Талғат сайрамбаев


  Көмекшi eciмді  сөз  тipкестepi  туралы



Pdf көрінісі
бет5/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

1.  Көмекшi eciмді  сөз  тipкестepi  туралы.  Көмекшi  есiмдер 

морфологиялық  жағынан  жалпы  түpкi  тiлдерiн е  жəне  қазақ  тіл 

бiлiмiнде мол зерттелгенi белгiлi [55; 56; 57; 58; 59]. 

Осы еңбектерде көмекшi eciмдep, көбiне, тек морфологиялық 

жағынан зерттелiндi де, оның синтаксистiк, яғни сөз тipкecтepiнің 

аясындағы  өзiндiк  ерекшелiктерi  туралы  сөз  қозғалмайды.  Про-

фессор  М.  Балақаев  көмекшi eciмд ер  өзi  қатысты  сөздерiмен 

түйдектi  тipкecтe  жұмсалып,  күрделi  сөз  тiркесiн  құраудың  бiр 

материалы  болатындығын  ескертсе

 

[16],  профессор  М.  Томанов 



көмекшi  есiмдер  кейде  тек  мезгiлдiк  қатынаста  жұмсалатын-

дығын  айтады.  Ол  ондай  кездегi  олардың  тipкecy  қабiлетiн  ар-

найы сөз етушiнiң бiрi болып отыр [60]. Көмекшi есiмдерге мына 

сөздер:  алд,  аст,  арт,  арты,  шет,  бас,  қас,  маң, iш  тағы  осы 

сияқтылар жатады. Бұл сөздер лексикалық мағыналары жағынан 

зат eciм  сөздеріне  ұқсайды.  Бiрақ  зат eciм  деп  атауға  келмейтiн 

мына  сияқты  бiрнеше  белгiлерi  бар,  бiрiншiден,  зат  есiмдер 


57

Күрделі сөз тіркестері

сияқты  өз  алдына  лексикалық  мағынасы  жоқ,  екiншiден,  сол 

себептi  өз  алдына  жеке  қолданыла  бермейдi,  үшiншiден,  тек 

iлiк  жалғаулы eciм  сөздерiмен  тiркесiп,  тəуелдiк  жалғауының 

үшiнші жағында ғана септелiп, көптелiп келедi. 

Жалпы  ғылыми  əдебиеттерде  көмекшi  есiмді  сөз  тіркecтepi 

көмекшi eciмнің  барыс,  жатыс,  шығыс,  т.б.  септiктерiнде  тұ-

руына  қарай  тек  меңгерiле  байланысқан  пысықтауыштық  қа-

тынастағы eтicтікті сөз тipкecтeрін құрайды деуi орынды да. 

Қазақ тiлiнде көмекшi eciм сан жағынан аз болғанымен, олар-

дың қолданылу аясы кең. Оларды тiлiмiзде жиі қолданамыз. Егер 

барлап  қарасақ,  тiлімiздегi  əрбiр  көмекшi eciм  болатын  аст,  үст, 



алд,  арт  сияқты  сөздердің  түп  төpкінін,  олардың  бiрте-бiрте 

өзгеретiн  сипатын  танып  ажырату  қиын  емес.  Бұл  топқа  жата-

тын  сөздерге eciм  сөздер  сияқты,  септiктiң  барлық  жалғауы 

жалғанады.  Мысалы,  Арал  мен  Мойнақтың  арасы  екi-үш 

шақырымдай  (С.  Мұқанов).  Жуантаяқ,  Топай,  Ырғызбай  iшiнің 

кіciлеpi (М.Əуезов).  Қара  қатқақ  жердi  дүсiрлетiп  бастырып 

кеп, eсiк алдына тоқтады (Ə.Нұрпейісов). Aнay eкеyiнің қасындa 

қазақы  сиыр  бұзаудай-ақ  көрiнедi (Ғ.Мүсірепов).  Ендi  топтың 



iшiн  көрмек  емес  (М.Əуезов).  Олар  ауылдың  cыpтымен  жүрдi 

(F.  Мүсірепов). Miнe, ocы  мысалдардағыдай  көмекші  есiм  сөз-

дердi,  көбiне,  тек eciм  сөздермен  тipкeскeн  түйдектi  түрiнде 

ғана кездестіруге болады. Жалпы алғанда көмекшi есiмдер басқа 

сөздердiң  жетегiнде  жұмсалғанымен,  олармен  тipкecy  қабiлетi 

түрлiше. Мысалы: маңы, алды, басы көмекшi eciмдерi.  

Уақыттың  маңы,  қуаныштың  маңы,  атақтың  маңы,  ауылы-

ның маңы, көлемнiң маңы, достықтың мaңы, тəу лiктiң маңы, ты-

ғыздың маңы, дыбыс маңы, күлкі маңы, айқай маңы, бақыт маңы, 

еңбек маңы, қылмыс маңы.

Қастың  алды,  судың  алды,  кiрпiктiң  алды,  түйменiң  алды, 

шеңбер  алды,  орталық  алды,  еден  алды,  сағаттың  басы,  биiктiң 

басы,  көздiң  басы,  кiрпiктiң  басы,  атақ  басы,  тайыз  басы,  жер 

басы  деген  сияқты  тipкecтepде  жұмсалмайды. Miнe,  осыған 

қарағанда,  көмекшi  есiмдер  кез  кeлгeн  есiмдермен  тіркесе  бер-

мейді.  


Жиналған  материалдардан  байқағанымыздай,  көмекші  есiм-

дер  сөз  таптарының  бiразымен  тiркесiп  жұмсалады.  Соның 



58

Күрделі сөз тіркестері

iшінде  зат  есiмдермен  тiркесiп  келуi  басқа  сөз  таптарына  қа-

рағанда  əлдеқайда  көп-ақ:  Ағаштың  iшiнде  еркiмiзше  жүр-

дiк (Ғ. Мүсірепов). Kəpi əже мен Ұлжанның ортасында жалғыз 

арба  бар  едi.  Ол  əңгiмелердің  iшiнде  талай-талай  мəндер  жа-

тыр (М. Əуезов). Пештiң жанында бiрiне-бiрi тығы лып, бүрiсiп 

отыр  (М.  Əуезов).  Аяғының  астында  қатқан  қар  сықыр-сықыр 

етедi (М.  Əуезов).  Бөжей  қасындa  Байдалы,  Түсiптер  бар  едi 

(М.  Əуезов). Miнe,  осы  сөйлемдерде  ағаш,  əңгiме,  пеш  жалпы 

есiмдермен  тiркесiп  тұр.  Əрине,  бұл  арада  көмекшi  есiмдер 

жалқы,  жалпы  есiмдермен  де  тipкeceдi.  Дегенмен  олар  жапа-

тармағай  тiркесе  бермей,  белгiлi  бiр  тipкecy  қабiлетi  барлары-

мен  ғана  тiркесе  алады.  Мы салы,  Бөжейдiң  түсiнде  немесе  ба-

сында,  т.б.  тipкecтe  жұмсалмай,  тек  Бөжей  қacындa,  маңында, 



жанында,  т.б.  осы  сияқты  мағыналы  есiмдермен,  сондай-ақ 

кітaп  сөзiмен  де  тек  iшi  сияқты  бiрен-саран  көмекшi  есiмдер 

ғана  тіркеседі.  Ал  стол  сөздерiмен  асты,  үстi,  жаны,  мaңы, 

т.б. көмекшi есiмдермен тipкeceтiндігін көремiз. Бұған қарағанда 

көмекшi есiмдер кез келген зат есiмдермен тipкece бермей, белгiлi 

мағынадағы  сөздермен  ғaнa  тipкecтe  жұмсалады.  Сол  сияқты 

көмекшi есiмдер зат есiмдердiң деректi, дерексiз түpiмен де тipкeci 

əртүрлi. Мысалы: Үлкен үйдің iшi-сыртындай жұпыны емес, жа-

саулы,  кi лемдi,  алашалы  екен  (А.  Құнанбаев).  Өзеннің  мaңы  – 

көкорай  шалғын  (А.  Құнанбаев).  Стол  маңы  шашылған  конфет-

тер  (А.  Құнанбаев).  Бұл  мысалдардан  көрiнiп  тұрғандай,  олар 

деректi  зат  есiмдермен  көбiрек  тipкесетiндiгiн  көремiз.  Ал  абст-

ракт  зат  есiмдермен  көмекші  есiмдер  онша  тipкece  бермейдi. 

Мысалы: Ашу үстiнде бip лаңды iстеп салуы сөзсiз едi (Ə. Нұр-

пейісов).  Інici  өз  ойының  үcтін  басты  (Ə.  Нұрпейісов) – деген 

сөйлемдерде  үcтi  көмекшi  есiмдерi  ашу,  ойын  сияқты  абстракт 

зат есiмдермен тipкeскeн. Бiрақ көмекшi абстракт зат есiмдермен 

тipкeci сирек. Өйткенi уaқыт мaңы, бақыт мaңы, қуаныш мaңы, 

aтaқ  басы,  күн  басы  деп  айтылмайды.  Яғни  олар  ондай  зат 

есiмдермен мағыналық байланыста болмайды деген сөз. 

Ендi  көмекшi  есiмдердiң  басқа  да  сөз  таптарымен  тipкeciн 

байқап  көрелiк.  Солардың  iшiнде  мен  де  бармын  (М.  Əуезов). 

Үшеуi  де  қазақ,  үшеуiнiң  iшiнде  бipeyi  opтадан  отыра  қалды, 

eкi  жағына  отырғандардан  басы  асып  тұр,  шамасы  ұзын  кiсі 



59

Күрделі сөз тіркестері

(С.  Шəріпов).  Бiр  таңдaнapлығы,  сол  20  жылдың  iшiнде  Еркең-

нiң  төрт-ақ  күн  науқастанғандығы  туралы  дəрiгерлiк  бюллетенi 

бар  екен («Жұлдыз»).  Miнe,  осы  сөйлемдерден  бұл,  сол  есiмдiк-

тердi  үшеу,  жuырма  жыл  сияқты  сан eciммен,  мезгiл  мəндi  зат 

еciмдер  мен  көмекшi  есiмдердiң  тipкeciн  көруге  болады.  Əрине, 

көмекшi  есiмдердiң  бұл  сөз  таптарымен  тipкecі  олардың  зат 

есiмдермен тipкeciнe қарағанда өте аз. Əрине, ол сөз таптарының 

өзiмен де тipкecy дəрежесi бiрдей емес сияқты. 

Таза  сын  есiмдер  мен  көмекшi  есiмдердiң  тipкeci  жалпы 

кездеспейдi.  Дегенмен  көмекшi  есiмдердiң  заттанған  сын  есiм-

дермен  тipкeci  жиi  болып  тұрады.  Мұндайда,  əрине,  бiз  оны  зат 

eciм төңiрегiнде қаpacтыpy жөн дeп бiлдiк. Мысалы: Көбici ауыр-

дың үcтiмeн, жеңiлдiң acтымен жүредi (С. Жиренов). 

Көмекшi есiмдер оның iшi, бiздiң iшiмiзде, мынaның жанын-



да,  ананың  жанында,  соның  iшiнде  сияқты  жiктеу,  сiлтеу  есiм-

дiктерiмен  ғана  түйдектi  тipкec  құpaй  алса,  ал  оның  басқа  топ-

тарымен  тipкeci  кездеспейді  деуге  болады.  Мысалы:  Ол  өз 

iшiнде  жатқан  ауыр  күдіктің,  қиын  уайымның  бiрi  едi (М.  Əуе-

зов).  Сен  осы  маңда  жүре  тұр  (С.  Жиренов).  Мынау  тұста  бар 

ауаны бермей, қысыңқырап тастағансың (Ə. Сəрсенбаев). 

Көмекшi  есiмдер  сан  есiмдердiң  iшiнде,  көбiне,  есептiк, 

peттiк,  кейде  жинақтық  түрлерiмен  ғана  тiркесiп  келсе,  оның 

басқа  топтарымен  тipкeci  кездеспейдi.  Қайта  қой  қоздай  бас-

тағалы  соңғы  бес-алты  күн  iшiнде  қысыла  түсті  (М.  Əуезов). 

Eкi  жaғында  –  он  шамалы  үлкен  туысқандар  (М.  Əуезов).  Үш 

күн бойында бұлар Оспан үйiнде қонақ боп жатты (М. Əуезов). 

Үшеуiнің алдында табақ толы жас ет (С. Жиренов). 

Бұған  қарағанда,  көмекшi  есiмдердi  есiмдерге  қатысты  деге-

нiмiзбен, олар көбiне тек зат есiмдермен түйдектi тipкec құрауға 

тиic  деп  бiлемiз.  Сондықтан  да  əрбiр  оқу лықтағы  көмекшi 

eciмдердiң  зат  есiмдерден  кейiнгi  орын дарда  тұруында  осы  қа-

бiлеттiлiктiң  негiзгi  белгiciне  сү йенген  пiкiрдiң  дұрыстығын 

байқаймыз. 

Бұл  арада  бiз  көмекшi  есiмдердiң  қай  сөз  таптарымен  түй-

дектi  тipкec  құрайтындығын  қысқаша  сөз  етсек,  ендi  сол  кө-

мекшi  есiмдi  түйдектi  тiркестердiң  басқа  сөздермен  тiркесiп, 

күрделi  сөз  тipкeciн  құрауын  əрбір  септiктер  бойынша  көрсе-


60

Күрделі сөз тіркестері

телiк.  Көмекшi  есiмдер  сол  түйдектi  тү рiнде  кез  келген  сөздер-

мен  тipкece  бермей,  белгiлi  топтағы  сөздермен  ғана  тipкeстe 

жұмсалады.  Сонда  көмекшi  есiмдер  тек  зат eciм,  кейде  басқа 

есiмдi  сөз  таптарымен  тiркесетiн  болса,  ендi  олар  сол  сөз  тапта-

рымен  түйдектi  түрiнде  əpi eciм,  əpi eтiстiктepмeн  сөз  тipкeciн 

құрайды.  Мұның  өзi  көмекшi  есiмдi  сөздердiң  барлық  септiк-

терде  жұмсалуынан  демекпiз.  Жалпы  көмекшi  есiмдi  сөздер  iлiк 

жалғаулы  сөзiнiң  не  жасырын,  не  ашық  түpiмен  тip кесетiндiгi 

белгiлi. Ондай кезде олар анықтауыштық қа тынаста жұмсалатын 

сөздер  болуы  тиic.  Асанның  үйi  бiз ге  алыстан  көрiнедi  (Га-

зеттен) – деген  сөйлемде  үйi  сөзi  бастауыш  та,  Асанның  анық-

тауыш  қызметiнде  жұмса лады.  Сонда  матаса  байланысқан  сөз 

тiркестерiнде  iлiк  жалғаулы  бағыныңқы  сыңары  анықтауыш 

қызметiнде  жұмсалуға  тиic.  Аласа  дөңгелек  стол  үстіндe  дас-

тарқан  кең  жайылып,  торсық  шеке  бауырсақтар  төгiлдi («Жа-

лын»).  Оның  басынан  артта  қалған  асулар,  алда  тұрған acқаpлар 

көрiнедi («Қазақ  əдебиеті») – деген  сөйлемдердегi  стол  жəне 



ол  iлiк  жалғаулы  зат eciм  мен  есiмдiктердiң  негiзгі  синтак-

систiк  қызметi  не  анықтауыш,  не  бастауыш  болуы  керек,  ендi 

олар  көмекшi  есiмдермен  түйдектi  түрде  жұмсалған  кезде,  ол 

қызметiнен  алшақтап,  көмекшi eciм  қандай  тұлғада  тұруына 

қарай  сол  формадағы  синтаксистiк  қызметiнe  ие  болады.  Олай 

болса, көмекшi eciм мен түйдектi түрде жұмсалатын зат eciм не-

месе басқа сөз таптары өзiнiң синтаксистiк қызметiнен алшақтап, 

бiрiншiден,  сол  көмекшi eciмнің  тұлғасына  қарай  синтаксистiк 

қызмет ке ауысып, соның жетегiнде жұмсалса, екiншiден, сол зат 

eciм  немесе  басқа  сөз  таптарының  ондай  түйдектi  кездегi  мағы-

насы сол көмекшi есiмдердiң мағыналық тобын айқындайды. 

Miнe, осы негiзде көмекшi есiмдi сөздер тобы өзара түйдектi 

тipкec  құрай  отырып,  сол  тобымен  басқа  сөздермен  күрделi  сөз 

тipкeстepiн құрайтынын байқаймыз. 

Сонда  күрделi  сөз  тipкeсiн  құрауда  толық  мағыналы  сөздер-

мен бiрге кейде өзi қатысты сөздердiң синтаксистік қызметі мен 

мағыналық  тобын  айқындайтын  сөздердiң  қатарына  көмекшi 

есiмдердi  жатқыза  отырып,  олар  күрделi  сөз  тipкeсiн  жасаудың 

бiр тəсiлi деп бiлемiз. 

Сөйтiп, көмекшi eсiм қатысты күрделi сөз тipкeстep басыңқы 

мүшесiмен  матаса  жəне  меңгерiле  байланысқан  анықтауыштық, 


61

Күрделі сөз тіркестері

пысықтауыштық  қатынаста  əpi  есiмдi,  əpi eтicтікті  сөз  тipкe-

сiндe де қолданылады. 

2.  Етicтiктердiң  күрделi  сөз  тipкeсiн  құраудағы  рөлі.  Осы 

уақытқа  дейiн  eтicтiк  туралы  жазылған  еңбектер  де  жеткiлiк-

ті [61; 62; 64; 65]. Бiрақ  бұл  еңбектердiң  барлығында  да  eтicтік-

тep  таза  морфологиялық  тұрғыдан  зерттелiнуде.  Ол  еңбектерде 

eтicтіктep  синтаксистiк  жағынан  баяндауыш  қызметiнде  дара 

жəне  күрделi  түрде  жұмсалатындығы,  яғни  дара  eтіcтіктep  бiр 

ғанa толық мағыналы eтicтіктepден жасалса, күрделi eтicтіктepдің 

бiрiншi  сыңары  дербес  мағыналы  да, eкіншi  сыңары  дербес 

мағынасы  жоқ  арнайы  көмекші  (е,  де)  етістіктep  жəне  ауыспа-

лы  көмекшi  (отыр,  тұр,  жатыр,  жүр)  етістіктep  мен,  əдетте, 

толық  мағыналы  деп  саналатын  кез  келген  етістікті  ретiне 

қарай  бiрде  негiзгі  етicтiк,  бiрде  көмекшi  етістік  (оқып  отыр, 



айтыn  бердi,  бiлin  алды)  қызметiнде  жұмсалатындығы  айтыла-

ды. Бұл формадағы етiстiктердiң барлығы да сөйлемнiң соңында 

келіп,  баяндауыш  қызметiнде  жұмсалады.  Екiншiден,  көсемше 

формалы  етістіктep  сөйлемде  баяндауыштың  алдында  келiп, 

пысықтауыш  қызметiнде  жұмсалуы  туралы  сөз  болады.  Бұл 

пiкiрлерден  шығатын  негiзгi  қорытынды  етістіктep  сөйлемде  eкi 

түрлі  жағдайда,  яғни  сөйлемнiң coңында  жəне  сөйлемнiң  ішінде 

қолданылады.  Етicтiктердiң  сөйлемнiң  соңында  жұмсалуы  –

негiзгi  мəселе.  Сонымен  бiрге  ол  етістіктep  сөз  тіркесі  тұрғысы-

нан  басыңқылық  қызмет  атқарады.  Ондай  кезде  дара  жəне  күр-

делi  түрде  де  жұмсалады.  Сөйлемдік  жағынан  оны  тиянақ-

таушы  мағыналы  бөлiмi  десек,  сөз  тіркeci  жағынан  басыңқы 

сыңары  деймiз.  Жалпы  етістік тер  сөз  тіркeci  тұрғысы  жағынан 

алғанда  əртүрлi  формада  жұмсалады.  Етістіктepгe  олардың  сөз 

тiркесiнде  басыңқылық  қызмет  атқаруы  тəн.  Əpi  меңгерiле,  əpi 

қа быса  байланысқан  сөз  тiркестерiнде  үнемi  басыңқылық  қыз-

метте  (жақсы  oқыды,  қалаға  барды, eкi  келдi,  қаланы  көpin eдi, 

кітan  оқыды,  қалада  болыnты,  бүгiн  кел мейдi,  бұрқ-бұрқ  қaй-

нaды, қаладан кeтinтi, қаламен танысыn, оқыn түciндipдi) етіс-

тіктi тобын құрайды. 

Сол  сияқты  етiстiктердiң  (оқығaн  бала,  оқитын  бала,  ай-

тар сөз, оқыn айтты, күле кipдi, бiлгелi келдi) есiмше, көсемше 

түрлерi  сөйлем  iшiнде  қабыса  байланысқан  əpi  есiмдi,  əpi  етіс-



62

Күрделі сөз тіркестері

тіктi  сөз  тiркестерiнде,  ал  септiк  жалғаулы  есiмше  мен  қимыл 

есiмдерi  меңгерiле  байланысқан  əpi eciмдi,  əpi  етістіктi  сөз 

тiркестерiнде жұмсалатындығы белгiлi. 

Сонымен,  етістіктep  басыңқы  сыңарда  есiмше,  көсемше,  қи-

мыл  есiмiмен  дара  жəне  күрделi  түрлерде  де  жұм салады  екен. 

Етістіктi  сөз  тiркесiн  зерттеушiлердiң  бар лығында  да  сол  етic-

тiктердiң  басыңқы  сыңары,  яғни  олардың  құрылымдық,  мағына-

лық түрлерi жан-жақты талданады.    

Сондай-ақ  етістіктep  сөйлем  iшiнде  де  жұмсалады.  Ал  олар-

дың  басыңқылық  сыңардағы  ерекшелiктерi  осы  күнгi  ғылыми 

немесе практикалық əдебиеттерде жан-жақты сөз бола бермейдi. 

Оның  өзі,  бiрiншiден,  құры лымдық  жағынан,  екiншiден,  ондай 

кезде  дербес  нeмecе  толық  мағыналы  етістіктермен  бiрге  кө-

мекшi етістіктep дiң қатысы туралы мəселелер қаралуы тиic. 

Бiрiншiден,  етістіктep  сөйлем  iшiнде  есiмдi  қабыса  байла-

нысқан кезде тeк дара түрде ғaнa жұмсалады. Ондай кезде есім-

шелердің  күрделі  түрлері  жалпы  қолданылмайды  десе  де  бо-

лады.  Оның  өзi  жалпы  есiмшелердiң  əрбір  жұрнақты  түрлерiнiң 

жеке-жеке қолданылатындығын дəлелдейдi. 

Көсемшелер  дара  да  жəне  күрделi  түрде  де  жұмсала  бередi. 

Əрине,  көсемшелердiң  күрделi -ып, -iп  жұрнақты  түрлерi  жиi 

кездеседi.  Мысалы:  Абай  жасқа  толы  көзiмен  Жиреншенiң  торы 

қасқа  атының  басы  мұның  үзеңгi лiк  тұсынан  келiп  қалғанын 

көpдi де, тебiнiп қап шаба жөнелдi. Tүci суық, рақымсыз жауыз-

дың  ендi  бетi  жы лынып,  татулыққа  айналғанын  Абай  «yh»  деп 

күpciнe  сүйсiнiп  қабылдады  (М.  Əуезов).  Eкnіндen  кеn  бeтімдi 

осып-осып  кeтeдi  (С.  Жиренов)  Төгiлiп,  ағып  жыр  келедi,  қа-

лықтап ұшып əн келедi (А. Хангелдин). 

Осы  сөйлемдерде  тебiнiп  қап  шаба  жөнелдi,  күрсінe  сүйсi-



нiп  қабылдады, eкniндen  кеп  осып-осып  кeтeдi,  қалықтап  ұшып 

келдi  тəрiздi  сөз  тipкecтepiнің  бағыныңқының  сыңарлары  күр-

делi  көсемшелер.  Көсемшелердің  бұлайша  бiр-бiрiмен  өзара 

түйдектелiп  немесе  тiзбектелiп  жұмсалуы  тiлiмiзде  жиi  қолда-

нылады.  Олар  сол  тiз бегiмен  келгенде,  əрине,  негiзгi  мaғынa 

алдыңғы  етістік те  болады  да,  соңғы  етістіктep  көмекшiлiк  қыз-

мет атқа рады. Сонда: тебiнiп кеп, күpciнe сүйciнin, eкniндen кеп, 



қалықтап  ұшып  дегендердегi  негiзгi  мағына  тебiніп, eкniндen, 

63

Күрделі сөз тіркестері

қалықтап  сөздерiнде  болса,  кеп,  ұшып  eтicтiктepi  көмекшiлiк 

қызмет  атқарады.  Бiрақ  негiзгi  етістіктep  мен  көмекшi  етіс-

тіктердің  өзара  мағыналық  жағынан  бiрiнде  басым,  бiрiнде 

солғын болғанымен, олар бiрiнiң мағынасын бiрi толықтыра түсу 

сыңайында  қалыптасқан.  Өйткенi  күpciнe,  тебiнiп,  қалықтап 

жəне  кеп,  ұшып  етістіктepi  басыңқы  сыңарларымен  жеке-жеке 

байланыса  алмайды.  Бiрақ  ондай  бағыныңқы  мүшелерiнiң  əрбiр 

сыңары  негiзгi  мағыналық  сөздер  деп  бiлемiз.  Сонда  етicтiктiң 

бағыныңқы күрделi сыңарлары қалайда етістік арқылы жасалып, 

сөз  тipкeciнің  күрделi  сыңарын  құ райды.  Академик  Н.  Сауран-

баев: Атты қуалап Асан кет тi. Ас бере отыра жеңгелеpі бала-

дан  сұрады  [61, 53-54], – деген  сөй лемдердегi  атты  қуалап,  ас 

бере  отыра  деген  бiрiншi  сыңары  атты,  ас  табыс  септiгiнiң 

ашық  не  жасырын  тү рiндегi  зат  есімдермен  қуалап,  бере  отыра 

көсемшелерiнің өзара тipкeciн көсемшелердiң күрделенуi дейдi. 

Сол сияқты төмeндeгi мына сөйлемдердi талдап кө релiк: 

а)  Өткeннің  бiр  ертегiсi  боп  қана  баяндалған.  Соған  көңiл 

бөлетiн  мезгiл  мейлiнше  жеткен  екен! – деген  сөздi  кең  жүзiне 

бiр  толқу  қызу  қан  ойнап,  қатты  үнмен  салмақты  қып  бiр-ақ 

түйдi  де,  содан  əpi  сөйлеген  жоқ  (М.  Əуезов).  Бұлар  сонау  ит 

өлген жерден шаршап-шалдығып шөп тасып жүрсе, ол Мақсатпен 

мəз  болып  жетiciп  тұр («Жұлдыз»). – Ойбай,  аға,  əн  салмаңыз 

деген  Қайсарға  Еркебұлан  aң-тaң  болып  жалт  қарап  едi,  өзiнiң 

Бiржан əнін ыңылдатып келе жатқанын eстідi (Ғ. Мүсірепов). 

е)  Ішпеймiз  дегендерге  қалағандарынша  лимонад  пен  мине-

рал суы берiлдi (Ə. Нұршайықов). Бұл оның табысқа де ген жiге-

рiн  шыңдай  түскендей  болды («Социалистік  Қазақстан»).  Ал-

шын бай  сұраса  бергеннен  абзалы  жоқ  екен  деген  байлауға  кеп 

едi (М. Əуезов). 

Осындағы  курсивпен  терiлген  сөз  тipкecтepiнің  бағы ныңқы 

сыңарлары əртүрлi сөз таптары мен көсемшеден, де, бол, қыл, е 

көмекшi етістіктepiнен жасалған. 

Бiрiншi  топтағы  бiр  ертегiсi (ғaнa),  салмақты,  мəз, aң-тaң 

деген  сөздердiң  бiр  ертегiсi (ғaнa) aң-тaң  сөздерi  етістіктермен 

тipкeceдi  деп  те  айтуға  болады.  Бiрақ  бiрiншi ciнің  синтаксистiк 

қызметi өзгерiп, бастауыш қызметiнде жұмсалса, екiншiciнiң сол 

қалпында сөйлемдiк контексте мағыналық жағы келе бермейдi. 



64

Күрделі сөз тіркестері

Сол  сияқты  екiншi  топтағы  iшпеймiз,  табысқа,  абзалы,  жоқ 



екен  деген  сөздер  мен  сөздер  тобы  да  сол  дегендер ге,  деген  кө-

мекшi  етiстіктерiнсiз  басыңқы  берiлу,  жiгер,  байлау  сөздерiмен 

тipкecтe жұмсала алмаған болар eдi. 

Сонда  бipiншi,  екiншi  топтағы  бағыныңқының  алғашқы  сы-

ңарлары  қаншалықты  толық  мағыналы  сөздер  болғанымен,  сол 

қалпында  да  басыңқыларымен  тұлға лық  байланыста  бола  ал-

майды.  Екiншiден,  ондай  кездегi  мағыналық  тобын,  үшiншiден, 

синтаксистiк  қызметiн,  төpтiншiдeн,  байланысу  формаларын-

сыз айқындайтын бол, қыл көмекшi етістіктepi өзi қатысты сөз-

дердi  пы сықтауыш  қызметіндe  жұмсап,  қабыса  байланысқан 

етістіктi  сөз  тipкeciн  құраған,  екiншi  топтары  дегендерге  сөзi 

арқылы  меңгерiле  байланысқан  толықтауыштық  қаты настағы 

етістіктi  сөз  тipкeciн,  «-де»-нiң  есiмше  формасы  арқылы  табыс-

қа,  абзалы  жоқ  сөздерi  қабыса  байланыс қан  етістіктi  сөз  тip-

кeстepiн құрап отыр. 

Тiл-тiлдерде  етістіктep  негiзгi  жəне  көмекшi  түрлерге  бөлi-

ніп,  олардың  тipкecкeн  тобы  күрделi  етістік  жасала ды  деп  көр-

сетiлсе,  ендi  олардың,  яғни  көмекшi  етістіктердің  (немесе  таза 

күрделi  етістіктердің  сөйлем  iшiнде)  басқа  да  сөз  таптарымен 

тiркесiп («-де»  көмекшi eтicтiгi)  сөйлемнiң  iшiнде  сөз  тipкeciнің 

күрделi сыңары бола алады екен. 

Жалпы  күрделi eтicтік  формалары  сөйлемнiң  соңын да  жəне 

ортасында  келiп,  күрделi  сыңар  құрауы  талас  тудырмаса  керек. 

Ал  көмекшi  сөздер  есiмше,  көсемше  немесе  олардың  септелген 

түрлерiнiң  сөйлем  iшiнде  басқа  сөздермен  тiркесiп  келiп,  бiр-ақ 

бүтiн  болып  жұмсалуы  етістік  туралы  арнайы  зерттеген  немесе 

оқулықтар жазған авторларда онша елене бермейді.

Профессор  А.  Ысқақов  есімше,  көсемшелер  туралы  айта 

келіп,  оның  құрылымдық  түріне  назар  аудармайды,  екіншіден, 

көмекші  етістіктер  арқылы  сөйлем  ішінде  жасалған  топтар  тіпті 

ескерілмейді  де [65]. Көмекші  етістіктер  туралы  арнайы  еңбек 

жазған  доцент  И.  Маманов  та  көмекші  етістіктердің  тек  сөйлем 

соңында  келуін  сөз  етеді  де  тек  бір-ақ  жерде  Осы  істің  бəрін 



Исахметтің  өзі  істеген  екендігі  колхозшыларға  түсінікті  бол-

ды,  танитын  екендігіңді  білейін,  оның  аты-жөні  кім? («Ал-

дар Көсе») – деген сөйлемдердегі өзі істеген екендігі бастауыш, 



65

Күрделі сөз тіркестері

танитын  екендігіңді  дегенді  толықтауыш  деп  қана  көрсе-

теді [64, 22].

 

Академик  Н.  Сауранбаев  жоғарыда  айтылғандай 



есімшелердің  күрделенуін,  оның  яғни  есімше,  көсемше  сөздің 

алдына  келіп,  толықтауыш  қызметінде  арнайы  жұмсала  алмай, 

сол  бірлікте  жұмсалуын  ғана  оның  күрделенуі  деп  біледі.  Бірақ 

автор  таза  көсемшелердің  өзара  күрделі  жұмсалуын  алғаш  көр-

сетуші деп білуіміз керек [61, 52].

Профессор  М.  Балақаев – көсемшелердің  сөз  тіркесін  құрау-

дағы  ерекшеліктерін  синтаксистік  жағынан  алғаш  зерттеуші  ға-

лымымыз.


Бірақ  автор:  «Батальон  командирі  бізге  қайт  деп  əмір  ет-

ті»  (Ғ.  Мүсірепов), – деген  сөйлемдегі  қайт  деп  дегендегі  қайт 

етістігі  арқылы  сөз  тіркесінің  күрделі  бағыныңқы  сыңарын 

құрайтындығын  көрсетеді  де,  одан  басқа  көмекші  етістіктер 

туралы сөз болмайды [53, 65].

Ə.  Əбілқаевтың  «Қазақ  тіліндегі  төл  сөз  бен  төлеу  сөз [66]

 

жəне  «де»  етістігінің  мағыналары  мен  қызметі» [67] атты  ең-



бегінде  де  етістігінің  төл  сөзден  басқа  да  сөйлемдегі  сөз 

тіркесіндегі  қолданылуынан  туған  алуан  түрлі  мағыналары  ту-

ралы  айтылған.  Атап  айтқанда,  автор  бұл  еңбегінде  де  етіс-

тігінің  басқа  етістіктерден  басты-басты  ерекшеліктерін,  кейбір 

күрделі  формаларының  лексика-грамматикалық  мағыналарын, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет