Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

Туңур қаздың болұшты, Қарсы құда болысты,
Қырқын тақы қолұшты. Күңін дағы қаласты;
Емді тышым қамашты Енді тісім қамалды,
Алты тұрұмтайымны. Алды Тұрымтайымды. 
Күглер қымұғ түзүлді Күйлер түгел түзілді,
Ыврық ідзіш тізілді. Көзе, ыдыстар тізілді.
Сенсіз өзүм өзелді Өзегім сенсіз үзілді,
Келгіл амұл ойнлым Кел, жан жай тауып ойналық.-
деген сияқты бәйіттерден мазмұн жағынан үйлену салт жырларына жақын,
жастық дәурен, ғашықтық өлеңдердің үлгілерін танимыз. Өлең мәтіндерінен
сол заманның өзінде құда болып, қалың берісіп, қыз ұзату салтының орныққан
ғұрып екендігін білеміз.
Алып Ер тоңа өлдү мұ, Алып Ер тоңа өлді ме?
Есіз ажұн қалды мұ, Жаман дүние қалды ма?
Өзлек өшін алды мұ, Заман өшін алды ма?
Емді жүрек иыртылұр Енді жүрек жыртылар!
Ерді ашын татұрған Ер еді асын татырған,
Иавлақ нағыз қатарған. Зұлым жауды қашырған.
Боинын тұтып қадзыран Мойнын тұтып қайырған,
Басты өлүм ағтару Өлім басты аударып...
Өдзлек ырығ кевреді, Заман әбден тозды,
Иұныш иавұт таврады. Осал жауыз қозғалды.
Ерделі неме саврады Өнер біткен сиреді,
Ажұн бегі шертілүр Дүние бегі (Афрасиаб) жоғалып
– тәрізді өлеңдер ежелгі жоқтау жырларынан іріктеліп алынған үзінділер тәрізді
41


әсер қалдырады. Әсіресе, түркі халқының Ер тоңа ердің (Афрасиаб) жоқтауын
ұзақ жылдар жадына сақтағанын көреміз. Көне жоқтаудың сарыны қазақ
жоқтауларының мазмұнымен етене қабысып жатыр. Ежелгі түркі жырларының
болмыс – бітімін танытатын мұндай нышандарды «Құдатғу білік», «Кодекс
куманикус», «Оғыз нама», «Қорқыт ата», т.б. ескерткіштерден де табуға болады.
Қазақ өз алдына іргелі ел болып, шаңырақ көтерген, қазақ тілінің ұлттық
тіл ретінде кемеліне келген кезеңіндегі жыр үлгілерінің хатқа түсе бастауы
ХҮІІІ ғасырдан басталады. Бұл қазақ хандығының іргелес жатқан орыс елімен
тығыз қарым – қатынасқа түсіп, Ресейдің отарлау саясатының белсенді жүзеге
аса бастаған кезі.
Қорыта айтқанда, отбасылық ғұрып фольклорының поэтикасы – жалпы
фольклор поэтикасымен астасып жатқан аса күрделі әлем. Оның ерекшелігі, ең
алдымен, халықтың тұрмыс – тіршілігімен байланысып жатқан ғұрыптық
сипатымен айқындалады. Яғни, ғұрыптық фольклор поэтикасы оның атқаратын
практикалық қызметтеріне, этнографиялық байланыстар типологиясына
тәуелді. Яғни, отбасылық ғұрып фольклорының поэтикалық жүйесінің – ондағы
формулалардың, клишелердің, троптардың, қайталаулардың пайда болуында,
қалыптасуы мен дамуында мифтік санадан бастау алатын ғұрыптық
дүниетанымның орны ерекше. Оған біз отбасылық ғұрып фольклорының
этнографиялық байланыстар типологиясын қарастыра отырып көз жеткізгендей
болдық. Ықылым замандардан бері көркемдік ойдың өзі әлденеше кезеңдерден
өтіп, көркем лирикаға айнала бастаған отбасылық ғұрып фольклорының
табиғатынан ежелгі синкретизм қалыптастырған бағзы ғұрыптық дүниетаным
сілемдерін әлі де байқауға болады. Отбасылық ғұрып фольклорының туу – ер
жету – өлу сияқты үш саласында бірдей қайталанатын типтік жағдайлар мен
«ортақ тұстардың» сырының да сол көне рәсімдерде, Арнольд ван Геннеп
айтқандай, «өтпелі ғұрыптарда» жатқандығын этнографиялық параллельдер
айқындай түседі. Фольклорлық мәтіндер мен этнографиялық ортақ тұстарды
салыстыра отырып, отбасылық ғұрып жырларындағы бірқатар мотивтер мен
формулалардың, құбылтулар мен айшықтаулардың, қайталаулардың, көркемдік
тәсілдердің ғұрыптық рәсімдерден бастау алатындығын аңдатуға болады. Қазақ
отбасылықғұрып фольклорының жиналу, жариялану, зерттелу ісі тереңнен
тамыр алатын, өзіндік тарихы, бел белесі бар фольклортану ғылымы ғана емес,
этнография, музыкатану, өнертану, ғылымдары да әр қырынан зерделеп келе
жатқанын көреміз. Оның өрісі де тек Қазақстанда ғана емес, Қытай Халық
Республикасы, Өзбекстан сияқты елдерде тұратын іргелі диаспоралар аясына да
кең қанат жайған, құлашы кең сала.
Нәрестенің шыр етіп дүниеге келгеннен бастап халық жыры мен әнін
құлағына сіңіріп өсетіні анық. Ата –ананың сәбиді жүрегі елжірей сүюі,
әлпештеп, аялап, бағып –қағуы барлығы да жыр тілімен өрнектеліп, музыка
әуенімен сүйемелденіп отырады.Халықтың тұрмыстық тәжірибесінде сәбидің
әрбір өмірлік қадамы назардан тыс қалмай дәстүрлі түрде әрқилы ырымдармен
аталып, өнер тілімен өрнектеліп келеді. Яғни, ата – ана баланың ауру –
сырқаудан аман, денсаулығының мықты болып өсуін ғана ойластырмайды,
бөбектің рухани жан дүниесінің де үйлесімді дамуын, өз қоғамына лайық
42


тәрбиелі азамат болып ер жетуін де алғашқы сәттен басты назарда ұстайды.
Міне, халықтың дәстүрлі мәдениетінде осы мақсатта туып, күнделікті отбасы
тұрмысында кең қанат жайған халық поэзиясының үлгілерін фольклортануда
жеке топтастыру қалыптасқан. 
Қазақтар мен Орталық Азия халықтары ағаштан жасалған тербетілетін
бесік – кең таралған, ал түркмендер оны балаға зиянды, желкесі тұтасып кетеді,
әрі көзі қыли болады деп қолданбаған. Әдетте ағаш бесік өзбектеніп кеткен
түркмендердің үйінде ғана болады. Аймақ халықтарының бесікке салу
мерзімдерінде азғана айырмашылық болғанымен негізінен ортақ. Жерде
тербелетін ағаш бесік негізінен алғанда қыпшақтық мәдени дәстүр де, ал
аспалы бесік оғыздық мәдени салттың негізінде қалыптасқан болса керек.
Баланың алғаш бесікке бөленуі, қыркынан шығуы, тіс жаруы, құйрық
басып отыруы, тұңғыш киім киюі, тілінің шыға бастауы қаз тұрып, тәй – тәй
басуы т.б. сәттері ата - ана ілтипатынан тыс қалмайтыны анық. Олардың
барлығы да түрлі ғұрыптық салттармен, ырым, жоралғылармен атап өтіліп,
тілектер айтылады.
Мұндай тілектер негізінен көбіне –көп экспромтты түрде, әркімнің
қабілетіне қарай суырып салып айтылатындықтан барлығы бірдей өлең
дәрежесіне жете бермейді, көбі қарасөз күйінде болып келеді.
Әрине, кез келген жіктеу, саралау – ең алдымен шығарманың ішкі
табиғатынан шығатыны белгілі. Бұл орайда, белгілі фольклортанушы
С. Қасқабасовтың: «Әр халық фольклорының ерекшелігі сол халықтың
тұрмысына, қоғамдық құрылысы мен мәдени дамуына байланысты»,- деген
сөзін жадыда ұстаған парыз [11.21б.]. Дегенмен, әлем халықтарының тұрмыс –
тіршілігінде жалпы адамзатқа тән ортақтастықтар қаншалықты мол болса,
олардың рухани мұрасындағы өзектес желілер де соншалықты мол.
Нәрестенің дені сау, ауру – сырқаудан аман, шыныққан, ел армандаған
мықты азамат болып өсуі үшін туған сағаттан бастап – ақ қам жейтін ата –ана
халық тәжірибесінде әбден қалыптасқан дәстүрлі әрекеттерді бұлжытпай
орындайды: суға шомылдырады, майлап, сылайды, денесін жазып, түрлі
жаттығулар жасатады, кеудесіне отырғызып, мойнына, тізесіне мінгізіп
ойнатып жүріп буынын бекітеді. Бұл әрекеттер – қай халықтың болмасын
өмірлік тәжірибесінде әбден сыннан өтіп, жылдар бойы мысқалдап
жинақталған халық педагогикасының жемісі. Бала тәрбиесіндегі осы
әрекеттердің барлығының да әнмен, жырмен, сөзбен сүйемелдене отырып
жасалатынын байқау қиын емес. Ата – ана баланың дене құрылысын дамытуға
арналған жаттығу әрекеттерін жасай отырып, өлең ұйқасы, ән сазы арқылы
олардың көңілін де аулайды және оның ішкі сезімін, тілегін де сыртқа
шығарады. Фольклортану ғылымында мұндай өлеңдерді мәпелеу жырлары
(пестушки) деп топтастыру қалыптасқан.
«Пестушки, - деп жазады орыс фольклоршысы В.П. Аникин, - получили
свое название от слова пестовать – нянчить, растить, ходить за кем – либо,
воспитывать, носить на руках. Это короткие стихотворные приговоры,
которыми сопровождают движения ребенка в первые месяцы жизни». Қазақ
ұғымындағы «мәпелеу» сөзі де осы түсінікке жақын. Сондықтан да, бұған дейін
43


жеке жанрлық түр ретінде сараланбаған бұл өлеңдерді біз «мәпелеу жырлары»
деп атадық.
Ол сәби денесінің құрыс –тырысын жазып, сергітіп қана қоймайды, жанын
да жадыратады. Ана бала құлағына жағымды сөзбен жаттығу әрекеттерін
сүйемелдей өлеңдетеді. Бұл өлеңдердің ырғағы жаттығу әрекетіне лайық болса,
мазмұны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет