Ұлан Қадыш,
Ново-Хайрузовка
орта мектебінің
алғашқы әскери дайындық
пәні мұғалімі,
Катонқарағай ауданы
«Біз жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп,
тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық.
Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда
бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.
Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.
Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, ХХI ғасырдағы
Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!
Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі- Мәңгілік Ел!
Ол барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы».
Елбасы Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 ж. 11.11
.
6
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
арқылы оқушылардың азаматтық қорғаныс бо-
йынша білімдері жетілдіріледі. Отансүйгіштік
рух – тәуелсіз еліміздің әлемдік өркениет көшіне
қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты
орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің осы бағыттағы
рөлі зор. Сонымен қатар мемлекетіміз армияны
кәсібилен-діріп жатқан уақытта мектепте алғашқы
әскери дайындық пәнін оқыту маңызды. Болашақ
Отан қорғаушыларды дайындап, патриоттық
тәрбиені қалыптастыру мектеп қабырғасынан
басталады. Ал әскери дайындық сабағында оқушы-
ларға пневматикалық қарудан ату, противогаз қол-
дану, басқа да әскери өмірге қажетті құралдарды
пайдаланып үйренуге көп көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар әскери патриоттық тәрбие
беруде аймақтық, өлкелік материалдарда кеңінен
қолданылады.
Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл. 9-мамыр Кеңес
халқының және дүниежүзіндегі барлық прогрес-
шіл күштердің фашистік Германияны жеңген
Жеңіс күні.
Тарих бетін парақтасақ, 1941-1945 жылдардағы
Ұлы Отан соғысында халқымыз Отан үшін от
кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте, біздің
біріккен, Катонқарағай аудандарының батыр
ұлдары да одан шет қалған жоқ. Соның айғағы
ретінде, ауданымыздан сол жылдары 7 мыңнан
астам азаматтар қан майданға аттанса, оның ішінде
өмірлерін құрбан етіп, шайқаста қаза тапқандар
және хабарсыз кеткендер саны 4865-ке жетіп отыр.
Бүгінде елге оралмаған ардагерлеріміздің есімдері
ауданымыздың елді мекендерінде орнатылған Даңқ
мемориалы мен ескерткіш тақталарында мәңгі
өшпейтін алтын әріптермен жазылып, «Ешкім де
ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» атты
«Боздақтар» кітабына енгізілген.
Біздің жерлестеріміз Москва, Сталинград,
Ленинград үшін, Курск иінінде болған ұрыстарда,
ірі-ірі өзендерді кешіп өтіп, Ресейдің, Белоруссия-
ның, Украинаның, Балтық жағалауының, Шығыс
Еуропаның фашистерге қарсы күрескен бөлімдер
құрамында болып, жаумен шайқасты.
1941-1945 жылдары Ново-Хайрузовка ауылдық
округінен, яғни, Ново-Хайрузовка, Алыбай, При-
мор, Құндызды ауылдарынан ел қорғауға 98 азамат
аттанса, соның 50-і майдан даласында қаза тапты.
Жауды жеңіп ауылға оралған ардагерлер еңбек
майданында да алдынғы саптан көріне білді.
Олардың соғыстағы ерлігі, үздік еңбегі мектеп
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
7
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
оқушылары үшін үлгі. Бұлар Жұмабаев Айтмұхам-
бет, Умутчинов Қатпа, Небесихин Дмитрий
Васильевич, Макагонов Владимир Иванович,
Алейников Артем Поликарпович, Рабканов Федор
Яковлевич және басқаларды атауға болады. Бүгінгі
күні соғыс ардагері Макагонов В.И. және
Бастаногов И.М. ғана арамызда жүр.
Майданға аттанған ерлерінің, ағаларының,
әкелері мен бабаларының орнында қалған ауылы-
мыздың әйелдері аса ауыр да күрделі жұмыстарды
атқарды, олар «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс
үшін» деген ұранмен еңбек етті. Олардың трактор
және басқа ауылшаруашылық машиналарын
басқарғандығы, уақытпен санаспай егіс далала-
рында, мал фермаларында бел жазбай еңбек еткен-
дерін біз тарих бетінен алып тастай алмаймыз
және Тюлюбаева М. , Исабаева С., Ткач Н., Саду-
ева А., Манажанова Қ., Нуралдинова К., Небрат В.,
Шишкина К.И., сияқты жүздеген апаларымыздың
есімдерін ұмытуға болмайды. Сонымен қатар
жұмыс күшінің тапшылығы салдарынан көптеген
жасөспірім мектепті тастап, тракторға отыруға,
ересектермен бірге егіс далаларында жұмыс істеуге
мәжбүр болды. Ауыл еңбеккерлері майдандаға
жауынгерлердің жылы киініп, олардың басына
түскен соғыс ауыртпалықтарын неғұрлым
жеңілдетуге жағдай жасады. Ерен еңбектерімен
қоса мыңдаған әйелдер мен қыздар шұлық, қолқап
тоқып, тон тікті. Бұл бізге аталарымыз бен апала-
рымыздың батырлығымен, соғыс алаңында ерлік-
пен қаза тапқандардың қанымен, елдегі тыл арда-
герлерінің ұлан-ғайыр еңбегімен қол жеткізген
Ұлы Жеңіс болды.
Мектебіміздің Әскери Даңқ мұражайында Ұлы
Отан соғысына қатысты және тылдығы еңбеккер-
лер туралы мәліметтер жинауда мектептің «Ізші-
лер» тобы жұмыс істейді.
Жылдан-жылға 1945 жылдың 9 мамыры бізден
алыстап барады, біздің ардақты ардагерлердің саны
күн санап азаюда. Мектептің «Қолқанаттар» тобы
бұл соғыс ардагері мен тыл ардагерлерін өз қам-
қорлықтарына алып, үй шаруасына көмектеседі.
Қолдары босаған кезде соғыс туралы ата-әжеле-
рінің әңгімелерін тыңдайды.
Ново-Хайрузовка ауылының орталық көше-
сінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға
қойылған ескерткішті мектеп оқушылары өз қам-
қорлықтарына алған. Жыл сайын осы ескерткіштің
алдына ауыл халқы жиналып, Ұлы Отан соғысында
қаза тапқандарлы еске алып, азагүлдерін қояды.
Бұл митингті мектеп оқушылары өздері жүргізіп,
құрметті қарауылда тұрады.
Әскери-патриоттық тәрбие жастарымыздың
бойында патриоттық сезім мен азаматтықты қалып-
тастыруда маңызды рөл атқарады. Тек сабақ мате-
риалдарын оқыту емес, Ұлы Отан соғысы, Ауған
соғысы ардагерлерімен және қазіргі кездегі әскери
мамандық өкілдерімен кездесу өткізіліп тұрады.
Олардың ерліктері, отанға деген игі істері мен
әскери қызметті атқарудағы жетістіктерін оқушы-
ларға түсіндіре, жеткізе отыра Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыра аламыз.
Қолданылған әдебиеттер
1. Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 11.11.2014 ж.
2. Айтхожина Г.Р. Воспитание казахстанского патриотизма, национального согласия. Журнал
«Воспитание школьника» №1 2012
3. Олег Дымов. Мы, народ Казахстана. Астана-2009
8
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
А. Игібаева,
п.ғ.д., профессор,
С.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университеті
Қ
азақстанның тұрақты дамуға
көшу бойынша тұжырымдамасында
қазақ халқының генетикалық және
мәдени әлеуетін сақтау басты міндет-
тердің бірі ретінде көрсетілген. Бұл
тек экономикалық ғана емес, сонымен
қатар әлеуметтік, психологиялық-
педагогикалық, адамгершілік сипатта-
ғы мәселе. Қазақстандық қоғамдағы
демографиялық, әлеуметтік, мәдени
өзгерістер тікелей отбасы тәрбиесі
мәселесіне қатысты болып келеді.
Психологиялық-педагогикалық
ғылым үшін отбасын зерттеу үнемі
амбивалентті сипат алды, өйткені
отбасы жабық, бүгінде автономды,
жүйе болып табылды. Мемлекеттің
отбасына араласуы ерекше жағдай-
ларда ғана болады.
Отбасы тәрбиесі мәселесін педаго-
гиканың отбасы педагогикасы саласы
зерттейді. Практика ретінде отбасы
педагогикасының пайда болуы қоғам-
да отбасының қалыптасу кезеңіне
сәйкес келеді. Бұл проблемаға қа-
тысты ұсыныстар адамзаттың даму
кезеңдерінде пайда болған халық
даналығында, әңгімелерде, шежіре-
лерде орын алды. Олардың мәні жас
ұрпақтың жан-жақтылығын, сауатты-
лығын қамтамасыз ететін тәрбие
жүйесінің маңыздылығымен байла-
нысты болды. Тек қана отбасы тәр-
биесі баланы бақытты етеді деп
көрсетілді.
Дегенмен педагогикалық ғылымы-
ның бір саласы ретінде отбасы
педагогикасының тарихы қысқа және
осы күнге дейін даму жолында келеді.
Ол отбасының балаға әсерінің педаго-
гикалық аспектілері мен заңдылықта-
рын, баланы болашақ өмірге дайын-
дау ерекшеліктерін, тарихи кезеңдер-
дегі ғылыми негіздері мен бағыттарын
зерттейді. Өкінішке орай, бүгінде қа-
зақстандық психологиялық-педагоги-
калық ғылымда отбасы педагогикасы
өз орнын таппай келеді.
Қайта құру жылдарында мемлекет
отбасын басқарудың әсіресе, рухани-
адамгершілік және психологиялық-
педагогикалық негізі бөлімінде бағы-
тын жоғалтып алды, сондықтан бү-
гінде отбасының әлеуметтік-қоғамдық
мәнін ашып қоймай, зерттеу нысаны
ретінде ғылыми қызығушылықты ту-
дыру қажеттілігі туындап отыр. Бү-
гінде отбасы педагогикасы мен пси-
хологиясы саласындағы ғылыми жо-
балардың өзектілігін қандай фактор-
лар анықтайды?
Бірқатар ғалымдардың пікірінше,
келесі факторларды көрсетуге болады:
* Әлеуметтік-антропологиялық
Елдегі әлеуметтік-эконогмикалық
жағдайдың өзгеруі, гуманизм, индиви-
дуализм,
демократия
идеясының
туындауы және дамуы заманауи адам
өмірінің жаңа формаларын әкелді.
Бүгінгі таңда отбасы ұғымын оның
Егер кез-келген қоғамда жүзеге асырылатын
дүниетанымдық «матрица» бұзылса, халық тарих
субъектісі ретінде сапасынан айырылуы мүмкін.
Бұл матрица ұрпақтан ұрпаққа отбасы арқылы беріледі.
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
9
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
сандық немесе гендерлік құрамы, туыстық
байланыстар, тұрғылықты жерін ескеру арқылы
анықтау мүмкін емес. Жүріс-тұрыстың әлеуметтік
қызметін орындауға қабілетті ұлттық дәстүрді
ұрпақтан ұрпаққа жалғастырудың этно-мәдени
механизмінің жоғалуы қазақ отбасы үшін теріс
тенденция көрсетеді.
Қоғамда ұйғарылған тағы бір тенденция отбасы
функциясының, оның адамға экономикалық мәні-
нің өзгеруі болып табылады. Зерттеу қорытыныды-
лары бойынша бүгінгі отбасының негізгі ерек-
шелігі оның дәстүрлі сипатын жоғалтуына негіз-
деледі, ал бұл отбасы туралы қазіргі білім заманауи
жағдайларға игемделмейді деген сөз. Қазіргі нақ-
тылықты ескере отырып отбасы институты
мәселелерін зерттеуге жаңа тәсілдер керек.
* Әлеуметтік-саяси
Соңғы он жылдықтағы саяси оқиғалармен кел-
ген миграциалық үрдіс, ұлтаралық некелер бүгінде
отбасындағы байланыс сипатына айтарлықтай әсер
етуде. Бүгінгі таңда конфессияаралық және
этноаралық кереғарлықтарды шешудің өркениетті
формалары мәселелері, аралас некелердегі бала-
ларды тәрбиелеу өзекті болып отыр.
Отбасында өсіп келе жатқан жеткіншекке ата-
анасы қандай құндылықтарды дарытатыны, қандай
идеологияны беретіні, өз құқықтары мен мін-
деттерін дәлелдеудің қандай моделдерін үйрететіні
үлкен рөл атқарады.
* Әлеуметтік-экономикалық
Осы уақытта отбасы әлеуметтік көмек ретінде
материалдық көмек көрсету, кіші бизнеске несие
беру, қарт азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз
ету, отбасы кірістерінен салық алу және т.б.
экономикалық байланыстардың әртүрін орната
алатын өзіндік экономикалық жүйе болып та-
былады. Дегенмен азаматтар өздеріне және жақын-
дарына жауапты бола бермейді.
Отбасы мәселесіне арналған зерттеулерде
жастардың өндірістік еңбекке араласу мотивация-
сының төмендеуі көрінеді. Балалардың эконо-
микалық әлеуметтенуі деген ұғым бар. Оны бала-
лар еңбегін қолдану ұғымымен шатастыруға
болмайды. Көп елдердегі білім беру мекемелерінде
балаларды әлеуметтік-экономикалық қызметке
үйрететін арнайы оқу курстары бар. Білім беру
үрдісінің субъектілеріне балаларымызды иелілік
сезімдерін, өзінің жағдайы мен мүлкіне жауап-
кершілік сезімдерін қалыптастыру үшін жағдай
жасау керек. Мұндай адамдар экономикалық
белсенді болады. Сәйкесінше балада иелілік, тұ-
тынушы және өндіруші сезімдерін тәрбиелеу мем-
лекетті оларды қамқорлықа алу ауыртпалығынан
босатады.
* Әлеуметтік-демографиялық
Демографиялық тенденциялардың оң болуына
қарамастан шешілмей тұрған мәселелер бар. Атап
айтқанда отбасында 1-2 ғана баланың болуы,
некеге кеш тұру, ажырасулар, ата-ана құқығынан
айыру өсіп келе жатқан ұрпақ санасында өз ізін
қалтырады. Мысалы, 2013 жылы ШҚО бойынша
11087 неке тіркелген, ал ажырасу саны - 4225
жеткен, яғни әр 3-ші неке бұзылған. Бұл тағы да
отбасы тәрбиесінің жетіспейтінін, жастардың өзіне
және жақындарына деген жауапкершілігінің
жоқтығын дәлелдейді. Сондықтан балалар мен ата-
аналарды өнімділігін зерттеумен және отбасы
құндылықтарын қалыптастырумен байланысты
зерттеу қабаты ғылыми жобалауды қажет етеді.
* Әлеуметтік-педагогикалық
Статистикалық мәліметтерге сәйкес бүгін ҚР-да
5 миллионнан астам бала бар, олардың ішінен
республика мектептерінде 3 миллионнан астамы
оқиды. 150 мыңнан астам балалардың мүмкіндігі
шектеулі, 16 мыңнан астам бала девиантты мінез-
құлықпен, толық мемлекеттік қамсыздандыруда,
17 мың шамасында жетім және ата-ана қамқор-
лығынан айырылған балалар, олардың ішінен
3,5 мың бала Шығыс Қазақстан облысында. Жыл
сайын Қазақстанда кәмелетке толмағандарға ар-
налған уақытша оқшаулау және бейімдеу орта-
лықтарына 10 мың шамасында қараусыз қалған
балалар түседі. Олардың әрқайсысы қамқорлыққа,
тәрбиелену мен мемлекет, қоғам және бірінші
кезекте ата-анасы тарапынан қолдау алуға құқылы.
Аймақтардағы соңғы жылдар көрсеткіштерін
салыстырғанда жағдайы нашар отбасылар Қара-
ғанды облысында (2180 отбасы), Қостанай
облысында (1229 отбасы) және Шығыс Қазақстан
облысында (1319) тіркелген. Ата-ана құқығынан
айырылғандар саны ШҚО, Ақмола, Павлодар
облыстарында көп тіркелген. Қазақстандық бұқ-
аралық ақпарат құралдары беттеріне жазылған
балаларға зорлық-зомбылық көрсету, өз бала-
лаларын өлтіру, сату фактілері тағы да отбасы
институты дағдарысын әйгілейді.
Әлеуметтік жетімдіктің алдын алуды тиімді
жүргізу үшін нашар отбасыларды дер кезінде
анықтау керек, дағдарыстық ерте кезінде отба-
сымен кешенді жұмыс жүргізу керек, сонымен
қатар «қауіпті топтағы» екіқабат әйелдерді
назардан шығармау керек. Өкінішке орай, мем-
лекет ата-аналар жауапкершілігі салдарынан
болатын келеңсіздіктерді жою үшін қомақты
10
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
қаражат жұмсап келсе де, оңды қорытынды мар-
дымсыз. Отбасымен жұмыстың жүйелі үрдісі тиісті
деңгейде жүргізілмейді. Отбасылармен жұмыс
істейтін кәсіби кадрды дайындауға көңіл әлі де
бөлінбеуде.
* Психологиялық-педагогикалық
Берілген фактор алдыңғы екеуімен тікелей
байланысты және мамандардың ғана емес (меди-
цина қызметкерлері, заңгерлер, құқық қорғау ор-
гандарының және сот жүйесінің қызметкерлері,
мәдениет және БАҚ қызметкерлері) сонымен қатар
ата-аналардың да психологиялық-педагогикалық
және әлеуметтік-құқықтық құзыреттілігін көтеруді
талап етеді. Патронатты отбасылар саны артуда,
сондықтан бүгінгі таңда балаларды тәрбиелеу
адамның кәсіби қызметінің бір түрі деп айтуға
болады. Кейбір ғалымдар «кәсіби ата-ана» тер-
минін қолданады және экономиканың негізгі
жүйесіне «ата-ана өндірісі» саласын бөлуді ұсы-
нады (индустрияны) — Parenting Industry, мүмкін
ата-аналықтың мемлекеттік қызмет ретінде заңды
түрде енгізуді ұсынады.
Әлеуметтік қызметтің бұл жаңа саласына
мемлекет қандай жолмен қарайды? Бүгінде
Қазақстанда отбасы мен балаларды сүйемелдейтін
қызмет орталықтары белсене жұмыс атқаруда,
дегенмен олардың жұмысы ғылыми негізге кел-
тірілмеген, жоспарлы сипатта емес. Бұл біріншіден
отбасымен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби
даярлығының жетіспеуінен, әсересе әртүрлі типтегі
балаларды тәрбиелеуде ата-анаға көмек беру
саласында жұмыстың жеткілікті жүргізілмеуінен
болады. Қазіргі көп ата-аналар қоршаған ортаға
бағдарлануға, баласының білім алу бағытын
сауатты қоюға, оның қоғамға бейімделуге
көмектесуге қабілетті емес. Сонымен қатар, отбасы
құрылысының әртүрлі формаларының дамуы
мелекеттен әлеуметтік-қайырымдылық қызметті
ғана емес білім саласынан да ықпал етуді талап
етеді. Бүгінде баланы тәрбиелеуге алу үшін қажетті
ресурстармен қарулану керек (бірінші кезекте -
психологиялық-педагогикалық).
Жоғарыда көрсетілген факторлар отбасы мен
отбасы тәрбиесінде ғылыми-әдістемелік және
ғылыми-зерттеу қызметінің қажеттігін дәлелдейді.
Отбасы педагогикасының әдіснамасы, ұғымдық-
терминологиялық аппаратын қалыптастыру, зама-
науи отбасын зертеудің әдістерін, сонымен қатар
инновациялық, конфессияаралық және этнос-
аралық негізде отбасы туралы ғылыми білімді
жүйелеу керек. Отбасын және оның мүшелерін
зерттеуге мүмкіндік беретін диагностикалық
құралдарды әзірлеу керек.
Ғылыми-практикалық көзқарас бойынша от-
басы тәрбиесіне байланысты мәселелер кон-
тексінде әртүрлі типтегі отбасымен жұмыс
бойынша бағдарламалар жобасы қажет. Ол отбасы
ішіндегі үрдісті бақылауға, мемлекет, ұлт, адамдар
мүддесіне барабар жастарды қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар отбасымен және
балалармен жұмыс істейтін мамандарды кәсіби
дайындау бағдарламаларын әзірлеу керек. Ғылым
отбасы тәрбиесіне нақты назар аудармайынша
және қоғамға өсіп келе жатқан ұрпақты
тәрбиелеудің нақты стратегиясын ұсынбайынша
мемлекет отбасы мәселесіне байланысты сал-
дарларды
жою
үшін
бюджет
қаражатын
жұмсайтын болады.
Педагогикалық, психологиялық ғылымдардың
бастамашылығымен отбасы мен отбасы тәрбиесіне
байланысты мәселелерді ғылыми басым мәселе
ретінде бағалай отырып, зерттей бастауы керек.
Қолданылған әдебиет:
1. Байжанова З.Т. Жалпы педагогика. - Алматы қ., 2008ж.
2. ШҚО статистика басқармасы. Аналитикалық есеп. - Өскемен қ., 2013ж.
3. ҚР статистика агенттігі. Аналитикалық есеп. - Астана қ., 2013ж.
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
11
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
Ф
ункционалдық
сауаттылық
оқушылардың мектеп қабырғасында
алған білім деңгейі және оқушының
өмірдегі әртүрлі жағдайларда алған
білімдерін қолдана білу қабілеті,
немесе жеке тұлғаны әлеуметтендіру.
Білім берудің маңызды міндеттері мен
қызметі
оқушыларды
әлеуметтік
бейімдеу болып табылады. Мектептің
міндеті - әлеуметтенуге қалыпты жағ-
дай жасау. Әлеуметтендірудің алғаш-
қы шарты болып сауаттылық алынған.
Оқушылардың функционалдық сауа-
тын анықтаудың міндеті - олардың:
- субьект ретінде функционалдық
мәселелерді шешуге қабілеті;
- оқыту, қарым-қатынас жасау,
әлеуметтік әрекет және мамандық
таңдауына көмектесу.
Бұл жұмысты келесі кезеңдер
арқылы ұйымдастыруға болады:
- бағдарламаның бөлімдері бойын-
ша білім маршруттарын құру;
- әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу;
- диагностикалық инструментарий-
лерді айқындау;
- нәтижені жинақтау.
Функционалдық сауаттылық ту-
ралы түсінікте әрекеттік сауатты-
лықтың немесе өз іс-әрекетіңнің
мақсаты мен міндеттерін айқындай
алатын, кез-келген әрекеттен химия-
лық сауаттылығын қолдана отырып
шыға білуінің маңызы зор. Қазіргі
таңда
қазақстандық
білім
беру
жүйесінің алдында білім сапасының
бәсекелестігін
арттыру,
шынайы
өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәсе-
лелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі
өмірлік
мәселелерге
байланысты
дұрыс шешімдер қабылдау үшін
жоғары кәсіптілік пен интеллектуал-
дық
әрекеттерді
қажет
ететін
жағдайларда заман талабына сай өмір
сүріп, қызмет етуде. Осыған байла-
нысты еліміздің он бес жастағы
оқушыларының білім жетістіктерінің
деңгейін анықтауға Қазақстан PISA –
2009 халықаралық зерттеуіне қатысты.
PISA (Programme for International Stu-
dent Assessment) зерттеуінің әрбір ке-
зеңіне халықаралық контексте саралау
жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір
қатысушы елге білім беру жүйесінің
стратегиялық мақсатын анықтауға
мүмкіндік береді.
Біздің еліміз үшін бұл бағдар-
ламаға
қатысуға
білім
берудің
бақылау-бағалау жүйесін реформалан-
дырудың қажеттігін ескертетін бір-
қатар факторлар, атап айтар болсақ
қазақстандық білім беру жүйесінің
әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі
негізгі себеп болды. Еліміздің 2011
жылы өткен халықаралық PISA-2012
апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы
Достарыңызбен бөлісу: |