Ф.ПК-ЮУ.УП.01
Ревизия № 3 от 20 мая 2022 г.
Страница 3 из 8
______________________________________________________________________________________________________
3
қатарына қайта қабылдауға;
12) Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Академиялық саясатында
белгіленген тәртіппен білім алушыны өтініш негізінде бір білім беру бағдарламасынан
екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне, сондай-ақ басқа білім беру ұйымына
ауыстыруға;
13) оқу жылы ішінде кредиттерді толық игерген білім алушыны келесі оқу курсына
ауыстыруға;
14) Шарт бұзылған жағдайда алдын ала төлем жасалған болса, оқудан шығару туралы
бұйрық шығарылған сәтке дейін оқу үшін есептелген соманы шегере отырып, білім алушыға
оқу үшін төленген ақшаны қайтаруға;
15) білім алушыны қоғамдық және өзге де тапсырмаларды орындауға оның келісімінсіз
және оқу үдерісіне зиян келтіретін жағдайда тартуға жол бермеуге;
16) білім алушыға ерікті негізде білім беру ұйымдарының ғылыми, мәдени және спорттық
іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық өмірге қатысуға
мүмкіндік беруге;
17) оқудың толық курсын табысты аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өту
нәтижелері бойынша білім алушыға белгіленген тәртіппен біліктілік/дәреже беру және білім
туралы өзіндік үлгідегі құжат беруге;
18) оқу орны таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда білім
алушыларды оқуды жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымына ауыстыру жөнінде шаралар
қабылдауға.
Достарыңызбен бөлісу: