Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет44/56
Дата12.02.2017
өлшемі4,46 Mb.
#3969
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1. 
«Қазақстан  білім  қоғамы  жолында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың 
«Назарбаев Университетінде» оқыған лекциясы /Егемен Қазақстан, 6 қыркүйек, 2012ж. 
2. 
Меңжанова  А.К.  Балаларды  көркем  шығармалар  арқылы  адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу. 
Алматы: Рауан, 1992.  
3. 
Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. Астана: Фолиант, - 2008. - 101 б. 
4. 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  салауатты  өмір  салтын  қамтамасыз  етудегі  дене  тәрбиесі 
Республикалық ғылыми әдістемелік тұтас жинақ бағдарламасы 2001-2005 жылдарға. Алматы 2001. 
5. 
Макаренко А.С. Педагогика индивидуального действия. М.: Книга, 1960. 
6. 
Конина  Е.Ю.  Формирование  культурно-гигиенических  навыков  у  детей:  Учебно-игровой 
комплект для детей дошкольного возраста. / Под ред. Мамаевой И.С.; худ. Прокофьев С.А., Махов И.В. - 
М.: Айрис-Пресс.  
 
ӘӨЖ: 379.1 
 
 
ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
НЕКОТОРЫЕ  АСПЕКТЫ  ОСОБЕННОСТЕЙ  ФОРМИРОВАНИЯ  У  ШКОЛЬНИКОВ 
НАВЫКОВ ЗДОРОВОГО ОБРАЗА ЖИЗНИ 
 
SOME ASPECTS OF FROMING HEALTHY LIFESTYLE SKILLS OF PUPILS 
 
 
Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы 
Академиялық инновациялық институт 
П.ғ.д., профессор 
Беркимбаев Камалбек Мейірбекұлы 
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ 
П.ғ.д., профессор 
Данияров Талғат Әбубәкірұлы 
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, п.ғ.к. 
 
 
 
Бұл мақалада оқушылар бойында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері 
баяндалады. Келтірілген ғылыми теориялар мен іс-тәжірибелерді бүгінгі күні бастауыш мектептен бастап 
оқушыларды  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарында  тәрбиелеуде  жаңғыртып,  қолдануға  болады.  Қоғам 
өзгерген  сайын тәрбие мазмұны да өзгеріп,  оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері де сан алуан 
болып  отыр.  Осы  кезге  дейінгі  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың  формалары  мен 
әдістерін  санап  шығу  мүмкін  емес.  Тәрбие  жұмыстары  этикалық  тақырыптарда,  өмірге,  еңбекке  баулу, 
салауатты  өмір  сүру  дағдысын  қалыптастыру  мамандыққа  дайындау,  экономикалық  және  экологиялық 
тәрбие, интеллектуалды дамуын қамтамасыз ететін бағыттарда ұйымдастырылып келеді. 
 
КІЛТ  СӨЗДЕР:  тәрбие, форма, дағды, салауатты өмір сүру, сынып, интелектуал, ұстаз, мектеп, 
оқушы, еңбек, оқу.  
 
 
В  статье  представлены  особенности  формирования  среди  учащихся  навыков  по  ведению 
здорового  образа  жизни.  Представленные  научные  теории  и  опыт  можно  использовать  в  обновлении 
системы внеклассной воспитательной работы с  учащимися начиная с начальных классов. С изменением 
общества  меняется  и  содержание  воспитания,  формы  и  методы  ее  организации  становятся  более 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
286 
обширны  и  разнообразны.  Невозможно  пересчитать  формы  и  методы  организации  внеклассной 
воспитательной работы, представленной до настоящего момента. Воспитательная работа организована в 
направлении  обеспечения  интеллектуального  развития,  экономического  и  экологического  воспитания, 
подготовки к специальности с формированием навыков по ведению здорового образа жизни, приучением 
к труду и реальной жизни в соответствии с этическими темами и нормами.  
КЛЮЧЕВЫЕ  СЛОВА:  воспитание,  форма,  привычка,  здоровый  образ  жизни,  класс,  интелектуал, 
учитель, школа, ученик, труд, обучение.  
 
  
 
Features of formation of skills on keeping a healthy lifestyle among pupils are presented in the article. It 
is possible to  make use  of the presented scientific theories and  experience  in updating  of system  of  out-of-class 
educational work with pupils since initial classes. With change of society the content of education changes also, 
forms and  methods  of  its  organization become  more  extensive and  various. It  is impossible to count  forms and 
methods  of  the  organization  of  the  out-of-school  educational  work  presented  until  now.  Educational  work  is 
organized  in  the  direction  of  ensuring  intellectual  development,  economic  and  ecological  education,  and 
preparation for specialty with formation of skills on keeping a healthy lifestyle, accustoming to work and real life 
in compliance with ethical subjects and norms. 
KEY  WORDS:  upbringing,  form,  habit,  healthy  lifestyle,  class,  intellectual,  teacher,  school,  pupil,  labour, 
education.  
 
 
Педагогика  тарихындағы  тәрбие  мақсаты  туралы  ойларға  жүгінсек,  тәрбие  мақсаты  өте 
қозғалмалы және өзгермелі нақты тарихи сипат алады. Оны нақтылайтын өмір сүріп отырған мемлекеттің 
саясаты  мен  идеологиясы,  қоғамның  қажеттілігі  және  табиғат,  қоғам,  адамның  объективтік  даму 
заңдылықтарына  сүйеніп  анықталады.  Соның  ішінде  қоғамның  қажеттілігіне  өндіріс  күштердің  даму 
деңгейі  және  өндірістік  қарым-қатынастың  сипаты,  ғылыми-техникалық  прогрестің  даму  қарқыны, 
қоғамның экономикалық мүмкіндіктері, педагогикалық теория мен практиканың даму деңгейі, оқу-тәрбие 
мүмкіндіктері,  тәрбиеші,  мұғалімдердің  даму  деңгейі  сәйкес  келуі  қажет.  Жалпы  білім  беру 
мектептеріндегі тәрбиенің мақсаты: жеке тұлғаның ақыл-ой, адамгершілік, эмоциональдық, дене дамуын 
қамтамасыз  етіп,  шығармашылық  мүмкіндіктерін  ашу,  ізгілік  қарым-қатынасын  қалыптастыру,  жас 
ерекшелігін ескере отырып, жеке дара көрінуіне жағдай жасау. Міне, осындай мақсаттарды жүзеге асыру 
үшін  мектептегі  тәрбие  және  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарының  мазмұнына,  әдіс-тәсілдеріне  және 
ұйымдастырушыға талаптар туындап отырды.  
 
 Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Ұлт  көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына 
арнаған  ««Қазақстан-2050»  стратегиясы  –  Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»»  атты 
жолдауында:  «Денешынықтыру  мен  спорт  мемлекеттің  айрықша  назарында  болуы  тиіс.  Нақ  сол 
саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді 
спорт  нысандары,  спорт  құрал-жабдықтары  жетіспейді.  Осыған  байланысты  Үкімет  және  жергілікті 
органдар  дене  шынықтыруды,  бұқаралық  спортты  дамыту  және  типтік  жобадағы  денешынықтыру-
сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл 
жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек», - деп атап көрсетті [1].  
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің бүтін процесі мен оның тиімділігі мұғалімдер мен 
ата-аналардың  тәрбиелік,  саналы  өзара  әрекетімен  анықталады.  Отбасылық  орта  мен  оны  жақын 
қоршаған  орта  оқушы  үшін  ашық  әлеуметтік  ортаның  ішіндегі  тұрақтысы  болып  саналады  және 
салауатты өмір салтына тәрбиелеудің іс жүзіндегі базасын көрсетеді. Балаларды салауатты өмір салтына 
тәрбиелеу  үшін  негізгі  жауапкершілікті  отбасы  атқарғанымен,  қажетті  педагогикалық  потенциалды 
игермейді.  Осыған  байланысты,  оқушыны  отбасында  салауатты өмір  салтына  тәрбиелеуге  қатысты  ата-
аналарды арнайы оқыту да қажет. 
Мемлекетіміздің  стратегиялық  даму  бағытындағы  «Қазақстан-2050»  бағдарламасында  ұзақ  мерзімді 
басымдылықтың  бірі  «Қазақстан  азаматтарының  денсаулығы,  білімі  мен  салауаты  тармағындағы»... 
азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы 
үшін»  азаматтарымызды  салауатты  өмір  салтына  әзірлеу  қажеттілігі  көрсетілген.  Бұл  мәселе  Үкімет 
бағдарламаларында,  Қазақстан  Республикасы  Туризм  және  спорт  министрлігінінің  2011-2015  жылдарға 
арналған жоспарында және де «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында да ерекше көрініс тапқан [2].  
Оқушыларды  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеудің  ерекше  әлеуметтік-психологиялық  жағдайлары 
арасында  салауатты  өмір  салтына  ғылыми  негізделген  ағарту  ісі  ерекше  көрінеді.  Мұндай  жағдайларды 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
287 
тарату  оқушылардың  білімін  кеңейтуге,  денсаулық  пен  салауаттылық  сияқты  жалпы  адамзаттық 
құндылықтарға  қарым-қатынасын  нақтылауға  әсер  етеді.  Олардың  өмірдегі  тәжірибесін  байытып, 
салауатты  өмір  салтына  сәйкес  келетін  көзқарастарын,  мінез-құлық  сарындарын  қалыптастырады. 
Бұларды  күшейте  түсу  үшін,  тәжірибелік  қызмет  педагогикалық  жүйелердің  салауатты  өмір  салтын 
үйретуге  ұмтылған  құндылықтары  оқушыға  шешімді  түрде  әсер  етеді.  Салауатты  өмір  салтын 
тәрбиешінің  өзі  жүргізгені  маңызды,  өйткені  оқушы  күйзеліске  ұшырағанда  уақтылы  көмек  көрсетеді. 
Тәрбиешілердің  қызығушылығы  мен  шынайы  сезімінің  бірінші  жоспарда  екендігін  сезіне  отырып, 
оқушылардың  жаттықтырушыға  деген  құрметі  арта  түседі  және  оларға  ұқсауға  талпынады. 
Оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу идеяларын таратуды тек өзін-өзі сыйлайтын, оқушыға, 
жаттығушыға  тұлға  ретінде  қарай  алатын,  шығармашылық  тұрғыда  ойлай  білетін  педагог  қана  жүргізе 
алады.  Бұлардан  басқа,  педагог  бойында  тұрақты  оптимистік  дүниетаным  болуы  шарт,  өйткені 
оптимистік тұрғыда қалыптасқан адамдар әдетте, алға қойған жоспарларын жүзеге асыра алады. 
 
 К.Ж.Қожахметова  мектеп  диеректорының  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарының  басты  міндеті 
тәрбие  жұмысының  жүйесін  қалыптастыру  және  оның  бір-бірімен  байланысты  оқыту  барысындағы 
тәрбие,  сабақтан  тыс  тәрбие,  мектеп  ұжымындағы  қарым-қатынас  стилі,  психологиялық  ахуалы, 
сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысы,  мектептен  тыс  тәрбие  жұмысы,  ата-аналармен  және  жұртшылықпен 
жұмысты негізгі компоненттері деп көрсеткен [3]. 
 
 Жалпы осы уақытқа дейін қолданып келген сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына: факультативтік 
сабақтар,  үйірме  жұмыстары,  тәрбие  сағаттары,  бақылау-зертхана  жұмыстары,  апталықтар, 
конференциялар,  кештер,  ертеңгіліктер,  сайыстар,  маусымдық  мекемелер  т.б.  жатады.  Сыныптан  тыс 
тәрбие  жұмысын  өткізуде  талаптар  басшылыққа  алынды:  1.Сыныптан  тыс  жұмыстарға  оқушыларды 
түгелдей  қамту.  2.  Әрбір  оқушының  талап-тілегін  ескеру.  3.Балалардың  жеке  дара  қасиетін  білу. 
4.Шығармашылық ізденістерін дамыту. 5.Қоғамдық істерді ұйымдастыру жұмыстары жатады.  
 Мектептен  және  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстары  мектеп  директорының,  мұғалімдердің  тікелей 
басшылығымен  жүргізіледі.  Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысы  негізінен  оқушының  іс-әрекетінің  дұрыс 
ұйымдастырылуына  байланысты.  З.Әбілова  "Сыныптан  тыс  уақытта  эстетикалық  тәрбие  беру  — 
эстетикалық  мәдениетін,  талғамын  арттыру,  үйді  жабдықтау,  тазалық  сақтау,  педагогикалық  ұжымның 
ынтымағының  болуы,  балалардың  тәртібі" 
деп 
оқушылардың  тек  эстетикалық  тәрбиесін 
ұйымдастырудың  жолдарын  ашып  көрсеткен.  Ж.Әбдіжаппарова,  Р.Айтбақина  "Мектептегі  оқу-тәрбие 
жұмысының  мәселелері"  деген  еңбегінде:  “Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысының  маңызы  көлемі  шағын 
шығармаларды бірлесіп оқу, кітап туралы әңгіме өткізу, талдау, әдеби кештер мен конференциялар, бұл 
жұмыстарды  ұйымдастыруда  оқушылардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  шығармашылық  бағытпен 
өткізу  қажет”,-  деп  тұжырымдайды  [4,5].  Аталған  еңбектерде  мектеп  оқушыларын  тәрбиелеу  сыныптан 
тыс  уақытта  ұйымдастыру  керектігі  айтылып,  сол  кездегі  басты  құрал  болып  қолданылған.  Егер 
авторлардың  пікіріне  сүйенсек,  баланың  жас  жеке  мүмкіндіктерін  ескеріп,  жетекші  тұлға  сынып 
жетекшісінің  ұйымдастырушылық  қабілетіне  байланысты  деп  есептейді.  Бірақ  сол  кездегі  оқушыларды 
ұйымдастыруда және сыныптағы тәрбие жұмысына тартуда мұғалімнің ролі басым болды.  
Бұдан  басқа,  педагогикалық  әсер  ету  барысында  жеке  келістерді  жүзеге  асыру  қажет.  Жеке  келістің 
арқасында оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу барысы мұғалім үшін басқаруға қолайлы және 
тиімді.  Оқушылардың  бір-бірінен  денсаулығы,  темпераменті,  қабілеті,  мінез-құлқы  мен  қызығушылығы 
жағынан  айырмашылықтары  бар.  Әрбір  оқушының  өзіндік  күйзелісі,  ойлары,  өз  денсаулығына 
байланысты  қызметке  қосылу  ерекшеліктері  болады.  Оқушы  -  қайталанбас  тұлға,  ол  психикалық 
қасиеттердің, 
қарама-қайшылықтардың, 
физикалық 
және 
интеллектуалдық 
дамудың 
әртүрлі 
үйлесіміндегі жеке терең тұлға болып есептеледі. Тәрбиенің іс жүзіндегі біркелкі жағдайларында олардың 
әрқайсысында салауатты өмір салтын жетілдірудің басқалардан керемет деңгейі көрінеді. Сыныптан тыс 
қызметтерде,  соның  ішінде  спорт  түрлерімен  айналысуда  оқушылардың  салауатты  өмір  салтын 
қалыптастыруға  тәрбиелеу  барысында  оптималды  жетістіктерге  жету  үшін  педагогтар  жаттығуға 
шығармашылық  түрде  атсалысса,  онда  салауатты  өмір  салтын  жүргізуге  бағытталған  ұжымдық 
қызметтерді ұйымдастыру жүзеге асырылады. 
Спорт  түрлерімен  айналысу  барысында  оқушыларға  өзінің  денсаулығына  қамқорлық  жасауды  жеке 
тұлғаның маңызды мақсаты екендігін сезіндіруге тырысу қажет. Бұл үшін салауатты өмір салты бойынша 
педагогтар мен  оқушылардың бірігіп атқаратын жұмыстары аса маңызды болмақ. Мектептегі салауатты 
микроклиматты құруға оқушылар мен мұғалімдер арасындағы өзара түсіністік, сыйластық, сенім сияқты 
қасиеттер  мен  олардың  тікелей  араласуындағы  атмосфера  өзіндік  әсерін  тигізеді.  Оқушылардың  ұжым 
тарапынан  қамқорлық,  қолдау  тауып,  олардың  назарында  болғаны  маңызды  болмақ,  ал  барлық  ұжым 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
288 
әрбір  оқушының  салауатты  өмір  салтын  ұстануын  ұйымдастыруға  ынталы  болады.  Міне,  сонда 
оқушыларды  салауатты  өмір  салтына  деген  қылықтарға  ұмтылысы  пайда  болады.  Оқушының  еріктік 
саласына  мақсатты  түрде  әсер  ету  де  педагогикалық  тұрғыдан  маңызды.  Бұл  орайдағы  жоспардың 
тиімділігі сыныптан тыс қызметтің табысты табылған түрі болып қана анықталмауы керек, бұл қызметті 
оқушылар  эмоционалды  түрде  қалай  қабылдайды  және  іс  жүзінде  мақсатты  түрде  қалай 
таратылатындығымен  тиімді  болады.  Әрине,  оқушыларды  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу  көбінесе 
мұғалімнің  салауатты  өмір  салты  құндылықтарының  маңыздылығын  ашып  көрсету  ептілігіне 
байланысты болмақ, Сонымен қатар, олардың қызығушылығын ояту, оқушылардың ішкі дүниесіне әсер 
ету де маңызды. Бұл қатыстылық тек еріктік салаға ғана емес, сонымен бірге оқушыларды салауатты өмір 
салтына тәрбиелеуге де қатысты.  
Оқушыларды  салауатты  өмір  салтына  толыққанды  тәрбиелеуді  жүзеге  асыру  үшін  мұғалімнің, 
жаттықтырушының,  тренердің  өзі  салауатты  өмір  салтының  тәрбиелілік  нышандарының  аса  жоғары 
тұлғалық қасиеттерін игеруі тиіс. Бұл - жаттықтырушы тұлғасының өзі немесе тренердің оқушыға деген 
ұстанымы,  оған  тәрбие  процесінің  субьектісі  ретінде  қарауы.  Осы  жағдайда  оқушы  өзін  ерікті  іс 
атқаратын тұлға ретінде сезінеді, ол өзімен басқалардың санасатынын, оның пікірін бағалайтынын, өзіне 
сенетінін, өзімен кеңесетінін сезінеді. 
 
Т.Қ.  Жұмажанова  әдебиетпен  жүргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстардың  ғылыми-әдістемелік 
негізін  анықтап,  әдеби  кештер,  ертеңгіліктер,  жарыстар,  көріністер  көру,  поэзиялық  кештерді  ерекше 
бөліп  көрсеткен.  Сыныптан  тыс  уақытта  оқушылардың  танымдық  қабілетін,  белсенділігін  арттырудың 
басты нысаны етіп еңбек, эстетикалық тәрбиеге және оқушылардың шығармашылық дамуына тоқталады 
[6].  Б.Т.  Кенжебеков  оқушылардың  техникалық  еңбегі  бойынша  сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс 
тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастырудың  ғылыми-педагогикалық  негізін  анықтап,  педагогикалық 
шарттарын жүйелеген [7]. 
 
 Еліміздегі  мектеп  тәжірибесінде  сыныптан  тыс  жұмыстар  екі  бағытта:  сыныптан  тыс  тәрбие 
жұмысы  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  деп  жеке  пәндер  бойынша  жүргізіледі.  Тәрбие  жүйесінде 
сыныпта және сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі балалардың тұлғалық және жас ерекшелігіне 
қарай  анықталады.  Сыныптан  тыс  жүргізілетін  тәрбие  жұмыстарының  мақсаты  –  сабақ  үстінде  жүзеге 
асырылатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету. Олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, 
қоршаған  ортаға  қызығушылығын  ояту,  қоғамдық  белсенділігін  шыңдау,  бос  уақытын  тиімді 
ұйымдастыруды  көздейді.  Мұғалім  оқушыларды  сабақтан  тыс  уақытта  қарым-қатынас  жасауға,  әртүрлі 
жағдайда баланы зерттеп, ол туралы мәлімет жинауға мүмкіндік алады.  
 
Бүгінгі  таңда  тәрбие  жұмыстары  оқушы  тұлғасын  тәрбие  субъектісіне  айналдырып, 
педагогикалық  талаптарды  орынды  белсенді  қабылдап,  өзінің  сапалық  қасиеттерін  жетілдіру  мақсатын 
көздейді.  Сыныптан  тыс  ұйымдастырылатын  үйірмелер  және  тәрбие  жұмыстарына  балалардың  өз 
бетімен  жұмыс  істеуге  кең  мүмкіндіктер  жасалады.  Өздігімен  басқаруға  және  дербестікті  дамытумен 
үйлестірілуімен ерекшеленеді. 
 Келтірілген  ғылыми  теориялар  мен  іс-тәжірибелердің  бүгінгі  күні  бастауыш  мектептен  бастап 
оқушыларды  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарында  тәрбиелеуде  жаңғыртып  қолдануға  болады.  Қоғам 
өзгерген  сайын тәрбие мазмұны да өзгеріп,  оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері де сан алуан 
болып  отыр.  Осы  кезге  дейінгі  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың  формалары  мен 
әдістерін  санап  шығу  мүмкін  емес.  Дейтұрғанмен,  тәрбие  жұмыстары  этикалық  тақырыптарда,  өмірге, 
еңбекке баулу, салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру мамандыққа дайындау, экономикалық және 
экологиялық тәрбие, интеллектуалды дамуын қамтамасыз ететін бағыттарда ұйымдастырылып келеді. 
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ : 
 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 
«Қазақстан-2050»  стратегиясы  –  Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты.  14  желтоқсан.  Елорда. 
Астана, 2012. 
2.  Стратегический  план  Министерства  туризма  и  спорта  РК  на  2011  –  2015  годы.  Утвержден 
постановлением Правительства РК от «8» февраля 2011 года № 101. 
3. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. 
– Алматы, 1993. - 17 б. 
4. Әбілова З. Сыныптан тыс уақытта эстетикалық тәрбие беру. – Алматы, 1987. – 124 б. 
5. Әбдіжаппарова Ж., Айтбақина Р. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының мәселелері. – Алматы, 1996. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
289 
6.  Жұмажанова  Т.Қ.  Әдебиеттен  жүргізілетін  сыныптан  тыс  уақытта  оқушылардың  танымдық 
қабілетін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: пед. ғылым. док. ... автореф. – Алматы, 1996.  
7.  Кенжебеков  Б.Т.  Педагогические  условия  организации  внеклассной  и  внешкольной  работы 
учащихся по техническому труду: пед.ғыл.кан. ... автореф. – Алматы, 1993. – 17 б. 
 
 
ШАҒЫН  ЖИНАҚТЫ  МЕКТЕПТЕГІ  СЫНЫПТАН  ТЫС  ТӘРБИЕ  ЖҰМЫСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . 
 
А.Е.Манкеш. Абай атындағы Қазақ Ұлттық 
педагогикалық университеті, магистратура 
және PhD докторантура институты 
 
 
Резюме 
 
 Данная  статье  посвящяется  одной  из  актуальнейших  проблем  воспитательной  работы  в 
малокомплектных 
школах 
расположенных 
в 
различных 
регионах 
Республики 
Казахстан, 
рассматриваются  основные  особенности  классной  и  внеклассной  работы.  Автор  анализируя  концепции 
данные  учеными  по  вопросу  воспитания  приходит  к  выводу,  что  качественная  организация 
воспитательной работы напрямую зависит от профессиональных качеств учителя.  
  
Summary 
 
 This article is dedicated to one of the most urgent problems of educational work in small schools located in 
different regions  of the Republic  of  Kazakhstan, it  discusses the  main  features  of classroom and  extracurricular 
activities.  The  author  analyzed  the  concept  of  scientists’  data  on  the  education  came  to  the  conclusion  that  the 
quality organization of educational work directly depends on teacher’s professional qualities. 
 
 Біздің әлемдік көште үйренуші халықтан, үйретуші елге айналуымыздың кәдуілгі сыры қазақ даласын 
қараңғылық көгінен алып шығып, ағартушылықпен айналысқан ұлттық тұлғалардың ерен еңбектері екені 
белгілі.  Солардың  бірі  де  бірегейі  алғаш  қазақ  сахарасына  ізгіліктің  жолын  салып,  мектеп  ашып  өз 
дәрежесінде  қызмет  ете  білген  -  ағартушы-педагог  Ыбырай  Алтынсарин  болатын.  Ы.Алтынсариннің 
басшылығымен  ұлттық  мектептердің  қазақстандық  үлгісі  пайда  болды.  Ол  кезінде  басшыларға  жазған 
хаттарында  «қазақтардың  тұрмыс-тіршілігіне  ыңғайлы,  мектептің  көшпелі  болуы  қажет,  жазда 
ауылдармен  бірге  жайлауда,  ал  қыста  қыстауда  болғаны  жөн»  −  деп,  дәлелдей  де  білді.  Осылайша  ХХ 
ғасырдың  басында  ауылдық  жерлерде  Алтынсарин  бастаған  білім  алудың  жинақталған  мектептер 
жүйесінің  негізі  қаланды.  Сол  кезде  ауылдағы  алғашқы  қазақ  мектептерінің  көбі  шағын  жинақты 
мектептер болғаны белгілі. 
 Шағын  жинақты  мектеп  –  ол  балалардың  саны  аз,  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  өзіндік 
ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектеп. 1999-жылы 7 маусымда 
(№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында шағын жинақты мектепке 
мынадай анықтама беріледі: «Шағын жинақталған мектеп  ол - сынып-жинақтамалары аралас және оқу 
сабақтарын  ұйымдастырудың  өзіндік  нысаны  бар,  оқушылар  саны  шағын  жалпы  білім  беретін  мектеп, 
яғни  әртүрлі  типті  ауыл  оқушыларын  әлеуметтендіру  функцияларын  атқаратын  маңызды  институт, 
мәдениет құрушы ауылдық орталықтың жиынтығы». 
 Шағын жинақты мектептердегі тәрбие мазмұнын жаңарту мен ондағы мұғалімдерге қойылатын талап 
деңгейін  өзгерту  қазіргі  білім  беру  саласындағы  ізгілендіру  мен  демократияландыру  жағдайында 
көкейкесті  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Сол  себепті  шағын  жинақты  мектептердегі  тәрбие  жұмысының 
яғни сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығымен қатар 
жеке 
басының 
білім-парасатымен, 
әлеуметтік 
белсенділігімен, 
жұмысты 
ұйымдастырудағы 
жаңашылдығымен,  педгогтардың  кәсіби  даярлығын  ғылыми  негізде  үздіксіз  жетілдіре  түсу  қажеттігі 
туындайды. 
 Педагогикалық сөздікте «Тәрбие жұмысы – ересектер мен балалардың күнделікті тіршілік іс-әрекетін 
ұйымдастырудағы  мақсатқа  бағытталған  әрекет,  жеке  тұлғаның  толыққанды  дамуы  үшін  барлық 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
290 
жағдайдың  жасалуы»-деп  түсіндіріледі.  Ендеше,  мектептегі  тәрбие  жұмысының  барлығы  сабақтан  тыс 
уақытта ұйымдастырылуына байланысты сыныптан тыс тәрбие жұмысы деп аталады. 
 О.А.Абдуллин  «Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысы,  оқушыларды  тәрбиелеудегі  мәнді  фкторлардың  бірі 
болып  табылады,  оқу  әрекетінде  баланың  ақыл-ойы,  танымы  дамытылса,  адамгершілікке,  өмірде 
кездесетін әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауы сыныптан тыс тәрбие жұмысы арқылы жүзеге 
асады»-десе,  Н.И.Шелихова  «Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысы  –  бұл  педагогтың  оқудан  тыс  уақытта 
оқушылардың  түрлі  әрекеттерін  ұйымдастыру,  баланың  жеке  тұлғасын  әлеуметтендіру  қажеттігін 
қамтамасыз  етеді»  -  деген  болатын.  Сонымен,  «Тәрбие  жұмысы  сабақтан  тыс  уақытта 
тәрбиеленушілердің  жеке  тұлғалық  сапаларын  қалыптастыруға  бағытталған  арнаулы  ұйымдастырылған 
педагогтың  әрекеті»,  яғни  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі  мен  біліктілігі,  ұйымдастырушылық  қабілеті 
болып табылады. 
 Мектептегі  оқыту  сабақтарына  қарағанда  сыныптан  тыс  жұмыстарды  оқушылардың  еркімен 
ұйымдастыру,  шығармашылығын  дамыту,  әр  түрлі  жастағы  балаларды  қамту,  олардың  ұсынысымен 
санасу жағдайлары қарастырылады. Қазіргі кезеңде оқушылардың ынта-ықыласын оятуда сыныптан тыс 
тәрбие  жұмыстарының  ұйымдастырылу  формалары  мен  әдістерінің  көптеген  түрлерін  атап,  белгілі 
тәрбие бағдарламалары мен әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, жұмыс жоспары негізінде 
ұйымдастыру міндеті көзделеді. 
 Психологтар  Л.С.Выготский,  С.Л.Рубинштейн,  Д.Б.Эльконин  бастауыш  мектеп  оқушыларының 
сабақтан тыс тәрбие жұмысында күнделікті құрбыларымен бірігіп араласуға, сыртқы ортаны танып білуге 
деген ұмтылысы мен таным белсенділігі артып, олардың қамқорлық, қызығушылық сезімі пайда болады. 
Мұндай  сабақтан  тыс  тәрбие  түрлері  оқушыны,  болашақ  тұлға  ретінде  де  жауапкершілігі  мен қабілетін 
дамытып, өзінің не нәрсеге де бейім болу мүмкіндігін жетілдіреді. Жалпы, шағын жинақталған мектептегі 
тәрбие  жұмысының  ерекшелігі:  а)пән  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстар;  ә)сабақтан  тыс  тәрбие 
жұмыстары болып бөлінуінде.  
 -  тәрбиелеудің  теориялық  негізін  меңгеріп,  оны  практикада  қолдана  білу,  сыныптан  тыс  тәрбие 
жұмысын ұйымдастырудың жаңа әдістемесін енгізу; 
- бір сыныппен жұмыс істегенде тәрбие жұмысының (үйірме, тақырыптық кештер, ертеңгіліктер, өлке 
тану  жұмысы,  айтыстар,  байқаулар,  экологиялық  соқпақтар,  жасыл  әлем  қызықтары,  көңілді  тапқырлар 
жарысы және т.б.) мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен 
жұмыс істегенде сыныптан тыс жұмыстардың шығармашылығын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс;  
- бір тәрбие жұмысында мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен 
жұмыс  жүргізеді,  сондықтан  ол  балалардың  психологиясын  жақсы  біліп,  педагогикалық  жағдаяттарды 
орынды пайдаланып, одан шығудың тиімді жолын іздестіруі қажет; 
-  шағын  жинақты  мектептер  көп  жағдайда  орта  мектептерден  алшақ  орналасуына  байланысты 
мұғалімнің  басқа  оқытушылардың  тәрбие  жұмыстарына  қатысып,  тәжірибе  алмасу  мүмкіндіктері  аз 
болады, сол себепті мұғалімдердің өз бетінше білімін жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды;  
-  мұғалім  тәрбие  жұмысындағы  өздік  тапсырмаларды  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне, 
жылдамдықтарына  қарай  лайықтап,  орындау  уақытын  белгілеп  ұйымдастыруы  тиіс.  Міне,  осындай 
ерекшеліктер  ескерілген  тәрбие  жұмыстарының  мақсаты  сабақ  кезінде  алған  білімін  тереңдетіп,  өз 
бетінше жұмыс істеуге  дағдыландырып, балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, 
оларды  тапқырлыққа,  жауапкершілікке,  табандылыққа,  еңбекке  деген  сүйіспеншілікке,  ұйымшылдыққа 
тәрбиелейді.  Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  өз  еріктерімен  берілген  тапсырмаларды 
орындауына  мүмкіндік  береді.  Онда  оқушыларға  баға  қойылмайды,  бірақ  қандай  да  бір  іс-әрекеттегі 
табыстылығы,  шығармашылығы,  тапқырлығы,  ұтымды  әдістерді  пайдалануы  мұғалім  тарапынан 
мадақталып, көтермеленіп отыруы тиіс. 
Мұндай  сыптан  тыс  тәрбие  жұмыстарының  ұйымдастырылуы  мұғалімнің  кәсіби  сапалары 
коммуникативтік,  ұйымдастырушылық,  танымдық  біліктіліктері  мен  қатар  олардан  қатар  үлкен 
шыдамдылықты, шығармашылық шеберлікті яғни кәсіби құзыреттілікті талап етеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет