Терминологиялық хабаршы №2 (52) 2016


Заң саласындағы құжат тілінің мысалында



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата07.02.2017
өлшемі1,29 Mb.
#3569
1   2   3   4   5   6   7

Заң саласындағы құжат тілінің мысалында

арнаулы тілдің анықталу жайы

Ғалымдардың  көрсетуінше,  «арнаулы  сипат  алған  лексика  дегеніміз  - 

қоғамдағы  өзара  ыңғайлас  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың  мамандығына, 

қызметіне,  шұғылданатын  кәсібіне  байланысты  қалыптасқан  сөздері  мен  сөз 

қолданыстары  екен  (сөйлемше,  я  сөз  тіркестері)  [1,  153  б.].Оның  жалпы  лек-

сикадан  ерекшелігін  терминші  ғалым  Қ.Айдарбек:  «арнаулы  лексиканы 

жалпықолданыстық сипатта пайдаланыла алмайды, себебі лексиканың бұл түрін 

тек сол салада қызмет етушілер ғана түсінеді де және ол бөлек, жеке арнаулы 

коммуникация құралы болып табылады», – деп анықтаған [2, 62 б.]. 

Берілген  шағын  анықтамалармен  таныса  отырып,  арнаулы  лексиканың 

бірнеше тілдік бірліктерден тұратындығы мен олардың ортақ мақсатта жұмыла 

еңбек еткен мамандардың арнаулы сала тілін құрайтындығын аңғарамыз. 

Ортақ мақсатқа жетуде қолданылатын арнаулы мақсаттар тілі туралы алғаш рет 

чех зерттеушісі Любомира Дрозд сөз еткен болатын. Арнаулы сала тілі турасын-

да зерттеуші «арнайы қызмет көрсету үшін алынған тіл» деп алып, ұлттық әдеби 

тілден өрбіген бағынышты тіл (подъязык) деген анықтама берген [3, 120 б.]. 

Арнаулы мақсатты тілдер жайында Қ.Айдарбек: «Тарихи категория ретінде 

анықталып, олардың пайда болуы әдеби тілдердің қалыптасуынан бұрынырақ 

қолөнер,  сауда-саттық  т.б.  дамуымен  байланысты  болды»,  –  дейді  де, 

Г.О.Винокур,  Л.Н.Капанадзе,  Ю.Н.Бельчиков,  А.А.Реформатский,  Д.С.Лотте, 

В.В.Виноградов,  В.П.Даниленко,  Т.Н.Канделаки,  В.М.Лейчик,  В.Н.Гречко, 

Л.И.Скварцов,  Н.Л.Котелова,  О.И.Блинова,  Т.С.Коготкова,  С.Д.Шелов, 

С.В.Гринев, М.Н.Володина сияқты атақты ғалымдардың зерттеулерінің арнайы 

нысаны  болғанын  атап  көрсетеді  [2,  94  б.].  Бұл  сипаттаулардан  арнаулы  лек-

сикадан өзге бүгінгі таңда маман немесе белгілі бір өнер иесінің қажеттілігіне 

орай  арнаулы  мақсаттар  тілінің  қалыптасқандығы  көрінеді.  Бұл  тілдің  ба-

сты  ерекшелігі  –  арнайы  қызметке  мақсатталуы,  жалпы  халық  тілінен  кәсіби 

деңгейде оқшаулығы, жалпы қолданыстағы тілге бағыныштылығы.  

Арнаулы  сала  тілінің  ұлттық  әдеби  тілдің  құрамынан  өрбіген  тіл  екендігін 

орыс ғалымдары да (Н.Шанский, Г.Винокур, В.Бредихина, Т.Иванова, С.Гонцова 

т.б.)  толықтай құптайды.

Осыған  орай  арнаулы  сала  тілінің  «кішігірім  тіл»  немесе  ғалым 

Ш.Құрманбайұлының  анықтауы  бойынша  «салалық  тіл»  екендігін  ескеруіміз 

ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА


25

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

қажет. Кәсіби тілді зерттеуші Н.К.Горбовскийдің жорамалы бойынша, салалық 

тілді меңгерген маман көп тілді болып, полиглоссия орын алады екен [4, 29 б.]. 

Алайда, біз бұл оймен келісе алмаймыз. Арнаулы сала тілі – бұл ұлттық тілдің 

құрамдас бөлігі және тек сол тілдің аясында ғана дамып, жалпы әдеби тілдің 

кемелденуіне септігін тигізуі тиіс деп білеміз. Арнаулы лексика жалпыұлттық 

лекcиканың құрамына кіреді [1, 153 б.].

Арнаулы лексика турасында ғалым Қ.Айдарбектің зерделеуіндегі: «Арнаулы 

лексика жалпы тіл жүйесі секілді ұйымдастырылады да, бірақ оған қарағанда 

көлемі  жағынан  аздау  келіп  кәсіптік  бағыттағы  өзінің  «кішігірім  тілдерін» 

қалыптастырады»,  –  деген  пікіріне  біз  де  қосыламыз  [2,  92  б.].  Бұл  жердегі 

ғалымның «кішігірім тіл» деп көрсеткен бағынышты тілді кейбір зерттеушілер 

«салалық тіл» деп алып анықтама беріп жүр.

Салалық тіл туралы  ғалым С.А.Гонцова мынадай анықтама береді: «Салалық 

тіл  терминдермен  қатар  өзіндік  лексикалық  және  грамматикалық  сипаты  бар 

белгілі бір мәтіндердің байланысынан тұрады» [5, 10 б.]. 

Қ.Айдарбек: «Кішігірім тіл дегеніміз – тілдің кәсіптік мақсатта жұмсалатын 

ерекше формасы. Бұл салада тек сол кәсіби қызметке қажетті болып саналатын 

тілдік элементтер ғана қолданылады», – деп тұжырымдайды.

Нәтижесінде, арнаулы сала тілінде бірнеше лексикалық бірліктердің белгілі 

бір мақсатта қолданылып арнаулы мәтіндерді құрайтындығы анықтала түсті.

Зерделеп  қарар  болсақ,  ауқымды  заң  саласында  да  тұтынылып  жүрген 

лексикалық  бірліктер,  сөйлемдер  мен  сөйлемшелердің  өзіндік  қолданылу 

заңдылығы, реті бар. Қолданыстағы атауыштары құжат тілі арқылы узуалданып 

бүгінгі сала тілін құрап жүр. Осыған орай қатаң тәртіппен, норманы ұстанатын 

салада  ең  бірінші  негіз  болатын  құжат  одан  кейінгі  құжаттардың  лексикалық 

қабатын,  сөйлемдердің  құрылымы  мен  қолданысын  айқындап,  белгілейтінді 

аңғарылады. Біз практикалық тұрғыдан талдауға алған заң саласында құжат тілі 

белгілі бір тәртіп, нақты үлгі негізінде жазылатындығына көз жеткіздік. Құжатта 

өзіндік  лексика,  клише,  сөйлем  құрылымы,  мәтіннің  құрылысы  болады.  Заң 

баптарына сүйене отырып, заң тіліне сәйкестендіріліп жазылған құжат белгілі 

деңгейде арнаулы тілді танытып тұрады. Сөзіміз нақты болу үшін сот саласын-

да негізгі құжат түрі саналатын үкім мәтінінің кейбір бөліктеріне тілдік талдау 

жүргізіп көрелік. 

Құжат бөліктері соттың Қазақстан Республикасының қылмыстық істі жүргізу 

кодексінің шеңберінде істі қарау тәртібіне сай жазылады. ҚР ҚПК баптарына 

сай өзіндік бөліктері бар екені белгілі, десек те, біз тілші ретінде құжат мәтінін 

семантикалық тәсілде топтап қарағанымызда, жалпы мәтіннің он мән-мағыналық 

бөліктен  тұратындығын  аңғардық.  Әр  қайсының  тілдік  құрылымында  өзіндік 

ерекшеліктері және өзара тұтастырып тұратын біртекті грамматикалық өзегі бар. 

Мәселен, құжат істі қарауды сот құрамын жариялаудан, куәларды жау-

ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА


26

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

аптаудан, жәбірленушілердің жауаптарын тыңдаудан, сотталушыны жауап-

таудан, іс материалдарын зерттеуден, жарыссөзден және қаулы шығарудан 

тұрады. Сол секілді үкім құжаты да іс бойынша сот құрамын мәлімдеуден; іс 

бойынша айыпталушының жеке басы мен айыпталу дәрежесін атаудан; іс бой-

ынша анықталған мән-жайларды сипаттаудан; сотталушы не айыпталушының 

жауабы  мен  уәжінен,  іс  бойынша  жәбірленушінің  жауабы  мен  уәжінен,  іс 

құжаттарындағы деректерді дәлел ретінде келтіруден, соттың іс материалдарын 

зерделей отырып, алдын ала қылмыстық белгілерді бағалаудан, соттың заң бап-

тарына сүйене отырып, қажет деп табуынан, соттың үкім етуінен және іс бой-

ынша шағымдану жағдайын көрсетуден тұрады. Әр қайсының грамматикалық 

құрылымына тоқталып қарасақ, өзіндік табиғаты, арнаулы лексикасы, морфо-

логиясы,  синтаксистік  құрылымы  бар.  Құжаттың  грамматикалық  құрылымы 

қалыпты, 10-15 пайыз ғана өзгеруі мүмкін, басқаша жағдайда, тек ішкі мазмұны, 

деректері мен мәліметтері ғана өзгеріп отырады. Нақты талдаулармен, мысалдар 

келтіріп көрелік. 

Құжаттың  аталу  түрі  «Қазақстан  Республикасының  атынан  «ҮКІМ»  деген 

қолданыс тұрақты оралым. Шығыс септігінің тұлғасы еш өзгертілмейді. 



Іс бойын-

ша сот құрамын мәлімдеу мынадай лексикалық бірліктерден тұрады: облыстық 

не қалалық соты, құрамында, төрелік етуші, хатшылықта, мемлекеттік айып-

таушы, қорғаушы, жәбірленуші, қатысуларымен, басты ашық сот мәжілісінде, 

туған, ұлты, азаматы, орта, арнаулы не жоғары білімді, үйленген, үйленбеген, 

жұмыста не жұмыста жоқ, мекенжайы, айыптау актісінің көшірмесін алған, 

дыбыс  жазба  құралын  қолданып  т.б.  Көрсетілген  лексика  қатары  негізінен 

тұрақты, тек жағдайға байланысты, жеке мәліметтермен толықтырылып жазы-

лады. Мысалы, 

Қазақстан  Республикасы атынан

Ү К І М

11  ақпан  2011 жыл  

 

 

 

  

 

       Орал қаласы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық соты құрамында: төрелік  етуші  

судья  М.Б.Иванова,  хатшылықта  Г.Туканова,  аудармашы  Р.Сейтимова,   

мемлекеттік  айыптаушы  Ж.Болатов,  қорғаушы Ғ.Ж.Қыдыров, жәбірленушілер 

Г.А.Рожнин,    А.С.Попов,    М.В.Яковлев,    Е.М.Нариков,    Н.Е.Абдулова, 

О.Н.Надеждина,  А.К.Кенжегалиев,  қатысуларымен  Орал  қаласында    басты 

ашық сот мәжілісінде

Галиев Самат Маратович 20  ақпан 1980 жылы Батыс Қазақстан  облы-

сы  Казталовка ауданында  Ажбай ауылында туған, қазақ, ҚР азаматы, орта 

білімді,  үйленбеген,  жұмыста  жоқ,  мекенжайы:  Батыс  Қазақстан  облысы 

Теректі ауданы  Подстепное  ауылы  ПДП 6/3, №2 аумақ, бұрын  қылмыстық  

ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА


27

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

жауапкершілікке тартылып, жәбірленушілермен  татуласып   қылмыстық іс 

қысқартылған,   айыптау актісінің  көшірмесін алған, оны ҚР ҚК­нің 190­бабы 

1­бөлігі, 188­бабы 3­бөлігі айыптап сотқа берген қылмыстық істі басты сот 

талқылауында дыбыс жазба  құралын қолданып қарап, сот

АНЫҚТАДЫ:

Құжат  мәтінінің  үзіндісінде  тұрақты  қолданыс  тауып  жүрген  лексиканы 

талдауға  алып  көрер  болсақ,  Орал  облыстық  не  қалалық  соты,  құрамында, 

төрелік  етуші,  хатшылықта,  мемлекеттік  айыптаушы,  қорғаушы,  жәбір­

ленуші, қатысуларымен, басты ашық сот мәжілісінде, туған, ұлты, азаматы, 

орта, арнаулы не жоғары білімді, үйленген, үйленбеген, жұмыста не жұмыста 

жоқ, мекенжайы, айыптау актісінің көшірмесін алған, дыбыс жазба құралын 

қолданып т.б 

Мәтінде сөз тіркесі түрінде қолданылып жүрген Орал облыстық соты, төрелік 



етуші, мемлекеттік айыптаушы, басты ашық сот мәжілісінде, жоғары білім, 

жұмыста  жоқ,  айыптау  актісінің  көшірмесі,  дыбыс­жазба,  жазба  құралы, 

жазба құралын қолданып деген сияқты сөз тіркестері бар.

Мәтін  ішіндегі  сөйлем  мен  сөздер  бір-бірімен  гармматикалық  байланыста 

қолданылады. Кез-келген қатар тұрған сөздер бір-бірімен байланыса бермейді. 

Сөздердің  сөйлемде  байланысуының  белгілі  бір  тәртібі  бар.  Қазақ  тілінде 

сөйлемдегі  сөздер  жалғау  арқылы,  шылау  арқылы,  сөздердің  орын  тәртібі 

арқылы, интонация арқылы байланысатыны белгілі. 

Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы бір-бірімен байланысқа 

түседі.  Осы  жалғаулардың  қатысуымен  сөздің  өзара  байланысынан  белгілі 

синтаксистік қатынас, грамматикалық мағына беріп отырады. 

Мысалы:  Батыс  Қазақстан  облысы  Орал  қалалық  сот+ы(т.ж) 



құрамы+нда  (Ж.с):  төрелік    етуші    судья  М.Б.Иванова,  хатшылық+та 

(Ж.с.)  Г.Туканова,  аудармашы  Р.Сейтимова,      мемлекеттік    айыптаушы  

Ж.Болатов,  қорғаушы Ғ.Ж.Қыдыров, жәбірленушілер Г.А.Рожнин,  А.С.Попов,  

М.В.Яковлев,  Е.М.Нариков,  Н.Е.Абдулова, О.Н.Надеждина, А.К.Кенжегалиев, 

қатысулар+ы+мен Орал қаласында  басты  ашық сот мәжілісі+нде (Ж.с.)...

Жалпы қазақ тілінде сөздер ретіне қарай шылаулар арқылы байланысады. 

Алайда  біз талдауға алған құжаттың 

іс бойынша сот құрамын мәлімдеу 

бөлігінде бұл тәсілмен байланысқан тіркестер қалыптаспаған.

3) Тілімізде сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады. 

Мысалы: басты ашық сот мәжілісінде деген тіркесте немесе  төрелік етуші, 

жоғары білім дегендей мысалдарда анықтаушы сөз бен анықталушы сөз қатар 

тұруы арқылы анықтауыштың қатынаста орын тәртібі арқылы байланысқанын 

көрсетеді. Ал егер осы сөздердің орнын өзгертіп жіберсек, мүлде басқа мағына 

немесе мағынасыз сөйлем туады (ашық басты сот, білім жоғары, етуші төрелік). 

Бұл сөздер бір-бірімен тиянақты орын тәртібі арқылы байланысқа түседі. 

ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА


28

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

4) Интонация арқылы байланысу. Мұнда екі сөздегі орын тәртібі тиянақты 

болуымен бірге, екеуінің арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екінші сөз 

сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда ол сөздер сызықшамен ажыратылады. 

Мысалы: ұлты - қазақ. 

Қазақ  тіліндегі  сөздердің  өзара  байланысу  түрлерінің  бес  түрі  бар.  Олар: 

қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Бұл байланыс түрлері де арнаулы сала 

мәтінінде айқын көрінеді.

  Бастауыш  пен  баяндауыштың  жіктік  жалғауы  арқылы  бір  жақта  және  1-2 

жақтарда жекеше, көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Судья басты ашық 



сот мәжілісінде анықтады деген сөйлемде судья мен анықтады, бастауыш пен 

баяндауыш ІІІ жақта қиысып тұр. Арнаулы мәтін бөлігінде бастауыш пен баян-

дауыш тек қана ІІІ жақта қиысады. 

 Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысу түрін 

матасу деп атайды. Айыптау актісінің көшірмесі, Орал қалалық соты құрамы 

дегендегі    ...  актісінің  көшірмесі,  ...  соты  құрамы  тіркестері  матасып  тұр. 

Құжаттың  осы  бөлігінде  ілік  септігінің  жасырын  тұруы  жиі  кездеседі.  Мыса-

лы,  Орал  қалалық  соты(ның)  құрамы...,  аудармашы(ның),  айыптаушы(ның), 

қорғаушы(ның),  жәбірленушілер(дің)  қатысу...ы  (салыстырсақ  -  аудармашы,   

мемлекеттік    айыптаушы,    қорғаушы,  жәбірленушілер  қатысулар+ы+мен). 

Ілік  септігінің  түсіріліп  қолданылуы  жалпы  құжат  стиліне  тән.  Мәселен,  бас 

сот(тың) талқылауында, айыптау(дың) актісінің көшірмесін т.б.

Тілімізде басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен 

басқа септік жалғауларының біреуі жалғануы не шылау арқылы байланысу түрін 

меңгеру деп атайды. 

Басты ашық сот мәжілісінде дыбыс жазба құралын қолданып қарап анықтады 

немесе қылмыстық істі басты сот талқылауында дыбыс жазба құралын қолданып 

қарап  анықтады.  Сөйлемдегі  мәжілісінде  анықтады,  сот  талқылауында 

анықтады  дегендер меңгеріле байланысып тұр. 

4) Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу 

түрін қабысу деп атайды.  Мысалы, ашық басты сот,жұмыста жоқ, дыбыс 

жазба құралы т.б.

Осындағы  ашық  басты  дегендер  берік  орын  тәртібі  арқылы  байланысқан, 

олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады. 

5)  Басыңқы  сыңар  мен  бағыныңқы  сыңардың  орын  таңдамай,  жақын  да, 

қашық та тұруы арқылы байланысу түрін жанасу деп атайтыны белгілі. Алай-

да  біз  талдауға  алған  арнаулы  мәтін  үлгісінде  сөздердің  орнын  ауыстырып 

сөйлем жазуға болмайды. Бұл грамматикалық мүмкіншіліктің болмауынан емес, 

құжаттың қатаң стандартталуына орай туындаған талап.

Қорыта  айтсақ,  заң  құжаттарының  жазылуында  бірізділік  пен  нормала-

ну жедел жүргізіледі. Құжат лексикасынан бастап, сөйлем құрылымына дейін 



ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА

29

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

бірізділік,  стандартты  тіл  талап  етіледі.  Процессуалдық  құжаттар  заң  мен  ко-

декс шеңберінде, сол тілде, сол сөз саптау ырқында ғана жазылады. Бұл ретті 

терминші-ғалым  Ш.Құрманбайұлының:  салалық  тіл  (подъязык)  –  барын-

ша  кәсіпке  бағыттандырылғандығымен  көрініс  беретін,  тілдің  өмір  сүруінің 

айрықша түрі. Әрбір салалық тіл адам қызметінің белгілі бір саласына қызмет 

етеді», – деп көрсетуі толық сәйкеседі [3, 54 б.]. Заң саласы тілінде қалыптасқан 

тәжірибедегі  тілдік  қолданыстың  қайталанып  отыру  сипаты  басым.  Өйткені 

құжаттың  мазмұны  да,  сөйлем  құрылымы  да,  терминдері  мен  арнаулы  сөздік 

қолданыстары да – түгелдей сүйенерлік, сілтеме жасайтын құжат мәтінін қажет 

етеді. Сондықтан процессуалдық құжаттардың тілін елеп-екшеу үшін салалық 

тілді стандарттау кезінде негізгі құжаттар - кодекс, заң тіл заңдарының негізінде, 

емле, грамматика нормаларын сақтай отырып жазылуын о бастан қадағалауымыз 

керек.  Заңның  өзінің  жазылуында  негізге  алынатын  ереже,  қағидалардың 

қатарында  тілдік ережелер мен қағидалар тұруы қажет деп білеміз. Өйтпеген 

жағдайда өзінің заңды күшіне еніп, қолданысқа түсіп кеткен кейінгі құжаттарды 

түзету, өңдеу мүлде мүмкін болмай қалады. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. - Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фра-

зеологиясы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2006.–Б.153. 

2.  Айдарбек  Қ.  Қазақ  терминологиялық  аталымының  ономасиологиялық 

аспектісі: филол. ғыл. докт. ... дис. – Алматы, 2009.–Б.32-109.

3.  Дрозд Л. К проблеме лингвистческой теории терминологии // Теоретиче-

ские и методологические вопросы терминологии: Международный симпозиум. 

– 1999. - С.120.

4.  Горбовский  Н.К.  Профессиональная  речь  «функционально-стилистиче-

ский аспект») // Функционирование системы языка и речи. – М., 1989.– 153 с.

5.  Гонцова С.А. Словообразование в научно-технической терминологии. – 

Алма-Ата: Мектеп, 1990. – 96 с

6. Құрманбайұлы Ш. Терминтанушы құрал. –Астана: Ер-Дәулет, 2007. – 243 б.


30

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Ә. Насыритдинова 

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ

аға оқытушысы,

филология ғылымдарының кандидаты

ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМИНЖАСАМДАҒЫ 

СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ ОРНЫ

Қоғамдағы  ғылым  мен  техниканың  дамуы  бір  орында  тұрмай,  үнемі 

қозғалыста болатыны анық. Ендеше ғылымда кез келген жаңалық өзімен бірге 

сол  жаңалыққа  қатысты  терминдер  топтамасын  дүниеге  әкелетіні  сөзсіз. 

Сондықтан да кез келген ғылымның белгілі бір тілде дамуының бір көрсеткіші 

сол  тілде  аталған  сала  терминдерінің  жасалу  деңгейі  болмақ.  Әдеби  тіл 

стильдерінің бірі болып табылатын ғылым тілін қалыптастыруға негіз бола-

тын термин сөздер туралы зерттеу еңбектерінде аз айтылып жүрген жоқ. Осы 

бағытта жазылған мақалада қазақ тілінің техникалық терминжасамындағы 

сөз  таптарының  орны  сөз  болады.  Автор  сөз  таптарының  техникалық 

терминдерді жасауға қатысуын саралап, олардың өзіндік үлесін анықтайды. 

Термин  қалыптастырудың  бір  жолы  –  жалпы  қолданыстағы  сөздердің 

терминденуі  десек,  сөздердің  терминденуін  сөз  таптары  тұрғысынан 

қарастырудың  маңызы  зор.  Сөз  таптарының  терминденуі  жөнінде  тілші 

ғалымдар бұған дейін де сөз еткен, алайда олардың бұл бағыттағы пікірлері бір 

арнаға тоғыса бермейді. 

ХХ  ғасырдың  30-жылдарында  Г.О.Винокуров  терминдер  тек  зат  есімнен 

жасалады, басқа сөз таптары зат есім негізіндегі сөз тіркестері қатарында ғана 

келеді деген пікір ұсынады. Ғалым техникалық терминдер қатарында көптеген 

етістіктер  кездескенімен,  олар  терминологияға  заттану  арқылы  енеді  деп  ой 

қорытады  [1,  14].  Бұл  көзқарасты  қолдаған  ғалымдар  бұл  пікірді  сын  есім, 

үстеуге қатысты да қолданды. 

А.А.Реформатский  болса,  Г.О.Винокуровтың  идеясын  қолдап,  зат  есіммен 

бірге  етістік,  сын  есім,  үстеулер  де  термин  бола  алатынын  айтып,  зат  есімге 

басымдық береді [2, 148]. 

Алайда бұл пікірмен келіспейтін де ғалымдар бар. Мәселен, В.П.Даниленко 

басқа  сөз  таптарынан  жасалған  терминдер  жеке  тұрып  та  белгілі  бір  мағына 

беретінін алға тартса [3, 80], О.С.Ахманова терминдердің кем дегенде төрт сөз 

табынан: зат есім, сын есім, етістік, үстеуден жасалатынын нақты мысалдармен 

дәлелдейді  [4,  474].  Н.А.Щеглова  «терминологиядағы  дерексіздікті  (абстрак-

ция),  зат,  сапа  мен  әрекет  туралы  ғылыми-техникалық  ұғымдарды  білдірудің 

шын мәніндегі бірден бір лексика-грамматикалық құралы зат есім болады», деп 

алғашқы пікірді қолдай түседі [5, 17].

ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА


31

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

Шындығында да терминдердің барлығы тек зат есімдер бола бермейтінін ұзақ 

жылдар бойы терминология мәселелерімен кәсіптік дейгейде айналысып жүрген 

ғалым  В.П.Даниленко  өз  зерттеулерінде  дәлелдейді.  Ол  чех  ғалымдарының 

аталмыш проблемаға қатысты зерттеулеріне сүйене отырып, тек зат есімдер ғана 

емес, сонымен қатар сын есім, етістік, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары да тер-

мин бола алады деген қорытынды жасайды [3, 80].

Терминдердің  негізінен  зат  есімдерден  болуының  негізгі  себептері  ретінде 

зат есім категориясының семантикалық мүмкіндігінің мол екендігі де, сондай-

ақ,  жоғары  дәрежедегі  абстрактілікті  білдірудегі  артықшылықты  да  жоғарыда 

аталған ғалымдар тарапынан әділ көрсетілгенін айтпасқа болмайды. Алайда зат 

есімдердің термин ретінде бірінші орында тұруының негізгі себебі осылар ғана 

ма, әлде өзге де себептер бар ма? - деген сұрақ туындайды. В.Даниленконың 

етістіктің бұйрық рай формасымен келетін тік тұр!  көзде! сияқты әскери тер-

миндермен  осы  тәрізді  спорт  терминдерін  зат  есімдермен  алмастыруға  еш 

келмейтінін айтады [3, 81]. 

Автордың бұл пікірі алдымен зат есімдерімен қатар етістіктің де термин бола 

алатындығын  аңғартса,  сол  арқылы  зат  есімнің  семантикалық  мүмкіндігінен 

гөрі терминделуші ұғымдардың мол болатынын, яғни терминдердің бір ғана сөз 

табымен шектелмейтіндігінен хабардар етеді. Мәселен ойлау, сезіну, қабылдау 

сияқты терминдерде абстракті ұғым процеспен тікелей байланысты.

Терминологияда зат есімдер дерексіз ұғымдармен бірге деректі ұғымдарды 

білдіруі  жағынан  да  бірінші  орында  тұр.  Мәселен,  техникадағы-иіндібілік, 

ебелек,  қаңғалақ;  медицинадағы  асқазан,  өт,  сілекей;  өсімдіктанудағы  түйін, 

тұқымжарнақ, гүлтабан сияқты терминдер ұғымдардың атаулары.

Жалпы  лексика  негізінен  сөздің  тура  мағынасының  метафорлануы,  сөз 

мағынасының  тарылуы,  кеңеюі  (яғни  нақтылануы)  және  калькалану  тәсілдері 

арқылы терминденеді. 

Жалпы  терминологияда,  оның  ішінде  техникалық  терминологияда  да 

етістіктер  белгілі  бір  үдерістің,  құбылыстың  атауын  білдіреді.  Бұл  туралы 

В.П.Даниленко былай деген: «терминами можно считать такие глаголы, кото-

рые... именуют важное основное понятие науки, называют основные процессы 

данной дисциплины»[3, 82].

Қазақ тілінің техникалық терминологиясында Айналу (вращение), бедерлеу 

(насекание), бүрку (опрыскивание), жонғылау (фрезерование), майлау (смазыва-

ние), сұйықталу (конденсация) т.б. сияқты көптеген етістіктен жасалған термин-

дер кездеседі. 

Терминологияда сын есімдер көбінесе сөз тіркесі құрамындағы терминэле-

мент  ретінде  қолданылады.  Сын  есімдер  терминдену  кезінде  өзінің  лексика-

грамматикалық  және  лексика-семантикалық  қасиетін  өзгертеді,  яғни  сапалық 

реңкі төмендеп, қатыстық сын есімдер семантика-морфологиялық қасиет иеленіп, 

ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА


32

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

салыстырмалы шырай жасау мүмкіндігінен айырылады. Яғни сын есімдер ұқсас 

терминдердің  ерекшеліктерін  нақтылау  үшін  қолданылады.  Мәселен,  артқы 

ілмек (хвостовик), бастапқы күй (исходное положение), гидравликалық беріліс 

(гидравлическая передача) сияқты терминдерде сын есімдер үдеріс, зат атауының 

сынын, өзіндік ерекшелігін айқындап тұр.

Әдеби тілдегі сияқты терминологияда да сын есімдердің заттануы орын ала-

ды.  Басқаша  айтқанда,  бірқатар  терминдер  сын  есімдердің  заттануы  арқылы 

да  жасалады.  Мысалы,  бояғыш,  дербес,  жанама,  аспалы,  тұйық,  аудармалы, 

байытқыш сияқты терминдер осы сын есімдердің заттануы арқылы жасалған.

Тіліміздегі үстеу, есімдік сияқты сөздердің терминденуі өте сирек. Термин-

денген жағдайдың өзінде олар зат есім қатарына көшеді немесе тіркесті термин-

дер қатарында қолданылады.

Қазақ  тілінің  техника  саласына  қатысты  терминдерінде  де  осы  заңдылық 

сақталады. Әрине, аталған салада да сөз таптарының терминденуі түрлі дәрежеде 

жүзеге  асырылады.  Яғни,  техникалық  терминологияда  әр  сөз  табының  үлес 

салмағы әртүрлі болады. Олардың ішінде, әлбетте, басымдық алатын зат есімнен 

жасалған терминдер. Зат есім терминдер түбір күйінде де туынды зат есім түрінде 

де кездесе береді. Сөзіміз дәлелді болу үшін біз Қазақстан Республикасы Үкіметі 

жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен 31 томдық сөздіктің 

7- машинажасау саласына арналған томына талдау жасадық. Басқаша айтқанда, 

аталмыш  томдағы  қазақ  тіліндегі  терминдерді  сөз  таптарының,  соның  ішінде 

жасалу жолдары шегінде қарастырдық. Осы жұмыста зат есімді терминдердің 

көптігі дәлелденді.

Кесте 1 

Жұрнақ


Сөздіктегі сөз саны Мысалдар

1

2



3

-у жұрнағы. Қимыл 

атаулы  терминдер 

жасайды  

93 термин

Айналу (вращение), бе дер леу (насека-

ние), бүр ку (опрыскивание), жон ғылау 

(фрезерование),  май  лау  (смазывание), 

сұ йық талу (конденсация) т.б. 

-ғыш,  -гіш,  -қыш, 

-кіш жұрнағы.

65 термин

Тиегіш  (загрузчик),  шо ғыр  ла ғыш 

(кон цент  ра тор), тарт қыш (тя га), тең  -

гер   гіш  (ба  лан  сир),  сақ    тан   дыр  ғыш 

(пре  до хра  ни тель),  қо  рек  тен  дір гіш 

(питатель) т.б.

-ма,  -ме,  -ба,  -бе, 

-па, -пе жұрнағы 

35 термин

Айқастырма  (крестови на),  аспа  (под-

веска), бе кіт пе (закреп), белдеме (бур-

тик), қап тама (кожух), құрсама (обой-

ма) т.б. 



ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА

33

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

-лық,  -лік,  -дық, 

-дік,  -тық,  -тік 

жұрнағы 


33 термин

Жалғастық  (штуцер),  то лас татқыш 

(демпфер),  тоз  ған дық  (изношен-

ность), сын ғыш  тық (ломкость) т.б. 

-ша, -ше  жұрнағы  19 термин

Арқанша (тросик), ауызша (дульцо), 

аралықша  (мостик),  қалқанша  (щи-

ток),  қайрақша  (брусок),  қамытша 

(хомуток) т.б. 

-уыш, 


-уіш 

жұрнағы 


13 термин

Тежеуіш  (тормоз),  санауыш  (счет-

чик),  тіркеуіш  (сцепка),  тіреуіш 

(стойка), 

тиеуіш 

(погрузчик), 



бұрауыш (отвертка) т.б. 

-ыс, -іс, -с жұрнағы  8 термин

Бүгіс (сгиб), кептеліс (затор); кідіріс 

(выстой),  құйылыс  (сток),  үйкеліс 

(трение) т.б. 

-шық, 


-шік 

жұрнағы 


6 термин

Науашық  (желобок),  ер шік  (седло), 

кемершік (зап ле чик), айқаршық (крес-

тик), соташық (шток), тегершік (махо-

вик) 

-ық,  -ік,  -қ,  -к 



жұрнағы 

6 термин


Сызық  (линия),  қыспақ  (прижим), 

қарнақ  (штанга),  қырылдақ  (храпо-

вик),  тұғырық  (подставка),  тістеуік 

(кусачки) 

-ым, 

-ім, 


-м 

жұрнағы 


5 термин

Қосым  (присадка),  ойым  (впадина), 

пішім  (формат),  қысым  (давление), 

төсем (прокладка) 

-ғы,  -гі,  -қы,  -кі 

жұрнағы 


4 термин

Сүзгі  (фильтр),  жұлынғы  (выдра), 

бұрғы (сверло), бағдарғы (ориентир)

-шы,  -ші,  -хана, 

-шек,  -қақ,  -кек, 

-ын, -ін, -н жұрнақ-

тары 

Бұл  жұрнақтар  ар-



қылы  бірді-екілі 

тер                мин           дер  кезде-

седі.

Пішін  (форма),  іскек  (пинцет), 



күпшек (ступица), қайрақшы (заточ-

ник), ұстахана (кузница)

Жоғарыдағы  кестеде  көрсетілген  мәліметтер  бойынша,  аталған  сөздіктегі 

терминдерді жасауға қатысқан жұрнақтар арасында –у, -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш, 

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары өте белсенді 

қызмет атқаратындығы, -ша, -ше,  -уыш, -уіш, -ыс, -іс, -с, -шық, -шік, -ық, -ік, 

-қ, -к, -ым, -ім, -м, -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтарының белсенділігі орташа екендігі, 

ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА


34

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

ал -шы, -ші, -хана, -шек, -қақ, -кек, -ын, -ін, -н жұрнақтарымен бірді-екілі тер-

мин  ғана  жасалғанын  көреміз.  Бұл  көрсеткіш  бір  ғана  сала  сөздігін  талдауда 

анықталып  отырғандықтан,    техниканың  барлық  саласындағы  жұрнақтардың 

термин  жасауға  қатысу  деңгейі  осындай  деуден  аулақпыз.  Дегенмен  де,  осы 

мысалдардың  өзінен-ақ  техникалық  терминдерді  қалыптастыруға  белсенді 

қатысып  жүрген  жұрнақтарды  анықтауға  және  олардың  түбір  сөзге  жалғану 

арқылы оған үстейтін мағыналарына сай қандай ұғымға атау болатындықтарын 

анықтауға болады. 

Сонымен  бірге,  біз  жоғарыдағы  кестеде  тек  төл  сөздерге  жұрнақ  жалғану 

арқылы жасалған терминдерге тоқталдық. Ал техника саласында кірме термин-

дер  құрамындағы  түбір  тұлғасы  өзгеріссіз  қалып,  қосымшасы  қазақ  тіліндегі 

баламасымен  алмастырылуы  арқылы  жасалған  терминдер  жеткілікті.  Ондай 

терминдерді біз кірме терминдерге арналған тараушада талдайтын боламыз. 

Жалпы,  техникалық  терминдерді  жасауда  морфологиялық  тәсілдің  өзіндік 

орны бар. Әлемдік тілдер арасында жалғамалы тіл тобына жататын қазақ тілінде 

жаңа атау жасауда сөз тудырушы жұрнақтардың термин жасауда да үлесі мол 

екендігі сөздіктерде берілген техникалық терминдерді талдау кезінде анықталды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет