Сәрсенбі күні Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында 1 желтоқсан Қазақ­



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата07.02.2017
өлшемі11,84 Mb.
#3577
1   2   3

Әлімжан ҚИЯС.

иындыққа 

айыспаған 

айсар ана

Қ

«Ізденіс  жолы»  қоғамдық  қоры  мен  «Эру­



дит» интеллектуалды білім порталының ұйым­

дастыруымен  «ORDA­JUNIOR­2016»  атты 

облыстық мектеп оқушылары арасында ең үздік 

ғылыми  жұмыстардың  І  облыстық  байқауына 

№91 орта мектептен 5 бағыт бойынша 10 оқушы 

қатыстырылған болатын. Сол оқушылардың 9­ы 

қор  төрағасы  С.Жүзеевтің  ыстық  ықыласына 

бөленді. 

Атап  айтар  болсам,  физика  секциясы  бо­

йынша  ІІІ  дәрежелі  дипломмен  Мүсілім 

Нұрылла,  «Үкілі  үміт»  номинациясы  бой­

ынша  арнайы  дипломмен  Дильназ  Оралбай 

және  Айжан  Әбдіқами,  Аяулым  Құлахмет, 

Жанер ке  Кәти,  Гүлзира  Қали,  Аяулым  Лайық, 

Ақерке 

Көпберген, 



Қаракөз 

Әбдіқами, 

Гүлбану  Әбілқасым  алғыс  хатпен  марапатта­

лып,  мектеп  абыройын  асқақтата  түсті.  Осы 

оқушыларымызға  бағыт­бағдар  беріп  жүрген 

Гүлмира  Ахметова,  Базар  Жалымбетова,  Ин­

дира Жалымбетова, Ләззат Мүберекова, Айгүл 

Нұрмаханова,  Айнұр  Оразалы,  Гүлзат  Елеш­

ова  сынды  ұстаздарға  баланың  жұлдыз  бо­

лып  жарқырауына  өз  тәжірибелеріңіз  бен 

шеберліктеріңізді қоса беріңіздер дегім келеді. 

Гүлнұр САХИЕВА,

қосымша білім беру педагогы.



Болашаққа бастар жол

Қызылорда  қаласында  ерекше  қолдауды 

қажет  ететін  балалар  арасында  облыстық 

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты 

өнер фестивалі өтті. 

Шара  ерекше  қамқорлықты  қажет  ететін 

балаларға  қолдау  көрсетіп,  өнерін  шыңдауды 

мақсат етті. 

Байқауға 

психологиялық­медициналық­

педагогикалық консультация мекемесінен жал­

пы  мектепте  және  денсаулығына  байланысты 

үйден оқитын үш оқушы қатысып, өз өнерлерін 

көрсетіп қайтты. 

Нәтижесінде  «Үздік  орындаушы»  номина­

циясы  бойынша  №96  мектеп  оқушысы  Алмас 

Әділет  екінші  орын,  «Үздік  би»  номинациясы 

бойынша №226 мектеп­гимназияның оқушысы 

Ақерке Нұртай үшінші орын, «Үздік жасампаз» 

номинациясы  бойынша  №249  мектеп­лицей 

оқушысы  Дамир  Шарападин  екінші  орынды 

иеленді. 

Жүлделі орын иеленген балалар Қызылорда 

облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және 

әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының          

дипломы  және  бағалы  сыйлықтарымен  мара­

патталды. 

Айнагүл ЕЛЕУСІЗОВА,

Қазалы психологиялық­медициналық­

педагогикалық консультация мекемесінің 

дефектологі.



Бәріміз бірдейміз...

№776

7346


Мекен­жайымыз: 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №11 үй, E­mail: kazaly@bk.ru

Кезекші редактор  С.ҚАПАР.

сейсенбі,

Газет  редакцияның  компьютер  орталығында  теріліп, 

беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС

баспаханасында басылды.  

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.

Тел: 8 (7242) 40­06­68

Газет таралымы бойынша 21­6­94 немесе 

8 (7242) 70­14­08 телефондарына хабарласуға болады.



       Таралымы 7399             Тапсырыс №1471

№96 (884) Сенбі, 3 желтоқсан 2016 жыл.

Бас редактор

Дәурен ОМАРОВ

Орайы келген сұхбат

– Жүрсін Молдашұлы, қазіргі айтыс 

өнері басынан қандай кезеңді кешіруде?

–  Қазақтың  айтыс  өнерінің  қазіргі 

кезеңін  менің  атыммен  байланыстырады. 

Айтысты ойлап тапқан адам мен емеспін. 

Бұл  ғасырлар  бұрын  пайда  болып,  да­

мып  келе  жатқан  өнер  түрі  өзге  елдер­

де,  тіпті  еуропалықтарда  да  болған.  Гол­

ландттарда,  немістерде  де  бар  деген  де­

ректер кездеседі. Мұхтар Әуезов арабтар­

да  жанр  ретінде  дамығанын  айтады.  Төл 

өнерге  айналуының  ерекшелігі  –  қазақта 

сақталғанында болып отыр.

Бәріңізге белгілі, 80­ші жылдары ұмыт 

болып  бара  жатқан  өнер  халыққа  қызмет 

көрсете  бастады.  Жалпы,  Тәуелсіздікті 

дайындаған айтыс өнері болды деп айтсақ 

артық  емес.  Сонау  қызыл  империяның 

қылышынан  қан  тамып  тұрған  кез­

де  де  халықтың  рухын  көтерді,  оятты. 

Баяғы Алаш қайраткерлері сияқты бұл да 

Тәуелсіздікке  қалтқысыз  қызмет  істеді. 

Сөйтіп,  80­ші  жылдары  алысқа  бармай­

ды  деген  өнер  ХХ  ғасырда  дамыды.  Со­

сын осыншама жылдар аралығында қайта 

жаңғырып,  өнер  ретінде  түледі,  өсті. 

Салыс тырмалы  түрде  қарасақ,  80­жыл­

дардағы  айтыс  пен  қазіргі  айтысты 

салыстыруға  келмейді.  Өйткені,  қазір 

айтыстың  көркемдік,  интеллектуалдық 

деңгейі өсті. Айтыс өнерінің дәрежесі жаз­

ба поэзиямен бақталаса бастады. 

Айтысты  көтеріп  берген  жекелеген 

азаматтар бар. Кешегі 80­ші жылдары біз 

бастаған  кезде  Манап  Көкенов,  Қалихан 

Алтыбаев, Көкен Шәкиев, Тәушен Әбуова, 

Шынболат Ділдебаев деген сияқты ескінің 

көзін көрген ақындар болды. Енді солардың 

ізіне жастар ерді. Бірақ бұлардың барлығы 

бір жағынан, Құдай талант берген адамдар. 

Екінші, сол талантты тілімен байытқан ин­

теллектуал ақындар келген қазір.

–  Бір  кезде  Дәулеткерей  Кәпұлы, 

Мэлс  Қосымбаев  сияқты  үлкен  лек 

шықты. Қазіргі айтыс бағыты қандай?

–  Айтысты  ақырын  бақылап  отыр­

сақ,  бір  ақын дардың  дәуірлеп  жүрген 

кезі  болады.  Мысалы,  бір  кездері 

Әзімбек  Жанқұлиевтің  де  дәуірі  жүрді. 

Мұхамеджан Тазабековтің де рөлі, Аман­

жол  Әлтаевтың  да  дәурені  болды.  Сон­

дай  ақындар  бабына  келе  ме,  халық 

құрмет­қошеметімен 

қанаттана 

ма, 

солардың  дәурені  жүріп  тұрған  кез  бол­



ды.  Сіз  айтқан  Дәулеткерейдің  тұсында 

да  айтыс  басқа  жолға  түсіп  кеткен. 

Ақындар  ат  сүрінгенше  сөз  табады.  Ай­

тыс  –  суырыпсалмалық  өнер.  Бірақ  қазір 

дайындық  деген  пайда  болды.  Мысалы, 

Біржан  мен  Сараның  айтысы  болды  деп 

есептесек, екеуі де дайындалмай айтысты 

деуге келмейді. Біржан Арқадан Жетісуға 

барғанша қарсылас жағының арғы­бергі та­

рихын, ондағы билер, байлар, сорлыларын 

түгел дайындап барды ғой. Сондай қазіргі 

ақындар да дайындалады. Күні бұрын ма­

териал  жинайды,  сөздерін  жұптап  қояды. 

Сосын  жауаптасу  үстінде,  әрине,  ауыспа­

лы өнер ары қарай дамытыла береді. 

– Қазіргі айтысқа тыңнан түрен са-

лып, жаңалық болып келген тұлпарды 

айта аласыз ба?

– Айтамын. Біреу емес. Соңғы үш­төрт 

жылда  ақындарды  «Нұр  Отан»  партиясы 

қамқорлыққа  алды.  Былтыр  ЮНЕСКО­

ның  материалдық  емес  мұралар  тізіміне 

ендік. Азаматтар қолдауда. Билік те теріс 

қарамайды.  Сондықтан  Қазақстанның 

түкпір­түкпірінен  тұтас  бір  ақындар  легі 

келе  жатыр.  Бұрын  ел  танымаған  жаңа 

ақындар сахнаға шығуда. Шыққандардың 

ішінде лезде халықтың көңілінен табылып, 

жұлдызға  айналған  ақындар  бар.  Бұрын 

Павлодардан ақын шықпайтын еді. Қалың 

орыстың  арасынан  Аспанбек  Шұғатаев 

шықты. Әлеуетті, мықты, халықтық фоль­

клорды  жақсы  білетін  арынды,  арқалы 

ақын.  Болмаса,  Алматыдан  шыққан 

кешегі  Оразалы  Досбосыновтың  шәкірті 

Болатбек  Оразбаев  деген  жігіт  керемет 

айтыстар  жасап  жүр.  Феномен.  Алла­

ның  қазаққа  берген  сыйы.  Еркебұлан 

Қайназаров деген астаналық ақын кез кел­

ген  тақырыпта  орып  сөйлеп,  образыңды, 

поэзияның  құралдарының  бәрін  пайдала­

нып,  халықтың  көңілінен  шығатын  жол­

дар  айтып  келе  жатыр.  Осындай  қыз­

жігіттер  көп.  Әсіресе,  бұрын  ақындар 

шықпаған  өңірлерден  ақындар  көптеп 

шығуда.  Бір  айта  кетерлік  мәселе,  Айман 

Мұсаходжаева басқаратын Өнер академи­

ясынан былтырдан бері айтыс деген бөлім 

ашылды.  Биыл  төрт  бала  қабылданды. 

Мұнда  оқып  жатқан  жап­жас  балалар  кез 

келгенімен  екі­үш  жылдың  ішінде  үлкен 

сахнада  халыққа  сөз  айтатын  дәрежеге 

жетіп  қалды.  Қазалы  жеріне  де  солардың 

үшеуі келді. 

– Бір жүйе құрылды дейсіз ғой...

–  Осыдан  бес  жыл  бұрын  айтыс 

ақындары  мен  жыршы­термешілердің 

Одағын  құрдық.  Бұл  кәдімгі  республи­

калық  бірлестік  ретінде  жұмыс  істеп  жа­

тыр.  Жұмысы  –  айтыс  ақындарын  тәр­

биелеу,  баулу,  үйрету.  Осыдан  бір­екі  ай 

бұрын  Алматы  қаласының  әкімі  Бауыр­

жан  Байбек  Алматыдан  айтыс  сарайын 

ашып берді. Өмірі болмаған нәрсе – тоғыз 

ақынға  штат  берілді.  Сол  жерде  ақындар 

мектебі  жұмыс  істеп  жатыр.  Олардың 

барлығы  айтыстарды  жүйелеу,  ақындарға 

бағыт­бағдар беру, үйрету, тренингтер, се­

минарлар,  ғылыми­практикалық  конфе­

ренциялар өткізу арқылы ақындар дамуда.



–  Ақындар  қатты  айтып  қалады. 

Соның ауыр жүгін сіз көтереді деп жа-

тады.

– Компартияның кезінде ауыр партия­

лық сөгіс алған, жұмыстан шығып кетуге 

айналған адам едім. Қазіргі кезде де қанша 

қамқорлыққа  алды  дегенмен,  ақындар 

бәрібір  халықтың  сөзін  сөйлейді.  Кімнің 

аяғынан  ас  іштім  екен  деп  жалтақтамай, 

ойындағыларын  айтып­айтып  жібереді. 

Жоғарыдағы билікте отырған азаматтарға 

түсіндіруге тырысамыз. Өйткені, біз қазақ 

сөз  баққан  елміз.  «Ер  болсаң,  бопсаға 

шыда» дейді. Бір ауыз сөзге түсіністікпен 

қара  деп.  Бізге  жағаласып  өмір  сүру  ке­

рек.  Сын  болмаса,  мақтау­мадақ  ай­

тыс  емес,  құр  концерт.  Соңғы  кездегі  ай­

тыс, ең бастысы, айта білу. Бірақ оған да 

шеберлік  керек.  Күрделі  мәселенің  өзін 

тігісін  жатқызып,  тұспалдап,  нышандап 

айту  деген  үлкен  ақындық  қабілетті  та­

лап  етеді.  Айтыс  та  жағдайға  бейімделіп 

келе  жатыр.  Ауаға  жайылған  арзан 

сөздер  өтпей  қалады.  Сондықтан  қазіргі 

айтыстың  дәрежесі  мүлдем  басқа  деп  ай­

тып отырғаным осы.



– Тәуелсіздіктің 25 жылдығы айтыс-

қа  не  берді.  Айтыс  Тәуелсіздікке  не 

берді?

–  Тәуелсіздік  дегенімен,  біз  әлі  ру­

хани  тәуелсіздікті  түгелдеп  болмаған 

елміз.  «Мәңгілік  Ел»  тұғырнамасы  аясы 

болашақта  тұр.  Біздің  санамыз  әлі  де 

құлдық  санадан  ажыраған  жоқ.  Бірақ  ай­

тыс  шама­шарқынша  тәуелсіздікті  жыр­

лады.  Оған  пәлендей  ештеңе  бермесе  де, 

маған айтыс әлі де Тәуелсіз елге қалтқысыз 

қызмет  етіп  жүрген  бірден­бір  өнер  бо­

лып көрінеді. Халық арасында қордаланып 

қалған күрделі ойларға қозғау салу, мәселе 

көтеру  айтыстың  әлі  де  мойнында  тұр. 

Біреулер  айтысты  не  бітірді  деп  жата­

ды.  Айтыс  нақты  шешпейді,  мәселелер 

қояды, қоғамдық ортаға ой тастайды, пікір 

қоздырады.  Мінекей,  осы  бағытта  қызу 

жұмыс  істейді.  Айтыс  –  халыққа  өтімді 

өнер.  Эстраданың  жарқыл­жұрқылынан, 

газеттің  таптаурын  болған  жаттанды 

сөздерінен гөрі айтыстың үстінде айтылған 

сөз  қазақтың  санасына  тез  жетеді.  Жал­

пы осы бағытта өз міндетін адал атқаруда. 

Мәселе менің жазалануым, қудалануымда 

емес.  Алғашқыда  шамданып  қалып 

жүрдім.  Қазір  түсіністікпен  қараймын. 

Қызметтен  қуса  қолымды  төбеме  қойып 

кете  беремін.  Бірақ  шамам  келгенінше 

айтыстың  жұмысын  атқарамын.  Ақындар 

арасында  жаңа  буын  өсіп  келе  жатыр. 

Сондықтан  қазір  қоғам  айтыспен  санаса­

тын болды.  

Өткен  ғасырдың  90­шы  жылда­

ры  қазақтың  қалталы  азаматтары  айтыс 

өнерін  қолдайтын.  Олардың  қатарында 

Амангелді  Ермегияев,  Өмірзақ  Сәрсенов, 

Нұртай  Сабильянов,  Мұхтар  Құл­

Мұхаммедтер  болды.  Қазір  олардың 

барлығы  сәл  ығысыңқырап  қалды.  Бұл 

жерде  екі  нәрсе  болуы  мүмкін.  Олар  ай­

тысты  қолдау  арқылы  өздерінің  де 

мұраттарын  көздеді.  Депутат,  министр 

болудың  жолдарын  іздеді.  Қазір  ондай 

азаматтар  сирек.  Бірақ  қолдарында  билігі 

бар  біршама  азамат  айтысқа  оң  қарайды. 

Қызылорда  облысының  әкімі  Қырымбек 

Көшербаев,  Ақтөбе  облысының  әкімі 

Бердібек  Сапарбаев,  Атырау  облысының 

әкімі  Нұрлан  Ноғаев,  Павлодарда  әкім 

болған Бақтықожа Ізмұхамбетов. 



–  Қазір  қоғамда  ушығып  тұрған 

мәселенің  бірі  жастардың  радикал-

ды  бағытқа  бой  алдыруы.  Айтыскер-

лер  арасында  бұл  мәселе  қандай?  Кей-

біреулер  сондай  ұстанымдағы  азамат-

тар айтыста да жүр дегенді айтады...

– Жасыратыны жоқ, төрт­бес жыл бұрын 

радикалды  ағымдардың  өкілдері  айтысты 

пайдаланып,  сол  жолға  қарай  бұрмалады. 

Соның  жетегінде  кетіп  қала  жаздағанын 

байқап,  одан  арылту  бағытында  жұмыс 

істедік.  Өкінішке  қарай,  ақша,  көлік,  үй 

сияқты  материалдық  дүниелерге  алда­

нып, сондай дәстүрлі емес ұстанымға кетіп 

қалған ақындар да бар. Балғынбек Имаш­

ев қандай тамаша ақын еді. Осындай әрі­

сәрі болып жүрген ақындар бар. Дәстүрлі 

дінге  қарсылығымыз  жоқ.  Бірақ  радикал­

ды  ағымдарға  ақындарды  жібермеуге  ты­

рысамыз.

– Биыл эфирден жиі көрініп жүрсіз...

–  Мен  үнемі  көрініп  жүрмін.  «Той 

жыры»,  «Дара  жол»,  «Пай­пай­25», 

«Көңіл  толқыны»,  «Егіз  жүрек»  деген 

бағдарламалар  түсіріп  жатыр.  «Айтуға 

оңай»  бағдарламасы  жиі  хабарласа­

ды.  «Тақырыптарың  қандай?»  деймін. 

Өткенде әмеңгерлік туралы әңгіме айтуға 

шақырады.  Әмеңгерлік  біздің  ауылда, 

менің  ұғымымда  жоқ  нәрсе.  Өз  жолым, 

көкейімде  қордаланған,  өзіме  қатысты 

тақырыптар болады. Шақырсын, бас тарт­

паймын. Әйтпесе, сөздің де құны кетеді.

–  Сіз  үшін  Қазалыда  өткен  тойдың 

маңызы қандай?

–  Қазалыға  айтысты  үшінші  рет 

әкелдік.  Мұнан  бұрын  Жанқожа  ба­

тыр,  «Асандар  көтерілісі»  құрбандарына 

арналған шарада республикалық деңгейде 

айтыстар ұйымдастырылды. Айтыстың ал­

дында  ғылыми  конференция  болды.  Сол 

конференциядан  өзім  мол  мағлұмат  ал­

дым.  Ақындарды  ертіп  бардым.  Халыққа 

сөз  айту  үшін  білім  керек.  Айтыс,  айтыс 

болғанымен,  халыққа  үлкен  ұлттық  ду­

ман. Парасат­пайымды байытады. Тойдың 

маңызы емес пе осы?!

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан 

Ибраш ӘЛИ.

“Сын болмаса, мақтау-мадақ 

айтыс емес, құр концерт”

Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  арналған  шараға  арнайы  шақырылған  құрметті  қонақтар 

қатарындағы  Қазақстан  Республикасына  еңбек  сіңірген  қайраткер,  М.Мақатаев  атындағы 

сыйлықтың екі мәрте лауреаты, ақын, журналист Жүрсін Ерманмен сұхбаттасудың сәті туды. 

Қазақтың айтыс өнерін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген ұлттық өнер жанашырынан айтыс 

өнерінің бүгінгі беталысы туралы сұрақтарымызға жауап алдық.

Кездесу

Сәуле шашқан зердеге қылқаламмен

Спорт

Абай  ауылында  Тәуелсіздіктің 

25  жылдығына  орай  Сарыкөл 

ауылдық округі әкімшілігі мен ауыл 

жастарының 

ұйымдастыруымен 

шахмат  және  дойбыдан  жарыс 

өткізілді.  Жарысқа  ауыл  тұрғын­

дарынан 25 адам қатысты. Спорттық 

шараны  ауыл  әкімінің  уақытша 

міндетін 

атқарушы 

Алпысбай 

Қожахмет  ашып,  Тәуелсіздіктің  25 

жылдығымен  құттықтап,  жарысқа 

қатысушыларға сәттілік тіледі.

Нәтижесінде,  шахматтан  Алдан 

Ибайдаев,  Айдар  Ермауыт,  Асыл­

хан Бердімұратов үздік деп танылса, 

дойбыдан  ӘлішерТоқмырза,  Талап 

Мереев,  Самат  Асылбек  жүлделі 

орындарға ие болды. Жүлдегерлерге 

арнайы  дипломдар  мен  сыйлықтар 

табыс етілді. 



«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.

Шахмат пен дойбыдан 

жарыс өткізілді

деген екен

Атымды келін 

бала біледі

Сарыбұлақ  ауылының  қойшы сы  Нәсіреддин 

жоғалған  малын  іздеп  көрші  аудан ның  жайлауын­

да отырған бір қойшының үйіне келеді. Сыртта жүрген 

келін  аттылы  кісіні  көріп,  үйге  кіріп  кетеді.  Төрде  жатқан 

ақсақал:


– Кім екен келген? – деп сұрайды.

–  Білмеймін,  біздің  жақтың  кісісіне  ұқсамайды,  домаланған,  кіп­

кішкентай бір тапал шал аттан түсіп жатыр, – дейді.

Киіз үй болғасын іштегі әңгіменің сыртқа естілетіні белгілі. Нәсекең 

атын қазыққа асықпай байлап, үйге кіріп, төрдегі ақсақалмен аманда­

сады. Сол арада келін де дастархан жайып, шайдың қамын дайындай 

бас тайды.

Үйдің иесі жөн сұрайды:

– Иә, жол болсын, кім боласыз, қайдан келесіз?

–  Сәті  түссе,  жолым  болар  деп  шыққан  жоқ  іздеушімін,  ал  аты­

жөнімді осы үйдегі келін бала білетін сияқты домаланған тапалмын, – 

дейді Нәсекең.

Ұялғаннан  қып­қызыл  болып  кеткен  келін  сыртқа  атып  шығып, 

қайтадан кіріп басын иіп, сәлем салып, кешірім сұрапты.

– Кешірдім қалқам, енді шәйіңді құя берсең де болады, – деген екен 

Нәсекең.


Сәдуақас ЖҰБАТОВ.

Жүрсін ЕРМАН:

Еліміздің егемендік алып, тәуел­

сіз  мемлекет  болғанымызға  биыл 

25  жыл  толып  отыр.  Айтулы  мере­

ке  қарсаңында  Қазалы  аудандық 

білім  бөлімі  және  оқушылар  үйі­

нің  ұйымдастыруымен  «Сәуле 

шашқан  зердеге  қылқаламмен» 

атты  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 

қайрат кері,  суретші  Қайырбай 

Зәкірұлымен  кездесу  кеші  болды. 

Басқосудың  негізгі  –  мақсаты  Сыр 

елінің  танымал  тумасы,  суретші 

Қ.Зәкірұлының  шығармашылығын 

кеңінен  таныту.  Кездесу  кеші  26 

қараша  күні  оқушылар  үйінің  әсем 

безендірілген үлкен залында өтті.

Шындығында  халықтың  зерде­

сіне  қылқаламмен  сәуле  шашқан, 

бойына  киелі  өнердің  жақұтын 

жиған,  сурет  өнерінің  майталма­

ны,  ақынжанды,  сегіз  қырлы,  бір 

сырлы,  қазақтың  бір  туар  азама­

ты  –  Қайырбай  ағамыздың  аты 

Қызылорда  облысына  ғана  емес, 

рес публика  көлеміне,  алыс­жақын 

шет  елдерге  де  танымал.  Бүгінгі 

күні аты әлемге танымал суретшіні 

етене  білу  үшін  суретшінің  өмірі 

мен шығармашылығын терең зерде­

леген дұрыс.

Қазақстан Суретшілер одағының 

мүшесі Қайырбай Зәкірұлы Қызыл­

орда  облысы,  Арал  ауданы,  Арал­

құм  бекетінде  1945  жылдың  25 

ақпанында  дүниеге  келген.  Оның 

бойынан  әу  бастан­ақ  суретшіге 

тән  қабілеттер  байқалған.  1968 

жылы  Алматыдағы  көркемсурет 

училищесін,  кейін  Абай  атындағы 

Қазақ  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының 

көркемсурет­гра­

фика  факультетін  тәмамдаған. 

Қ.Зәкірұлы – бүгінде қазақ бейнелеу 

өнерінің  белді  майталмандарының 

бірі.  Туындылары  1974  жылдан 

бері  халықаралық,  республикалық 

көрмелерге  қатысып  келе  жатқан 

суретшінің  еңбегі  мемлекет,  қоғам 

тарапынан  еленбей  қалған  емес. 

Қ.Зәкірұлы  әр  жылдары  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  сти­

пендианты,  «Қазақстан»  телера­

диокорпарациясының 

«Самғау» 

ме  далінің иегері атанған. Еңбектері 

елімізде  ғана  емес  Қытай,  Жапо­

ния,  АҚШ,  Франция;  Португа­

лия,  Марокко,  Йемен  секілді  шет 

мемлекеттердегі өнер мұражайлары­

на  да  қойылған.  Әбілхан  Қастеев 

атындағы 

Мемлекеттік 

өнер 


мұражайында,  Ресей  Федерациясы 

Мәдениет  министрлігінің  қорында, 

бұрынғы  Кеңес  Одағы  елдерінің 

көркемсурет  мұражайларында  да 

туындылары сақтаулы тұр.

Қ.Зәкірұлы  шығармашылықпен 

талмай  еңбек  етуімен  қатар,  елі­

міздің  қаймақтары  –  ақын­жазу­

шылармен, 

өнер 


тарландары­

мен,  қоғам  қайтаркерлерімен  ете­

не  ара ласып,  сіз­бізі  жарасқан 

жан.  Қазалы  топырағының  бірегей         

тумалары,  ақын­жазушы  Рүстем 

Жанай,  Жетіскен  Мәкеналы  сын­

ды  өнер  тарландарымен  араласты. 

Өмірде  де,  өнерде  де  бірге  жүрген 

жақын  достардың  бір­біріне  де­

ген  сыйластығы,  құрметі  жүрек­

жарды  өлең  жолдарында  көрініс 

табады.  Ақын­жазушы  Рүстем 

Жанайдың «Бөлек бітім», Жетіскен 

Мәкеналының «Теңізден бе, Сырдан 

ба?» өлеңдері соның айғағы. Кезде­

су  барысында  жақын  достарының 

өлеңдерін  оқушылар  үйінде  үйірме 

мүшелерінің    жатқа  көркем  орын­

дауы – суретші ­ ақынның  жүрегіне 

жылу  ұялатып,  туған  жер  төсінде 

жақын достарының ізін көріп, көңілі 

толқыды. 

Кездесуге 

жиналған 

қауым  атақты  суретшіге  түрлі  сұ­

рақтар  беріп,  өміріндегі  қызықты 

кезеңдер 

жайлы 


естеліктеріне 

қанықты. Қайырбай аға сурет өнері­

нің құдіретімен қыр­сырлары жайлы 

қызықты  етіп  әңгімелеп  берді.  Бір 

кездері  ақын  Асқар  Тоқмағамбетов 

ағамыз:


– Қайырбай! 

Қайырға біткен қайыңдай. 

Айтып жібер бір өлең, 

Жұрт  көңілін  қайырмай,  –  деп 

Қайрекеңнің  шабытына  шабыт  қо­

сып,  суретшіні  тағы  бір  қырынан 

танытқан еді. Ағамыз «Жігітке жеті 

өнер де аз» дегендей өнердің қай са­

ласынан  болса  да  құр  алақан  емес. 

Бейнелеу өнерінің шебері – елімізде 

ақындық  өнерімен  де  танылып 

жүр.  Қ.Зәкірұлының  «Шалқасынан 

туған  ай»  атты  өлеңдер  жинағы 

жарық  көрген.  Осы  кеште  ақын 

шығармаларынан  үзінділер  оқыған 

аудандық  оқушылар  үйінің  үйірме 

мүшелерін 

жұртшылық 

жылы 


қабылдады.

«Ел  құлағы  –  елу»  деген. 

Қайырбай  ағамыз  қазақтың  жеті 

өнерімен  ғана  шектелмеген,  оның 

қазақтың  қара  домбырасымен  де, 

гитара аспабымен де еркін әуелетіп 

ән  салуды  жанына  серік  еткен 

деседі.  Сол  сөзімізді  растау  үшін 

кеш  кейіпкерінен  қонақкәде  сұрап, 

өнерін  көрсетуді  өтіндік.  Жараты­

лысынан  дара  туған  азамат  дом­

бырасын  қолына  алып,  әсем  саз­

ды  қоңыр  үнімен  термелетіп  кеп 

жіберді.  Артынша  жастық  шағын 

еске ала отырып, гитара аспабында 

да бірер ән шырқап берді. Сол кезде 

еріксіз «мына кісінің басынан баш­

пайына дейін өнерге тұнып тұр ғой» 

деген  ойда  боласың.  Көрерменнің 

ризашылығында  шек  болмады. 

Әсіресе  суретшілер  қауымы  ерек­

ше көңіл­күйде отырды. Кеш бары­

сында  ауданымыздың  суретшілер 

қауымының  көшбасшысы,  қыл­

қалам  өнерінің  шебері  –  Тастай­

бек  Иманғалиұлы    сөз  алып, 

жүрекжарды  тілегін  білдірді.  Кез­

десу  кешін  аудандық  білім  бөлімі 

білім  және  ғылым  қызметкерлері 

кәсіподақ  ұйы мының  төрағасы 

Әбілқасым  Қуантайұлы  қоры­

тындылап, суретші­ақынға алғы сын 

білдірді. Кездесу кешінде оқушылар 

үйі нің  «Қыз  Жібек»,  «Балдырған» 

биші лер  тобы,  жас  әншілер:  Ары­

станбек  Есентаев,  Әсет  Қуандық, 

Елмұра  Сабыр,  Самат  Андақұл, 

Гүлжайна  Қуанышбаева,  Жаннұр 

Ағыбай,  Жансая  Сағырбек  сынды 

өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, 

көпшіліктің ықыласына бөленді. 

Саңлақсың халқың әркез 

бағалаған,

Еңбегің жүректерден 

орын алған.

Қыраны Алашымның самға биік,

Жұлдыздай жарқырай бер, 

Қайыр ағам! 

– деп жырлаған жас ұландардың да­



уысы көпке дейін қалықтап тұрды.

Бақыт ЗАРИПОВА.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет