10
Дүниетану пәнінды оқытудың негізгі тәсілдері экскурсиялар мен фенологиялық бақылаулар
деп санады.
Д.Н Кайгородов жаратылыс ғылымдарының ғылыми жүйелі білімі қажет дегенді теріске
шығарды. Сондықтан педагог ғалымдар оның бағдарламасына қарсы болды. Осы келіспеудің
нәтижесінде Халық ағарту министрлігі Д.Н Кайгородовтың бағдарламасын қайта қарап,
бастауыш сыныптарда оны қысқартуға мәжбүр болды.
Содан кейінгі жаңа бағдарлама авторы Петербург университетінің профессоры, зоолог
В.М.Шимкевич болды. Бұл бағдарламаға А.Я.Гердтің бастауыш мектепке арналған идеялары
қоса алынып, ол мынадай мазмұнда болды:
1 - сынып Қатты, сұйық, газды заттармен танысу;
Қыздыру барысында дене көлемінің ұлғаюы; термометрмен танысу.
Су. Суды сүзу, мұзға айналуы, булануы, тұманның және шықтың пайда болуы;
Тұздың еруі мен кристалдануы; ауа құрамындағы су.
Ауа, ауаның серпімділігі, қысымы, қозғалысы;
Ауа құрамы және тыныс алу және жану кезіндегі ауаның өзгеруі.
Топырақ, топырақтың құрамы; тау жыныстары (қарапайым физикалық қасиеттері).
2 - сынып
Тұқым, тұқымның құрылысы, құрамы және өнуі.
Сабақ, сабақ түрлері және атқаратын қызметі. Бүршік.
Тамыр, түрлері және қызметтері; тамырдың түрөзгерісі.
Жапырақ, құрылысы мен түрлері.
Гүл,түрлері, құрылысы мен бөліктерініңатқаратын қызметтері.
Жемістер, түрлері мен таралуы.
3 - сынып
Адам қаңқасы және оның құрамы. Сүтқоректілер, құстар мен балықтардан айырмашылығы.
Ас қорыту мүшелері; Қан айналу мүшелері; тыныс алу мүшелері; Сезім мүшелері. Тері
жабыны.
Осы бағдарлама «табиғаттану» курсы атауымен мектеп бағдарламасына мықтап енді, онда
білім «табиғаттың үш патшалығы» бойынша жүргізілді. Дүниетану пәніндың бастауыш
мектепке арналған барлық оқулықтары осы нұсқа бойынша құрастырыла бастады.
1902 жылдың күзінен бастап бағдарлама барлық мектептерге толық енгізілді. Курс бастауыш
мектепте «Табиғаттану» деп атала бастады. Оқу материалы төмендегідей жүйеленді:
1 - сынып. Өлі табиғат.
2 - сынып. Өсімдіктер.
3
- сынып. Жануарлар мен адам.
Достарыңызбен бөлісу: