Жұмыстарды сатып алу жөнінде шарт №__________
АҚ "Алматинские электрические станции", бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, _________________ _________________ негізінде
әрекет ететін _________________, атынан,
бір жағынан, және _________________ бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын,
_________________ _________________ атынан, негізінде қызмет ететін _________________, , екінші жағынан, бірге «Тараптар» деп
аталатын, және жеке жоғарыда аталғандай «Тарап» деп аталатын, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілген (2022 жылғы
«03» наурыз №193) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу
және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі
заңды тұлғалардың сатып алу қызметін басқару тәртібіне (бұдан әрі – Тәртіп) сәйкес және _________________ _________________
негізінде осы жұмыстарды сатып алу жөнінде шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады және төмендегідей келісімге келді. Мердігер осы
Шартқа қол қоя отырып: • заңнамаға сәйкес құрылған және әрекет ететін кәсіпкерлік субъектісі болып табылатынын; • осы Шартқа қол
қою үшін қандай да бір шектеулер, тыйым салулар жоқтығын; • осы Шартқа қол қою алдында өзінің барлық кәсіпкерлік тәуекелдерін
бағалағанын және сәйкестендіргенін растайды. Жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында тауар
белгілерін,
қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын, патенттерді,
пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауардың
шығарылған жерінің
атауын және өндірушінің атауын, сондай-ақ төмендегі жағдайларды: 1) жете жинақтау,
жете жарақтандыру,
біріздендіру немесе қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және көрсетілетін қызметтермен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ
одан әрі техникалық сүйемелдеу, сервистік қызмет көрсету және жөндеу, оның ішінде негізгі (орнатылған) жабдықты жоспарлы жөндеу
(қажет болған кезде) үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 2) Тапсырыс беруші өзі өнім беруші ретінде
Қазақстан Республикасының бейрезидентімен жасасқан шарт бойынша міндеттемелерді орындауы үшін тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып алған және осы Шартта тауар белгілеріне,
қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына,
патенттеріне, пайдалы модельдеріне, өнеркәсіптік үлгілеріне, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-
ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушіге не өндірушіге тиесілігін
айқындайтын өзге де мәліметтерге және (немесе) құжаттарға тиісті нұсқаулар болған жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауардың,
жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін көрсететін өзге де мәліметтерді және/немесе
құжаттарды көрсетуге жол берілмейді: