ӘОЖ 373.016:811.111(075.3)
Ргаева Ж.М
Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура және PHD докторантура
иниституты 1 курс магистранты
ғылыми жетекшіcі - ф.ғ.к., доцент Аскарова С.А
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ БАСТАПҚЫ ДЕҢГЕЙІНДЕ МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Түйіндеме: Бастапқы деңгейде оқытуда шетел тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өз ой -
пікірін ана тілімен қатар шетел тілінде де еркін,дұрыс,түсінікті жеткізе білуінен басталады. Біріншіден, оқушы
айтайын деген ойын, жасқанбай еркін жеткізе алуды; екіншіден, сөйлемдерді құрылымдақ жағынан дұрыс
қүрастыра білуді; үшіншіден,сөйлеу мәдениетінің алғашқы қарапайым элементтерін үйреніп меңгеруді,
төртіншіден, өзін қоршаған ортаға қарай тілдік қарым-қатынасты сауатты жасай білуді міндеттейді. Шетел
тілін оқытудың бастапқы деңгейінде мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда өзге
адамдармен, топпен қарым- қатынас орнату, жақсы нәтижеге қол жеткізуден өзіндік ой - пікірін білдіру үшін
қарым-қатынас диалогына түсудің маңызы зор. Орыс ғалымы Л.С.Выготский білім беру моделі оқушының
диалог нәтижесінде дамитындығын айтқан болатын. Сонымен қатар ол кіші жастағы балаларды танымдық даму
әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдірісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және
мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне
үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді [MAH, 39-б.] Ал бразилиялық педагог Фриери «әр
адам оқу үрдісіне сыни тұрғыда қатысып,басқа адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті»
екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Мерсер өз зерттеулерінде сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі
«бастама – жауап - кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігін анықтап, оқушының білім
алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау секілді әртүрлі техникала-
рын пайдалануға болатынын айтқан[МАН,41-б]. Осы теориялар негізінде ауызша сөйлеу дағдысын
қалыптастыруда диалогтің рөлі зор.
Аннотация: Формирование личности на уроках иностранного языка в обучении начального уровня
начинается со способности свободно, правильно, понятно излагать мысль как на родном, так и на иностранном
языке. Во-первых, это обязывает ученика свободно и без стеснений излагать мысль; во-вторых, правильно
составлять предложения; в-третьих, освоить начальные простые элементы культуры речи; в-четвертых,
грамотно строить языковые отношения в зависимости от окружающей среды. На начальном уровне обучения
иностранному языку имеет огромную важность умение строить отношение с посторонными людьми, группой,
умение вступать в диалог для выражения собственной мысли в ходе формирования навыков общения у
учеников. Русский ученый Л.С.Выготский говорил о развитии модели образования в результате составления
диалога. Так же он описывает детей младшего возраста как субъектов, у которых действия познавательного
развития формируются в процессе социальных отношений, то есть в ходе обучения учеников методам
взрослого мышления через взаимоотношение с окружающей средой, культурой и более способными
учениками. А бразильский педагог Фриери разработал образовательную теорию основанную на том, что
«каждый человек способен участвовать в учебном процессе, и диалоговом общении с другими людьми». В
своих исследованиях Мерцер определил что образец вопроса заданного в классе является вопросом
поставленным по форме «инициатива – ответ – дальнейшие действие», и говорил о возможности использования
различных техник как влияние, тестирование и перенаправление для поддержки получения знания учеником.
На основе данных теорий важна роль диалога в формировании навыков устной речи.
Abstract: Personality formation at elementary level of foreign language teaching lessons starts with the ability
freely, correctly, clearly to express the idea as in a native and a foreign language. First, it requires the student freely and
without constraint to express his thought; secondly, correctly to form sentences; thirdly, to master the simple elements
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
179
of speech culture; fourthly, competently to build language relations depending on the environment. The ability to build
a relationship with strangers, a group and the skill to engage in dialogue to express their thoughts during the
communication skills formation in students is the great importance at the elementary level of foreign language learning.
Russian scientist L.S.Vygotsky said about the development model of education as a result of making dialogue. He also
describes the young children as subjects whose actions of the cognitive development are formed in the social relations
process i.e. during the students training by adult thinking methods through the relationship with environment, culture
and more capable students. A Brazilian educator Frieri developed the educational theory based on the fact that "every
person is able to participate in the educational process, and dialogue communication with other people." In his research
Mercerie determined the sample of a question given in the class where question posed in the form "an initiative - a
answer – a further action," and he talked about the possibility of using different techniques as an influence, testing and
support for redirection of obtaining knowledge by students. On the basis of these theories the role of a dialogue is
important in the speaking skills formations.
Тірек сөздер: тіл жетілдіру, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдысы, сөз байлығын арттыру, тілдік
қатынас,диалогтік сөйлеу, монологтік сөйлеу.
Ключевые слова: совершенствовать язык, развивать язык, улучшать способы, взаимосвязь речи, расширять
лексический запас, языковые отношения, диалагическая речь, монолигическая речь.
Key words: to improve language, to develop language, to improve the ways of word connections, to enlarge
vocabulary, language relation, dialogue speech, monologue speech.
Төменгі сыныптарда шетел тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өз ой -пікірін
ана тілімен қатар шетел тілінде де еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуінен басталады. Біріншіден,
оқушы айтайын деген ойын жасқанбай еркін жеткізе алуды; екіншіден ,сөйлемдерді құрылымдық
жағынан дұрыс құрастыра білуді; үшіншіден, сөйлеу мәдениетінің алғашқы қарапайым элементтерін
үйреніп меңгеруді, төртіншіден, өзін қоршаган ортаға қарай тілдік қарым-қатынасты сауатты жасай
білуді міндеттейді.
XXI ғасыр технология ғасыры болғандықтан білім беру салаларында да жаһандану үрдісі ауқымды
көлемде жүріп жатыр .Осы үрдіс арқылы төменгі сыныпта шетел тілін оқыту әдістемесіне жаңа
инновациялық технологиялар кеңінен енгізілуде.Әлемдік және отандық педагогиканың озық
тәжірибелерін ұлттық педагогикада сапалы қолдану -бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің бірі
болып табылады.Олай болса, төменгі сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын интерактив-
ті әдістер, диалогті оқыту т.б.технологиялар арқылы қалыптастыру мәселесі оқушылардың жеке
тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеумен, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырумен және
білімге ынта-жігерлерін күшейтумен сабақтасуда.
Төменгі сынып мектептегі оқушыларға арналған еңбектерде «тіл ширату», «тіл жетілдіру», «тіл
ұстату», «тіл дамыту», «байланыстырып сөйлеу дағдысы» секілді терминдер ұшырасады. Осы
терминдердің мағынасын алғаш рет айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін белгілеген ғалым
профессор С. Рахметова. С.Рахметова терминдердің әрқайсысына мынадай түсінік берген:
«...еңбегімізде, тіл дамыту» терминін қолданып отырмыз, өйткені «тіл ширату» балалардың білетін
пассив сөздерін активтендіру мақсатын көздесе, «тіл жетілдіру» көбіне баланың тілін түзету
мағынасында қолданылады. Ал «сөз байлығын арттыру » - сөздікке ғана қатысты. Біздің ойымызша,
«тіл дамыту» термині осылардың барлығын қамтиды [1.23б.]. Демек, оқушыларының тілін ширатуға,
олардың тілін жетілдіруге ,шәкірттерді байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жұмыстардың
барлығы балалардың тілін дамыту мақсатын көздейді. Сондықтан «байланыстырып сөйлеу» мен
«сөйлеу дағдысын қалыптастыру» терминдрінің өзіндік өзгешеліктері бар екеніне назар аударған
жөн. Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары көбінесе шығарма және мазмұндама,
яғни оқушылардың мәтін түзу дағдысын қалыптастыру жұмыстарына «сөйлеудегі, жазудағы тіл
жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық, айқын ойлылық, ізеттілік» [1.4б.]. үйрететін жұмыстар
жатқызылды.Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары қалыптасты жұмыстарының негізінде тіл
дамытудың негізгі заңдылықтары мен ұстанымдары тұрады.
Сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру дегеніміз шәкірттердің бір-
бірімен күнделікті пікірлесуі емес, олардың тілдік қатысым барысында өз ойын анық, дұрыс және
түсінікті жеткізуге, сөйлер сөзінің тілдік нормаларын сақтап, мәдениеті сөйлеуге үйрету.
Жоғарыдағы еңбектерге көрсетілген терминдер мен тұжырымдардың шетел тілін оқытудың
бастапқы деңгейінде мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда алатын орны зор.
Педагог-ғалым А.Байтұрсынұлы бірқатар өз еңбектерінде төменгі сынып оқушыларының ауызша
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға назар аударған. А.Байтұрсынұлының «Тіл жұмсар» кітабында
оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жүйелі жүргізу үлгілерін ұсынады. Оқушыларға мақсатты
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
180
түрде сұраулар беріп, сол сұрауларға жауап алған. Аталған еңбектегі «Сұрау», «Жауап жазу», «Сөз
туғызу», «Құрастыру» сияқты жұмыс түрлерін кезегімен бере отырып, А.Байтұрсынұлы
оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптатыруға назар аударған. А.Байтұрсынұлының «Тіл
жұмсар» кітабында оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жүйелі жүргізу үлгілерін ұсынады.
Оқушыларға мақсатты түрде сұраулар беріп, сол сұрауларға жауап алған. Аталған еңбектегі «Сұрау»,
«Жауап жазу», «Сөз туғызу», «Құрастыру» сияқты жұмыс түрлерін кезегімен бере отырып
А.Байтұрсынұлы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын жетілдіруді мақсат
тұтқан.
А.Байтұрсынұлының бастауыш мектеп жайында, оқыту туралы айтқан пікірлері бүгінгі күнде
айрықша мәнге ие. Себебі, ғалым, керексіз нәрселерді үйретіп, балалардың өмірін босқа өткізбес
үшін, үйретерге тиісті білімді кем үйретпес үшін, балалардың күші жетпейтінді өте алысқа сүйреп
кетпес үшін, бастауыш мепктепке үйрететін білімін алдын-ала жоспарлап, оқушылардың тұлғалық
қабілеттеріне сай жасалуы қажеттігін атап көрсеткен [2.438-б.].
Адамдардың тілдік қатынасындағы сөйлеудің орны ерекше. Сөйлеу - адамзаттың ғасырлар бойы
даму эволюциясында қол жеткізген басты жетістіктерінің бірі. Сөйлеу үдерісінде адмадар бір-бірінің
ойын ұғынып, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Тілдік қатынас арқылы адамзат топтасып ұжымға
халықтың, ұлттың негізін қалайды. Оқушылардың ауызшы сөйлеу дағдылары дұрыс қалыптасқан
жағдайда,олар сыныптастармен, мұғалімдермен, ата-аналарымен тілдік қатынасқа түседі. Бұл
оқушылардың өз ойын түсінікті жеткізуге дағдыландырып ,жеке тұлғалық қабілеттерін дамытуға
көмектеседі. Ауызша немесе жазбаша сөйлесу арқылы әрдайым сөйлеуші мен тыңдаушы арасында
ойлар алмасып отырады. Мұнда біріншіден, өз ой-пікірін басқа біреуге жеткізеді, екіншіден, басқа
адамнан ақпарат алады. Адам баласының ауызша сөйлеу тілі дүниеге келгеннен дамиды. Мектепке
дейін бала тілі жанұясында және өзін қоршаған ортадағы адамдармен сөйлеу барысында дамыса,
мектепте мақсатты түрде жүйелі жетілдіру керек. Сөйлеу сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.
Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша, сондай-ақ, диалогтік және монологтік болып бөлінеді.
Диалогтік сөйлеу екі немесе бірнеше адамның арасындағы тілдік қарым-қатынаста болғандықтан
түрлі жағдайларға, алуан түрлі көңіл-күйлеріне қарай толымсыз сұраулы, лепті сөйлемдер, одағай,
шылаулар, мақал-мәтелдер көп кездеседі. Сонымен қатар бет әлпет көрінісі, ымдау, ишарат
қолданылады. Әдіскер – ғалымдардың көзқарас-пікірлері негізінде диалогтік оқыту амал-тәсілдердің
өзіндік ерекшеліктері айқындалған.Диалогтік оқыту амал-тәсілдерінен негізгі және кіші бөлшегі-
оқыту диалогы. Диалог бойынша оқушылар жұп болып та, топ болып та, ұжым болып та бір-бірімен
тілдік қарым-қатынасқа түседі.Бұл - диалогтік сөйлеудің өзіндік белгілері. Диалогтік оқыту амал-
тәсілі оқушыларды сөйлеуге, белсенді әрекетіне, тілдесім әрекетіне дағдыландырады. Әрбір
диалогтік оқыту технологиясы сөйлеу жағдайаттарын туғызып, оқушылардың ауызекі сөйлеуіне,
пікірлесуіне тигізер әсері мол. Диалогтік сөйлеуге екі не одан да көп адамның тілдік қарым-қатынас
кезінде кезектесе туындайтын ауызша ақпарат беруі, жауап қайтаруы, пікір алмасуы жатады. Диалог
барысында пікірлесіп тұрған тұлғалар «әрі хабар жеткізуші, әрі хабарды қабылдаушы қызметін»
атқарады. Диалогтік сөйлеуде хабар жеткізуші кең көлемде оқуға, өзінің жағдайы жөнінде айтса,
онда диалогтік сөйлеу монологтық сөйлеуге ұштасады. Тілдесім әрекеті кезінде диалогтік сөйлеу мен
монологтік сөйлеу бірін-бірі толықтырып, өзара байланыста жұмсалады. Дегенмен бұлардың өзара
айырмашылығы бар. Бұл жөнінде К.И.Соломатов былай тұжырымдайды: «Диалогическая речь
является одной из наиболее распространенных форм устной разговорной речи.Монологическая
форма речи занимает меньше места в разговорной речи, обычно монологу предшествует диалог.
Диалог представляет собой обмен высказываниями, порождненными одно другим несколькими
собеседниками» [3.с.15]. Мұнда оқушының сөйлеу тілі екі формада жүзеге асады. Біріншісі,
диалогтік сөйлеу, яғни тілдік қарым-катынас барысында екі адамның тікелей қатынас жасап, бір-
бірімен көзқарас, ой-пікір алмасуы. Диалогтік сөйлеудің негізгі ерекшеліктерін, оның жүзеге асу
жолдарын әдіскер-ғалымдар айқындап, диалогтік сөйлеудің мынадай басты белгілерін көрсетті
[3],[4]. Олар: біріншіден, диалогтің екі немесе одан да көп адамның арасында өрбуі; екіншіден,
диалогқа қатысушы адамдардың бірде тыңдаушы, бірде сөйлеуші болып кезекпе-кезек олардың
арасындағы рөлдердің алмасып отыруы; үшіншіден, диалог барысындағы акпараттардың жеткізілу
жағдайы жәнe оларды қабылдау ерекшелеіктері; төртіншіден, пікір алмасушылардың алынған
ақпаратқа, хабарға деген көзқарастары, реакциясы және оны жеткізудегі бет-әлпеті, қимыл
қозғалысы. Сонымен қатар жеткізілетін ақпараттық хабардың аяқ асты туындап тілдік қатынасқа
түсуі де диалогтік сөйлеудің негізгі белгілерінің біріне жатады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
181
Демек, диалогтік сөйлеу – екі не одан көп адамдардың бір- біріне тілдік қарым-қатынасқа түсу
әрекеті.
Диалогтік сөйлеу репликалардан тұрады.С.Әбдіғалиев диалогтағы репликаны екіге бөліп
қарастырады:
а) әріптесті әңгімеге тартатын, оның сөйлеуіне түрткі (қозғаушы)болатын реплика. Репликаның
бұл түрін негізгі реплика немесе қозғаушы (түрткі) реплика деп атаймыз.
ә) түрткі (қозғаушы) репликаға жауап болатын, яғни жауап – реплика (реплика - реакция).
Репликалардың бұл екі түрінің бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, олардың бірі екіншісінің
тууына себепкер болып отырады. Қозғаушы реплика әрқашан жауап репликаны тудырады,қозғаушы
реплика болған жерде оған жауап реплика тууы керек.Ал жауап реплика қозғаушы, репликасыз
жеке тұрса, түсініксіз реплика болып шығады. Олай болса, репликаның бұл екі түрі бір-бірімен
тығыз байланысты, екеуі бір диалогтік бірлестік болып бірігеді» [4.85.б.] .
С.Нұрғали С.Әбдіғалиевтің пікірін дамыта отырып, диалогтік бірлестікте екі репликаны ғана
қарастырмай, үшінші және төртінші репликаларды да диалогтік бірлестікте қарастырған ұтымды
деп тұжырымдайды [5.].
Ғалымдардың пікірлері негізінде, репликаға – диалогтік сөйлесім әрекеті барысында
баяндаушының не қабылдаушының өзіндік пікірін,сұрағын,жауабын жатқызамыз. Диалогтік бірлесті
барысында репликалар өзара сабақтаса, тығыз қарым-қатынаста жұмсалды .
Мысалы:
- Сен Астанаға қашан барасың ?
- Ертең
- Оған жол билетін алу қиын. Сен алдың ба?
- Мен тапсырыс беріп қойдым.
- Байқа, билетті ала алмай қалма.
- Қорықпа, ол өзімнің тәтем.
Бұл диалогтік бірлестікте бірнеше реплика бар. Диалогтік оқытуда оқушы, мұғалім-оқушы,
оқушы-мұғалім түрінде диалогар құрылады. Диалогтік оқытудың ең басты ерекшелігі - мұғалім мен
оқушы тең қарым-қатынаста болуы. Дегенмен шетел тілін оқытудың бастапқы деңгейінде мектеп
оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың маңызы қолайлы әдістердің бірі болып
саналады.
Ал монологтік сөйлеу бір адамның өз ойын, көзқарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу жүйелілікті
талап етеді. Мұнда сөйлемдер толық ойды білдіріп, құрылысы жағынан күрделі болады. Монологты
сөйлеуге оқушылардың белгілі бір тапсырманы не тақырыпты түсіндіруі, мұғалімнің жаңа тақырыпта
түсіндіріп баяндауы, толықтыруы, хабарлама, баяндама жасауы жатады. Монологті сөйлеуді дамыту
үшін алдын-ала белгілі тақырыпқа жоспар құрып, сол жоспар бойынша сөйлеу үлгісі жасалады.
Монологтік сөйлеу мен диалогтік сөйлеу өзара тығыз байланысты болады. Сөйлеуші мен
тыңдаушы бір біріне сұрақтар қойып, хабар айтып тұрса, ол диалогтік сөйлеу түрі болады, ал
сөйлеуші өз сөзін ұзақ түрлі фактілермен дәлелдей сөйлесе, онда монологтік сөйлеу болады.
Қорыта келгенде, төменгі сынып оқушыларына шетел тілін оқыту барысында ауызша сөйлеуді
қалыптастырудың зор маңызын белгілі ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде байқауға болады.
Ауызша сөздің ерекшелігі жөнінде атақты ғалым, профессор Қ.Жұбанов былай деген болатын:
«Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе ыммен толады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген, иә
болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, лаждап түсінуге болады. Оның үстіне сөздің жігін
дыбыс сазымен бірде айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша
байқалмайды. Сөздің әні де басқа жағынан ұқсас сөздерді айырып тұрады. Дұрыс айтылмағанын
сезсе, сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып, қайта сұрап алуына болады » [6.3б.] деп
тұжырымдаса тіл мен сөйлеуді алғаш рет тіл мен сөйлеу тұрғысынан қарастырған Ф.де Сюссер:
«Разделя язык и речь мы тем самым отделяем:
1) социальное от индивидуального; 2) существительное от побочного и более или менее
случайного», - деп нақты көрсеткен [7.8.б]. Ғалымның тіл мен сөйлеуді жіктеген концепциясы өзінен
кейінгі ғалымдарға бағыт-бағдар көрсетті. Бұл жөнінде В.А.Звегинцев: «Такое разграничение
истолковывается учеными по разному, но несмотря на это, она должна носить абсолютный
характер», - деп, Ф.де Соссюрдің көзқарасының дұрыстығын сөз етеді [8].
Төменгі сыныптағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысының қалыптастырылуы олардың жеке
тұлға ретінде жетілуіне, оқу-танымдық әрекеттерінің артуына, білімді жан-жақты үйреніп меңгеруіне,
тілдік қатынаста өз ойын сауатты әрі толық жеткізуіне әсерін тигізеді.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
182
1
Шонанов Т.Тіл дамыту. - Қызылорда, 1935. - 23 б -4 б.
2
Рахметова С.Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы: Өлке ,2003. - 2.438 б.
3
Рахметова С.Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
(ауызша және жазбаша тіл дамыту): педагогика ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін
дайындалған диссертация.13.00.02. – Алматы, 1994. - 3с15.
4
Әбдіғалиев С.Неміс тілін оқыту методикасы. - Алматы: Рауан, 1985. - 85 б.
5
Нұрғали С.Жоғары оқу орындарында қазақ тілі үстеулерін ғылыми әрекеті арқылы оқыту әдістемесі
(заң факултеті орыс бөлімінің жалғастырушы топтары үшін ):пед.ғыл.канд.автореф.13.00.02. - Алматы:
Абай ат.АлМУ, 2003.
6
Жұбанов Қ.Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы: «Қазақстан», 1936. – 3 б.
7
Фердинанд де Соссюр.Труды по языкознанию. – М.: Прогресс, 1997. - 8 б.
8
Звегинцев В.А.Язык и лингвистика. – М.: МГУ, 1973. – 248 c.
ӘОЖ: 378.026.064.2
УБНИЯЗОВА Ш.А.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы
ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЫҚПАЛЫ
Түйіндеме: Қазіргі кезде білімнің интегарциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру,
тұтастай алғанда студенттердің танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне
қойылып отыр.Осы орайда жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісінің интеграция негізінде ұйымдастырылуы,
ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл-адамзаттық
құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың
қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім беру - тәрбие және оқыту, оның мақсаты қоғамдағы тұлғалардың кәсіби
негізі барысында интеллектуалды, мәдениетті және тәрбиелі дамуының жоғарғы деңгейіне жету болып
табылатын үздіксіз үдеріс. Бұл мақалада қазіргі кезде білімнің интегарциялануын қамтамасыз ету, оның
ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда студенттердің танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру
міндеті қарастырылады. Қазіргі өндірілген және білім беру тәжірибесінде білімді трансформациялау, іскерлік-
тер мен дағдылар, бағдарламаланған әртүрлі деңгейлік, бейімдік, модульдік оқыту, мәселелік оқыту және т.б.
технологиялары қолданылады. Аталған әрекеттердің қайсысы болмасын білім беру жүйесін тұтастай реформаға
ұшыратуға бағытталады. Жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісінің интеграция негізінде ұйымдастырылуы,
ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл-адамзаттық
құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың
қалыптасуы жайлы сөз болады. Автор мақалада әлемдік ғылымда табиғатқа, қоғамға және адам ойының
дамуына ғылыми көзқарас бірнеше ондаған ғылымдардың өзара байланысы шеңберіндегі білімдер жиынтығы
негізінде қалыптасуы жайында сөз етеді. Және де әлемдік білім беру жүйесіндегі тәжірибелер инновациялық
технологиялардың бірі – пәндердің білім мазмұнын кіріктіру (интеграция) екенін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |