдастыру  маңызы  зор.  Сонымен,  модульдік  оқыту 
технологиясының  элементтері  болып  табылатын    ойын  мен  шығармашылық  жұмыстарды  оқыту 
үдерісінде қолдану  арқылы келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады:  

 
студенттердің білім деңгейлері жетіледі;  

 
тұлғалық, субъектілік қасиеттері дамиды;  

 
студенттер психологиялық, субъектілік мәдениетті игеру дәрежесін іс жүзінде танытып, өзекті 
етеді;  

 
түрлі пікірлер,  танымдық қабілетті жетілдіреді; 
Кіріспе бөлім 
(модульге, тақырыпқа 
кіріспе) 
Қорытынды бөлім 
(бақылау) 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
170
 

 
әр студенттің қарым –қатынас субъектісі ретінде танылуға мүмкіндігі болады;  

 
түрлі пікірлер, көзқарастар, идеялар тоқайласы негізінде пікірталас шығып, студенттердің оқу 
үдерісінде қарым –қатынас жасау құзіреті жетіледі;  

 
студенттердің оқу танымдық қызығушылығы артады. 
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру дегеніміз - білімдік мақсатқа жетудің көңілді және белсенді 
формалары  болып  табылады.  Модульдік  оқыту  технологиясының  элементтері  танымдық  ойындар 
мен шығармашылық жұмыстарды ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгерткенде студенттердің 
білім-білік  дағдысын  ғана  дамытып  қоймайды,  сондай-ақ,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға  болып 
қалыптасуына  ықпал  ететін  технологияның  бірі  болып  табылады.  Ойындар  мен  шығармашылық 
жұмыстарды білім алушылардың  жас ерекшелігіне қарай, өтетін тақырыптың мазмұнын есте сақтап, 
оны  өз  бетімен  қажетті  жағдаяттарда,  өмірде  қолдануды  ұйымдастырып  өткізуде  модульдік  оқыту 
технологиясының  элементтері  болып  табылатын  ойын  мен  шығармашылық  жұмыстардың  маңызы 
зор. Бұл элементтен білім алушылардың оқу материалдарын қайта жаңғыртуын, қарапайым білік пен 
дағдыларды  және  білімін  іс  жүзінде  қолдана  білуге  үйретеді,  «өсу»  бағытымен  қарапайымнан 
күрделіге,  репродуктивті  тапсырмалардан  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларға,  зерттеушілік 
қызмет элементтеріне қарай қайта оралып отыру әр білім алушымен оқу материалымен жұмыс істей 
отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік 
береді.  
 
1  «Қазақстан  жолы  -  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  17 
қаңтар 2014жыл.                                                
2  «Жаңа  онжылдық  -  жаңа    экономикалық    өрлеу-Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан 
халқына  Жолдауы. 29  қаңтар 2010 жыл.                                                 
3 Большой энциклопедический словарь: В. 2т. – М.: Советская  энциклопедия, 1991. – Т.2. - 469 с. 
4  М.М.Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы - оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002. 
 
 
ӘОЖ 419.99271 
Талдыбаева М.Д. 
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша РһD докторанты 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ТІЗБЕК АЙЫРЫМ БЕЛГІЛЕРІН МОДЕЛЬДЕУ 
ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ 
 
Аннотация:  Бүгінгі  таңда  қолданба  лингвистиканың  дамуы,  ақпарат  сараптау,  әдістеме  саласындағы 
көрнекілікті  қамтамасыз  ету,  компьютер  технологиясының  жетілуі  тілдік  модельдерге  мұқтаждық  туғызып  
отыр.  Тілдік  модельдер  жасау  бүгінгі  күннің  сұранысынан  туып  отырғаны  анық.  Модельдеу  әдісі  жаңа 
әдістердің бірі болмаса да, жемісті әдіс болып саналады. Себебі кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым 
тиімді  тәсілмен  зерттеуге  мүмкіндік  береді.  Тіл  білімінің  фонетика  саласындағы  өзекті  мәселелерінің  бірі  – 
айырым белгілер теориясы. Тілдің дыбыс құрамын анықтап, оның дыбыс жүйесін сипаттап шығу тек айырым 
белгілер теориясы арқылы ғана орындалатынын ескерсек, оның қазақ тілі үшін маңызы зор. Қазақ тіл білімінде 
айырым  белгілер  теориясын  қалыптастырып,  соның  негізінде  қазақ  тілі  дыбыстарының  айырым  белгілер 
құрамын  анықтап  шығу  –  өзекті  зерттеулердің  бірі  болып  табылады.  Қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  айырым 
белгілерінің    жасалым  сипатының  ерекшеліктері  сингармонизмнен  бастау  алатыны  белгілі.  Осы  мәселені 
негізге ала отырып мақалада қазақ тілі дыбыстарының тізбек айырым белгілерін  модельдеу әдісі арқылы оқыту  
қарастырылған. 
Кілт сөздер: фонетика, тізбек айырым белгі, айырым белгілер теориясы, модель, модельдеу әдісі, дыбыстар-
дың тізбек белгісінің моделі, естілім, айтылым, жасалым.                                                                                                                  
Аннотация:  В  нынешнее  время  потребность  моделирования  в  лингвистике  возрастает  с  каждым  днем  в 
связи  с  развитием  прикладной  лингвистики,  анализа  информаций,  с  высоким  ростом  компьютерной  техноло-
гии. Хотя метод моделирования не является одним из  современных методов, он вполне считается продуктив-
ным. Основной проблемой фонетики является теория дифференциальных признаков. Так как уточнение состава 
звуков  и описание  звуковой структуры  реализуется на  теории дифференциальных  признаков,  то она  является 
одной  из  актуальных  задач  современного  языкознания.  Особенности  артикуляционного  описания  дифферен-
циальных признаков в казахском языке отталкиваются от сингармонизма. Именно он остается фундаменталь-
ным  исходом  теории  дифференциальных  признаков  и  их  артикуляционного  описания.  Учитывая  это  в  статье 
рассматривается  обучение  последовательных  дифференциальных  признаков  в  казахском  языке  способом 
моделирования. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
171 
Ключевые  слова:  фонетика,  последовательный  дифференциальный  признак,  теория  дифференциальных 
признаков, модель,  способ моделирования,  перцепция, акустика, артикуляция.                                                                                                                  
Abstract: At present the need for modeling in Linguistics is increasing with each passing day in connection with the 
development  of  applied  linguistics,  analysis  of  information,  with  high  growth  in  computer  technology.  Although  the 
method of modeling is not one of the modern methods, it is considered productive. The main problem of  the theory of 
phonetics is the  distinctive features. Since the refinement of sound and audio descriptions of the structure implemented 
in  the  theory  of  distinctive  features,  it  is  one  of  the  urgent  tasks  of  modern  linguistics.  Features  of  articulatory 
descriptions  of  differential  traits  in  Kazakh  language  repelled  from  the  singarmonizma.  It  remains  a  fundamental 
outcome of the  theory of differential signs and their articulatory descriptions. With this in  mind the article is training 
serial differential traits in Kazakh way of modeling.  
Keywords:  рhonetics,  serial  differential  sign,  theory  of  differential  characteristics,  model,  modeling  method, 
manner of articulation, acoustics, perception.                                                                             
 
Модельдеу  әдісін  сөз  етпестен  бұрын  біз  «модель»  сөзіне  тоқталайық.  Модель  дегеніміз 
(французша modele, латынша modulus – мера, образец) схема  какогого-либо явления или процесса в 
природе и в обществе [1,325]. 
Сонымен  модель  дегеніміз  –  белгілі  бір  заттың  немесе  құбылыстың  ықшамдалған,  қарапайым 
көрнекі үлгсі. Модельдің құрамында түпнұсқаға тән белгілердің бәрі сақтала бермейді. Модельде ең 
маңызды деген белгілер ғана сақталады[2, 5]. 
Қазақ  тілтанымында  фонетикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтарды  моделдеу  дәстүрге 
айналмаған.  Модель  жасау  зерттеу  әдісі  ретінде  қолданылмаған.  Оған  себеп  –  практикалық 
мұқтаждықтың болмауы. Бүгінгі таңда қолданба лигнвистиканың дамуы, ақпарат сараптау, әдістеме 
саласындағы  көрнекілікті  қамтамасыз  ету,  компьютер  технологиясының  жетілуі  тілдік  моделдерге 
мұқтаж болып отыр. Тілдік моделдер жасау бүгінгі күннің сұранысынан туып отырғаны айдан анық.  
Тілтаным  тарихына  жүгінетін  болсақ,  түркі  тілтанымында  моделдеу  әдісінің  болғанына  көз 
жеткіземіз.  Оған  Түркі  дауыстыларының  текше  моделі  дәлел[3,14].  Сингармонизм  заңына  қатысты 
модель  түрлерін  алғаш  пайдаланған  профессор  Ә.Жүнісбек  [4].  Біз  мұны  үнемі  басшылыққа  алып 
отырамыз. 
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін, олардың модельдерін жасап, зерделеу 
арқылы    танып-білу  әдісі.  Бұл  әдіс  кез  келген  затты  жылдам,  неғұрлым  тиімді  тәсілмен  зерттеуге 
мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  модель  зерттеліп  жатқан  объектінің  субъект  баса  көңіл  қойып 
отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады.  
Дәстүрлі қазақ фонетикасында дыбыс жіктелімінің әртүрлі үлгісі берілгенімен, олардың айырым 
белгілерінің өзара байланысы талданбайды. Сол себепті дыбыстың артикуляциялық белгісі аталады 
да, оның басқа артикуляциялық белгілерге қандай қатысы бар екендігі қарастырылмайды. Сондықтан 
да  дыбыстың  артикуляциялық  белгісі  дара  тұрған  фонетикалық  бірлік  ретінде  қалып  отырады.  Ал 
тілдің белгілі бір жүйе екендігін ескеретін болсақ, онда дыбыс белгілері жеке-жеке талданбауы керек. 
Егер  бір  дыбыс  белгісін  алатын  болсақ,  онда  сол  тілдегі  өзге  де  дыбыс  белгілерін  ескеріп,  барлық 
дыбыс белгілерін бір-бірімен байланыстырып және топтап талдап отыру керек болады. 
Тілдің дыбыс жүйесі  дегеніміз -  айырым белгілердің өзара сабақтастығы мен байланысы болып 
табылады. Бұл жалпы фонетикада (общая фонетика) қалыптасқан ортақ пікір болып табылады [5,2]. 
Қазақ тілі дыбыстарының айырым белгілерінің  бір тобын тізбек [айырым] белгілер деп атаймыз. 
Тізбек  айырым  белгілер,  аты  айтып  тұрғандай,  тізбектеліп  тұрады  және  олардың  фонетикалық 
(жасалым, айтылым, естілім) көрсеткіштерінің арасында бір ғана айырым белгі өзгеріп отырады: 
-  жасалым  (артикуляциялық)  тұрғысынан  бір  сөйлеу  мүшесінің  қатысы  (жасалу  орны,  жасалу 
тәсілі немесе дауыс желбезегінің қатысы) өзгеріп отырады; 
-  айтылым  (акустикалық)  тұрғысынан  физикалық  (бедер  таңбаның,  қарқын  таңбаның,  әуен 
таңбаның және толқын таңбаның) көрінісінің біл бөлігі ғана өзгеріске ұшырайды
- естілім (перцепциялық) тұрғысынан үн түйсінім әсерінде бір ерекшелік байқалып отырады. 
Тізбек  айырым  белгілер  дыбыстардың  тобына  қатысты  болады.  Басқаша  айтқанда,  дыбыс  тобы 
кем дегенде үш дыбыс болу керек. Мысалы, оның формулалық тізбегі төмендегідей болады: 
А

- А
2
 - А

................. А

В

- В
2
 - В

................. В

С

- С
2
 - С

................. С

Көрініп  тұрғандай,  дыбыс  құрамы  өзгеріп  отыруы  мүмкін,  ал  дыбыс  саны  кем  дегенде  үшеу 
болады, ал әрі қарай қанша болса да бола береді. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
172
 
Қазақ  тілі  дыбыстарының  ішінде  жасалу  орнына  қатысты  тізбек  белгілер  көбінесе  дауыссыз 
дыбыстардан болады.  
Артикуляциялық  белгілер  құрамындағы  жасалу  орнының  моделі  арнайы  қою  сызықпен    берілді 
(1-сурет). 
 
 
 
1-сурет. Қазақ тілі дыбыстарының айырым белгілер құрамындағы жасалу орнына қатысты белгілердің орны 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет