болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Мысалы, ай - бір жерге
шоғырланған бұлт болса, күн - су буының жануының салдарынан шокка
айналған аспан денесі.
Егер
милет
мектебінің
өкілдері
космостың
генетикалык
бастамасын,әрі түпнегізін физикалык касиеттері бар ауа, су, от апейрон
десе, Ксенофан олардан әрірек кетіп жер космостың түпнегізі ретінде
біргұтастык деп тұжырымдайды. Ол түпнегіздің шекті не шексіз
екендігін, материалды немесе идеалды екендігін айкындамайды.
Біртұтастык ретінде ол құдаймен пара-пар. Құдай - барлық нәрселер,
бірак бұл барлык нэрселер көптүрлілікті көрсетпейді, ең жоғары
біртұтастыкты көрсетеді. Оның түпнегізі - ақыл-ой. Құдай адамдарды
жаратпайды, керісінше, адамдар өз бейнесіне карап, кұдайды жаратады.
Егер жылкылар адамдар сиякты сурет сала білсе жэне өнердің түрлерін
тудыра алатын болса, онда олар кұдайларды өздері сияқты жылкы
ретінде суреттер еді. Ксенофаның кұдайы - таза акыл-ой, ол материалды
емес. Оның барлық күші - данышпандылығында. Ол гректердің
бұрынғы кұдайларындай бір орнынан екінші орынға козғалып, дүниені
кезіп жүрмейді, керісінше, ылғи да тыныштыкта болады, козғалмайды.
Ол элемді тек акыл-оймен ғана баскарады, ешкандай да дене күшін
жұмсамайды.
Бірак, - дейді Ксенофан, - кұдайдың, жалпыға ортак табиғаттың
накты шындық екенін ешуакытта ешкім көрген де емес, білген де емес.
Ал егер осы ақикатты танып-білу жолында кімде-кім дұрыс бағыт алған
болса, ол бэрібір ондай акикатты білмес еді. Себебі, құдайдың жалпыға
ортак табиғаттың өмір сүруі дегеніміз, олардың бар сиякты болып
көрінуі ғана.
Түйсіктер берген акпараттар шындыкка жатпайды. Акыл-ойдың
өзі де кейде бізді алдайды. Ал акикат акыл-ойдың корытындысы емес,
кездейсоктыктың жемісі. Осыдан келіп, ксенофан дүниені танып-білу
мұмкіндігін емес, танып-білу мүмкіндігі туралы білімнің болуын жоққа
шығарды.
Ксенофаның жалқы кұдай туралы ілімін эрі карай дамытып, оны
бір тұтас болмыс ұғымына дейін көтерген ойшыл — Парменид (шамамен
б.д.д. 540-480 жж.) болды. Оның негізгі шығармалары:
“Табиғат
туралы”, “Ахиллес” (бізге дейін жетпеген). Парменидтің карастырған
мәселелері - болмыс пен бейболмыстың ара катынастары мен
болмыстың ақыл-ойға катынасы. Бұл екі мэселенің екеуін де тек акьш-ой
арқылы шешуге болады. Акикатка тез жету үшін акыл-ой көптеген тор
мен тоскауылдарға тап болуы мүмкін. Бірінші күтіп тұрған тосқауыл -
бейболмыстың бар екенін мойындау, ал мойындағаннан кейін, ол
кажетті түрде бар болып шығады. Екіншісі бір мезгілде болмыс пен
бейболмысты бір-бірімен тепе-тең жэне тең емес деп жорамалдау. Бұл
екі тосқауылдың екеуі де бізді акикатка жеткізбейді. Себебі, бір баста
бірін-бірі жоққа шығаратын екі тезис болуы мүмкін емес. Сондыктан, не
28
болмыс пен бейболмысты тепе-тең деп, немесе олар тең емес деп
жорамалдау керек. Ал бейболмыстың ѳзін бар деп санау да кайшылыкка
экеліп соктырады, себебі бейболмыс дегеніміздің ѳзі — болмыс. Бұл
жерде парменид кейінірек аристотель ашкан ойлау кабілетінін ен басты
заңы - карама-кайшылык заңын ашуга жакын калды.
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тен емес, баскаша
айтканда, болмыс - накты ѳмір сүреді де, бейболмыс деген жок нэрсе.
Осы пікірін Парменид дэлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт - ол,
Парменидке дейін философтар ѳз тезистерін дэлелдеуден
гѳрі,
метафорамен немесе ұксастык тэсілін колдану аркылы (салыстыру
аркылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші болып ѳз тезисінің
дурыстыгын дэлелдеуге көбірек көңіл бөлді.
Парменидтің ойынша, бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі,
оны танып-білуге жэне оны сөзбен жеткізуге болмайды. Баскаша
айтканда, накты өмір сүрмейтін нәрсені (бейболмысты) түсінуге де,
ойлауға да болмайды. Енді бұл дәлелдің ѳзін дэлелдеу кажет. Осы дан
келіп,
парменид болмыс пен ойлаудьщ аракатынасын карастырады.
Оның пікірінше, болмыс пен ойлау процесс ретінде де, олардың жемісі
ретінде де тепе-тең. Бұл тезисті, заттар мен ойлауды өз алдына жеке
өмір сүретін кубылыстар екенін мойындай отырып, ой - затталынған
(ягни, материалданған - ойдың бір затты ойлауға бағытгалуы) кезде
ғана ой болады деп түсінуге, ал зат - тек ойланылған кезде ғана зат
болады деп түсінуге болатын сияқты. Осыдан келіп, парменид: егер
бейболмыс накты бар деген ой бар болатын болса, онда осы ойда
ойланылатын бейболмыстьщ бар болгандыгы, бірак ол бейболмыс
күйінде емес, болмыс күйінде ѳмір сүргендіктен осыган дейін
бейболмыс туралы ойланған ойымыздың бэрі болмыс туралы ой болып
шыгады.
Бейболмыс болмагандыктан, болмыс жалқы, біртұгас жэне
козғалмайды. Болмыстың ѳткен кезеңі де, болашагы да жок, ол
ѳзгермейді. Сѳйтіп, Парменид болмысты калыптасудан, жалкыны -
көптүрліліктен бѳліп алып, нағыз ақикат дегеніміз осы дейді. Әлемнің
физикалык касиеттеріне токтала
келіп, ол от (жарык) пен жердің
(тұнтиык, караңғы) ара катынасын қарастырады. Афродита космостың
орталыгында тұрады да, әлемді сол жерден басқарады. Мысалы, ол
жандардың қозғалысын реттеп, бірде оларды көрінетін элемнен
көрінбейтін әлемге жіберсе, енді керісінше жібереді. Бұл жерде
көрінетін жэне көрінбейтін әлемді болмыс жэне бейболмыспен
салыстыруға болмайды, себебі, бұл екеуі де әлемнің бөлшектері ғана.
Эросты алсак,
ол қарама-қарсыльщтарды
біріктіріп, бір-бірімен
байланыстырады (мысалы, жарык пен қараңғы түнекті, жер мен отіы,
еркек пен эйелді т.б.).
Параменидтін ілімін эрі карай жалғаструшы, оның шэкірті,
элеатгар мектебінің көрнекті өкілі - Зенон (шамамен б.д.д. 490-430 жж.)
29
болды. Негізгі еңбектері: “Философтарға карсы”, “Табиғат туралы”. Бұл
еңбектері толык сакталмаган, бізге тек фрагмент күйінде ғана жеткен.
Зенон Парменидтің болмысын дәлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз
дәлелін болмыстан аяктаса,
Зенон,
керісінше, өз дәлелін көзге
көрінетін, акикатка жатпайтын әлемнен бастап, болмыс элемін
карастырумен аяктайды. Оның пікірінше, физикалык әлем карама-
қарсылыкка толы, сол себепті ол акикатка жатпайды, ол нағыз біздің
түйсінуімізден тыс жатқан элем, ол - болмыс.
Бомыстың
жалкылығын жэне біртұтастығын Зенон өзінің
атышулы тәсілі “эпихейрема” аркылы дәлелдемек болады. Бұл тәсілдің
мэні - тікелей дэлелдеу тэсілінің орнына кері бұрмалап дәлелдеудің
негізінде карсыластарының пікірін абсурдтық жағдайға әкелу аркылы,
оған өзінің бұрынғы айткан пікіріне шексіз көп заттар өмір сүретін
болса, онда олар шындығында канша болса, тура сонша болулары керек
(аз да емес, көп те емес). Ал енді олар канша болса, сонша заттар бар
болса, онда шексіз кѳп заттар ѳмір сүрсе, онда болмыс та сан жатынан
шексіз.
Екінші эпихейремда былай делінеді: егер болмыс шексіз кѳп
болса, онда ол үлкенді-кішілі болып бѳлінулер керек. Үлкен болганда
соншалыкты шексіз үлкен, ал кіші болғанда, соншалыкты мөлшерсіз
кіші болуы мүмкін. Ал егер шексіз кѳп заттар бөлінбейтін болса, онда
олардың мөлшерлері жок болғандығы. Себебі, ол заттар шексіз кіші. Ал
егер олар бѳлінбейтін
болса, онда олар таусылмайтын бѳліктерден
түрады да, шексіз үлкен болады.
Дүниеде бар нэрсенің мѳлшері болады, ал мөлшерлі нэрсенін
денесі болады. Егер бөлшектері жок нэрселер - өте мәнсіз күбылыс
болса, онда сол бөлшектенбейтін жэне өте мәнсіз кұбылыс - парменид
айткан біртүтас, жалкы болмыс, - деп дэлелдейді Зенон.
Болмыстың
козғалмайтындығын
зенон
өзінің
“дихотомия”
(ортасынан как бөлу), “ахиллес жэне тасбака”, “жебе”, “стадион” деген
апорияларына (шешілмейтін, лажсыз жағдайлар) сүйеніп, дәлелдемек
болады.
“Дихотомия” деген апориясының мазмүны мынадай. Қозғалыс
бастала алмайды, себебі қозғалыстағы зат жолының аяғына жеткенге
дейін, сол жолдың жартысын өтуі керек, бірак сөйтіп шексіз кете береді.
Басқаша айтқанда, бір нүктеден екінші нүктеге жету үшін саны шексіз
нүктелерден өтуі керек, ол мүмкін емес. Бүл апорияның мағынасы
мынада: шексіз кішкентай кескінділер нольге үмтылады, бірак өшпейді,
оған жете алмайды.
Екінші апорияда желаяк Ахиллес жайбасар тасбақаға
жете
алмайды, себебі Ахиллес тасбақа козғалыс бастаған нүктесіне жеткенде,
тасбақа өзінің жылдамдығы Ахиллестің жылдамдығынан қаншама аз
болса да, өз жыпдамдығына сәйкес жол жүріп, алғашкы нүктеден
30
ғ
алыстайды, сөйтіп, шексіз кете береді. Мағынасы мынадай: шексіз азая
беретін интервал нөлге ұмтылады, бірак оған жете алмайды.
Үшінші апория бойынша, ұшып келе жаткан жебе тыныштыкта
болады, себебі қозғалыстағы дене эр уакытта да өзіне пара-пар орын
алады, баскаша айтканда, сол орында эр моментте тыныштыкта болады,
сондықтан ол тіпі козғалмайды. Себебі козғалыс тыныштыктың
косындыларынан туруы мүмкін емес. Төртінші апория да осыған ұксас.
Бұл апориядан шығатын корытынды: Зенон элеаттардың ойлау
мен болмыстың тепе-тендігі туралы тезистеріне сүйене отырып, түйсіне
алатын әлемдегі заттардың козғалысын емес, тек кана ойлау элеміндегі
қозғалысты жокка шығарады. Баскаша айтканда, Зенон қозғалыстың бар
екенін күмэн келтірмейді, бірак сол козғалысты акыл-ой аркылы
бейнелеу кайшылыкты сипатта болғандықтан, козғалыс туралы сезім
мушелері берген мәліметтердің акиқаттығына күмэнданады.
Зенонның койған біртұтастык пен шексіз көптік, козғалыс пен
тыныштык сияқты мэселері ғасырлар бойы талай ғұламаларды
ойландырып, олардың философиялык ізденістеріне ой түрткі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |