Төлеген Рахымжанұлы Өлеңімнің өзегі



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата07.02.2017
өлшемі0,96 Mb.
#3600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Төр Алтай
Төр  Алтай – Азияның кіндік тұсы,
Жарқырап көрінетін шындық түсі.
Әлемнің жұмағындай тау туралы,
Жазылар әлі талай жыр мықтысы.
Төр Алтай – Азияның емізігі,
Мұзтаудың кіндік болар негізі ірі.
Зайсан мен Өскеменді жалғастырған
Жасанды қоңыраулы теңіз  үні.
Марқакөл – мөлдіреген тана көзі,
Бұқтырма – ойнақ салған бала кезі.
Аңсағай ағаш тектес адамдары,
Самғайтын қиырларға қанат өзі.
Мұзтаудан көтерілсе серпіліп күн,
Сарғайып кеткендердің дертін ұқтым.
Төр Алтай – бес мың жылдан бермен қарай
Отаны ғұн менен сақ, ер түріктің.
Төр Алтай – ер түріктің шыққан жері,
Әрқашан оңғарылар құтпан желі.
Көктемге дейін қорек қоңыр күзден,
Құнары балқарағай тұтқан жемі.
Құздардан сағым ойнар көбелекше,
Көрейік сұлулықты төмен екше.
Болған соң қазағымның шыққан жері,
Алтайды әлпештеудің жөні ерекше.
Қолында тұрғандайын бар құзырет,
Алдыңнан қарсы алар ма қар қызы кеп?!
Айтқаның бекер болар қазақпын деп,
Көрмесең Алтайыңды жалғыз рет.
Орманы жаратылған сыңсып қашан,
Түгінен ажырар ма қылшықтасаң?!
Ғұндардың ұрпағымын деуің бекер,
Мұзтаудың төбесіне бір шықпасаң.
Қонысын таудан таңдай білген көсем,
Жемісін дәрі қылып жүрген бе есен?!
Сақтардың ұрпағымын дей алмайсың,
Алтайды тірі жүріп бір көрмесең.
Түнімен тау үстінде жұлдыз кешем,
Шығады сол алдымнан кімді іздесем?!
Скифтің ұрпағымын деу де бекер,
Марқаның айдынына бір жүзбесең.
Жеткізер ақырына өмір қашан,
Пейіл тоқ, болғаны ма көңіл масаң?!
Қазақпын деуің бекер, бір рет кеп
Суына Арасанның шомылмасаң.

58
   
59
   
Туған жер – туған жер ме тіл тістесең,
Шындықты айтасың-ау шын күштесең.
Алтайды Отаным деп айту қиын,
Пантының моншасына бір түспесең.
Туған жер – алтынтамыр дерт демес ең,
Жазады маралтамыр сертпен есен.
Алтайды Отаным деп айтармысың,
Толассыз ой шұңғылын зерттемесең.
Басында қолшатыры орман-көрік,
Қасында жанторсығы саулар көбік,
Тәу етіп маңдайымды тигізуге
Алтайдың әр жартасы арман болып.
Төр Алтай – мекенжайы бар қазақтың,
Көтерген қиындығын арлы азаптың.
Жеріме тәуелсіздік келіп жатты,
Он жылдан бері қарай мәңгі азатпын.
Осы тау – менің тауым, сенің тауың,
Байырқап жаз жайлауда сонырқауым.
Төрт елдің еншісіне бөлініп тұр
Алтай деп аталатын шоғыр тауым.
Жас болсаң жарасады жалындауың,
Қарт болсаң парасатты, мәлім дауың.
Айтқаның рас болса қазақпын деп,
Алтайды мүмкін емес сағынбауың.
Айтсақ та қайда, қанша мөлшер десіп,
Адамдық қасиетке өлшем бесік.
Дайын тұр құшақ жайған бауырластар,
Бар қазақ, Отаныңа келсең көшіп.
Төр Алтай қазағымның жұмақ тауы,
Шақырған ағайынды жырақтағы,
Күйініп сағыныштың жылатқаны,
Сүйініп дәруіштің жұбатқаны.
Төр Алтай қонған бақыт маңдайдағы,
Құмартқан ағайындар шалғайдағы.
Қонақжай халқымыздан айналсақшы,
Тұрғыны Алтай тектес таудай бәрі.
Төр Алтай – Азияның кіндік тұсы,
Жарқырап көрінетін шындық түсі.
Әлемнің жұмағындай тау туралы,
Жазылар әлі талай жыр  мықтысы.
Катонқарағай
Бөгденің миға қонбас бейпіл демі,
Қамын тек Төр Алтайдың жейтін мені.
Жақпайды көңіліме
Катонымды
“Екінші Швейцария”
Дейтіндері.
Жаралып сұлулықпен
Қатар мәнер,
“Туған жер ыстық” дейтін
Мақал дәлел.
Несі артық Төр Алтайдан құйқылжыған
Сонау бір Швейцария атанған ел?!
Шағылып мұзартынан қаптап сәлде,
Айтардай әнге қосып,
Мақтап сәнге.
Мұзтаудан айнымаған көр аспанды.
Төр Алтай алғашқы боп айтылады,
“Екінші Швейцария”
Емес мәңгі!
Көзіңнің қиығын сап,
Бір бұрылшы,
Қасқайған Мұзтау – абыз,
Үлгі жыршы.
Тылсымын табиғаттың түсіндіріп,
Әлемде Катонқарағай тұр бірінші!

60
   
61
   
Орманда
Тағы да ну орманды кезіп келем,
Көңілді кеулеп үрей, сезік деген.
Селт етіп әрбір сыбдыр шыққан сайын,
Батылдық тайып тұрды безіп менен.
Тулайды құйқылжып кеп толқын ішкі,
Сіміріп орман іші зор тынысты.
Жанымда ес көретін бала да жоқ,
Жалғызға қалың жыныс қорқынышты.
Қызықтап алға қарай басқан адым,
Жүз ықтап ну жыныстан жасқанамын.
Жасықпын осы арадан кері қайтсам,
Алға аттап өрлік болып басталамын.
Тоқталмай, нар тәуекел, тарттым алға,
Өнеге болайын деп артқыларға.
Астымда аяғымның қалып қояр,
Жабысқан тікенектер тартқылар да.
Іңкәрлік
Алыс құздың биігіне іңкәрмін
ес  білгенше.
Таныс қыздың сүйікті үніне  іңкәрмін
естілгенше. 
Гүл арманның жүйріктігіне іңкәрмін
Бұрын жетер.
Бұл жалғанның сыйлық гүліне іңкәрмін
Күлімдетер.
Жас өмірдің тәттілігіне іңкәрмін
тілді үйірген.
Қос көңілдің пәк күлуіне іңкәрмін
бір бүйірден.
Құйын желдің нұр ұшқынына іңкәрмін
дөңгеленген.
Дүйім жердің тыныштығына іңкәрмін
Ел бөленген.
Қалайша Қатын қойған
Қызығып жасағандай батыл байлам,
Үзіліп түспей тұрып  ақыл бойдан,
Білейін, қандай ғана себеппенен
Есімін бұл өзеннің Қатын
*
 қойған?
Ертеде Қатын деген хан болды ма,
Үкілі өнерпазға ән қонды ма?!
Есте жоқ ескі заман тұлғалысын
Кетті ме ұмыттырып жалған мына?!
Жоталы тау қыраты тақыр белең,
Өзеннің қосақтаған атын немен?!
Берген бе бөтен ұғым біз түсінбес
Бұл сөздің түп төркіні Қатын деген?!
Сұлу ма айналасы бәрі бекем,
От тілді, орақ ауыз кәрі ме екен?!
Қатын деп кім қойғанын еш дерексіз
Қалайша көпшілікке мәлім етем?!
Шығыстың бозарғанда бұла таңы,
Қатын деп алғаш рет кім атады?!
Тау болсын, тулап аққан өзен болсын,
Әсілі, әдемі атты ұнатады.
Суында ойнайды кеп балық ұшып,
Есімін қалай қойған жаңылысып?!
Ел көзін қарықтырған ақ балықтар
Шолпиды күн нұрына шағылысып.
Жол емес жастық шақтың ойын хаты,
Жарысса жүйрік көңіл, бейіл қапы.
Аруды қыз-бойжеткен әлпештесек,
Ал Қатын – келіншектің кейінгі аты.
Қатын, Бие – өзен аттары

62
   
Қыз деген – бастаудайын жыр қайнары,
Бойжеткен – бұлақ болып ұлғайғаны.
Келіншек сыпайылық жасап ақса,
Өзенге айналғаны – тың майданы.
Түсінбей арғы тегін қапаланып,
Бір сөзді қуғандаймыз бақан алып.
Алтайдың ақ сілемін тіліп түсіп,
Қатын мен Бие жатыр қатар ағып.
Жалғанның қызығы
Жыныс орман...
                         етегі қалың шырғай,
Жел қозғалса, 
                      ысқырар дауыл-сырнай,
...Балалары біркелкі жанұя бар:
Қылқандары біркелкі самырсындай.
Табиғатта дәстүр мен жоралғы бай,
Көгілдір бақ қоршалған  көгал-маңай.
...Балалары әртүрлі жанұя бар:
Жапырақтары әртүрлі тораңғыдай.
Тәтті мен  ащының дәмін білмей,
Көрінер ме
                  қызусыз жалын жалғанның
Жасағанда Жаратқан бәрін бірдей?!
Қош, Алматы!
Студенттік дәурендегі досым,                                    
ойылдық Ерсайын Бижановқа
Қоштасып көшесімен астананың,
Қалдырып жанға жайлы асқақ әнін.
Қайқайып ауылыма кетіп барам,
Қуат ап арманымнан жас талабым.
Қоштаса мөлтек фонтан жылап тұрып,
Арықтан жалт береді бұлақ күліп,
Болған жоқ бес жыл деген
                                       бір күнгідей,
Отырмын аттанғанда бір-ақ біліп.
Желкілдеп гүлдер басын ырғайды кеп,
Достарым ақ пейілін сыйлайды кеп,
Жанымның тереңіне сыр тұндырған
Бұрылды-ау абат баққа қимай жүрек.
Сағымдай өткен күндер қашты күліп,
Қарайды, қыл аяғы,
                                   тас құбылып.
Шынымен астанамды қимайды екем:
Көзіме келіп қалды жас тығылып.
Алматым!
Ұмытам ба кең көшеңді
Назданған сазды кеште мен кешегі.
Қимаймын студенттік күндерімді
сол шағым ыстық еді,
өзгеше еді!
Алматым!
                 Сәулеттеніп көркейе бер!
Жиналып жатыр саған өңкей өнер.
Бітіріп бір студент кетті ауылға,
тілегін қабыл алып
                                     еңкейе гөр!
Қоштастым көшесімен астананың,
Қалдырдым жанға жайлы асқақ әнін.
Қол бұлғап үйеңкі-тал сыбырлайды,
Сыры бар 
                 кәріге аян, жасқа мәлім.

64
   
65
   
Табиғат құпиясын 
түсініп көр
Бұлтқа сәлем
Ассалаумағалейкүм, алыстан келген ақ бұлттар,
Қандай сәлемдеме жіберді сенен жат жұрттар!
Құбылып соққан үп еткен желден лезде,
Қап-қара болып кетеді дейтін дақпырт бар.
Тілеймін ылғи болмасын деймін арзан жыр,
Ақ бұлттар деген атыңмен бірге қалжаң жүр.
Қап-қара болып түтігіп кеткен кезде де,
Өткінші болмай,
                           нөсер боп құйсын ақ жаңбыр!
Үмітті күндер
Табиғат! Қандай ыстық от күндері,
Кетілген кірпіштей ғып соқтың мені.
Әлеумет! Күйрек десең, жаралыппын
Жатқанда шойырылып көптің белі.
Тікейдім бойды түзеп, сынып тұрып,
Шыңдады баулып өмір шынықтырып.
“Уақыт” – емші деген рас, тегі,
Жіберді уайымды ұмыттырып.
Тағдырдың талқысы көп сыр ұқтырып,
Сынайды жайма-шуақ күліп тұрып...
...Күдікпен әр күнімді аттандырып,
Күтемін әр таңымды үміт қылып.
Тұғырлы
Жаңғырықтың кешенінде кеңестім,
Мәңгіліктің есебінде емеспін.
Көктен ізде деген болсам жасымда,
Шарбы бұлттың шашағында елеспін.
Сан тұнықтың шүмегінде кеңестім,
Мәңгіліктің түбегінде емеспін.
Көк теңізден ізде десем жасымда,
Жарлылықтың тілегінде елеспін.
Білімдінің ордасында ой кештім,
Бүгінгінің жолбасында сөйлестім.
...Өткен ізден ізде десем,
                                             ал қазір
тұғырлыны алға асырмай қойды ешкім.
Қарапайым тас
Алшысынан түсе бермес асығым,
Даяр асқа тік тұрмайды қасығым.
Көп ішінде көзге түспей қалатын
Шахматтың қарапайым тасымын.
Шаршы тақта.
Құпия көп жасырын,
Ойын бітпей ешкім білмес ашығын.
Шығып жатқан кезін әсте көргем жоқ,
Шахматқа  орын бермей басылым.
Ат болуға ұмтылады бірер тас,
Пат болуға ұмтылады бірер тас.
Шаршы тақта, жүріп жатыр бір айқас,
Ақ пен қара бір-біріне кілең қас.

66
   
67
   
Әрбір жүріс шыға бермес ыңғайдан,
Мына бір тас ферзь шығып жүр қайдан?!
Шаршы тақта ақ пен қара шеп құрап,
Кейінге қап жүріп жатыр бір майдан.
Піл болуға ұмтылады бірер тас,
Құр қалуға ұмтылады бірер тас.
Шаршы тақта, жүріп жатыр бір майдан,
Бірін-бірі қымқырады кілең қас.
...Жеңер жағы отырғанда тамылжып,
Келер жағы отырады абыржып.
...Көп ішінде көзге түспей қалатын,
Шахматтың тасымын деу – ауыр жүк.
Жол
О, жол... жол!
                       Қызметің ала бөтен,
Сапарда тек жақсылық талап етем.
Азапқа жолда жүріп қалады екен,
Ғажапқа жолмен жүріп барады екен!
Жол сапар – жер танытар білгіш осы,
Жігіттің жолда ашылар тұңғыш есі.
Оны да азап шеккен адам білер:
Жолдың да көп екен ғой түрлішесі.
Өмірде сүрлеу болса,
                                   соқпақ та бар,
Жеткізер жақсылықты топтап хабар.
Қатынас жасамаса жолаушылар,
Үлкен жол –
                     күре тамыр тоқтап қалар.
Жеңіске жеткен болса,
                                      маңдай да нық,
Жүргендей жолсызбен де қайран халық.
Ішектей шұбатылса дала жолы,
Тау жолы тұрар ылғи айбарланып.
Жол деген – бүкіл қоғам қан тамыры,
Жүкті де тасымалдап тартады ірі.
Көліктің созылмайды қаңтаруы,
Бағыттан тайып кетіп жалтаруы.
Тәліммен сыйлау бөлек жол-ананы,
Топ емес,
                      жол болар деп орамалы.
...Тапқанша өз жолымды мен әкемнің
Талтаңдап ізін басып келем әлі.
Ақпан
Жердің бетін қымтап алып қар аппақ,
Жатыр білем күш-қуатын сараптап.
Аямай-ақ бар уытын, 
                                  сары аяз
Құтырып жүр қызыл тілі салақтап.
Күн ұзарып,
                       аттағанда қарға адым,
Болды ма Жер сілкігендей жарғағын?!
Көктем жақты нұсқап тұр ма, 
                                                кім білсін,
Мұз бозарып шошайтады бармағын?!
Жердің бетін қымтап алып қар аппақ,
Күнге тіке қарай алмай алақтап,
Терлеп-тепшіп бусанады қыраттар
Ыстықтаған малдай тілі салақтап.
Кейде қатқыл ашуланшақ желі бар,
Кейде майда,
                          жап-жайдары демі бар.
Сенбейсің бе?
Онда анықтап көріп ал,
Ақпан осы – 
                      қыстың соңы жолығар...

68
   
69
   
Кешіккен көктем жырлары
1
Айтшы, неге биылғы көктем ауыр,
Ауыр тыныс алады өкпе-бауыр?!
Алдап соқты созылып қыс аяғы,
Ахуалы мазасыз көптен ауыл.
Күн жылынбай,
                            бөктерден қар да кетпей,
Шұбырмады,
                           толмады малға беткей.
Майда самал, жылы леп сағындырып,
Жүрген бар ма күншуақ арман етпей?!
2
Көктем, сірә, 
                        Бізді ұмытып кеттің бе,
Мезгіліңді кешіктіріп жеттің бе?!
Адамзаттың армандайтын шағы бұл,
Арманымды айтар екем тек кімге?!
Мендік арман –
                         ақбас арман, шал арман,
Табиғатқа сай келер ме жаңарған?!
Бүршік атып  келе жатқан тәрізді
Күллі әлемнің көрінісі жанардан.
Мамырға кеп жиналғандай бар суық, 
Маусым туса жылынардай дәл сынып.
...Күн нұрымен тесілген жер қуды мал,
Шаруаның жем-шөбі де таусылып.
3
Тіс тиіп, тілге оралмай қылтиған көк,
Жайылған мал ішінде тыртиған көп.
Тоймаған көксоқтада,
                                           көктемеде 
Бүйірі шығар ма екен бұлтиған боп?!
Аспанға көзін тіксе таңғы жан дүр,
Қара бұлт арты қалың, алды жалбыр.
Әп-сәтте қысып кетсе
                                         жылымық күн
Қиыршық қарға айналар қарлы жаңбыр.
Беу, көктем! Зеріксең де жасарып қал,
Өтпелі өліараңа жасанып бар!
Тұрады шыға жаздап бойдан жаным,
Далада дірдектесе аш-арық мал.
Ертерек қоң жинатып жұғын нәрі,
Өзгеше сияқты еді бұрын бәрі.
Үйренбей келем әлі қартайғанша
Көктемнің қылығына құбылмалы.

Құлақтанып келе жатыр жер түгі,
Қырат маңы нәзік бұйра елтірі.
Табиғаттың бүр жаруы дем беріп,
Жасты қойып, кемпір-шалдар делқұлы.
Жастар жағы қызық думан, мәз-мейрам,
Енді дудан арылмайды жаздай маң.
Жасты қойып,
                           кемпір-шалдар елтіген
Ағыл-тегіл төгіледі саз қайдан?!

Тамырың әлі берік пе, кәрі қайың?!
Енді қалған тірліктің бәрі уайым.
Жолдан шығып кетердей кейінгі ұрпақ,
Қолдан шығып шашылған тарыдайын.
Тамырың әлі мықты ма, кәрі қайың?!
Тапшы кезде табылмас дәрі уайым.
Сен жаңылма жылдағы тіршіліктен,
Мен – күнәкар жаңылсам, жаңылайын...

70
   
71
   
Қабығың да қалың ба, кәрі қайың?!
Сағындың ба көктемнің ару айын?!
Сен ақырғы сөліңді ағызғанда,
Мен ақырғы сөзімнен арылайын.
Өзегің әлі жылы ма, кәрі қайың?!
Ыстық-суық ауаның бәрі дайын.
Сен ағарған қалпыңнан айнымашы,
Мені басып алса да сары уайым.
Қартайғанның сыры ортақ, жақсы қайың,
Ақ торғындай тозбасын ақ шырайың.
...Ортасында орманның асқақ тұрсың
Айналаңды күзеткен сақшыдайын.
Наурыз 
Ай жүдеп, 
                  солғын тартып,
                                    жұлдыз арып,
Қалыпты арқан бойы күн ұзарып.
Көңілі босамайтын суық еді,
Жылатып,
                 қарды қойған кім ыза ғып?!
Сүрі қар ұйқыдағы бастырылып,
Ақырғы қуатымен тасты бүріп,
Адуын мінез былай қалып қойып,
Арықта бұралады аш бүгіліп.
Бұл мезет қарды осылай қалжа қылып.
Білінбей өзгереді таң жамылып.
Бейкүнә қолыменен тал-теректің
Бойына алқа тақты маржан іліп.
Жазғы таң
Бозарып келе жатыр сылдырап таң,
Ақ сәуле көкжиектен сырғып аққан.
Мап-майда саусағымен нұрлы шапақ
Сипайды күңгірт жатқан шыңды батпан.
Жабады қызыл-ала шағыл басын,
Дегендей нұр шұғыла дамылдасын.
Жоғары көтерілер мезгіл-ді күн,
Сындырып көкжиектің қабырғасын.
Жастықтың жұмбағы мен сырын құптай,
Құрылған жас отауға шымылдықтай.
Көгілдір тұман сайда шөгіп жатқан
Пәк таңның  құдіретін түрілді ұқпай.
Таңғы ауа, тәтті ұйқымен дұрыс жұптар,
Орнаған ертеңгілік тыныштық бар.
...Жылтылдап күнге қарап мөлтілдейді:
Көк шөпке қонақтаған күміс шықтар.
Шілде
Жазғы күн сағым торды тастады өріп,
Кеткендей көк май болып аспан еріп.
Ол дағы шыбын жанын қорғалайды-ау,
Қарайлап лағына қашқан елік.
Бусанып дала жатыр кең көсіліп,
Самғатып қыран ұшқан кеудесі нық.
Жалқын күн тастөбеден шаңқайғанда.
Жатқандай тірлік түгел жерге сіңіп.
Шіліңгір шілдедегі ыстық аптап,
Көк сағым, бозғыл тозаң, ұшқын аппақ.
...Төбеден күн еңкейіп құлағанда
Мал өріп, аспанда құс ұшты қаптап.
Қазан
Үңгісін қайда бұрып оқтады аспан,
Бір жарқыл ғайып болды тоқтамастан.

72
   
73
   
Кең әлем күңіреніп қала берді:
Бұлт мынау:
шар нажағай – шоқпар асқан.
Күркіреп аспан тұрды әлсін-әлі,
Жаңбырдың бас бармақтай тамшылары.
...Сіркіреп нөсер сөйлеп кетті сол кез,
қуалап күркесіне аңшыларды.
Қаз көктем
Қаз дауыспен келдің бе, қаз көктемім,
Кейін серпіп қанатын назды өкпенің.
Отыз жасты аяқтап қалғаныммен,
Дүрсілдейді жүрегім мәз боп менің.
Ақтарылып айтарым аз ғана тым,
Жаңбыр алып келе ме қаз қанатың?!
Қаз дауыспен күнді де күркіретіп,
Сазды ағыспен көктем деп жазған атың.
Кенелгенде сол көктем қаз дауысты,:
Мына менің көгімде аздау ұшты.
Өз сыбағам деп жүрсем меншіктеніп,
Қаз көктемім байқатпай жазға ауысты.
Желтоқсан
Желтоқсан – соғым айы,
                                               қыстың басы,
Аппақ қар түлкі аунаған түстің бәсі.
Өлшеусіз аяз қарып жатсын мейлі,
Өр сезім, шоқтай жайнап ұшқындашы.
Желтоқсан – қазақ үшін шежіре бұл,
Жарқылдап құйылғандай сөзіме нұр.
Ызғары желтоқсанның кетпей жатыр,
Атан боп шыдаса да төзім-өмір.
Үстемдік боздақтарды тепкіледі,
Армандай қыздарымыз соққы жеді.
Ызғарын желтоқсанның наурыз бұзып,
Тоң жібіп, қарды тесті отты желі.
Желтоқсан,
                   енді өзіңсің сөнбес Күнім,
Жыл толды қол жеткелі дербестігім.
Сәбиді жасқа толған мейрамдайық,
Ие боп тізгініне кер бестінің.
Желтоқсан – алғы бағыт,
                                           білмес тірлік,
Нарыққа халықты әкеп мінгестірдік.
Шаруа жекеше боп отау тігіп,
Қожалық ұжым болса,
                                        бірлестірдік.
Елгезек болып кеттік әмір етпей,
Сау болдық, қалсын мейлі дәрі жетпей.
Боданның бостандығы балдай екен,
Ауыздан тәуелсіздік дәмі кеппей.
Бағдар бар:
Арты мәлім, алды жұмбақ,
Нарықтан кімдер қалай қалды жырғап?!
...Бәрібір тәуелсіздік алып келген
Бітпеспін Желтоқсанды мәңгі жырлап.
                                         
Күз суреттері
1
Күз келді күнде  өзгеріп алабұртып,
Өзен де мұз қаймақшып, шала кілкіп.
Табиғат құпиясын түсініп көр,
Қалықтап бұлт та сырын қалады іркіп.

74
   
75
   
Батыста күн қызарып барады үркіп,
Түн орнап шымқай мөлдір қара кірпік.
Далада айран шелек қап қоймасын,
Мұз болып қатып қапты манағы іркіт.
Осы күз қысты көксеп сұрау салған,
Түнімен жердің бетін қырау шалған.
Дала да таң алдында күркілдейді,
Жұққан ба, бәлкім, әлгі...тұмау шалдан?!
2   
Бірге отырып жақын жолдас, тату қыз,
Машинамен зырлап келе жатырмыз.
Нақ суретін – жақсы бетін көрсетіп,
Жырлап кетті суретші күз, ақын күз.
Бусанды ма, дала жатыр сарғайып,
Бұқтырмада бара жатыр сал-қайық.
Маңқияды маңғаз орман, ну орман,
Келбетінен көзді жазып қалмайық.
Күз күйімен булығады атырап,
Шалғын қурап жатыр білем қақырап.
Бір тіршілік үзілгендей жоғалды,
Су бетіне ұшып түсіп жапырақ.
Бұрынғыдай мейірлі емес күн шақар,
Тау басынан төмен жылжып сұрша қар.
Туған жерге жасағанда саяхат,
Сезінгенім... аз білгенім бір сапар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет