Сабақтың түрі бойынша таралуы Модулдің (курстың) мақсаты, міндеттері, қысқа мазмұны Оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет7/43
Дата12.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#3923
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43

-  заттың  сандық  және  сапалық  сипаттамасын  анықтауға  арналған 
химиялық  және  физика-химиялық  әдістерді  қолдану  біліктілігі; 
анықталған  концентрацияда  ерітінді  әзірлей  білу  құзыреттілігі; 
молекуланың электронды және кеңістік құрылымы негізінде кез-келген 
заттың химиялық қасиетін айқындай алу біліктілігі болуы керек. 
 
TMBZ 1403 
Төменгі 
молекулалы 
биологиялық 
заттар
 
 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:   BHim 
1302  
2/0/1 
Курстың  мақсаты  −  табиғи  төмен  молекулалық  заттардың  құрылымы, 
қасиеттері  және тірі ағзларда атқаратын қызметі түралы теориялық негіздерін 
терең  түсіну  және  биологиялық  материалдармен  жұмыс  істеу  қабілетін 
қалыптастыру. Пәнді оқып алынған білім тірі ағзалардың қызметінің негізінде 
жататын биохимиялық процестердің механизмдерінің түсіну үшін қажет  және  
медицина  мен  аулшаруашылық  үшін  бағалы  биологиялық  белсенді  заттарды 
алу үшін пайдаланатын әдістердің теоретикалық негізі  болады.   
Курстың  міндеттері:  студенттерге  табиғи  молекулалық  салмағы  төмен 
қосылыстардың          құрылысымен,  қасиеттерімен,  қызметтерімен  таныстыру, 
құрылымы мен қызметінің өзара байланысы түралы  білім беру; 
-студенттер  органикалық  қосылыстардың  құрылымын,  қасиеттері  мен 
қызметтің  зерттеу  үшін  тәжірибелік  практикалық  дағды  алу  керек,  -
ғылыми 
зерттеу 
жұмыстарын 
орындау, 
өндірісте 
және 
биотехнологияның мәселерін шешу  үшін пайдалану жолдарын түсіну  
керек. Алынған теоретикалық және практикалық  білім биотехнология 
мамандығы  бойынша  оқитын студентерге кейінгі пәндерді  игеріп алу 
үшін  қажет. 

Bio 2408 
Биохимия 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  TMBZ 
1307   
 
2/0/1 
Пәнді оқытудың мақсаты − тірі организмдегі биомолекулалардың химиялық 
табиғатын,  қасиеттерін,  құрылымдарын  және  организмде  атқаратын 
қызметтерін 
теориялық  негіздері  түсіну  және  биологиялық  материалдармен  жұмыс  істеу 
қабілетін 
қалыптастыру. 
Студенттер  организмдегі  негізгі  органикалық  қосылыстардың  құрамын, 
құрылысын,  құрылымын,  қасиеттерін,  қызметтерін  және  олардың  алмасу 
механизмдерін игеру, түрлі заттардың биотрансформациясын түсіну қажет. 
Сонымен  қатар  биохимия  курсы  әр  түрлі  өсімдік  және  жануар 
материалдарының  биохимиялық  анализдерін  жасауға  дағдыландырып, 
лабораториялық жұмыстарда қазіргі зерттеу әдістерін меңгеруді үйретеді 
Студенттер биохимия курсының негізгі теориялық білімдерін ғылыми 
зерттеу,педагогикалық  жұмыстарда,  медицина,  ауыл  шаруашылық, 
тағам өндірісінде пайдалана білу керек. 
Студент  игеруі  керек:  әр  орындалатын  экспериментке  дайындық 
жұмыстарын (зерттеу 
объектілерін  дайындау,  ерітінділерді  дайындау,  аппараттарды  орнату 
және  тексеру  т.с.с.);  өз  бетімен  экспериментті  жүргізу;  алынған 
мәлиметтерді өндеу; алынған нәтижені талдап, қорытынды жасау;  
- үйренген әдістерді өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында қолдану. 
Модуль   2.  Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер  биоалуантүрлілігі 
OB 1405 
Өсімдіктер  
биоалуантүрлілігі  
3  кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ  
2/0/1 
Бұл  курс  өсімдіктердің  кғлассификациясын,  систематизациясын,  өсімдік 
номенклатурасын қарастырады. 
Студенттер  биологияның  төменгі  және  жоғарғы  сатыдағы  өсімдіктерді 
зерттейді; 
Бастапқы  таксономиялық  топтардың  су  өсімдіктері,  саңырауқұлақтар, 
лишайниктары, тамырлы өсімдіктер(архегониальды, гүлді өсімдіктер); 
Олардың классификациясы мен систематизациясының негізгі принциптерін 
қарастырады; 
Төменгі  және  жоғарғы  сатыдағы  өсімдіктердің  құрылымдық 
ерекшеліктерін білуі тиіс; 
Систематикалық  өсімдіктер  мен  теоретикалық  шешім  бойынша, 
практикалық  сұрақтар  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  қолдану, 
меңгеру тиіс. 
 
ZhB 1406 
Жануарлар 
биоалуантүрлілігі  
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ  
2/0/1 
 
Модульде  омыртқалық  және  омыртқасыз  жануарлардың  даму  ерекшелігін 
қарастырылады. 
Омыртқалы 
және 
омыртқасыз 
жануарлардың 
классификациясын, топтастыруды, шығу тегін қарастырылады. 
Экологиялық жүйесінде жануарлардың ерекше рөлі туралы білу керек. 
Омыртқалы  және  омыртқасыз  жануралардың  даму  ерекшелігін  білуі 
тиіс;  
-курс барысында алынған  
теориялық  білімдерін  практикада,      зертханада  қолдану  және  дала 
зерттеулерінде меңгеруі тиіс; 
MV 1407 
Микробиология 
және 
вирусология 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ  
/0/1 
Курс  тірі  табиғаттың  үшінші  патшалығының  өкілдерінің  прокариоттармен, 
олардың  қасиетерімен,  табиғаттағы  және  адам  өміріндегі  орнымен,  жіктеу 
принциптерімен,  олардың  алуантүрлілігімен,  прокариот  клеткасының 
үльтрақұрлымдық  ұйымдастырулуымен,  физикалық  және  химиялық 
факторларға  байланысты  олардың  өсу  және  көбею  ерекшеліктерімен, 
вирустардың  негізгі  қасиетерімен,  оларды  бөлу  тәсілдерімен,  вирустарды 
жіктеу принциптерімен және олардың көбеюімен танысады.  
 
Курсты өту кезінде игереді:  
Микробтар  әлемін,  олардың  табиғаттағы  және  адам  өміріндегі 
орнын; 
прокариот 
клеткасының 
ультрақұрлымдық 
ұйымдастырылуын және вирустар; оларды жіктеу принциптерін білу 
тиіс;  
-  Білуге  тиіс  :  Микроорганизмдерді  ғылыми  зерттеу  нысаны    және 
практикалық мақсаттар үшін қолдану;  
- Микробты дақылдармен жұмыс жасау және оларды қоршаған орта 
нысандарынан бөліп алу;  
-Микроорганизмдерді зерттеуде микроскоптау тәсілдерін қолдану.  
-  Меңгеруге  тиіс  :  түрлі  топтардағы  микроорганизмдерді  зерттеуде 
қолданылатын  негізгі  тәсілдерді;  микроорганизмді  культиверлеу 
және бөліп алу тәсілдерін.  
Модуль   3. Клеткалық биология және физиология негіздері 

KUB 1408 
Клеткалар мен ұлпалар 
биологиясы  
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: жоқ  
2/0/1 
Курс  мақсаты  –  ұлпа  мен  клеткалар  ультрамикроскопиялық 
және  микроскопиялық  құрылысын  негізгі  зерттеу  әдістерін  , 
білімдерін,  ақпаратты  игеру.  Курста  заманауи  гистохимиялық 
әдістері 
туралы 
негізгі 
теориялық 
білімдерін 
береді; 
гистологиялық препараттарды әзірлеу және оларға биологиялық 
сипаттамасын беру. 
 
-микроскопиялық препараттарды әзірлеу техникасын білу тиіс; 
гистологиялық препараттарды әзірлеу үшін материалды өндеу туралы 
білімі болу керек; 
- микротоммен жұмыс жасау әдістемелерін игеру,  препараттарды 
гистологиялық бояуларымен бояуды игеру; 
- электронограммаларды және гистологиялық препараттарды «оқу» 
тәсілдерін меңгеру; 
MFN 2409 
Микроорганизмдер физиология  
негіздері 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: MV 1306  
2/0/1 
Пәннің 
мақсаты 
– 
студенттерді 
микроорганизмдерді 
дақылдаудың  ғылыми  негіздерімен  және  нақты  метаболиттер 
алу  үшін  олардың  метаболизмдерінің  негізгі  процестерімен 
таныстыру.  
 
Студент  игереді:  коректік  заттың  клеткаға  ену  жолдары; 
микроорганизмдердің коректену типтері; микроорганизмдері дақылдау 
тәсілдері.  
Игереді:  Түрлі  культиверлеу  жағдайларында  микроорганизмдердің 
өсіп  –  даму  заңдылықтарын  және  заттарға  қажеттіліктерімен 
таныстыру. 
Меңгереді:  биотехнологияда  қолданылатын  микроорганизмдардың 
таза дақылдарымен жұмыс жасай білу.  
ZhFN 2410 
Жануралар физиология негіздерi 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  ZhB 1305   
2/0/1 
«Жануралар  физиология  негіздері»  пәні  жануар  ағзасының 
үдерістерін,  олардың  бір  бірімен  және  сыртқы  ортамен 
байланыстылығын көрсетеді.   
пәндік  құзырет:  тірі  ағзалардың  тіршілік  ету  және  дамуының 
негіздерін  білу;  биологиялық  жүйелерді  және  процестерді 
өнеркәсіптік өндірісте пайдаланудың негіздерін білу;физиологиялық, 
биохимиялық  процестердің  арасындағы  өзара  байланыстылығын 
түсіну  және  анықтай  алуға  қабілетті  болу;  физиологиялық 
процестердің 
генетикалық 
тұрғыдан 
шартталған 
екенін, 
биофизикалық заңдардың физиологиялық процестерге әсерін түсіну, 
осы қабілеттерін практикада қолдану.  
-меңгеру  қажет:адам  және  жануарлар  ағзалардың  функционалды 
күйін бағалау әдістерін. 
OFN 2411 
Өсімдіктер физиология негіздері  
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  OB 1304  2/0/1 
«Өсімдіктер  физиология  негіздері»  пәні  өсімдік  ағзасының 
үдерістерін,  олардың  бір  бірімен  және  сыртқы  ортамен 
байланыстылығын  көрсетеді.    Өсімдіктер  физиологиясы 
негіздері  пәннің    бөлемдері:    өсімдік  клеткасының  жеке 
компоненттерінің құрылысы мен қызметі, фотосинтездің жарық 
және  қараңғы  сатысының  механизмдері  мен  маңызы,  тынысалу 
субстратының  тотығу  жолдары,  судың  өсімдікке  енуі  мен 
тасымалдануының 
механизмі, 
өсімдіктердегі 
минералды 
заттарды  және  олардың  метаболизмі,  өсімдіктердің  өсуі  мен 
дамуының 
заңдылықтары, 
өсімдіктердің 
төзімділігінің 
физиологиялық негіздері. 
 
пәндік  құзырет:  тірі  ағзалардың  тіршілік  ету  және  дамуының 
негіздерін  білу;  биологиялық  жүйелерді  және  процестерді 
өнеркәсіптік өндірісте пайдаланудың негіздерін білу;физиологиялық, 
биохимиялық  процестердің  арасындағы  өзара  байланыстылығын 
түсіну  және  анықтай  алуға  қабілетті  болу;  физиологиялық 
процестердің 
генетикалық 
тұрғыдан 
шартталған 
екенін, 
биофизикалық, 
фотохимиялық 
заңдардың 
физиологиялық 
процестерге  әсерін  түсіну,  осы  қабілеттерін  практикада  қолдану. 
Меңгеру қажет: өсімдіктер, ағзалардың функционалды күйін бағалау 
әдістерін. 
Модуль   4. Жалпы генетика және биостатистика 
ZhMG 2412 
Жалпы және молекулалық 
генетика 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: Жоқ. 
2/0/1 
Курста, генетиканың негізгі заңдылықтары әртүрлі организмдер 
деңгейінде  (Drosophila  melanogaster  -  жеміс  шыбыны  және 
бұршақ  пен  жұмсақ  бидай  )  қарастырылып,  аллельді  және 
аллельді  емес  гендердің,  жыныспен  тіркескен  гендердің 
генетикалық  анализі  және  кроссинговердің  пайда  болцу 
механизімі  мен  мутациялық  өзгергіштік,  адам  генетикасы  мен 
популяциядағы 
генетикалық 
процестер 
талқыланса, 
ал 
тұқымқуалаушылықтың 
молекулалық 
механизімі, 
геннің 
жіңішке  құрылымы  деңгейінде  талқыланады.  Атап  айтқанда 
аллелизм  шегі,  мутация  мен  рекомбинация  үрдісінің 
Білу  керек:  Студент  классикалық  генетиканың  негізгі  заңдылықтарын 
меңгеріп,  қарастырып  отырған  белгілердің  тұқымқуалауының 
молекулалық  механизімін  түсінуі  керек.  Сонымен  қатар,  өзбетінше 
генетикалық экспериментке бағдарлама жасап, оны қоя  білу қажет.  
Игеру керек: алған білімдерін ғылыми және практикалық жұмыстарда 
пайдаланып,  логикалық  есептер  шығарып,  генетикалық  анализдің 
қортындысын шығару қажет. 
 

молекулалық    деңгейдегі  үрдісі,  генетикалық  код,  геннің 
функциясы  және  гендер  әсерлесуінің  молекулалық  механизімі 
талқыланады. 
BS 3413 
Биостатистика 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  Mat 1301   
1/1/1 
Курста 
биологиялық 
зерттеулерде 
қолданылатын 
математикалық 
әдістер 
қарастырылады. 
Студенттерге 
статистикалық анализдің биологиялық құбылыстарды зерттеуде 
қажеттігін көрсетіп, статистикалық ой қабілеттерін жетілдіруге, 
алынған  нәтижелердің  сенімділігін  анықтауға,  статистикалық 
өңдеудің адекватты тәсілдерін үйренуге баулу. 
Пәнді  оқытудың  басты  мақсаты  ғылыми  тәжірибелерді 
жүргізуді жоспарлауға және нәтижелерін әртүрлі статистикалық 
өңдеу  әдістерінің    көмегімен,  алған  нәтижелердің  сенімділік 
ықтималдығын талқылауға мүмкіндік береді.   
Білу керек: зерттеу нәтижелерінің сенімділігін анықтау үшін, қолайлы 
статистикалық    тәсілдерді  және  нәтижелі  зерттеуге  әсер  ететін 
фактарды таңдай білу   
Игеру  керек: есептің берілгенін талдап, қойылған проблемманы шеше 
білу және дұрыс қорытынды шығару.   
 
 
Модуль  5.  Биотехнология негіздері 
MBN  2414 
Микроорганизмдер 
биотехнология негіздері 
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер:  MV 1306  
1/0/1 
Курс  микробиологиялық  өндірісті  технологиялық  безендіруден, 
шикізат  алудан  және  дайындаудан,  егу  материалын  алудан  , 
нысандарды  бөліп  алуға  дейінгі  дақылдаудан,  негізгі  өнімдерді 
тұрақтандыру және тазарту тараулардан тұрады.  
 
Курсты  өткеннен  кейін  студент  игереді:    микроорганизмдерді 
дақылдау тәсілдері және таза культураларды сақтау;  
-  өндірістік  микроорганизм  штамдарының  өсуін  қамтамасыз  ететін 
қоректік заттардың құрамын және қасиетін білу;  
- продуцентердің өсуіне және метаболиттердің биосінтезіне әсер ететін 
факторларды  білу;    микробиологиялық  өндірістің  мақсатты  өнімдерін 
тазарту және бөліп алі тәсілдерін игеру.  
-Меңгеруге  тиісті:  микроорганизмдерді  биотехнологиялық  зерттеу 
нысаны ретінде қолдану;   оларды қоршаған орта нысандарынан бөліп 
алу және оны өнімдер және биомасса алуға өсіру.  
-Білуге  тиісті:  микроорганизмдерді  биотехнология  нысаны  ретінде 
зерттеу;  
- белгілі бір өнімді алудың әдіс тәсілін игеру. 
OBN 2415 
Өсімдіктер биотехнология 
негіздері 
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: 
OFN  2313   
1/0/1 
Модульдің 
мазмұны: 
өсімдік 
клеткалары 
мен 
ұлпа 
культураларын in vitro жағдайында 
өсірудің  теориялық  негіздері  мен  әдістері  қамтылған.  In  vitro 
жағдайында өсірілетін өсімдік 
клеткаларынан  экономикалық  маңызды  өнімдерді  шығару 
технологиялары қарастырылады. 
Мақсаты  студенттерді  бүгінгі  таңдағы  ХХI  технологиясы  деп 
аталатын, биотехнологиялық 
процестер 
мен 
объектілерді 
пайдалануға 
негізделген 
экономикалық жағынан тиімді, 
маңызды  өнімдер  шығаратын  және  өндіріс  процестерін 
дамытатын ғылым мен өндірістің 
жаңа саласы – биотехнология негіздерімен таныстыру. 
Жалпы  құзырет:  студент  өсімдіктерден  бөліп  алынған  клеткалар  мен 
ұлпаларды  in  vitro  жағдайында  өсіру  әдістерін  игеруге  міндетті;  
студент  өсімдіктердің  клеткалары  мен  ұлпа  культураларынан  екінші 
реттік  метаболиттерді  алудың  жаңа  эксперименталдық  жолдары  мен 
технологияларын меңгеруге міндетті; 
-  осы  курстан  алған  теориялық  білімін  практикамен  ұштастырып,  өз 
алдына  тәжірибелерді  жоспарлау,  орындау  және  тиісті  қорытындылар 
мен  тұжырымдар  жасау  және  көпшілік  талқысына  сала  білуге 
машықтану қажет. 
 
ZhBN 2416 
Жануралар биотехнология  
негіздері 
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: ZhF N 2312  
1/0/1 
 «Жануарлар биотехнология негіздері» пәнін оқытудың мақсаты: 
зерттеу  нысандары  мен  биотехнологияны  дамыту  тарихы, 
сонымен  бірге  жануарлар  биотехнологиясының  жалпы 
ұғымдары  мен    оның  әдістерінің  мал  шаруашылығында 
қолданылуын  оқыту.  Міндеттері:  жануарлар  биотехнологиялық 
резервтерін  білу;  жануарлар  биотехнологиясын  қолданудың  
жалпы әдістерін білу; алынған білімдерін тұрақты және жоғары 
-Студенттерге    курсты  меңгеруде:  жануарлар  биотехнологиясының 
биотехнологиялық  резервінің  жалпы  биологиялық    негіздерін,  және 
экспериментальдық    жануарлар    биотехнология  әдістерін  білулері 
керек;теориялық  білімдерін  ғылым  мен    жануарлар  практикасына  
қолдана 
білу 
керек;зертханалық 
 
жануарлармен 
және 
микроскоптармен;  зертханалық    құрал-жабдықтармен,    және 
хирургиялық инструменттермен    жұмыс істеуді игерулері керек. 

өнімді жануарлар жасауға қолдану  
 
Модуль   6.  Молекулалық биология және  гендік инженерия 
MB 2417 
Молекулалық биология 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиты:   ZhMG 2311  
2/0/1 
Бұл  курста  клеткадағы  негізгі  молекулалық-генетикалық 
үрдістерді  оқытады.  Про-  және  эукариот  жүйелеріндегі 
генетикалық материалдың құрылымдық ұйымдасуымен физика-
химиялық 
негіздерін 
қарастырады. 
Қазіргі 
заманғы 
көзқарастарға  және  молекулалық  механизмдердің  жүзеге  асуын 
зерттеу  әдістеріне,  сонымен  қатар,  ДНҚ  репарациясы, 
рекомбинация,  гендер  экспрессиясы,  репликацияның  реттелу 
механизмдеріне ерекше назар аударылады. 
 
Білу керек: про- және эукариот жүйелеріндегі генетикалық ақпараттың 
ұйымдасуының  әртүрлі  деңгейін  және  физика-химиялық  қасиеттерін; 
молекулалық-биологиялық зерттеулердің негізгі жолдарын. 
Істей  білу  керек:  зертханалық  зерттеулер  жүргізу  үшін  қажет 
материалдармен  құрал-жабдықтарды  қолдана  білуі,  сонымен  қатар 
молекулалық-генетикалық  үрдістерді  зерттеу  әдістерінің  әртүрлі 
жолдарына молекулалық деңгейде түсіндіре білуі қажет. 
Дағдысы болуы керек: Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс 
істеуді; зертханалық тәжірибелерге есеп жаза білу. 
GI 3418 
Гендік инженерия  
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер:  ZhMG 2311  
2/1/0 
 
Бұл  курста  генетиканың  даму  тарихының  зерттеу  объектісі 
ретінде  Drosophila  melanogaster  жеміс  шыбынын  пайдалана 
отырып,  тірі  организмнің  жеке  даму  биологиясының 
генетикалық  аспектілері  қарастырылады.  Курс  барысында 
жұмыртқа  клеткасының  пісіп-жетілуінен  онтогенездің  барлық 
фазаларының  дамуының  генетикалық-молекулалық  бақылануы 
бойынша  қазіргі  заманғы  мәліметтерімен  танысады  және 
организмнің 
белгілер 
жиынтығын 
зерттеу 
жұмыстары 
көрсетіледі. Сонымен қатар, дрозофиланың дамуын бақылайтын 
гендер және олардың әсер ету механизмдері, жеміс шыбынының 
қалыпты дамуына мутацияның әсері қарастырады.  
Студенттер  жеміс  шыбынының  даму  генетикасы  мен  молекулалық 
биология  салаларымен  өзара  тығыз  байланысты  дамып  жатқан 
эксперименталды  эмбриологиясының  қазіргі  замандағы  жетістіктерін 
білу керек;  
Істей  алуы  керек:  генетикалық  зерттеулердің  объектісі  дрозофиламен 
жұмыс жүргізе алулары керек;  
Дағдысы болу керек: организмдердің жеке даму барысындағы көптеген 
мәселелерді  шешуде,  генетика  ғылымында  жинақтаған  білімдерін, 
яғни, генетиканың негізгі заңдылықтарын қолдана алулары қажет. 
Модуль  7. Өнеркәсіптік және тағамдық биотехнология 
BON 3419 
Биотехнологиялық өндіріс 
негіздері   
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: МBN 2313  
2/0/1 
Модульдің  мақсаты  –  микробиологиялық  өндірістердегі 
технологиялық  жобалармен  таныстыру,  дайын  өнімдердің 
сапасын бақылау әдістері, өндірістің талаптарына жауап беретін, 
синтетикалық 
қабілеттілігі 
жоғары 
микроорганизмдердің 
штамдарын  таңдау.  Өнеркәсіптік  және  тағамдық  өнімдер  алуға 
арналған 
микроорганизмдерді 
қолдануға 
негізделген 
өндірістердің  бірқатар  технологиялары  талданады;  өнеркәсіптік 
микробиологиядағы 
шикізаттардың 
жаңа 
түрлерін, 
иммобилизденген  клеткаларды  қолдануға  байланысты  жаңа 
бағыттар;  гендік  инженерия  әдістері  арқылы  алынған 
микроорганизмдердің  белсенділігі  жоғары  штамдарын  алу 
туралы қарастырылады. 
-  биологиялық  жүйелерді  және  процестерді  өнеркәсіптік  өндірісте 
пайдаланудың негіздерін білу; 
-  биотехнологиялық  өндірістің  жүйелері  және  құрылысы  туралы 
түсінігі болуы тиіс;   
 
 
OВ 3420 
Өнеркәсіптік биотехнология 
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: МBN 2313  
 1/0/1 
Модульдің  мақсаты  –  микробиологиялық  өндірістердегі 
технологиялық  жобалармен  таныстыру,  дайын  өнімдердің 
сапасын бақылау әдістері, өндірістің талаптарына жауап беретін, 
синтетикалық 
қабілеттілігі 
жоғары 
микроорганизмдердің 
штамдарын  таңдау.  Өнеркәсіптік  және  тағамдық  өнімдер  алуға 
арналған 
микроорганизмдерді 
қолдануға 
негізделген 
өндірістердің  бірқатар  технологиялары  талданады;  өнеркәсіптік 
микробиологиядағы 
шикізаттардың 
жаңа 
түрлерін, 
иммобилизденген  клеткаларды  қолдануға  байланысты  жаңа 
бағыттар;  гендік  инженерия  әдістері  арқылы  алынған 
микроорганизмдердің  белсенділігі  жоғары  штамдарын  алу 
-  биологиялық  жүйелерді  және  процестерді  өнеркәсіптік  өндірісте 
пайдаланудың негіздерін білу; 
-  биотехнологиялық  өндірістің  жүйелері  және  құрылысы  туралы 
түсінігі болуы тиіс;   

туралы қарастырылады. 
TB 3421 
Тағамдық биотехнология 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: МBN 2313, О 
BN 2315  
2/0/1 
Пәннің  мақсаты  -  өсімдік  және  жануар  шикізаттарын  өңдеуде 
битехнологиялық 
процестерді 
қолдануды 
қалыптастыру; 
ферменттік 
препараттарды, 
азықтық 
қоспаларды 
және 
биологиялық  белсенді  заттарды  өндірістік  қолдану;  арнайы 
өнімдерді  алу,  азықтық  өнімдердің  қауіпсіздігі,  азықтық 
өнімдердің  бұзылуында  микроорганизмдердің  ролі,  азықтық 
кәсіпорындардағы  гигиена  талаптары;  азықтық  өндірістерде 
биотехнологияның қолданылуы.  
Меңгеру:  азық  –  түлік  өндірісінде  биотехнология  тәсілдерін  және 
әдістерін  қолдану;  азық  –  түлік  өнімдеріне  және  өндірісіне  бақылау 
жүргізу. 
Игеру:  азық  -түлік  өнімдерін  және  шикізатын  микробиологиялық 
зерттеу  тәсілдері;    азық  –  түлік  өндірісінде  түрлі  биотехнологиялық 
тәсілдерді қолдану әдістемесі. 
 
Модуль  8. Өсімдіктер және жануарлар биотехнологиясы және әдістемесі 
ZhBA 3422 
Жануарлар биотехнологиясының 
әдістемесі 
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: Zh BN  2314  
1/0/1 
Бұл курста жалпы жануарларды көбейтудің жалпы биологиялық 
негіздері,  сонымен  бірге  жануарлар  биотехнологиясында 
қолданылатын  әдістері:  жасанды  ұрықтандыру,  эмбриондардың 
трансплантациясы,  ұрық  және  соматикалық  клеткалардың 
генетикалық  трансформациясы,  аллофенді  жануарлар  алу 
(генетикалық химералар), генетикалық клондау және трансгенді 
жануарлар  алу  қаралады.  Курсты  оқытудың    мақсаты  – 
жануарлар 
биотехнологиясының 
жаңа 
жетістіктерімен 
таныстыру,  агроөнеркәсіптік      өндірісте  және  денсаулық 
сақтауда  ғылыми-техникалық  прогрессті  жеделдету  үшін  
теоретикалық  биология  мәселелері мен қазіргі заман тәсілдері 
мен 
әдістерін 
оқыту.Міндеттері: 
жануарлар 
биотехнологиясының    жалпы    теориялық      негізін;  жануарлар 
биотехнологияның      эксперименталдық  тәсілдерін:  клеткалық 
және  эмбриологиялық  инженерия,  клондау,  соматикалық    және 
жыныс  клеткаларының  генетикалық  трансформациясынан 
ұғымдары  болулары  керек;  Студенттер  биотехнологиялық 
әдістердің  ғылымда  және    медицинада  және  жануарлар 
практикасында  қолданылатыны  жайында  мәліметтер  алулары 
қажет. 
Осы  курсты  меңгеруде:  жануарлар  биотехнологиясының  жалпы 
биологиялық  негізін,  клеткалық  және  эмбриологиялық  инженерияның 
экспериментальды  әдістерін,  клондау  принциптері  мен  жануарлардың 
соматикалық 
және 
жыныстық 
клеткалардың 
генетикалық 
трансформациясын білулері қажет; 
-теориялық білімдерін  ғылым және практикада қолдануды, жануарлар 
биотехнологиясынан эксперименттерді сауатты қоя білулері керек. 
-  қолданылатын  жануарлар  объектілерін  (дрозофила,  тышқан,  үй 
қояны, қой), микроскоптық техниканы  (әртүрлі микроскоп құрылысы, 
микроманипуляторлар,  микроинъекторлар)  және    хирургиялық 
инструменттерді қолдануды игерулері қажет. 
 
ZhTSOВ 3423 
Жоғарғы  және төменгі сатыдағы 
өсімдіктер биотехнологиясы  
2 кредит/3 ECTS 
Пререквизиттер: ОBN 2315  
1/0/1 
Модульдің 
мазмұны: 
өсімдік 
клеткалары 
мен 
ұлпа 
культураларын in vitro жағдайында 
өсірудің  теориялық  негіздері  мен  әдістері  қамтылған.  In  vitro 
жағдайында өсірілетін өсімдік 
клеткаларынан  экономикалық  маңызды  өнімдерді  шығару 
технологиялары қарастырылады. 
Мақсаты  студенттерді  бүгінгі  таңдағы  заманауи  технологиясы 
деп аталатын, биотехнологиялық 
процестер 
мен 
объектілерді 
пайдалануға 
негізделген 
экономикалық жағынан тиімді, 
маңызды  өнімдер  шығаратын  және  өндіріс  процестерін 
дамытатын ғылым мен өндірістің 
жаңа саласы – биотехнология негіздерімен таныстыру. 
-студент өсімдіктерден бөліп алынған клеткалар мен ұлпаларды in vitro 
жағдайында өсіру әдістерін игеруге міндетті;   
-өсімдіктердің клеткалары мен ұлпа культураларынан екінші реттік 
метаболиттерді  алудың  жаңа  эксперименталдық  жолдары  мен 
технологияларын меңгеруге 
міндетті; 
-  осы  курстан  алған  теориялық  білімін  практикамен  ұштастырып,  өз 
алдына  тәжірибелерді  жоспарлау,  орындау  және  тиісті  қорытындылар 
мен тұжырымдар жасау және 
көпшілік талқысына сала білуге машықтану қажет. 
Модуль    9.  Медициналық биотехнология 

MB 3424 
Медициналық биотехнология 
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: ZhBN   2314   
2/1/0 
 
Медициналық  биотехнология    курста  жаңа  дәрі  препараттарды 
жасау,  аурудың  түрін  анықтау  үшін  жаңа  диагностикалық 
жүйелерді  шығару,  ауруды  емдеу  үшін  жаңа    әдістерді  жасау 
тәсілдерін,      адамдың  жұқпалы  аурулардың  профилактикасын  
іске  асыру  үшін    жаңа  тиімді  вакциналарды    құру  жолдары 
қарастырылады.  Модуль  биологиялық  препараттарды  алу 
технологиялар туралы көрініс  береді.  
- вакциналарды жасаудың биотехнологиялық әдістерін және адам мен 
жануарлар ауруларының емдеу жолдары жайлы түсінігі болу; 
Модуль  10. Биологияны оқыту әдістері 
BOA 3425 
Биологияны оқыту әдістері  
3 кредит/5 ECTS 
Пререквизиттер: Жоқ  
2/0/1 
Биологияны  оқыту  барысында  оқу-тәрбие    жұмысын  жүргізу 
принциптерін  игеру;  биологиядан  білім  беру  бағдарламасын, 
оқулықтар  мен  оқу-құралдарын  және  арнаулы  әдебиеттерді 
пайдалануды;  биологиядан  білім  беру  барысында  оқу-
әдістемелік құралдарын және жаңа ақпараттық технологияларды 
пайдалана білу. 
Курс  мектепте  биологиялық  пәндерді  оқыту  мәселелерін,  оқу 
үрдісін 
ұйымдастыру 
және 
биотехнология 
(биология) 
сабақтарын  өткізу әдіс-тәсілдерін қарастырады. 
 
 
-Сабақ  беру  мен  тәрбие  жұмысының  теориялық  принциптеримен 
қаруланып,  оны  биологиядан  сабақ  өткізу  және  тәлім  тәрбие  жүргізу 
жолдарын тиімді пайдалануды;  
-сабақтың  тақырыптық,  календарлық  және  жылдық  жоспарларын 
жасауды үйренуді игеру;  
сабақ  берудің  міндеттері  мен  мақсатың,  (дамытушылық,  білімділік, 
тәрбиелік) және сабақты талдау әдіс-тәсілдерін толық меңгеру.  
Сабақ  берудің  дидақтикалық  принциптерін  сақтау  арқылы  өткізуді 
үйрену. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет