Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-бап. Педагогтің материалдық қамтамасыз етілу құқығы



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата21.09.2022
өлшемі178,5 Kb.
#39678
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Педагог-мәртебесі-туралы-Заң

8-бап. Педагогтің материалдық қамтамасыз етілу құқығы
1. Мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке 
еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, 
үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Жекеменшік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын 
педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді олардың құрылтайшылары немесе соған 
уәкілеттік берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
айқындайды.
2. Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын 
білім беру саласындағы уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік 
органмен келісу бойынша бекітеді.
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын 
педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу 
жүктемесі:
1) 16 сағат – орта білім беру ұйымдары үшін;
Ескерту. 1) тармақша 01.09.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - осы 
Заңның 21-бабымен.
2) 18 сағат:


Редакциялау күні
27.12.2019
Сақтау күні
10.01.2020
Дата редакции
27.12.2019
Дата скачивания
10.01.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін;
Ескерту. Абзацтың қолданысы 01.09.2021 дейін тоқтатылған. 
Тоқтатылған кезеңінде осы Заңның 20-бабының екінші абзацындағы редакция 
қолданыста болады.
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары 
үшін;
мамандандырылған және арнаулы білім беру ұйымдары үшін;
3) 24 сағат:
мектепке дейінгі ұйымдар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
мектепалды топтары, білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін;
балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
4) 30 сағат – интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының 
тәрбиешілері үшін;
5) 25 сағат – арнайы білім беру ұйымдарының және жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 
тәрбиешілері үшін белгіленеді.
4. Мемлекеттік ұйымдардың педагогіне негізгі жұмыс орны бойынша:
философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін – 
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 
қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген 
мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы 
заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 
айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми 
дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы 
белгіленеді.
5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге 
асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт 
бойынша магистр дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда 


Редакциялау күні
27.12.2019
Сақтау күні
10.01.2020
Дата редакции
27.12.2019
Дата скачивания
10.01.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық 
есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
6. Жергілікті атқарушы органдар педагогтерге республикалық бюджет 
туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста 
болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы 
түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет