Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет25/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

2.4. Қазақстандағы мүге-
дектігі бар балаларға 
арналған жәрдемақылар 
Бұрын айтылғандай, қолданыстағы заңнамалық 
база мүгедектігі бар балалардың мемлекеттік 
бюджет қаражаты есебінен тегін білім алу-
ына, әлеуметтік қамтамасыз етілуіне және 
денсаулық сақтау қызметтерінің көрсетілуіне 
кепілдік береді
1
. Бұл мектепке дейінгі, бастау-
ыш және орта білім беруден, бүкіл әлеуметтік 
және медициналық көмектен, сондай-ақ 
педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетуден 
тұрады. Мүгедектігі бар адамдарға арналған 
мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мен арна-
улы әлеуметтік қызметтер де мемлекеттік бюд-
жет қаражатынан кепілдендіріледі.
2.4.1. Әлеуметтік жәрдемақы алатын 
мүгедектігі бар балалар саны
ҚР ЕжХӘҚМ деректері мемлекеттік әлеуметтік 
жәрдемақы алатын мүгедектігі бар балалар 
санының (18 жасқа толмаған) 2010-2012 жыл-
дар кезеңінде артқанын көрсетеді (9-сурет). 
Алайда 10-сурет мүгедектігі бар балалардың 
3,2 пайызы 2011 жылғы 0,4 пайызбен, 
• «Оқушыларды аттестациядан өткізу әдістемесі ережесін бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2004 жылғы 2 наурыздағы № 166) 
Осы бұйрыққа сәйкес барлық балаларды шамамен бірдей біліммен қамтамасыз ету қосымша 
мектеп мұғалімінің міндеті болып табылмайды, өйткені олардың ерекше жағдайлары 
балалардың білімдері мен қабілеттерін бағалауға стандарты емес ұстанымды басшылыққа 
алуды талап етеді. Білімді бақылаудың барлық түрлерін (ауызша, жазбаша, практикалық) 
оқушыларды ынталандыру және олардың қызметін уәждеу құралдары ретінде ғана дәстүрлі 
бес балдық шәкіл бойынша бағалау ұсынылады. Мұғалім жеке оқу бағдарламасын өз бетімен 
анықтауға құқылы. 3 және 4-баптар ана тілі мен математика бойынша білімін, білігі мен 
дағдыларын қалай бағалау қажет екенін және әрбір бағаның қалай шешілетінін (1-5) көрсетеді. 
5 – 9-баптар оқушылардың ерекше талаптары мен шарттарына байланысты стандарты 
бағамен салыстырғанда икемдік танытуға мүмкіндік бере отырып, сәйкесінше интеллектуалдық 
бұзылыстары бар оқушылардың, көру қабілеті нашар оқушылардың, есту қабілеті нашар 
оқушылардың, сөйлеу тілінде айтарлықтай бұзылыстары бар оқушылардың үлгерімін қалай 
бағалау қажеттігін түсіндіреді.
1 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңы.
70 000 
60 000
50 000
40 000
30 000
20 000
10 000
0
2009
2010
2011
2012
Балалардың жалпы саны (18 жасқа толмаған) 
3 жасқа дейінгі балалар саны
9-сурет. 2010–2012 ж. кезеңінде Қазақстан 
Республикасында мемлекеттік әлеуметтік 
жәрдемақы алған мүгедектігі бар балалар саны 
Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрлігі деректерінің негізінде, 2012 ж. 
36


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
Мүгедектігі бар балалар (I топ) 
Мүгедектігі бар балалар (II топ)
Мүгедектігі бар балалар (III топ) 
16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар
болмауы секілді бірқатар ықтимал себептер 
бар. Әлеуметтік жәрдемақыларға қол жеткізуде 
кездесетін кейбір кедергілер келесі бөлімде 
қарастырылатын болса да, жәрдемақының пай-
даланылуы бойынша, сондай-ақ жәрдемақы 
алуға кедергі келтіретін факторлар мен кез 
келген мүмкін болатын кедергілерді жою 
құралдарына мониторинг жүргізу мен сенімді 
деректер жинауды жүзеге асыру маңызды.
2012 ж. әлеуметтік жәрдемақы алмаған 
мүгедектігі бар балалар санының көбеюі 
төмен пайыздық үлесті ескергенде (мүгедектігі 
бар балалардың жалпы санының тек 3 пайы-
зы) мейлінше аз болып көрінуі мүмкін. Солай 
бола тұрса да, абсолютті түрде алғанда, бұл 
жәрдемақы алмайтын 2 093 мүгедектігі бар 
балаға (олардың отбасыларына)қатысты. Бұл 
отбасылардың аз қамтылғандар санатына түсіп 
кету мүмкіндігі жоғары. Бұл көрсеткіштің әлеуетті 
себептерін бағалау және уақыт өтке келе оған 
мониторинг жүргізу халықтың осы санаты ара-
сында кедейшіліктің алдын алу мақсатында 
Үкімет үшін жақсы индикаторға айналуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет