Сыршыл лирикалары. Ол қазақ поэзиясына жаңа лепті, адам сезімін,
махаббатты ҿзіндік бір нақышпен , нҽзіктікпен, шынайы тебіреніспен беруді
алып келді. Ҿмірдегі қандай қҧбылысты алса да, ақын адамның ҿміріне,
тіршілігіне, асыл мҧратына бағындырады, заманымыздың алдыңғы қатарлы
идеялы тҧрғысынан бағалайды. Ол ҽдемілікті, жарасымдықты жырлайды. Адам
жанының сҧлулығын іздейді. Табиғат қҧбылыстарынан да осыны іздеп, соған
қҧмартады. Жыл мезгілдерін жырлай отырып, адамның кҿңіл-кҥйін айтады.
Арман кҿп-ау жетпей жҥрген жетем деп,
Туған елге қайтсем қарыз ҿтелмек.
Ҥйден шығам, ҥйдей жҥкті мойнымнан,
Бҥгін тағы тҥсіріп қайтсам екен деп,-дейді оның лирикалық кейіпкері.
Ақынның лирикалық кейіпкерлерінің парасатты ойы бар, сезімі таза, гуманистік
сипаты айқын, арманшыл, қиялшыл, ізденгіш жандар. Оның ҿлеңдерінде адамда
болуға тиісті табиғи сезімдер, ҥміт, арман, кҥйіну, ҿкініш барлығы да еш
жалғаны жоқ, таза, табиғи кҥйінде беріледі.
Ҥлкен гуманистік, адамгершілік мҧраттарды дҽріптеп жырлау қай кезде де
болмасын ҿзекті. Бҥгінгі оқырман ҥшін де, ертеңгі оқырман ҥшін де бағасын
жоймақ емес. Мҧны ақын жақсы тҥсінген.
Адал жанға оқ атпасам деп жҥрем,
Ақ жҥрегін қанатпасам деп жҥрем,
Онсыздағы қасіреті кҿп ҿмірде
Қасиетімді жоғалтпасам деп жҥрем,-деп ақын қасиет деген адамға берілген
айрықша сын екенін паш етеді. Ақынның "Айтшы, Алатау" атты ҿлеңінде:
Ҿмір деген алысқа аттаныс,
Қайда ҧшсаң да қасиетіңді сақтап ҧш.
Бҥгін дырдай кҿрінгенмен, кҥні ертең
Мен сендергебола алам ба мақтаныш?- деп, ҿзіне-ҿзі сауал қоя білген
ақынның ҿр мінезбен қайраттана, еңбектене беретініне оқырман сенеді. Оның
жырларында кездесетін ҧшу, алға самғау образы осының дҽлелі.
Махаббат лирикасы. Ақын бҥгінгі замандасымыздың ішкі жан дҥниесіне
зер салады, оның рухани байлығын барлайды. Тҧманбай Молдағалиевтің
махаббат тақырыбындағы ҿлеңдерінде мҧңаю, елжіреу, ҿкіну кҿп кездеседі.
Ақынның "Шығармадың әдеттегі салтпенен" деген ҿлеңінде:
Сыр берместен ҿлсем-дағы тегі мен
Кҿзімдегі жасты сҥртіп жеңімен
Ауылыңнан мен алыстап кеткенше
Қимай қарай қалды деген сеніммен...
Мҧнда лирикалық қаһарманның қызды сҥйетіні, қимауы, қиналуы-бҽрі
нақты арпалыс сезім арқылы суреттелген. Тҧманбай Молдағалиевтің қай
ҿлеңінде болмасын терең ой, нҽзік сезім мол. Ақын кҥннің нҧрына, айдың
жарығына, жҧлдыздың жымыңдағанына қҧмартады. Ол кҿктемнен жастықты,
гҥлден махаббатты табады. Ақын лирикасындағы тҧрақты образдар: кҥн, жарық
сҽуле, кҿктем, жаз, кҥз, жасыл жапырақ, жайқалған гҥл. Ақын:
Ақ қайыңым сен болып тҧра берші,
93
Мен болайын кҿктемің кҿптен кҥткен,-деп ҿтініш жасап, қайыңды сҥйген
жар бейнесінде алады.
Ақынның"Феруза туралы жыр" поэмасы махаббат жайлы ҽсем айтылған
сыр. Поэмада бай мазмҧн, биік идея, нҽзік те нҽрлі лиризм бар. Ақын мҧнда
албырт жастықты, адал махаббатты жырлайды. Тҥркімен аңызының ізімен
жазылған поэманың оқырманға айтары- махаббатты, қасиетті сезімді қастерлеу.
Осы арқылы адал, абзал қасиеттерді биіктету идеясы анық байқалады. Ақын
поэзиясы ешкімге ҧқсамайтын ҿзгеше ҽлем. Сарынынан жаңылмайтын,
сағасынан асып -тасып шықпайтын, сабырлы да саялы сҧлу дҥние. Ақын
Тҧманбай балғын жас кезінен ақырғы сағаттарына дейін ҿмірді кең толғап ҿтті,
халқына тҽн дістҥрмен тебіреніп ҿз жолын тапты. Ақынның ҿзі қандай мейірбан,
бауырмал, адамсҥйгіш болса, поэзиясы да сондай мҿп-мҿлдір , тап-таза қалпында
адам жанын жылыта білді. " Сезім, шіркін,ақ жаңбырға ҧқсайды, Алматыда жаңа
жауып басылған" деп ҿзі айтқандай , ел қҧлағын елең еткізген лирикасы да ақ
жаңбырдан кейінгі тау самалындай тыңдаған жанның жҥрегіне ҽп-сҽтте жетіп
тынады. Бояуы анық сурет, тартымы терең асыл ой , ҽуез, аңсап тҧрған ҽсем
лебіз, мҿлдір сезімнің сҽулесі Тҧманбай ҿлеңдерінің негізін қҧрады.
Тҧманбай Молдағалиев ақындықты, ақын болуды жоғары бағалайды. Себебі
ол ҿзінің бар байлығын да, базарын да ҿлең-жырмен ҿлшеген.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Тарихи тҧлғалар. Танымдық - кҿпшілік
басылым. ―Алматыкітап баспасы‖, 2009 .
2
http://adebiportal.kz/authors/molda-aliev-t-manbay-kaz
3.
Молдағалиев Т.Арман адастырмайды (ҿлеңдер жинағы) Алматы, 2011.
ҼОЖ 811.512.122.1
ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ., АБДРАХМАНОВА К.Т.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ.,«№29 орта мектебі» КММ,
Ҿскемен қ., Қазақстан
ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АКЦЕНТУАЦИЯ ТИПТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жалпы тіл біліміндегі бірқатар еңбектерде екпін мҽселесі туралы сҿз болған.
Екпін категориясына арналған сол еңбектерге назар аударайық. Қазақ тіл
білімінде екпін туралы іргелі зерттеу жҧмысын жҥргізіп келелі пікір білдірген І.
Кеңесбаев болды. І.Кеңесбаев зерттеу еңбегінде бірнеше сҿздердің бір буыны
қалған буындардан кҥшті айтылып, айқынырақ естіліп тҧратынын айта келіп:
«Сҿз ішіндегі арнаулы бір буынның оқшауланып кҥшті айтылуын екпін дейміз»,
- [1,269 б.] деп, оны екіге бҿледі: 1) Фонациялық ауаның қарқынымен (кҥшімен)
байланысты екпін: мҧны лебізді (немесе динамикалық) екпін дейміз. 2) Дауыс
ырғағымен (дауыс тонымен) байланысты екпін; мҧны ҥнді (музыкалы немесе
тоникалық) екпін дейміз.
94
Зерттеуші О.Н. Николаева «Фонетика немецкого языка» атты еңбегінде:
«Барлық сҿйлеу органы арқылы қандай да бір буынды тыныстауда біршама
қарқынды тҥрде жҧмыс атқаратын дауыс қаттылығын екпін», - деп атап, сҿз
екпінінің сипатына, ол екпіннің дауыс кҥшінің ҿзгеруіне байланысты
динамикалық жҽне дауыс тонының ҿзгеруімен сипатталатын музыкалық екпін
деген тҥрлерін кҿрсетеді. Сондай-ақ ҽрбір тілге тҽн сҿз екпіні мен фразалық
екпіннің болатындығын, ойымыздағы маңызды дҥниені ерекшелеп кҿрсетуде
фразалық екпіннің маңыздылығын атап кҿрсетеді[2, 86 б.].
М.И. Матусевич: «Буындардың біреуі басқа буындарға қарағанда дауыс
кҥштілігімен ерекшеленуі мҥмкін. Ол кҥшті немесе динамикалық екпін деп
аталады. Буындардың бірі басқаларының арасында дауыс тонының
жоғарылығымен ерекшеленеді, ол музыкалық не тоникалық деп анықталады.
Сондай-ақ буын дауыстылардың созылыңқы дыбысталуымен ерекшеленеді ол
сандық немесе квантативті екпін болады» деп кҿрсетеді. Ары қарай сҿз екпініне
қарағанда фразалық екпінді айыра білу керектігін айтады. Сҿздер тобында сҿз
екпінінің бірі кҥшейіп тҧтас мағыналық бірлікті кҿрсетіп, ҿз айналасына екпіні
ҽлсіз немесе екпінсіз сҿздерді топтастырады сҿздердің мҧндай тобы синтагмалар
деп аталып, онда да кҥшті екпіннің болуы фразалық екпін деп аталады [3, 73 б.].
Зерттеуші фразалық екпінмен бірге логикалық екпіннің болатындығын, ой
(логикалық) екпінінің кҿмегімен ҥлкен мҽн берілетін сҿйлемдегі логикалық,
мағыналық жағынан маңызды екпінді айтады. Ой (логикалық) екпіні сҿйлемдегі
кез келген сҿзге тҥседі. Ой (логикалық) екпінінің кҿмегімен бір фразаға тҥрлі
мағыналық мҽн ҥстеуге болады. Мысалы, Бүгін мен театрға барамын деген
фразаны ой (логикалық) екпінінің кҿмегімен тҥрліше сипатқа ҽкелуге болады.
В.Б. Линдер: «Буын екпіні ҽрбір тілге тҽн болғандықтан ырғаққа ҽсер ететін
тілдің типтік сипатының бірі болып табылады. Тҥрлі тілдерде буын екпінінің
бірнеше тҥрін кездестіруге болады. Орыс тілінде жылжымалы екпін, поляк
тілінде екпін соңғының алдындағы буынға, француз тілінде соңғы буынға
тҥсетіндігі белгілі»,-деген [4, 97 б.].
М. Рясянен: «Материалы по исторической фонетике тюркских языков» атты
зерттеу еңбегінде: «Тҥрлі тҥркі тектес тілдердің грамматикасы бір ғана қысқа
ережеге бағынады: «екпін сҿздің соңғы буынына тҥседі». Дегенмен де бҧл жай
ғана жағдай емес, ол біршама нақтылауларды қажет етеді. Кҿне тҥркі тілінде
екпін туралы нақтылы мағлҧмат келтірілмейді. Тҥркі тілдеріндегі екпін
мҽселесін зерттеген В.В. Радлов екпін деп жеке алынған сҿзді айтады. Басқаша
айтқанда екпін бҧл жерде тыңдауға жағымды болу ҥшін жҽне жалғамалы
буындар арасындағы байланысты сызып кҿрсетуге қызмет етеді дейді.
Радловтың айтуынша қазақ тілінде екпіннің сҿздің соңғы буынына тҥсу жағдайы
жиі кездеседі. Тҥркі тілдерінде кҥшті екпін эмоционалды бояусыз сҿздің соңғы
буынына тҥседі. Кҥрделі сҿздерде басты екпінмен қоса қосымша екпіннің
тҥрлері де бар. Кҥрделі сҿздерде екпін ҽдетте бірінші сҿздің екпінді буынына
тҥседі. Дат тҥркітанушысы К. Гренбек тҥркі тілдерінде екпінде тҧрақтылық жоқ,
екпінді сҿздің дыбысталуы мен қабылдауын бҧзбай-ақ ҿзгертуге болады деген
95
пікір айтады. Дегенмен де, ғалым кҿп жағдайда екпіннің белгілі бір буынға
тҥсетіндігін айтады [5, 38 б.].
Сондай-ақ М. Рясянен жоғарыда аталған еңбегінде кҥшті жҽне музыкалық
екпіннің алты тҥрін кҿрсетеді: 1) сҿздегі тонның жоғарылауы; 2) ҿте кҥшті
екпінмен музыкалық екпіннің жоғарылауы; 3) сҧраулы тон; 4) ҿте кҥшті
сҿздермен сҧраулы тонның араласуы; 5) ҿте ерекше сҧраулы тон; 6) кідірістің
алдында тонның жоғарылауы [5, 39 б.].
Р.М. Мулина: «Орыс тіліне қарағанда қазақ тілінде екпін жуан жҽне жіңішке
буындарға тҥседі. Буынның жуан, жіңішкелілігі сҿздегі жуан жҽне жіңішке
дауысты дыбыстарға байланысты. Сондықтан қазақ сҿздерін жҧмсартып айтуда
қандай да бір тыныс белгісінің кҿмегінсіз яғни жіңішке дауысты дыбыс арқылы
да дыбыстауға балады. Сондықтан, қазақ тілінің негізгі сҿздік қорында
дауыссыздардың жуысуы орыс тілінен ерекшеленеді. Қазақ тілінде буынның
басында дауыстының алдында бір дауыссыздан артық болмайды, сҿз соңында да
екі дауыссыз келмейді, дауыстыдан соң ҥнді, қатаң дауыссыздар қатар келеді.
Сонымен, қазақ тілінің негізгі сҿздік қорындағы сҿздерде дауыстының алдында
бір дауыссыздан артық болмайды» [6, 51 б.].
Сҿз, тҥбір, сҿз тудырушы қосымшалар болсын қазақ тілінің тҿл сҿздерінде
екпін сҿздің соңғы буынына тҥседі. Мысалы:жҧмыс
жҧмысшы
жҧмысшылар
жҧмысшыларымыз
жҧмысшыларымызда
Қазақ тілінде қуану, таңқалу т.б. мҽндегі сҿздерден басқа сҿздерде
музыкалық екпін жоқ деуге болады. Екпін кҿбінесе сҿз бен сҿзді ажырату
қызметін атқарады. Сҿз тудырушы қосымшалардың барлығы екпінді
қабылдайды. Бҧл қосымшаларға септік, тҽуелдік, кҿптік жалғауларын жатқызуға
болады. Бҧл қҧбылыс кірме сҿздерде де сақталады. Мысалы: трактор
тракторлар
тракторларымыз
тракторларымызда
Басқа тілдермен салыстырғанда қазақ тілінде екпін тҧрақты келеді [6, 53 б.].
Ғ. Ҽбуханов: «Сҿйлеу процесінде сҿздерді айтудағы бҿлшектеніп шығатын
ауа толқыны, яғни сҿздегі буындардың бҽрі, бірқалыпты айтылмай, бір буын
ҿзге буындардан ерекше кҥшпен айтылады. Мысалы: бала деген сҿзде екінші
буын, балалар дегенде ҥшінші буын, балаларға дегенде тҿртінші буын ҿзге
буындардан кҥшті айтылып тҧр. Сҿз ішіндегі бір буынның ҿзге буындардан
ерекшеленіп кҥшті айтылуын екпін дейді. Қазақ тіліндегі сол сияқты тҥркі
жҥйелі тілдердегі екпін дауыс қҧйылысының қарқынымен айтылуына
байланысты дем екпіні қатарына жатады. Дем екпіні екі тҥрлі болып келеді [7, 54
б.]: тҧрақты жҽне тҧрақсыз». Зерттеуші Ғ. Ҽбуханов тҧрақты екпінге қазақ
тілінің жҽне ҿзге тҥркі халықтарының да тілдерін жатқызады. Тҧрақты екпінге
жататын тілдерде екпін сҿздің арнаулы буынында болады да, сҿздің
грамматикалық, лексикалық мағыналарының қҧбылуымен екпін сҿздің ҿзге
96
буындарында ауысып ілгерінді-кейінді жылжып отыратындағын жҽнеекпін
негізінен сҿздің соңғы буынынатҥсетіндігін, кҿпбуынды тҥбір сҿзде негізгі екпін
сҿздің соңғы буынында болады да, қалған буындарда ешқандай екпін
болмайтындығын айтады. Мысалы: шана, тарақ, терезе, қабырға, омыртқа. Тҥбір
сҿзге қосымша жалғанып, сҿздің лексикалық не грамматикалық мағынасы
тҥрленгенде, негізгі екпін туынды сҿздің соңғы буынына ауысады да, сҿздің
негізгі екпініне қосымша кҿмекші екпін пайда болады. Мҧндай туынды,
кҿпбуынды сҿздерде негізгі екпін қосымшаға ауысып, соңғы буында тҧрады да,
қосымша екпін тҥбірдің соңғы буынында болады. Мысалы: базар, базаршы,
базаршылар, базаршыларымыз, базаршыларымызға. Қазақ тіліндегі екпін
тҧрақты келеді. Тҥбір сҿзге қосымша жалғануына байланысты екпін сҿздің
соңғы буынына, қосымшаларға ауысып отыруға тиісті бола тҧрса да, қазақ
тілінің кейбір қосымшалары ҿзіне екпін тҥсірмейді. Ондай қосымшалар
жалғанған туынды сҿздерде екпін соңғы буында болмай, соңғы буынның
алдындағы буында тҧрады. Екпін қабылдамайтын қосымшалар мыналар:
1) жіктік жалғаулары: бара+мын, бала+мын, келе+сің, студент+сің;
2) етістіктің болымсыздық мағына туғызатын –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе
жҧрнағы: алма, келме, айтпа, кетпе, жазба, кеспе;
3)есімдерге жалғанып теңеулік ҧғым тудыратын –дай/дей, тай/тей
жҧрнақтары: таудай, үйдей, аттай;
4)етістіктің тҥбіріне жалғанып тілек, ҿтініш ҧғымын тудыратын – шы, ші
жҧрнағы: айтшы, келші, көрші, басшы.
Қазақ тіліндегі екпін сҿз мағынасын айқындаушылық қызмет атқармайды.
Ҿйткені қазақ тілінде екпін тҧрақты болады да, бір сҿзде бір буында болып,
екінші сҿзде ҿзге буынға ауысып отырмай, ҥнемі сҿздің соңғы буынында
болады. Сҿйте тҧрса да, кейде -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -беболымсыздық жҧрнағы
жҽне -шы, -ші жҧрнағы жалғанған етістік сҿздердің жҽне олармен тҧлғалас есім
сҿздердің мағынасын ажыратуға себепші екпін болып келеді. Мысалы: кеспе-
кеспе, жарма-жарма, баспа-баспа.
Ҽрбір сҿз ҿзіне тҽн екпінмен дыбысталады. Сҿйлемдегі сҿздердің жартысы
ҿз екпіндерін сақтайды, ал кейбірі екпінсіз дыбысталса кейбірі ҽлсіз екпіннің
салдарынан жай ғана ерекшеленеді, енді бірі ерекше кҥшті екпінге ие [7, 84 б.].
«Современный казахский язык. Фонетика и морфология» атты зерттеу
еңбегінде қазақ тіліндегі жҽне басқа да тҥркі тілдеріндегі екпіннің орыс тіліндегі
қарқынды кҥшті екпінге қарағанда сипаты ҽлсіз екендігі, оның соңғы буынға
тҥсіп, сҿз бен сҿздің мағынасын ажырату ҥшін қолданылатындығы айтылған [8,
78 б.]. Екі не одан да кҿп кҥрделенген сҿздерде дыбыстың кҥші ретінде екпін
тҥсетін буын ерекшеленеді. Қазақ тілінде басқа тілдердегідей екпін кҥшті не
динамикалық болып табылады. В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, О. Бетлинг
жҽне басқа да ғалымдар тҥркі тілдеріндегі екпін экспираторлық сипатта болып
келеді деп санаған. Кейбір қазақ тілтанушылары қазақ тіліндегі екпінді тек сҿз
бен сҿзді ажырату қызметін атқаратындықтан жіті зерттеудің қажеті жоқтығын
айтады. Бҧл пікір ҧшқары себебі, екпін жалпыхалықтық тілдік сипатта ҧзақ
уақыт бойы қалыптасып, даму сатысынан ҿткен. Басқа да тілдік категориялар
97
сияқты маңызды орынға ие.Ҿйткені, сҿз бен сҿздер тобы ҿзіндік акцентті
нормасымен ерекшеленеді. Бҧған қоса лепті сҿйлемдерде сҿз екпіні бастапқы
буынға тҥседі. Тҥрлі эмоциялық сипатта жҧмсалатын сезімге толы еліктеуіш
сҿздерді акцентуациялық жағынан алып қарағанда екпіннің соңғы буынға
тҥсетіндігі сирек байқалады. Ш.Ш. Сарыбаев ҿзінің қазақ тіліндегі еліктеуіш
сҿздерге арналған диссертациялық жҧмысында бҧл мҽселе туралы жан-жақты
талдау жасап бірнеше ескертуден басқа жағдайда екпіннің алғашқы буынға
тҥсетіндігін, акцентуациялық ерекшелігін айтады. Ш.Ш. Сарыбаевтың айтуынша
«екпіні алғашқы буынға тҥсетін ойбай! деген сҿздің ҿзін жылдам дыбыстау
кҥтпеген жерде селк ету сезімін білдіреді, ой-ба-а-ай! деп созып дыбыстау
қорқыныш не басқа сезімді беретіндігін айтады».
Аталған еңбекте [8] қазақ тіліндегі екпіннің сҿз екпіні жҽне фразалық екпін
деген тҥрлері туралы айтылады. Негізгі екпіннің орны зат есім, сын есімдерде,
сан есімдерде, есімдік, ҥстеу, етістіктерде тҧрақты келеді. Мысалы: екпін соңғы
буынға тҥсетін есім сҿздер: кереге, қарағай, алтын, күміс, құдық, әйел, ірімшік,
кӛгілдір, жарық, бірінші, екеу, сіздер, кімдер, келіп, алмақ, талқандау, кеше,
ертең, кенеттен, бағана, бермен, ӛзінше т.б.
Ал еліктеуіш сҿздерде жоғарыда айтқандай екпіннің тҧрақты орнын айта
алмаймыз.
Ондай
тҧрақсыздық
еліктеуіш
сҿздердің
эмоциялық
қҧбылғыштығымен тҥсіндіріледі. Мысалы: Әттегенай! Бәрекелді! Кәне! айқай,
құрай. Сонымен еліктеуіш сҿздер қазақ тілінінің жалпы акцентуациялық
нормасынан ауытқиды. Қосарланған еліктеуіш сҿздерде алғашқы сыңарының
соңына тҥсетін жағдайлар да бар. Мысалы: едірең-едірең. Сондай-ақ, ғой (қой),
ше, ғана (қана), ма (ме, ба, бе, па, пе), сайын, сияқты, (тәрізді) сықылды, секілді
т.б. кҿмекші сҿздер екпін қабылдамайды.
Белгілі сҿз тіркестері немесе тҧтас сҿздер тобы қазақ тілінде бір ғана екпінге
ие. Бір екпінге бағынған бір немесе бірнеше сҿздер біртекті акцентуациялық
кешенді қҧрайды. Ондай екпін фразалық немесе ритмикалық екпін деп аталады
[9, 88 б.]. Фразалық екпіннің екі тҥрін бҿліп кҿрсетуге болады:ырғақты немесе
қалыпты екпін. Екпіннің бҧл тҥрі кез келген фразада болып, ырғақты туғызады.
Ол екпінді жҽне екпінсіз буындардың кезектесуімен тҥсіндіріледі, екпін
эмоциясыз қалыпты сҿйлеу тҥріне тҽн болғандықтан қалыпты деп аталады.
Кҿріну амалы бойынша тоникалық, динамикалық, квантативті болып келеді.
Ырғақты немесе қалыпты екпін фразалардың семантикалық мҥшеленуіне
байланысты. Олар ырғақты топтардағы сҿздің соңғы буынына тҥседі. Ырғақты
топ қҧрамына кірген сҿздер ҿз екпінін жоғалтып, соңғысы ғана сақталады.
Ырғақты топ ҧзарған сайын екпін де жылжи береді. Егер ырғақты топ ҥш сҿзден
артық сҿздер тобынан тҧрса, онда қосымша ырғақты екпін пайда болып, екпін
ҽлсірей тҥседі [10, 63 б.].
А.А. Потебня акцентологиялық қҧбылыстарды мофологиямен тығыз
бірлікте қарастырған, ҽрбір сҿз табындағы екпінді бірінші етістіктегі, кейін зат
есім мен сын есімдегі екпінді зерттеген [11, 7 б.]. Оның еңбектерінен ХІХ
ғасырдың орта тҧсындағы украин тілінің екпініне қатысты қҧнды деректерді
кездестіруге болады.
98
Қорыта келе айтарымыз, екпін тҥскен буын екпін тҥспеген буынға қарағанда
анық жҽне энергиялық артикуляцияға ие. Екпінсіз буын кҥңгірттігімен жҽне
қысқалылығымен ерекшеленеді.Екпінсіз буынның бҧл қасиетін редукция дейміз.
Қазақ тіліндегі екпін мҽселесін эксперимент ҽдісімен Ж. Аралбаев пен Ҽ.
Жҥнісбеков [12] зерттей келе, нҽтижесінде ғалымдар екпіннің сҿздің соңғы
буынның дауысты дыбысына тҥсетіндігі туралы айтқан.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің екпін категориясы. -Алматы, 1948. -269 б.
2
Николаева О.Н. Фонетика немецкого языка.-М.;1948.-С.86.
3
Матусевич М. И. Введение в общую фонетику.-Учпедгиз, 1948. -С.73.
4
Линдер В.Б. Практическая фонетика немецкого языка. -М.; Учпедгиз,
1951. -С.97.
5
Рясянен М. Материалы по исторической фонетике тюркских языков. -
М.; 1955.-С.219.
6
Мулина Р.М. Казахский язык. -Алматы, 1960.
7
Ҽбуханов Ғ. Қазақ тілі.-Алматы, 1960. -55б.
8
Торсуев Г.П. Вопросы акцентологии современного английского языка. -
Алматы, 1960.
9
Современный казахский язык. Фонетика и морфология. -Алматы, 1962. -
С.78.
10
Рапанович А.Н. Фонетика французского языка. -М.;1973. -С.280.
11
Потебня А.А. Ударение.-Киев,1973.-С.7.
12
Аралбаев Ж.А., Джунисбеков А. Об ударении в казахском языке //
Иввестия АН КазССр.-1968.-№6.-С.63.
ҼОЖ 811.512.122.1
ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ., АЛТАЕВА А.А.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ., Қазақстан
ЛИНГВОЕЛТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ ТУРИСТЕРДІҢ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ ҚҦЗЫРЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ҽйгілі ҥлкен тілтанушылар Е.М. Веращагин мен В.Г. Костамаров
пайымдағандай ҽрбір адам тобы фоно білімнің негізгі тҿрт тҥрін меңгереді.
Бірінші топқа олар мынадай адамдық тҥсініктер - ауа, жел, ана т.б жатқызған.
Екінші топ ҿзгеше тҥсінікті белгілі этникалық жҽне тіл ортақтықтың ҿзіне тҽн
сипатын белгілеу. Ҥшінші топты арнаулы топтық білім қҧрайды. Бҧл білім
ҽлеуметтік жҽне кҽсіптік топтар: инженерлер, теңізшілер, моряктар, педагогтар
жҽне т.б. Тҿртінші топқа аймақтық ерекшеліктер есептеліп еңгізілген білім
жатады.
«Қҧзырлық» сҿзі «қҧзыр» сҿзінен алынған туынды сҿз екендігіне баса назар
аударамыз. Бҧл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми тҥсіндірме
сҿздігінде: «қҧзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы
99
орындауға қабілеттілік немесе бір нҽрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен
аударғанда «қҧзырлық – ҿз ісін жетік білу, танымы мол, тҽжірибелі» деген
мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы қҧзырлықты меңгерген тҧлға ҿз
саласына сҽйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-
тҧжырым жасайтын жҽне тиімді ҽрекет ете алатын адамды есептеуге болады.
Енді осы ҧғымдардың мҽнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «қҧзыр» –
тҧлғаның белгілі бір пҽндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен
іс-ҽрекеттері тҽсілінің ҿзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал
«қҧзырлық»–адамның іс-ҽрекеті саласына сай қҧзырлықтарды меңгеруі [1].
Қҧзырлық ҧғымы:
• алған білімді пайдалана білу қабілеті;
• нақты бір салаға қатысты қабілеттер мен шеберліктерді меңгере білу;
• ҽлеуметтік даму деңгейіне сҽйкес келетін жҽне қоршаған ортаның ҽсер ету
факторларына тҿтеп бере алатын тҧлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.
Қарым-қатынастық қҧзырлық:
• нақты ҿмір жағдайында ҿзінің міндеттерін шешу ҥшін қазақ жҽне басқа
тілдерде ауызша жҽне жазбаша коммуникациялардың тҥрлі қҧралдарын
қолдануға;
• коммуникативтік міндеттерді шешуге сҽйкес келетін стилдер мен
жанрларды таңдауға жҽне қолдануға;
• ҽдептілік ережелеріне сҽйкес ҿзіндік пікірін білдіруге;
• нҽтижелі ҿзара іс-ҽрекетті, тҥрлі кҿзқарас жҽне ҽртҥрлі бағыттағы
адамдармен сҧхбат жҥргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жҥзеге
асыруға;
• жалпы нҽтижеге қол жеткізу ҥшін тҥрлі кҿзқарастағы адамдар тобымен
қатынас (коммуникация) жасауға мҥмкіндік береді [2].
Қарым-қатынас барысында жеке адамның қоғамдық рухани жҽне
материалдық қҧндылығы қалыптасады, жеке тҧлғалық ерекшелігін кҿрсетеді, ҿзі
ҥздіксіз қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация ҽрбір адамның
ҽрекет барысындағы субъектісіне айналады, табиғат пен дҥниені таниды,
олармен қарым-қатынасын дамытады.
Қазіргі қоғам ҿмірінің ҿзгерістеріне орай қарым-қатынас механизмдері, оны
жетілдіру амалдары қызығушылық туғызып, зерттеудің қарқынды саласына
айналуда. Адамның барлық қадір-қасиеті басқа адамдармен қалай қарым-
қатынас жасағанынан байқалып тҧрады.Оның бағыт-бағдары, білімді меңгеруі,
есте сақтауы, эмоциясы мен қызуқандылығы қарым-қатынас жасау барысында
кҿрініс береді. Адамның қарым-қатынасына ҧлттық ерекшеліктерінің ҽсері ҿте
ҥлкен.
Бҥгінде Шығыс Қазақстандағы туризм саласының алты негізгі бағыты
бар.Атап айтқанда, экологиялық (Катонқарағай, Кҥршім аудандары мен Риддер
қаласы), мҽдени-танымдық (Семей қаласы, Абай жҽне Ҧлан аудандары), емдеу-
сауықтыру (Катонқарағай, Ҥржар аудандары), жағажай (Зырян, Ҧлан, жҽне
Кҥршім аудандары), тау шаңғы (Глубокое, Зырян аудандары мен Риддер қаласы)
жҽне ауыл туризмі (Катонқарағай, Кҥршім аудандары мен Риддерде қаласы).
100
Қазіргі уақытта облыста бҧрындары кҿп мҽн берілмеген мҽдени-танымдық
туризмге ерекше назар аударылып отыр.
ҚР статистика Агенттінің мҽліметі бойынша Ҿңірлерге туристік
келушілердің кҿрсеткіштері: Астана (18,4%), Алматы (18,2%), ШҚО (12,4 %),
Қарағанды облысы (7%);
Тҧрғылықты мекендердің арасындағы алыс жолдарды есепке ала отырып,
шетелдік жҽне отандық туристерге жайлы жағдай жасау ҥшін халықаралық
талаптарға сҽйкес келмейтін инфрақҧрылымның жағдайы маңызды. Аталған
деректер кҿптеген туристерге тек жаман естеліктер қалдырады. Аталған деректі
ескере отырып, ҽлемдегі қаржылық дағдарыс жағдайында қонақ ҥй кешенін салу
саласына отандық жҽне шетелдің инвесторлар қаржы салмайды.
Туризмнің мемлекеттік бағдарламасында - экологиялық туризм негізгі бағыт
ретінде кҿрсетілген. Шығыс Қазақстан облысында тарихи ескерткіштердің
бірегей кешені бар [3].
Бҥгінгі таңда келесі аудандарда эко-туризімді дамыту бойынша
ҧйымдастырушылық жҧмыстары толық жҥргізілмеген:
Ҧлан ауданында «Ақ-бауыр»тарихи ескерткішіне апаратын кірме жолдар
жоқ. Жарма ауданында «Арасан» сауықтыру орталығы жҽне «Мейірім»
спорттық-емдік сауықтырулагерін дамыту бойынша мҽдени-танымдық туризм
жеткіліксіз деңгейде дамыған. Глубокое ауданында – ауданның туристік
ресурстары туралы жарнама жеткіліксіз. Бесқарағай ауданында Ақкҿл ауылын
танымал ету бойынша мҽдени-танымдық туризм жеткіліксіз дамыған. Кҥршім
ауданындағы туристер кҿптеп келетін Қиын-Керіш, Шекелместе арнайы
тоқтайтын орындар, базалар жоқ.
Алдағы уақытта туризм саласын дамытуда мемлекеттік бағдарламаны іске
асыру ҥшін:Туризм жҽне сыртқы байланыстар басқармасы қала жҽне аудан
ҽкімдіктерімен Шебер-жоспарды іске асыру ҥшін инвестициялық жобалар
бойынша қазіргі жағдайға талдау жҥргізілсе; Риддер қаласы, Ҥржар, Зырян,
Ҧлан, Шемонайха, Катонқарағай аудандарының туристік нысандарына апаратын
жолдарды дамыту мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бҿлінсе; аталған
аудандарда туристердің ағынына қызмет кҿрсетудің сапасын арттыру жҽне
бақылау мақсатында туризмді дамыту бҿлімдері қҧрылса; Білім басқармасы мен
ЖОО бірлесе отырып туризм саласы бойынша ЖОО мен ООО тҥлектерінің
еңбек нарығындағы сҧранысына талдау жасап оңтайландырылса; ШҚО қала
жҽне аудан бюджетінен алдағы жылдарға жарнамалық ҿнімдерді дамытуға
(бейнероликтер, баспа ҿнімдері), сонымен қатар туристік нысандарды танымал
ету ҥшін іс-шаралар ҿткізуге қаржы қарастырылса дейміз. Ҽсіресе жарнамалық
ҿнімдерді кҿбірек шығарып, туристік базаларды жандандырса, адамдардың бҧл
туралы білімдері толығып, қызығушылықтары артып, туристердің қарым-
қатынастық қҧзырлықтары жоғарылап,саяхаттап келушілердің саны да кҿбейер
ме еді.
Ҿңірдегі саяхат орындарының, туристік жерлердің аталған проблемаларын
басшылыққа ала отырып, лигвоелтанымдық материалдар, яғни сол жерлердің
орналасуы мен ерекшеліктерін белгілейтін карталар, бейнероликтер, ҽртҥрлі
101
сызбалар, брошюра, шағын анықтамалық, электронды оқулықтар, т.б. жасалуда.
Белгілі бір ҿңірді зерттеу барысында алынған ақпарттарға сҥйене отырып
жасалған лингвоелтанымдық материалдар негізінде онда барушылардың қарым-
қатынастық қҧзырлықтарын қалыптастыру ҿте маңызды болып табылады. Осы
тҧрғыда жоғарыда атап ҿтілген материалдардың берер пайдасы ҿте зор. Яғни,
қолда бар нақты деректер мен кҿмекші қҧралдар арқылы оны ҧғындыру
мҧғалімге де тиімді жҽне білім алушының да танымы кеңейіп, белгілі
материалдар арқылы жаңа білімді меңгеруі жылдам жҽне оңайырақ жҥзеге
асырылады.
Осы тҧрғыда мен университет ішінде тҿрт академиялық топ студенттері
арасында «Лингвоелтанымдық оқу қҧралдарының қандай тҥрде болғанын
қалайсың?» деген сауалнама жҥргіздім. Сауалнамаға 86 студент қатысты, соның
ішінде 39 студент ҧялы телефон кҥнделікті қолданыста, ҥнемі жанымызда
болғандықтан телефонға арнайы қосымша жасалып, барлық мҽліметтердің (фото,
видео, сызбалар, анықтамалар) соның ішінде болғанын қалайтынын айтты. 31
студент дискілерге жазылған электронды оқулықтарды қҧп кҿреді екен, ал
қалған он алтысы шағын энциклопедия немесе кітап тҥрінде жарық кҿргені
дҧрыс деп есептейді (1-сызба).
1-сызба – Сауалнама нҽтижесі
Табиғаты тҧнып тҧрған сҧлулығымен кҿзді арбайтын ҿзіміздің Шығыс
ҿңіріндегі Кҥршім жҽне Ҧлан аудандарын алып қарайтын болсақ, кҿрген адамды
тамсандырмай қоймайтын тарихы тылсым, кҿпшіліктің бірі білсе, бірі біле
бермейтін кҿрікті жерлері ҿте кҿп. Шетелдік туристердің назарын ҿзіне аударған
Марқакҿл, Маралды, Қиын-Керіш, Шекелмес, Мойнақ, Кҥршім, Ертіс алқабы,
Ақбауыр, «Сібе моншақтары», т.б. жерлердің туристік картасын жасап, арнайы
барып, бейнероликтер ҽзірлеп, шағын оқу-танымдық қҧралы ретінде жинақтап
шығарамыз деген жоспарда бар. Мҧндай материалдардың ҧтымды жақтары ҿте
кҿп:
• ҿлкетану жҽне басқа да сабақтарда мҧғалімдер ҥшін таптырмас оқу қҧралы
бола алады;
• аталған туристік орындардың кеңінен танымал болуы, оған
қызығушылықтың артуы, сол арқылы кҿптің сҧранысына ие болуы барысында
мемлекет тарапынан да сол орындарға кҿптеп кҿңіл бҿлінуі;
102
• кей назардан тыс қалып бара жатқан жерлердің қайта қалпына келтіріліп,
мемлекеттің тікелей қорғауында болуы;
• алыс-жақын аймақтардан келетін туристердің саны артуы нҽтижесінде ҿңір
экономикасының дамуына ҥлес қосылуы.
Қорыта келе айтарымыз, кҽсіби оқытушы педагогтің міндеті – оқушыны
(студентті) ҿз бетімен білім алуға бағыттау, тҧлғалық қасиеттерін ҿз бетінше
дамытуына жағдай жасап, кҿмек кҿрсету екені бҽрімізге белгілі. Жоғарыда
аталған лингвоелтанымдық материалдардың жеткілікті болуы да белгілі бір
салада мҧғалімнің бҧл міндетін жеңілдетіп, білім алушылардың қарым-
қатынастық қҧзырлықтарын қалыптастыруға ҥлкен септігін тигізере сҿзсіз.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Кенжебеков Б. Маманның кҽсіби қҧзыреттілігінің теориялық негізі /
Б. Кенжебеков.-Бастауыш мектеп. 2004.-№7.-Б. 3-7.
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология / Орыс тілінен аударған
М.А. Қҧсаинова. М.: Логос; Алматы: ТST-компани, 2005. – 368 б.
3. Самашев З., Сапашев О., Оралбай Е., Тҿлегенов Е., Исин А., Сайлаубай Е.
Шығыс Қазақстанның баяғы ҿнер туындылары. – Алматы, 2010.
ҼОЖ 811.512.122.1
ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ., ЖАҢАБАЕВА Р.Ҿ.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ., Қазақстан,
«Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі» КММ, Кҿкпекті ауданы,
ШҚО, Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |