Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата07.02.2017
өлшемі1,59 Mb.
#3611
  1   2   3   4   5

 

 

1



 

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат  

және дін істері басқармасы 

«ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – 

              ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШЫМКЕНТ – 2015

 

 

2



 

Бұл кітапша 13.06.2015 жылғы №15-04-15/1433 хат негізінде 

ҚР  Мәдениет  және спорт министрлігі  Дін істері комитетінің 

дінтану сараптамасы арқылы мақұлданды. 

 

УДК 28 


ББК  86.38 

М     45 

 

 

М   45     



«МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ» 

                      Шымкент: ТОО «Нұр-капитал» баспасы  2015  

 

ISBN   978-601-7266-53-0 



 

Анықтамалық сараптамалық-талдау әдістемелік көмекші құралын 

ОҚО  ішкі  саясат  және  дін  істері  басқармасының  «Әлеуметтік 

бастамалар орталығы» мамандары дайындап отыр.  

Кітапшада  Қазақстан  мұсылман  халқының  ұстанатын  ислам 

дінінің  Ханафи        бағытының  халқымыздың  рухани  өмірі  мен 

мәдениеті,  салт-дәстүрінде  тарихи  орнының  маңыздылығы  туралы 

айтылған.  Сондай-ақ  Қазақстан  тарихының  қалыптасуында  Имам 

Ағзам  Әбу  Ханифа  мәзһабының  артықшылығы  мен  ерекшеліктері 

жан-жақты баяндалады.  

Кітапша  ОҚО  ішкі  саясат  және  дін  істері  басқармасының 

«Әлеуметтік  бастамалар  орталығының»  кеңейтілген  ғылыми 

кеңесінде мақұлданды. 

 

 



 

 

 



ISBN   978-601-7266-53-0                                             УДК   28 

                                                                                         ББК   86.38 

 

 

©  ОҚО ішкі саясат және дін істері  басқармасының 



     «Әлеуметтік бастамалар орталығының» - 2015 

©  


Шымкент: ТОО «Нұр-капитал» баспасы  2015 

 

 

3



 

 «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа 

мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз» 

Елбасының «Қазақстан-2050»  

стартегиялық жолдауы. 

 

 



Менің таңдауым – ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ 

 

                          Сіздің таңдау құқыңыз бар! 

Аса қадірлі бауырларым! 

 

Біздің  әрине,  Сіздің  таңдау  құқыңызға  қол  сұққымыз  келмейді. 

Өйткені,  біз  өзіндік  сипаты,  ерекшелігі  бар  Қазақстан  деген  тәуелсіз, 

демократиялық, зайырлы мемлекетте тұрамыз.  

Елімізде  жуырда  қабылданған  «Діни  қызмет  және  діни 

бірлестіктер»  туралы  заңымыздың  кіріспесінде  былай  айтылады: 



«Осы  Заң  Қазақстан  Республикасының  өзін  демократиялық, 

зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан 

бостандығы  құқығын  растайтынын,  әркiмнiң  дiни  нанымына 

қарамастан  тең  құқылы  болуына  кепілдік  беретінін,  ханафи 

бағытындағы  исламның  және  православиелік  христиандықтың 

халықтың  мәдениетінің  дамуы  мен  рухани  өміріндегі  тарихи 

рөлін  танитынын,  Қазақстан  халқының  рухани  мұрасымен 

үйлесетін  басқа  да  діндерді  құрметтейтінін,  конфессияаралық 

келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни наным-

дарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады»

Діни  нанымдарға  құрмет  көрсету,  әрине,  керек.  Өйткені,  біздің 

басты құндылығымыз бейбіт өмір. Сонымен қатар заң талаптары бізге 

таңдау  құқығын  да  ұсынады.  Ал,  дұрыс  таңдау  жасау  үшін  әрбір 

азаматтың сол тақырып төңірегіндегі білімі,  танымы кең болуға тиіс. 

Сіз бізбен келіседі деген ойдамыз. 

Қазақ  даласы  Ислам  нұрына  шомылып  тұрған  өлке!  Оны  сіз  де 

білесіз. Жеріміз байтақ әрі бай, ал  халқымыз қонақжай әрі мейірімді, 

төзімді  сабырлы.  Жанына  жүргенді  дініне,  сенімі  танымы,  түр-түсіне 

қарамай мейіріммен құшағына тартады. Бейбіт өмірдің қадірін біледі, 

солай  болса  екен  деп  тілейді.  Мұндай  қасиеттерді  сіз  тағы  қайдан 

байқадыңыз, қандай кітапта жазылған ОЙЛАНЫҢЫЗ! 

       ҚР  президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  айтқан  мына 

сөзді қайта бір оқып шығайықшы.  



-  «Алла  –  хақ,  пайғамбарымыз–  Мұхаммед  (с.ғ.с.),  қасиетті 

кітабымыз  –  Құран  болғанымен,  әлем  сүнниттері  төрт  мәзһабқа 

бөлінетінін  білетін  боларсыздар.  Біз  көптеген  түркі  халықтары 

сияқты  Ханафи  мәзһабына  жатамыз.  Мұның  өзге  мәзһабтардан 

 

 

4



 

басты  артықшылығы  Ислам  қағидаларына  қайшы  келмейтін 

ата-бабаларымыздың 

дәстүр-салттарының 

да 

кеңінен 

қолданылуында. Міне, сол себепті ханафиттер жер жүзінде ең көп 

тараған  мәзһаб  болып  есептеледі.  Менің  бұның  бәрін  айтып 

отырғаным:  дін  ұстараның  жүзіндей  өткір  нәрсе.  Мұнда  жаза 

басып,  жаңылысуға  болмайды.  «Менікі  дұрыс»  немесе  «мен 

білемдік»  емес,  түсіністік,  бірлік  қажет.  Бұл  біздің  ортақ 

мақсатымыз» 

Осылай  деген  Елбасы  тамыры  тереңде  жатқан  дәстүрлі  дініміз 

турасында өз көзқарасын білдірді. Сонда біздің ата-бабамыз ұстанған 

дәстүрлі  дініміз  қайсы?  Сіз  оны  жақсы  білесіз,  әрине,  Ислам  діні, 

соның ішінде ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ. 

      Ал,  енді  Сіз  болып,  Біз  болып  өзара  білгенімізді, 

оқығанымызды, тәжірибемізді бөлісейік. Өйткені, оқып отырған сіздің 

де  білетініңіздің  көп  екеніне  біз  сенімдіміз.  Кейбір  қайшылықты 

мәселелерге  ғана  көзіңізді  жеткізе  алмай  жүруіңіз  әбден  мүмкін. 

Саналы,  жүрегінде  мейірімі  бар  адам  қашанда  білмегенді  үйренуге, 

білгенін бөлісуге дайын жүреді. Өйткені, бізді ЖАРАТҚАН ИЕ біреу. 

Өйткені, біз бұл өмірге білу, білім жинақтау, бір-бірімізге сүйеу болу 

үшін, мына дүниені нұрландыра түсу үшін келдік. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5



 

Сонымен жалпы мәзһаб

1

 туралы не білеміз? 

 

Сіз  бұл  өмірде  ізденістің  қайдан  туатынын  жақсы  білесіз. 



Қажеттіліктен, әрине. Адамзат қашанда сапалы өмір сүруге ұмтылған. 

Соның  нәтижесі  бүгінгі  таңда  біз  жоғары  технологиялар  заманында 

өмір сүріп жатырмыз.  Рухани дүниемізді байытуда да заман өзгерген 

сайын қажеттілік туады. Мәзһабтар да солай. 



     Мәзһабтар қандай қажеттіліктен туды? 

     Сіз 

білуге 

құштар 

жансыз, 

сондықтан 

да 

сізді 

мәзһабтардың  тууына  қандай  қажеттіліктер  себеп  болды  екен?-

деген сұрақтың мазалауы әбден мүмкін. Өйткені, Ислам «оқы, оқы 

және  оқы»

2

,  сенің  артықшылығың  саналы  боп  жаратылуыңда, 

оқығаныңды,  көргеніңді,  білгеніңді  бәрін  ақылға  сал  дегенді 

ұстанады. 

 

          Әріден бастайық 

Ислам діні келіп, үкімдері толық орныққанға дейін мұсылмандар 

арасында  бір  мәселе  туындаған  жағдайда  оның  шешімін  табу  үшін 

Хазірет  пайғамбарға  үнемі  жүгінетін.  Пайғамбарымыз  Құран 

аяттарына  сүйеніп,  немесе  өзі  ижтиһад

3

  жасап,  мәселенің  шешімін 



тауып  отырған.  Сол  кезеңде  мәзһаб  туралы  сөз  қозғау,  әрине, 

қисынсыз,  әрі  оның  қажеті  де  шамалы  еді.  Себебі,  халықтың 

көкейіндегі  сұрақ  пайғамбар  тарапынан  өз  жауабын  тауып  отырды. 

Сондай-ақ,  оның  қарама-қайшы  пікірлер  туындаған  жағдайда  ғана 

көрінері анық. Алланың елшісінің көзі тірісінде Оған қайшы пікірдің 

айтылуы  мүмкін  емес-тін.  Ол  қайтыс  болғаннан  кейін  Оның  орнын 

Омар  ибн  әл-Хаттаб

4

,  Әли  ибн  Әбу  Талиб



5

,  Абдуллаһ  ибн  Мәсуд

6

,   


Абдуллаһ ибн Омар

7

, Абдуллаһ ибн Аббас



8

, Зәйд бин Сәбит

9

, Айша


10

 

сынды  (Алла  оларға  разы  болсын)  ижтиһад  ете  алатын  дәрежеге 



жеткен  сахабалар

11

    басты.  Бұл  –  сахабалар    дәуірі  болатын.  Ендігі 



жерде  әмбе  жұрттың  сол  сахабалардың  ілім  –  біліміне  жүгінуден 

басқа  амалдары  қалмады.  Мұсылмандар  мүмкіндігіне  орай  бұл 

ғалымдардың  ішінен  қалағанының  соңынан  еріп  отырды.  Берілген 

үкімдер  бойынша  қайшылықтар  туындап,  дұрыс  шешімін  айтып, 

                                                             

1

 Жол, бағыт 



2

 Алақ сүресі 1-3 аят 

3

 Ғалымның ғылыми негізде діни де дүнияуи талаптарға сай айрықша зерделеу 



4

 634-644 жж. билік құрды 

5

 656-661 жж. билік құрды 



6

 Пайғамбарымызды көрген сахаба - фиқһ ғалымы, ө.653 

7

 Пайғамбарымызды көрген сахаба, ө.693 



8

 Пайғамбарымызды көрген сахаба, 617–687 

9

 Пайғамбарымызды көрген сахаба, 612–665 



10

 Пайғамбарымыздың ханымы, 613–678 

11

 Пайғамбарымызды көріп, сұхбатына қатысқандар 



 

 

6



 

дұрыс жолды табу қажеттілігі сахабалар кезеңінде туындай бастаған. 

Дегенмен  ол  кезде  мәзһаб  түсінігі  әлі  шыға  коймаған-ды.  Сахабалар 

дәуірі  һижраның

12

  10-110  жж.  аралығын  қамтыды.  Келесі  кезең  – 



табиун

13

  дәуірі. 



 Сонымен  мәзһаб  дегніміз  не?  Біз  мұны  білуіміз  керек.  Өйткені, 

бүгінгі  таңда  адасушылық  осы  білмегендігімізден  туындап  отыр. 

Оның  үстіне  өз  таңдауымызды  жасауымыз  керек  емес  пе?  Алдымен, 

мәзһабтың мағынасын түсініп алайық, БҰЛ-МАҢЫЗДЫ! 

Сөздік  мағынада  мәзһаб  –  жол,  бағыт  деген  мағынаны  білдіреді. 

Кейін  келе  «мәзһаб»  сөзі  үлкен  құқықтық  мектептердің  дәрежесінде 

орнығып,  оның  негізгі  және  жалпы  атауына  айналды.  Терминдік 

мағынада Шариғатта – арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен 

сүннеттен  шығарылған  үкімдер  мен  көзқарастар  жиынтығы  «мәзһаб» 

делінеді. 

Исламда  жалпы  мәзһабтарды  3  топқа  бөліп қарастыруға  болады. 

Олар: 


1. Саяси мәзһабтар. 

2. Ақида (Сенім) мәзһабтары. 

3. Фиқһ мәзһабтары. 

Саяси мәзһабтарды қалыптастырған негіздер: 

«Мемлекетті  кім  басқаруы  керек?»,  «Халифа  (Бұл,  Мұхаммед, 



пайғамбар  қайтыс  болғаннан  кейінгі  елді  жалпы  халықтық  сайлау 

және    шариғат  жолымен  әділ  басқарғандарға  берілген  атау,  яғни 

төрт  халиф  (хулафа  рашидин)  дәуірі)  кімдердің  арасынан  шығуы 

керек?»  деген  және  имамдық,  тағы  да  басқа  мемлекеттік,  саяси 

мәселелер.  Бұл  мәзһабтарға  шийа

14

  және  хариджийа



15

  тәрізді  саяси 

ағымдар жатады.  

Ақида

16

 мәзһабтарды қалыптастырған негіздер: 

  1. Жәбрийа



17

  

  2. Қадарийа



18

  

  3. Муғтазила



19

  

  4. Муржийа



20

  

                                                             



12

 Пайғамбарымыздың Меккеден Мәдинеге көш етуі, м 622. Яғни хижраның бірінші жыл санағы 

милади бойынша 622  жылдан бастау алады 

13

 Сахабаны көріп, олардан ілім алғандар 



14

 Жақтаушы, қолдаушы деген мағынаға келіп, Хз. Алиді жақтаушылар-мыс деп бөлінушілер. Хз. 

Али б. Әбу Талиб пен оның ұрпақтарын Мұхаммед пайғамбардың бірден-бір заңды мұрагері және 

діни ізбасарлары деп мойындайтын әр түрлі топтар мен қауымдастықтардың жалпылама атауы. 

15

 Мұсылмандарды алғаш саяси жікке бөлген топ. 



16

 Сенім, Алланы танытудағы сенім қағидаларын үйрететін ілім 

17

 Адамда ерік жоқ деушілер 



18

 Адам ерікті деушілер 

19

 Ақылды бірінші орынға қоятындар 



20

 Адамның іс-әрекетін Аллаға қалдырушылар 



 

 

7



 

      Аталмыш 

мәзһабтар  Исламның  негізгі  қағидаларынан 

ауытқушылығымен  танылды.  Солай  болғандықтан  араларында 

көптеген пікірталастар  туды. Ол пікір  таластарды ислам талаптарына 

сай негіздеген: 

  5.  Әшғарилік  және  Матуридилік  дұрыс  ақида  мәзһабтары 

қалыптасты. 

  Сунниттік бағыттағы  әшғарилік

21

 және  Орта  Азия Қазақстанда 



ұстанатын  матуридилік

22

  ақиқатты  тануда  барынша  тиімді  ойлауды 

мақсат етіп, ақылмен шешіп қолдануда асыра сілтеушілікке ұрынбай, 

ақыл  мен  нақылды  орнықты  пайдалануымен  ерекшеленген  сенімдік 

мәзһабтар.  

Фиқһи

23

  мәзһабтарды қалыптастырған негіздер: 

Бұл  мәзһаб  мұсылмандық  тәртіп  пен  заң  қағидаларын  реттеудің, 

адамдардың  өзара  қарым-қатынасы  мен  ғибадат  негіздерін  Құран 

Кәрім  мен  сүннеттің  қағидаларына  сәйкестендіріп  жүйелеудің 

қажеттілігінен туындады. 

Исламдағы  фиқһи  төрт  мәзһабтың  негізін  салушылар  өз 

заманында  қасиетті  Құран  Кәрім  мен  Пайғамбарымыздың  сүннетіне 

сүйеніп үкім шығарған. Мәзһаб шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер 

арқылы 

Құран 


мен 

сүннеттен 

шығарылған 

үкімдер 


мен 

көзқарастардың  жиынтығы  болатындығы  сондықтан.  Осыған  орай 

фиқһи мәзһабқа барлық мемлекеттерде құрмет көрсетіледі. 

Бәрін оқыдыңыз, ендігі кезекте бізге мәзһаб не үшін керек деген 

сауал туындайды. Мәзһаб қажет емес деп ой түйуіңіз де ғажап емес. 

 Бұл  неден  туындап  отыр?  Соған  тоқтала  кетсек.  Сіз    дінді  терең 

білмейсіз  немесе  оның  жолын  қасақана  теріс  бұрғыңыз  келеді  делік. 

Енді  біз  өз  пікірімізді  дәлеледеуге  көшейік.  Дініміздегі  төрт  мәзһаб 

ғасырлар  бойы  Исламды  қорғап,  оны  қазіргі  таңға  аман  әрі  толық 

жеткізді. Сіз мұнымен келісесіз ғой? Егер мәзһаб болмаса, не болатын 

еді? Ойлаудың өзі қорқынышты. Әркім дінді терең зерттеп, меңгермей 

өз  білгенімен  ғана  жүре  берсе  онда,  Құраннан,  сүннеттен  алшақтап 

кетпес пе еді?  

                                                             

21

 Әбул Хасан Әли бин Исхақ әл-Әшғари, 873–916 



22

 Әбу Мансұр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди, 852-944 

23

  Білу,  бір  нәрсені  терең  және  жан  жақты  меңгеру.  Шариғаттың  кәлам  яғни  усулид-дин  –  сенім 



негіздерінен  өзге  тармағы  фиқһ  ілімі.  1.  Ғибадат  (діни  рәсім  атқару.)  2.  Муамалат  (заң  үкім 

нормалары,  келісім-шарттар  мен  әлеуметтік-тұрмыстық,  жеке  және  қауымдық  қарым-

қатынастардағы,  мінез-құлық,  еңбек  міндет  атқару,  отбасы,  отан  ел,  көпшілік-азшылық,  жеке 

мүлік, табыс, тұтыну жолдарындағы әдеп, этика, моральдық тазалықты қарайды.) 3. Уқубат яғни 

хадд  [әдді]  (көрсетілген  нормалар  мен  ережелерден  өрескел  бас  тарту,  зиян,  қауіп  төндіру, 

зұлымдық әрекеттері үшін жаза қолдану жүйесі.) ұғымдар аясындағы әрекеттерді қамтиды. 



 

 

8



 

Құран  Кәрім  –  шариғат  үкімдерінің 

қайнар 

көзі. 


Оның 

және 


Пайғамбарымыздың 

шәріп 


– 

хадистерінің

24

 

әрбір  сөзінің  бірнеше 



астарлы  мағыналары,  Алла  Тағаладан 

түсу  себептері,  сондай  –  ақ,  кейбір 

хадистердің  бір  қарағанда  қарама-қайшы 

сияқтанып  көрінетін  тұстары  да  бар. 

Аяттар  мен  хадистердің  қайсысының 

бұрын  түсіп,  қайсысының  кейін  түскенін 

терең  зерделей  алатын  адам  ғана  насих

25

 

пен 

мәнсұх


26

 

аяттарды 



бір-бірінен 

ажырата 


біледі. 

Ал 


мұның 

бәрін 


қарапайым  діндар  адам  түсіне  де 

алмайды,  тереңнен  талдап,  ара  жігін 

ажыратып,  шариғи  үкім  шығара  да 

алмайды.  Сондықтан  бәріміз  де  Әбу  Ханифа  сияқты  Құран  ілімімен 

бірге  хадис ілімін, мантық (логика)  - қисын, фиқһ негіздерін, тағы да 

басқа  ислами  ілімдерін  жетік  білген  мүжтәһид

27

  ғалымның  шығарған 



үкімдерімен жүруге тиістіміз. Өйткені өз бетімізше әрекет етсек, түзу 

жолдан адасып кетуіміз мүмкін. 

Мұнан  кейін,  Мұхаммед  (Алланың  сәлемі  болсын)  пайғамбарды 

көздері  көрген  сахабалардың  және  сахабалардың  көзін  көрген 

табиғиндердің  өздері  діни  мәселелерде  араларындағы  білімділерге 

жүгінген болса, кейінгі ғасырлардағы адамдардың Әбу Ханифа секілді 

Құран  ілімімен  қоса  хадис  ілімін,  мантық-қисын,  фиқһ  негіздерін, 

сахаба  пәтуалары

28

  мен  басқа  да  ғұламалардың  көзқарастарын,  т.б. 



ислами ілімдерді жетік біліп, әрбір аятты зерделеп, мыңдаған хадисті 

мұқият  зерттеген  мүжтәһид  ғалымдардың    шығарған  үкімдерімен 

жүруге қаншалықты зәру әрі мұқтаж екені айтпаса да түсінікті. Ал өз 

бетінше  әрекет  еткен  адамның  ақиқаттан  адасуы  әрі  өзгелерді  де 

адастыруы әбден мүмкін.   

Мәзһаб  ұстанбаймын  деген  қатардағы  адамның  мысалы 

мынаған  ұқсайды:  Физика  ғылымында  білгірлердің  анықтаған 

тұрақты 

формулалары 

бар. 

Қарапайым 

адамдар 

сол 

формулаларды  қолдана  отырып  есептерін  шығарады.  Ал  оны 

қолданбаймын  деп  бас  тартқандар  өздері  сондай  формулаларды 

                                                             

24

  Сөз,  іс-әрекет  және  мақұл  көру,  этикалық  сипаттар  мен  сыртқы  физикалық  жүріс-тұрыс 



тұрғысынан Хз. Мұхаммед пайғамбарға қатысты жазылған мәтіндер дегенді білдіреді 

25

 Аяттағы алғашқы үкім 



26

 Шариғатта үкімі болған аяттың күшін жойуы 

27

 Ислам ғылымының кемеңгер білгірі 



28

 Қоғамның қажеттіліктеріне сай шариғат жолымен шешім қабылдау 



 

 

9



 

ойлап  табуы  ләзім.  Формула  табу  кез  келгеннің  қолынан  келетін 

шаруа  емес.  Ол  адам  өзінің  алдындағы  білгірлерден  де  асып  түсіп, 

білімі  олардан  да  терең  болуы  қажет.  Олай  ете  алмаса,  бұрынғы 

формулаларды  қолданбаймын  деуі  бекершілік.  Мұнан  шығатыны, 

мәзһаб  ұстанбаймын  деген  адам  да  Имам  Әбу  Ханифа,  Имам 

Малик,    Имам  Шафиғи,  Имам  Ахмад  ибн  Ханбал  секілді 

мүжтаһиттік  дәрежеге  жеткен  жан  болмаса,  мәзһабсыз  жүрем 

деуі бос әурешілік.  

Олай  болса,  Ханафи  мәзһабы  исламнан  бөлек,  пайғамбар 

сүннетінен өзгеше жол емес, керісінше Құран аяттары мен хадистерде 

білдірілген  ақиқаттарды  анықтап,  үкімдерді    халыққа  түсіндіруші 

мектептердің бірі. 

«Қазіргі таңда  хадис кітаптары алдымызда, қай  хадистің сахих

29



ал  қайсысының  дағиф



30

  екені  де  белгілі.  Олай  болса,  мәзһаб 

ұстанудың  қажеттілігі  қаншалықты?»  -  деуіңіз  де  мүмкін. 

Жаңылысасыз.  



Біріншіден,    мәзһаб  ұстанбаймын  деген  адам  хадистердің 

дұрыстығы  мен  әлсіздігін  өз  біліміне  сүйене  отырып  шешпей,  хадис 

ғалымдарының  хадистерге  берген  анықтамасына  жүгініп  отыр.  Ал 

хадистің  сахихтығы  мен  әлсіздігін  анықтау  –  әр  хадис  ғалымының 

хадистерді  қабылдаудағы  шарттары  мен  талаптарына,  зеректігі  мен 

ыждаһаттылығына қарай өзгеруі мүмкін.  

Сондықтан,  кейде  біреуінің  сахих  дегенін  екінші  бірі 

қабылдамауы  ықтимал.  Сіз  хадисті  өздігіңізше  жеке  зерттеп,  оларды 

риуаят

31

 



еткен  хадис  тізбектеріндегі  мыңдаған  адамдардың  

өмірбаянын  жеке-жеке  тексеріп,  сараладыңыз  ба?  Олай  етпеген 

болсаңыз  хадистің  дәрежелерін  білуде  белгілі  бір 

хадис 


ғалымдарының  берген  анықтауын  ұстанып  отырсыз.  Олардың  мынау 

сахих дегеніне сахих деп, анау әлсіз дегеніне әлсіз деп хадиске берген 

үкімін  ұстануда.  Бұл  дегеніміз  хадис  ілімінде  белгілі  бір  мәзһаб 

ұстанып  отыр  деген  сөз.  Ал  енді  фиқһта  белгілі  бір  мәзһаб  ұстауға 

қажеттілік  жоқ  деген  адам  хадистің  сахихтығы  мен  әлсіздігін 

анықтауда  да  мәзһаб  ұстанбауы  тиіс.  Ал  ұстанады  екен,  онда  фиқһ 

мәселелеріндегі мәзһаб ұстануға да қарсы шықпауы тиіс. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет