кейінге сақтап, ол турасында лəм демеді. Ертемен кімді жұтсақ
екен деп арандарыңды ашып тұрсыңдар. Туған бөлесі Ғанидың
күні кешеге дейінгі бар өмірі есінде (М. Дүзенов). Ертең бе? –
Ол председательдің жауап беруіне де мүмкіншілік бермейді.
Ертеңнен қалдырмаңыз (Ə.Нұршайықов). Сонымен, бұл факті-
лерден үстеулерден тек септік жалғаулы тұлғада меңгеріле байла-
нысатын тіркестер қалыптасқандығын байқаймыз. Онымен бірге,
үстеулердің шылаулар жетегінде тіркесетін түрлері де пайда бол-
ды (Бүгінге дейінгі өмір, т.б.). Ал күшейткіш үстеулер сын есім,
үстеулерге күшейткіш мағына берумен бірге өздері де дербес
қолданылатын дəрежеге жетті [34,20]. Өте асықты, өте ұрысты,
өте кейіді, тым мақтады, т.б. Бұл құбылыс тіл құрамында
болып отыратын ықшамдау процесінің нəтижесі екендігі айқын.
Сондай-ақ əрине үстеулердің тіркес құрау қабілетінің кеңеюін
де көрсетеді.
Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде есім-
дер мен етістік жұмсалатыны қалыптасқан заңдылық. Ал үстеу-
лер негізінде бағыныңқы сыңар қызметінде жұмсалатын сөздер
тобына жатады. Алайда қазіргі əдеби тілімізде үстеулердің ба-
сыңқы сыңар қызметінде жұмсалу процесі пайда бола бастағанын
көруге болады. Мысалы: Көзін уқалап ашқан халық бұған аң-таң.
Əрине, одан қат-қабатта нақтылы жауап күте қою əзір ерте-
ректеу (М. Дүзенов) тəрізді сөйлемдер құрамындағы аң-таң, ер-
222
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
теректеу үстеулері басыңқы қызметте қолданылған. Бұл əдеби
тіл құрамындағы тілдік элементтердің функциялық дамуының
нəтижесі болса керек.
Қазіргі тілімізде көмекші сөздердің қатынасы арқылы сөз
тіркестерінің жасалуы кең құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс – тек
соңғы кездің жемісі. Өйткені ескі ескерткіштер тілінде көмекші
сөздер өте аз [35, 49], тіпті ХVІІІ ғасыр нұсқауларының тілінде
қазіргі тіліміздегі шылаулардың көпшілігі кездеспейді [36, 146].
Бұдан мынадай жайды аңғаруға болады. Қазіргі тіліміздегі шы-
лаулардың кеш қалыптасуы. Қазіргі тіліміздегі көмекші сөзді
тіркестер сала-сала ретінде қалыптасты.
2. Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңарлары
Сөз тіркесіне қатысты негізгі мəселенің бірі – оның басыңқы
сыңарлары.
Сөз тіркесінің байланысу формалары, тəсілдері мен синтак-
систік қатынастары оның бағыныңқы сыңарына қарай, ал сөз
тіркесінің түрлері оның басыңқы сыңарына қарай айқындалады.
Осы күнгі орыс тіл білімінде сөз тіркестері басыңқы сыңарын
бірнеше топқа бөліп қараушылық басым болса, ал қазақ тіл
білімінде оны тек есімді немесе етістікті сөз тіркестері деп
қана бөліп келеміз. Бірақ кейде осы айтылған түрлері туралы
қайшылықтар да кездесіп отырады. Сөз тіркестерінің байланысу
формаларына қиысу, қабысу, матасу жəне меңгеру жатады. Біздің
арнайы тоқталмақ мəселеміз, олардың басыңқы сыңарларының
өзіндік ерекшеліктері, жасалуы.
Сөз тіркестерін көптеген ғалымдар сөз таптарының негізін-
де топтаса, кейде сөйлем мүшелерінің аясында топтайды. Ал
А.П. Поцелуевский детерминативті салалас бағыныңқылық
жəне сөйлемдік тип деп өзіндік топтау жасайды. Жалпы алғанда
сөз тіркестерін басыңқы сыңарына қарай көбіне сөз таптары
негізінде топтау басым. Бірақ ол принципті қолданғанымен,
орыс тілі жəне түркологиялық ғалымдар арасында бірізділік жоқ.
Сөз тіркесінің басыңқы сыңары туралы бір тілдегі еңбектердің
өзінде де бірізділік жоқ. Оны мынадан көруге болады. Виногра-
дов В.В., Валгина Н.С. сөз тіркестерін басыңқы сыңарына қарай
223
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
есімді, етістікті жəне үстеулі деп бөлсе [37, 32], Шведова Н.Ю.,
Белошапкова В.А. етістікті, субстантивті объективті жəне үстеу-
лі [38, 66], ал Бабайцева В.В., Максимов Л.Ю. есімді, етістікті,
есімдікті үстеулі жəне категория состояния деп 5-ке бөліп бе-
реді [39, 43-44]. Шведова Н.Ю. соңғы кезде сөз тіркестерінің
басыңқы сыңарына компаратив форма деген бесінші түрді де
ұсынады [40, 79]. Міне, бұл классификацияларға қарағанда, орыс
тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңарының есімді, етістікті, үс-
теулі, субстантивті, объективті, есімдікті, категория состояние,
компаратив сияқты бірнеше атауларын көруге болады. Түрколо-
гияда да сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай былайша
топтау бар.
1. Н.К. Дмитриев, А. Əбілқаев сөз тіркестерінің басыңқы сы-
ңарларын тіпті елемейді. Олардың еңбектерінде ол туралы сөз де
болмайды [41].
2. Е.И. Убрятова, А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, К. Бердімұ-
ратов, Ə. Нұрмаханова, Р. Əміров, Е. Дəуенов, т.б. тек есімді, етіс-
тікті сөз тіркестері деп бөлсе [42], ал проф. М. Балақаев есімді
етістікті басыңқы сыңарларының тек бір байланысу формасының
негізінде ортақ басыңқы сыңарды, ал А. Жапаров оған комплекс-
ные формы дегенді қосса [43, 19], К. Аханов, М. Серғалиев үс-
теулі сөз тіркесі деген басыңқы сыңарды да енгізген [44]. Міне,
сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай түркология мен
қазақ тіл білімінде есімді, етістікті, үстеулі, ортақ басыңқы жəне
комплексті форма деген түрлерін кездестіреміз. Бұған қарағанда,
орыс тілі немесе түркологиялық əдебиеттерде сөз тіркестерінің
басыңқы сыңарын топтауда сөз табы жағынан қарастырғанмен,
оларға қатысты сөз таптары мен олардың қолданылу аясы жа-
ғынан бірізділік жоқ.
Сөз тіркестерінің байланысу формаларымен қатар оның ба-
сыңқы сыңарының қызметі ерекше. Өйткені сөз тіркестері не-
гізінде толық мағыналы екі сөзден құралатын болса, соның бірі
бағыныңқы, ал екіншісі басыңқы қызметте жұмсалатыны айқын.
Əрине бағыныңқы сыңарлардың байланысу формаларын айтқан-
да арнайы сөз ететініміз белгілі. Ал сөз тіркесінің басыңқы
сыңары туралы жоғарыда айтылған орыс тілі немесе түрколо-
гиялық пікірлерді көрсетуге болады.
224
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
К. Аханов, М. Серғалиев
[45, 390] сөз тіркестерінің басыңқы
сыңарын есімді, етістікті дей келіп, оған ІІІ топ етіп үстеуді сөз
тіркестерін де қосады. Біз олардың үстеу де басыңқы қызметте
жұмсалады дейтін пікіріне қосыла алмаймыз. Орыс тілімен са-
лыстырғанда қазақ тіліндегі үстеулер сөйлемде көбіне қимылға,
кейде есімдерге қатысты жұмсалуға бейім. Солай қалыптасқан да.
Сондықтан үстеудің сөйлемді немесе сөз тіркестерін тиянақтау
процесін əзірше көркем əдебиет мысалдары дəлелдей алмайды.
Қабысу басыңқы сыңарына қарай есімді жəне етістікті, матасу
тек есімді, ал меңгеру есімді, етістікті жəне оған ортақ меңгеру
деп əртүрлі беріліп жүр. Осы жағынан алғанда сөз тіркестерінің
байланысу формалары, олардың басыңқы сыңарының арасында
өзіндік айырмашылық бар.
Сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары көбіне есімді, етістікті
делінетін болса, ал сөйлемдегі тиянақтаушы баяндауыштар-
ды есімді, етістікті жəне құрама баяндауыш деп үшке бөліп қа-
растырамыз.
Əрине, біз бұл арада сөз тіркестерінің есімді, етістікті түрлері
мен баяндауыштың есімді, етістікті түрлерінің өзара сай екен-
дігін, бірін-бірі əрі сөз тіркесі, əрі сөйлем мүшесі жағынан жан-
жақты айқындалатынына дау келтірмейміз.
Осы арада негізгі мəселе құрама баяндауыш пен сөз тіркесте-
рінің меңгеріле байланысу формасындағы ортақ меңгеру түрі
туралы болмақ. Алдымен құрама баяндауыштардың оқулықтарда
берілу дəрежесіне, жасалуына шолу жасалық. Құрама баянда-
уыштардың берілуіне көз жіберсек, мынаны байқауға болады.
Қазіргі əдеби тілдің материалы бойынша есімді, етістікті
баяндауыш сияқты құрама баяндауыштар тілде өте мол кезде-
седі. Бірақ лингвистикалық жағынан орынды алынған əрі оған
сай материалы мол мұндай тілдік фактілер кейбір оқулықтарда
ескерілмей де келеді [46].
Жалпы алғанда құрама баяндауыш есімді баяндауыштың
негізінде жасалатыны белгілі. Осы күнге дейін есімді, етістікті
баяндауыштардың барлық оқулықтарда да арнайы берілуі
жалпы олардың тілдегі қалыпты орнын дұрыс көрсетуінен бе деп
білеміз.
Міне, осы сияқты жан-жақты конструкциялы құрама баян-
дауыштар – сөйлемді тиянақтауда басты тұлға. Бірақ мұндай
225
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
баяндауыштардың түрі тек сөйлем мүшесіне сай қарастырылып
келеді. Сөз тіркестерінің етістікті түрлерінен басқа да басыңқы
сыңарларының бар екендігі қазіргі кездегі ғалымдардың наза-ры-
на ілініп жүр.
Проф. М. Балақаев бұл мəселе жөнінде «О комбинированном
управлении прямого дополнения в казахском языке» деген ма-
қаласында арнайы сөйлем мүшелері туралы сөз қозғай келіп,
сөз тіркесінің мəселесіне де ауысып отырады. Сөйтіп, автордың
ортақ меңгеру деген термині негізінен 1954 ж. академиялық грам-
матикаға
[47, 44] жəне 1962, 1971 жылғы «Қазіргі қазақ тілі»
оқулықтарына енгізілді [48].
Автор оқулықта: «Меңгеру – сөз тіркестеріндегі бағыныңқы
сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жал-
ғауларының бірінде тұрып байланысуы: меңгерілетін сөз табыс,
барыс, шығыс, жатыс, көмектес (іліктен басқа) жалғауларының
бірінде тұрады да, меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің
ортақтастық тобы болады», – дейді. Осыған қарай меңгеруді
үшке бөледі. Осы пікірді Ə. Əбілақов та қолдайды [49, 37].
Р. Əміров сөйлеміндегі «...тайында қысыр емді, байталын-
да құлын тастады» сөз тіркестерінің басыңқы сыңарындағы есім
мен көмекші етістіктердің бірігіп келуіне көңіл бөледі. Бірақ
қандай тіркестер екенін көрсетпейді [50,37]. Бұл пікірлерге қа-
рағанда, меңгерудің басыңқы сыңарының есім мен көмекші етіс-
тіктерден құралып келуі қазіргі тілдік материалдарда мол қол-
данылып жүр. Орыс тіл білімі сияқты қазақ тіл білімінде де оны
ортақ меңгеру деп жүрміз.
Осы дəлелдерге сүйенсек, тілде бұрыннан айтылып
келе
жатқан құрама баяндауыш пен ортақ меңгерудің арасындағы
айырмашылық бірінің сөз тіркесі, екіншінің жай сөйлем синтак-
сисінде қаралатындығы анық. Екеуінің аты əртүрлі болғаны-
мен, тілде жасалуы бір. Бірақ құрама баяндауышты тілдік факті
ретінде көп қолданамыз да, ал ортақ меңгеруді тек бір байла-
нысу формасында қарастырып жүрміз.
Жоғарыдағы мысалдарда көрсеткендей, есім мен көмекші
етістікті топтар тек меңгеруде қаралып қоймай, ортақ қиысу,
ортақ матасу, ортақ меңгеру, ортақ қабысу деп айтуды тілдік фак-
тілер дəлелдейді.
226
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Тілде үнемі өзгеру, жаңару процесі болып тұратыны белгілі.
Егер осы күнге дейінгі əдебиеттерде есім мен көмекші етістік-
тер тобы тек меңгерілген басыңқы қызметте жұмсалады деп
қана айтылып келсе, ал қазіргі əдеби тілдің материалы тіпті
ондай көмекші сөздер енді матаса, қабыса байланысқан сөз
тіркестерінің де басыңқы сыңарларында қосақтала жұмсалып,
өзіндік жаңа конструкциялардың пайда болғандығын көрсетеді.
Осыған орай құрама баяндауышты ондай ерекшеліктер енді
сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларына да негіз болуы керек
дей келіп, бұдан былайғы жерде біз баяндауыштардың түрлері
сияқты сөз тіркестерін де басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті
жəне ортақ басыңқы етіп үшке бөліп беруді жөн көрдік. Мұның
өзі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарындағы сөз таптарының
жасалуын толық қамтиды. Сонда ортақ басыңқы енді тек меңге-
ріле байланысқан сөз тіркестерінде ғана емес, қабыса, матаса
байланысу формаларын да басыңқы сыңарларына қарай былай
топтап бөлеміз:
етістікті меңгеру
Меңгеру есімді меңгеру
ортақ меңгеру
етістікті қабысу
Қабысу есімді қабысу
ортақ қабысу
есімді матасу
Матасу
ортақ матасу
Сонда сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары есімдер мен кө-
мекші етістіктердің тіркесі арқылы жасалады.
Проф. М. Балақаев құрама баяндауыштардың бірінші сыңары
есім сөздер, екіншісі, яғни көмекші сыңарларын былай көрсетеді:
1) е, де
2) қыл, ал, көр, сын, тұт, тап [51, 46].
Ал автор кейіннен бұл етістіктерге қоса бол етістігін де
көрсетеді [52,3]. Сонымен қатар құрама баяндауышты жасауға
қатысатын етістіктер ретінде е, де, қыл, ал, көр, сын, тұт, тап
жəне бол қатысты деп біледі.
227
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Сонымен, ортақ басыңқы сыңарлар туралы М. Балақаевтың
пікірін қолдай келіп, көмекші етістіктер ондай есімдермен бірлік-
те өткен шақтық формасында жұмсалады.
І. Ортақ қабыса байланысқан сөз тіркестері. Ортақ қабы-
са байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары ретінде:
а) Зат есім + көмекші етістіктер;
ə) Сын есім + көмекші етістіктер;
б) Есімдік + көмекші етістіктер;
в) Сан есім + көмекші етістіктерден болады.
І. Сөз тіркестерінің ортақ қабыса байланысқан сыңар-
лары төмендегіше болып келеді.
1. Сын есім – ортақ басыңқы. Көрікті десең – көрікті, бі-
лімді десең – білімді жігіт еді (Ш. Айтматов). Биік көк дарба-
залы еңселі үй еді (Ш. Жандарбекова). – Шырағым, кінəлама, ел
сыйлайтын, бірімізге баламыздай, басқамызға ініміздей талап-
ты азамат едің («Жұлдыз»). Осы сөйлемдердегі білімді, еңселі,
талапты сияқты сын есімдер жігіт еді, үй еді, азамат едің
деген ортақ басыңқы сөздермен қабыса байланысып тұр.
2. Есімдік – ортақ басыңқы. Ант ұрғанның қарғысы қандай
жаман еді. Жер жастанғыр, балалары қандай сотқар еді (Ғ. Мү-
сірепов). Көріңдерші, тышқан қандай алапат еді (Үнді ертегі-
лері). Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, келуі де оңай
емес (Ғ. Мүсірепов). Осы сөйлемдердегі қандай сұрау есімдіктері
жаман еді, сотқар еді, алапат еді, қиын болса деген ортақ басың-
қы сөздермен қабыса байланысып тұр.
– Біздің генерал-губернатордың мəжіліс залы осыдан қанша
үлкен екен? (Ғ. Мүсірепов). Соны көріп отырып, мен қалайша
жаман болайын («Қазақ əдебиеті»). Осы сөйлемдерді қанша,
қалайша сұрау есімдіктері үлкен екен, жаман болайын деген ортақ
басыңқы сөздермен қабыса байланысқан.
3. Есімше – ортақ басыңқы. Нагульновтың жоқ жерден пай-
да бола кетуі – көпшілік үшін күтпеген оқиға еді (М. Шолохов).
Ол да мен сияқты жалғызсыраған жетім еді (Ə. Əлімжанов).
Тасығандары өзі өскен шөп емес, қолдан еккен жоңышқа,
бидайық, мысық құйрық (Ғ. Мүсірепов). – Е, қайдан білейін, мен
қолыма кітап ұстап көрген адам емеспін («Қазақ əдебиеті»). Кей-
де бағыныңқы сыңары есімшелі топ болып келгенде, яғни кейде
228
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қазақ қызында болмайтын, өзі өскен, кітап ұстап көрген сияқты
есімшелі топтар да ортақ қабысудың бағыныңқы сыңары болып
келе береді.
4. Үстеу – ортақ басыңқы. Шүкір, қазір жаман емеспін
(«Қазақ əдебиеті»). Ұлпан бүгін аса көңілді еді (Ғ. Мүсірепов).
Біз бүгін екеу едік, енді үшеу болдық (С. Ерубаев). Міне, осы
сөйлемдер қазір, бүгін үстеулері жаман емеспін, аса көңілді еді
сөздеріне қабыса байланысып тұр.
ІІ. Ортақ матаса байланысқан сөз тіркестері. Қазіргі тіл-
дік зерттеулерде матасудың екінші сыңары тек есімдерден ғана
болады деп айтылып жүр. Алайда əдеби шығармалардағы мы-
надай мысалдар матасудың ІІ сыңарын жаңаша қарауды қажет
етеді. Мысалы: Жан-жануар болып жаралғанның сұлуы екен
(Ғ. Мүсірепов). Сиырларды сауатын менің шешем болатын
(«Қазақ əдебиеті») – деген сөйлемдердегі екен, болатын көмекші
етістіктер матасудың бағыныңқы сыңарларына тікелей қатысты
болып отыр. Тəуелді жалғаулы сөз əдетте сөйлемді тиянақтай
бермейді. Ондай баяндауыш болуы үшін оның бастауышы да
тəуелдік жалғауда тұруы тиіс. Дегенмен тəуелдік жалғаулы сөздер
енді көмекші етістіктермен тіркескенде ғана сөйлемді тиянақтау
процесіне ие болып отыр. Осы себептен де ілік жалғаулы есімдер
енді көмекші етістіктер тобымен сөз тіркесін құрайтын дəрежеге
ие болып отыр. Бірақ осы конструкциялар қазіргі кездегі ешбір
оқулық немесе арнайы зерттеу еңбектерінде ескерілмейді. Мыса-
лы: Зейнеп осал жердің қызы емес
(І. Есенберлин). Сары-Өзектің
өңірі мыңғырған, мамырлаған малдың өрісі екен (Ш. Айтматов).
Жаманның жақсысы болғанша, жақсының жаманы бол (Мар-
жан сөз). Бұл екеуі үлкен сенімнің, үлкен адалдықтың адамдары
еді
.
(Ғ. Мүсірепов).
Онда Сібір казактары жайындағы ережені шығарған патша-
ның оң қолы Спиранскийдің өзі еді (І. Есенберлин). Осы сөй-
лемдердегі матасудың басыңқы сыңарлары тəуелдік жалғаулы
сөздер мен көмекші етістіктер арқылы келген ортақ басыңқылы
матаса байланысқан сөз тіркестері.
Сонымен, бір сөз тіркесін басыңқы сыңарына қарай енді есім-
ді, етістікті, ортақ басыңқылы деп топтай келіп, іштей:
1) ортақ қабыса байланысқан сөз тіркесі;
2) ортақ матаса байланысқан сөз тіркесі;
229
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
3) ортақ меңгеріле байланысқан сөз тіркестер – деп бөлуді
практикалық та, теориялық та жағынан дұрыс деп білеміз.
Ортақ меңгерудің көне ескерткіштер мен қазіргі тілімізде көп
кездесетіндігі сияқты, ортақ матасу, ортақ қабысу да қазіргі тілдік
қолданыста мол кездеседі.
Міне, осындай сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларын ортақ
қабыса, ортақ матаса байланысқан деп атауды жөн көрдік.
Өйткені ондай басыңқы сыңарлары не есімді, не етістікті басыңқы
сыңарларымен бір деп атауға келмейді. Сонымен, сөз тіркесінің
мұндай конструкциялы басыңқы сыңарларын жеке түрде қарас-
тыра келіп, мектепке, жоғары оқу орындарына арналған оқу-
лықтардан лайықты орын алуы тиіс деп білеміз.
3. Сөз тіркестерінің жанаса байланысу формасы
Қазіргі кезде сөз тіркесі синтаксистің ең бір үлкен саласы бо-
лып табылады. Ол туралы бірнеше монографиялар, жоғары оқу
орындарына арналған оқулықтар да шықты. Сөйтіп, сөз тіркесі
синтаксисі жан-жақты зерттеу объектісіне айналып отыр. Деген-
мен, сөз тіркестері, əсіресе олардың байланысу формалары туралы
əлі де болса арнайы қарауды қажет ететін жайттар бар.
Сөз тіркестерінің байланысу формалары оның басқа да объек-
тілеріне қарағанда ең алғаш зерттеле бастады. Соған қарамастан
əлі де болса олардың
мектеп, жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтардағы берілу дəрежесі, аталуы, əрқайсысының жасалу
жолдары сияқты мəселелері арнайы тоқталуды қажет етеді.
Сөз тіркестерінің байланысу формаларының берілуінде əр-
түрлі алшақтықты көруге болады. С. Аманжолов, Н. Сауранбаев-
тар мектеп грамматикасында сөз тіркесін қиысу, меңгеру, қабысу
жəне жанасу деп берсе, ал 1950 жылдардан кейін оған матасуды
енгізгені белгілі. Сөйтіп, авторлар сөз тіркесін байланысу форма-
ларына қарай меңгеру, матасу, қиысу, қабысу жəне жанасу деп бес-
ке бөліп береді. Осы пікірді Н. Сауранбаев, Т. Қордабаев, Р. Əмі-
ров, Ш. Əуелбаев, Ғ. Əбуханов, К. Е. Қабиева, т.б. қолдайды.
Сөз тіркесі туралы арнайы еңбек жазған М. Балақаев олардың
байланысу формаларына қарай 1949 жылғы мектеп граммати-
касында 5-ке бөліп берсе, ал жоғары оқу орындарына арналған
230
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
оқулығында қиысу, меңгеру, матасу жəне қабысу деп 4-ке бөледі
де, соңғы байланысу формасының бір түрі деп жанасуды атаумен
ғана шектеледі. Ал Ə. Нұрмаханова мен А. Əбілқаев оларды 4-ке
бөліп қарастырып, жанасуды ескермейді. Сөйтіп, сөз тіркесінің
байланысу формалары сан жағынан да, атаулары жағынан да
əртүрлі беріліп жүр. Бұл байланысу формаларының ішінде ата-
луы жəне жасалуы жағынан таласқа түсіп жүргені жанаса бай-
ланысу формасы. Жанасу мектеп грамматикаларында арнайы
беріліп жүрсе, ал жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда,
біріншіден, еленбейді, екіншіден, ол қабысудың алшақ түрі деу-
мен ғана шектеледі. Мектеп грамматикаларында жанасудың
жасалу жолдары туралы да бірізділік жоқ. Жанасудың жасалу жол-
дары (С. Аманжолов, Н. Сауранбаев) 1939 жылғы мектеп грамма-
тикасында былай берілген:
а) үстеу мен етістік – кеше келді;
ə) көсемше етістік – оқып келді;
б) септік жалғаулы мезгілді, мекенді білдіретін – түнде келді,
кешке келді;
в) шылаулы сөз – етістік – оқу үшін келдім, сабақтан кейін бар-
ды, саған бола аялдадық [53, 30].
Ал 1940 жылғы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша
курсы» деген еңбегінде С.Аманжолов жанасуда негізінде осы пі-
кірді қайталай келе, оған адам сияқты сөйледі деген модаль сөз-
ді топты да жанасу деп біледі [54, 86].
Бұл мəселе 1980 жылғы мектеп грамматикасының басылы-
мында біраз өзгеріске түскенін көруге болады. Онда авторлар
жанасудың жасалуына үстеу, көсемше, сан есіммен мезгіл өлше-
мін білдіретін секунд, минут, сағат, ай, жыл, сілтеу есімдігімен
түні, күні, жылы зат есімдерінің тіркесінен болады деп көрсеткен.
М. Балақаев «Кеше мен де жиналыста болдым, асықпай сұ-
раққа жауап бердім» деген сөйлемдердегі үстеу мен көсемшенің
етістікпен тіркесін ғана жанасуға жатқызады. Автор жанасудың
қабысудан негізгі айырмашылығы ретінде сөздердің өзі қатысты
сөздермен орын тəртібін басшылыққа алады. Бірақ осы принципті
қолданғанымен, автордың қабысу мен жанасуға берілген мысал-
дары араласып жатады. Мысалы: автор «тез кел» дегенді қабы-
суға жатқызса, ал «кеше мен де жиналыста болдым», дегенді
231
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
жанасу дей келіп, бір ғана үстеудің іргелес тұрып байланысуын
қабысуға, ал алшақ тұрып байланысуын жанасуға жатқызады [55,
10]. Х. Арғынов жанасуға қимыл-сын үстеулерінен басқа үс-
теулердің негізгі сөз бен шылау сөздердің тіркесіп, пысық-
тауыштық қатынаста жұмсалуын ғана жатқызады. Биыл да совет
елі зор табысқа жетті, коммунизмге қарай ілгері жылжыды деген
сөйлемдердегі курсивпен жазылған сөздер мен сөздер тобын жа-
насу деп біледі [56, 37]. Бірақ Ш. Əуелбаевтың тауға қарай кетті
тіркесін жанасу, ал көпірдің үстінен өтті дегенді меңгеруге
жатқызуында нендей критерий бар екені айқын емес.
Жалпы жанасудың осы күнге дейінгі жасалу жолдары арқы-
лы біз меңгерудің, қабысудың жасалу жолдарымен араласып жа-
татынын көреміз.
Проф. М. Балақаев 1949 жылғы мектеп грамматикасы мен
онан кейінгі ғылыми еңбектерінде жанасуды қабысудың бір түрі
деп келгені айқын. Сондықтан біз де жанасу туралы сөз болғанда
əңгіме тілдегі қабыса алатын сөздер тобының төңірегінде бо-
луы тиіс деп білеміз. Жалпы жанасуды меңгерумен араласты-
ра қарастыру ғылыми да, практикалық жағынан да дұрыс емес.
Ғылыми еңбектерде меңгеруге барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне
көмектес жалғаулы сөздердің таза жəне ол сөздерге шылаулар-
дың тіркесіп келуін жатқызып келеді. Ол тұлғалы сөздер əрі
толықтауыштық, əрі пысықтауыштық қатынаста жұмсалады деп,
тайға таңба басқандай дəлелдеп те беріледі. Ал мектеп грамма-
тикаларында жанасуға осы септік жалғаулы сөздердің таза түрін
(мейлі ол толықтауыш, мейлі пысықтауыштық қатынаста бол-
сын) меңгеруге, ал шылау арқылы тіркестерін жанасуға жатқыза
салады. Сонда теориялық білім мен мектеп грамматикалары
арасында қандай сəйкестік бар? Ешқандай сəйкестік жоқ.
Негізгі сөз бен шылаулы сөздердің тіркесін жанасуға жатқы-
зуға ғалымдар олардың алшақ тұрып та тіркесетінін негізге ала-
ды. Шындап келгенде, меңгеріле байланысқан сөздердің бар-
лығы да өзі қатысты сөздермен орын таңдамайды емес пе? Олай
болса бірін онда, бірін мұнда қалдырып, ереже көбейтуден ұта-
тын не бар. Септік жалғаулы сөздерге шылауларды тіркеп, тек
меңгеру деп беруден ұтылмаймыз. Бұған қоса меңгерудің ая-
сында кеңею процесі басым екені анық. Негізгі сөздерге тек шы-
232
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
лаулар ғана тіркесіп қоймайды, қазіргі кезде негізгі сөздермен
бірлікте көмекші есім, көмекші етістік жəне модаль сөздер де
жұмсала береді. Бұған қарағанда, жалпы, барыс, табыс, жатыс,
шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер мен шылау, көмекші есім,
көмекші етістік жəне модаль сөздердің де тіркесіп (септеліп кел-
генде), тек меңгеру аясында қалдыру жанасудың жасалуындағы
мəселені оңайлатады. Жалпы жанасудың жасалу жолын меңге-
рудің жасалу жолымен шатастырмау керек.
Негізгі мəселе қабысу мен жанасудың өзіндік жасалу жол-
дарын, олардың əрқайсысына тəн көрсеткіштерін айқындау.
Осы күнге дейінгі əдебиеттерде қабыса байланысатын сөздердің
орны тұрақты, яғни анықтауыш пен анықталатын, пысықтауыш
пен пысықталатын сөздер арасына сөз салмай ғана тіркесуі ке-
рек деген пікір басым. Ал жанасу тек пысықтауыш пен пысық-
талатын мүшелердің алшақ, іргелес тұрып та немесе кейбір
пысықтауыштардың орын тəртібі арқылы байланысады деген
тұжырымдар беріліп келеді. Сөйлемде бір-бірімен қабыса бай-
ланысатын сөздер мол. Олардың конструкциясы жан-жақты.
Қабысу есімді, етістікті деп бөлінеді де, есімді қабысудың бірін-
ші сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше жəне
үстеу, ал етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестерінің бағы-
ныңқы сыңарлары үстеу, көсемше, сын есім, сан есім, есімдік,
еліктеуіш сөз жəне зат есім делінеді. Бұлардың ішінде жанасу мен
қабысудың арасындағы араласып жүрген сөз таптары, біріншіден,
үстеу мен көсемше, екіншіден, негізгі сөздерге түрлі көмекші
сөздердің түйдектеліп жұмсалуы.
Үстеу мен көсемше өзі қатысты сөздермен алшақ жəне ірге-
лес тұрып та байланыса береді. Бірақ ол сөз таптарының етіс-
тіктермен іргелес байланысуын қабысуға жатқызады да, ал олар-
дың алшақ түрін жанасуға жатқызып, бір нəрсенің өзін жақсы
оқушы жақсы оқиды дегендегі бірінші «жақсыны» сын есім,
өйткені есімнің алдында тұр, екінші «жақсыны» үстеу, өйткені
етістікке қатысты жұмсалған деген пікірден ешбір айырмашы-
лығы жоқ. Сондықтан алшақ немесе іргелес тұрғанымен, ол сөз
таптарының да етістікпен тіркескендіктен қабысуға жатқызу
қолайлы деп білеміз. Бірақ үстеулердің септік жалғауларда ке-
луін меңгеруге жатқызу керек. Мысалы:
233
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Абай осы кеште болған өз халін бұл түнде де, ертеңінде де
түсіне алмай кетті (М. Əуезов). Құлаш мойын қызыл нар таңер-
теңнен кешке дейін тыныстамады (Ғ. Мұстафин).
Екіншіден, етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестеріне түр-
лі көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бағыныңқы
сыңарларды жанасуға жатқызады да, жанасудың басыңқы сыңары
тек етістік болады деп түсіндіреді.
Шынында, ғылыми еңбектегі қабысуға жатқызылатын тіл-
дік категориялар меңгеру (тек септік жалғаулы сөз жəне септік
жалғаулы сөзге көмекші сөздердің тіркесі) мен матасуға (ілік
жалғаулы мен тəуелдік жалғаулы сөздер) қарағанда көп.
Қабысудың бағыныңқы сыңары ретінде қатыспайтын сөз табы
жоқ деуге де болады. Үшіншіден, қабыса байланысатын сөздерге
көмекші сөздер нумеративті сөздер, дербес мағынасы бірде бар,
бірде жоқ сөздер, мезгіл зат есімдері, қосарлы сан есім сөздер де
мол қатысады. Оның үстіне, меңгеруге қатысты кейбір фактілер
осы мəселемен араласып беріліп жүргендігі де айқын. Осы
сияқты аумағы мол фактілерді бір ғана қабыса байланысқан сөз
тіркестерінің көлемінде ғана қарастыру практикалық та, теория-
лық та жағынан келмейді.
Қазақ тіл білімінде 1939 жылға дейін пысықтауышты арнайы
сөйлем мүшесі ретінде қарастыру мəселесі төңірегінде түрлі
талас пікір болғандығына қарамастан, пысықтауыш дербес сөй-
лем мүшесі ретінде алынып, оның жасалу жолдары жан-жақты
қарастырылады. Осы іспеттес басқа түркі тілдерінде болмаға-
нымен, қазақ тіл білімі үшін мектеп, жоғары оқу орындарының
студенттеріне, тіпті оқытушылар үшін де түсінікті болу үшін
мектепте де, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда да
қабысудан жанасуды арнайы түрде бөліп көрсетіп, оның өзіндік
жасалу жолдарын айқындап беруге тиіспіз. Ол үшін қабысу мен
жанасудың жасалу жолындағы айырмашылықтарды негізгі сөз
таптары жəне негізгі сөз таптары мен көмекші топты сөздердің
төңірегінен айқындау керек.
Сонымен, осы күнгі мектеп грамматикаларындағы үйге дейін
сияқты негізгі сөз бен көмекші сөздердің түйдекті түрін меңге-
руде қалдырып, ол қабысудағы бірде алшақ, бірде іргелес тұратын
сөз таптарының (үстеу мен көсемше) тұлғалық ерекшеліктерін
негізге ала келіп қабысуға жатқызу орынды.
234
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Сонда меңгеруге барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес
жалғаулы сөздер жəне ол сөздермен түйдектеліп келетін көмекші
сөздердің тіркесі жатса, ал қабысуға іргелес те жəне алшақ тұрып
та жұмсалатын етістікті сөз тіркестері ғана қатысты деп білеміз.
Жанаса байланысу формалары үшін ең негізгі критерий –
негізгі сөздерге көмекші сөздердің тіркесі құрамының аясындағы
тұлғалық ерекшеліктері. Сонымен негізгі сөз бен септік жалғау-
сыз көмекші сөздердің түйдекті түрлері жəне көнеленген септік
жалғаулы сөздердің етістікпен де тіркесін жанасу дейміз. Жа-
насудың жасалу жолдары мына төмендегіше:
1. Негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістіктердің
дара, күрделі етістікпен тіркесі арқылы. Мысалы: Қатені келе-
шекте қайталамайтын боп түсіндіру керек (З. Шашкин). Жұ-
манды сөзге тартып, үй ішінің көңілін аулайын деп, Байжан қал-
жыңдай сөйледі (Ғ.Мүсірепов). Қорықтан күн шыға атқа мінейік
деп асыққан-ды (М.Əуезов). Дəл ортада маржандай ақ тары тө-
бе-төбе боп үюлі тұр (Ғ. Мұстафин).
2. Негізгі сөз бен шылау сөздердің дара, күрделі етістікпен
тіркесі арқылы.
– Хамза, өтінішім болсын, айтшы, сендер тауда болдыңдар
ма? – деп сұрады.
– Болдық, оны не үшін сұрадың (З. Шашкин). Қыстауға қон-
ғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана
əкесімен оңаша қалады (М. Əуезов). Ендеше Қатпа үшін бұл да
қолайлы (О. Омаров). Қазір радио арқылы орталықпен сөйлес-
пек (З. Шашкин). Бурабай, Қырау арқылы Омбыға алып баратын
екі ақ боз ат есік алдында көп тұрды (С. Мұқанов). Өзен сайын
электр станциясы салынған («Соц. Қазақстан»). Ол шетке кеткен
соң туғандар екен (М. Əуезов).
3. Негізгі сөз бен модаль сөздердің дара, күрделі етістікпен
тіркесі арқылы:
Құнанбай естімеген сияқты отыра берді (М. Əуезов). Бұрын
көрген дос, таныс тəрізді жаныңды билеп əкетеді (З. Шашкин).
4. Түрлі сөз таптарына, мезгілге, өлшемге байланысты сөздер-
дің қосақталып жұмсалып етістікпен тіркесі арқылы: Екі күн
өткен соң ауыл Көлқайнардан шығысқа қарай көшті (М. Əуе-
зов). Бүгіннің өзінде ғана газикпен жүз отыз шақырымдай жүр-
235
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
дік (Ə. Əлімжанов). Мен осы арада отыз бес минут отырдым,
Ақа (Ғ. Мұстафин). Бұл екеуінің елі жақын, 30–40 шақырым ғана
жүреді (С. Сейфуллин).
5. Негізгі сөздерге жолы, бойы, т.б. толық мағынасы жоқ
сөздердің қосақталуы арқылы дара, күрделі етістікпен тіркесі.
Бұл жолы ол əрі ұзақ ұйықтады, əрі тыныш ұйықтады (В. Ка-
таев). Абай бірталай сөздерін адвокат жазып берген арызы бой-
ынша айтты (М. Əуезов). Кеше кеш бойы Оспан отауында Мұ-
хаметжан Абай сөздерін əрі оқып, əрі жырлап берген (М. Əуезов).
Түні бойы ұйықтамаған да болу керек (А. Бек).
6. Негізгі сөздерге елі, кез, т.б. сөздерінің қосақталуы арқы-
лы дара, күрделі етістікпен тіркесі. Жұмыстан келгесін атасы-
ның қасынан бір елі кетпеді (Ə. Нұрпейісов). Бір кез тіпті
баяғы балалық шағын аңсап, ынты-шынтымен еркелегісі кеп тұра-
ды (Ə. Нұрпейісов).
7. Түрлі сөз таптарына есе, рет, мəртебе, қайтара қосарлы
сан есімдерінің тіркесі арқылы дара, күрделі етістікпен тіркесі.
Өткен көктемнің басында Гүлсара бірінші рет Москвада бол-
ды (Ə. Əлімжанов). Бекіністі қайтадан алу үшін немістер екі рет
шабуыл жасады (Ғ. Мүсірепов). Жұмыс аумағы үш есе ұлғай-
ды (Ғ. Мұстафин).
8. Көнеленген септік жалғаулы үстеулердің етістікпен тірке-
сі. Əлібек амалсыздан тоқтады (Ғ. Мұстафин).
9. Негізгі сөздерге көнеленген септік жалғаулы кез, шақ, ша-
малы сөздерінің қосақталып, дара жəне күрделі етістікпен тіркесі.
Қарағандының дөңесіне түскен жалғыз елеулі белгі ашық шах-
та «қара жыра» атанып кетіп еді (Ғ. Мүсірепов). Екі-үш күн
шамасында қатқан көкше мұзды сықырлатып қатар басып ке-
леді (Ə. Нұршайықов). Мынау екі ақын Абайға көп кезде бірге
туысқан аға, інідей көрініп қалады (М. Əуезов). Түндегі түнерген
бұлттан сол кезде сіркіреп жауын жауа бастады (С. Мұқанов).
10. Көнеленген септік жалғаулы фразеологиялық тіркестер-
дің басқа сөздермен тіркесі арқылы: бас аманда, берсе қолынан,
бермесе жолынан, бет-аузы шімірікпестен, бесіктен белі шығы-
сымен. Мысалы: Əзірет-əлінің көлеңкесінде аман-есенбіз (А. Тоқ-
мағамбетов). Еламан бір кіндіктен жалғыз, əке-шешесінен айы-
рылды (Ə. Нұрпейісов). Шынында, көмекші сөзді басыңқы сыңар-
236
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
лар тек етістікті сөз тіркестерінде ғана бола ма? Ондай конструк-
циялар есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерінде де ұшыра-
май ма? Мысалы: Жолдасым отыз-қырықтардың шамасындағы
жер ортасы адам (Б. Майлин). Өйткені бұл əуелі соғыс пен бей-
бітшілік туралы дау ғой (Ə. Əлімжанов). Жаңа қалада, жаңа
бақшаның ығында, үш қабат үй тұр (Ғ. Мұстафин). Күншығыс
жақтағы өзеннің бойындағы төмпешіктен бір қылаң атты шыға
келді (С. Сейфуллин). Əдетте, байлар киіз үйдің басқұр, желбау,
таңғыш сияқты бауларын кілем түсті қып тоқытады (С. Мұқа-
нов). Азықтар, көрпе-жастықтар əлденеше қабат жазғы киімдер
болсын, барлығы да күймеге түгел салынып болған-ды (М. Əуе-
зов). Осы сөйлемдерде мынадай көмекші сөзді сөз тіркестері бар:
1. отыз-қырықтар шамасындағы адам.
2. соғыс пен бейбітшілік туралы дау.
3. күншығыс жақтағы өзен.
4. Еген өзенінің бойындағы төмпешік.
5. басқұр, желбау, таңғыш сияқты баулар.
6. үш қабат үй.
7. əлденеше қабат киімдер.
Міне, осы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары басыңқы
сыңарларымен тікелей тіркеспейді. Көмекші дəнекерлер арқылы
тіркесі де қай байланысу формасына тəн екендігі белгісіз. Біз-
діңше, бұларды есімді қабыса байланысқан сөз тіркестеріне жат-
қызу орынды. Сонымен, жанасу тек көмекші сөздер арқылы жа-
салып, тек дара жəне күрделі етістікті сөз тіркестерінде ғана
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |