2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Көркем еңбек» пәні, 5-9-сыныптар



Pdf көрінісі
бет138/174
Дата25.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#40157
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   174
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

 
«Көркем еңбек» пәні, 5-9-сыныптар 
«Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек» пәні 
енгізілген.
2022-2023 оқу жылында Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-
сыныптарына арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады.
Жалпы орта білім беру 
жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, 
идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы 
(пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру 
және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен 
техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады. 
4.
Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға 
сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалау 
«Көркем еңбек» пәні бойынша 5-9 сынып оқушыларының оқу 
жетістіктерін бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және 
қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі 
(
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 
бұйрығының 16-тармағына өзгерістер мен толықтырулармен)

«Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. 
5-9 сыныптардағы «Көркем еңбек» оқу пәні бойынша үлгілік оқу 
бағдарламаларына (жаңартылған мазмұн бойынша және оқу жүктемесін 
қысқарту бойынша) сәйкес қалыптастырушы бағалау қорытындылары 
бойынша тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында «Көркем еңбек» пәні 
бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі қойылады.
Білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде Ы. Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Оқу пәндері бойынша сынаққа 
қойылатын талаптар» әдістемелік ұсынымдарын педагог басшылыққа алуы 
қажет (www.nao.kz). Әдістемелік ұсынымдар жиынтық бағалау критерийлерін 


251 
қамтиды, аталған пән бойынша сынақ өткізуге арналған тапсырмалардың 
үлгілері ұсынылған.
5. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні 
бойынша жүргізілетін элективтік курстар 
«Көркем еңбек» пәні мазмұнының вариативті компоненті оқу процесінің 
әр түрлі формаларын қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен 
педагогикалық технологияларын енгізуге бағытталған. Вариативті компонент 
аймақтық ерекшеліктерді, мектептің материалдық базасының орналасуын, 
мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушылардың мүдделерін ескеру қажеттілігіне 
байланысты болғандықтан, оқу материалын жергілікті білім беру органдары 
ұсынады және көркем еңбек мұғалімдері әзірлейді. 
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру 
арқылы жүзеге асырылады: қолөнер көрмесі, мектепті көгалдандыру және 
абаттандыру, шеберлер турнирі, игі істер апталығы, Көңілді Шеберлер қаласы, 
еріктілер актісі, қамқорлық көрсету аймағы, еңбек десанты және басқалар. 
6. «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде 
қарастырылатын әдістемелік тақырыптар 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің 
кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, 
педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі) бойынша ұсынылатын 
тақырыптар:
1) Қолөнер – сырлы өнер»; 
2) «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»; 
3) «Ұлы мұра – Ұлттық қолөнер». 
7. Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу 
құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде 
электрондық тасымалдау құралдары тізбесі 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 
22 мамырдағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) сәйкес «Көркем 
еңбек» пәні бойынша көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білім беру 
ұйымдарына арналған оқулықтардың, орта білім беру ұйымдарына арналған 
оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін 
қолданады.
Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.06.2022 № 29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет