Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет102/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

6. Жердi пайдалану мәселелерi. Қазақтардың 
қоныстанған жер лерi мемлекет меншiгi саналды. 
Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пай далану құқығы 
негiзiнде ғана берiлдi. Жаңа реформа бойынша ор-
мандар да мемлекет меншiгi деп жарияланды. 
Қазақтарға жерлерiн Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен 
қоныс ауда рып келген орыс шаруаларына белгiлi бiр 
мөлшерде жалға бе руiне рұқ сат етiлдi. Ал мұның өзi 
олардың ежелден келе жатқан атамеке нi нен айыры-
лып, өздерiнiң жерсiз қалуына жеткізді.
Қоныс аударып келген орыс шаруалары бiрқатар 
елеулi же ңiл дiк тердi пайдаланды. Мәселен, олардың әрқайсысы уездiк 
билiк орындарынан үй салып алу үшiн жер телiмiн, сондай-ақ құрылыстық 
ағаш материалдарын тегiн алды. Олардың сауда-саттықпен, қолөнер 
кәсiбiмен, өнеркәсiптiк қызметпен және егiншiлiкпен емiн-ер кiн айналысу 
құқығы болды.
Орта жүздiң ауыл старшындары мен би-болыстары. Омбы, 1891 жыл
ойлан!
Балалар арасын-
дағы өлімнің көп 
болуы тек дәрігер-
дің жетіспеушілігі-
нен болды ма?
Болжам жаса
Көшпелілерді 
отырықшы шаруаға 
айналдырудың 
нәтижесіздігі немен 
байланысты еді?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


121
7. реформаның отаршылдық сипаты. Реформаның жалпы алғанда
отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге 
қосып алу үрдiсiнiң толық аяқтал ғанын көрсеттi. Қа зақ стан ның кең-байтақ 
жерi Ресейдiң мемлекеттiк меншiгiне өттi. Патша үкiметi бұдан былай 
қазақтардың жерiн кез кел ген сыл таумен оп-оңай тартып ала беретiн 
болды. Мұның ақыры дала тұр ғын дарының ежелгi атамекен жерлерiнен 
айырылып қалуына, құнарсыз, тұзы бетiне шығып жатқан сор таң жер-
лерге ығыстырылуына әкеліп соқты. Құнарлы жерлер iшкi Ре сейден 
қоныс аударып келген орыс шаруалары мен казактар ға, ше неунiктерге 
үлестірілді. Патша үкiметi Қазақстанның таби ғи бай ре сурстарын барын-
ша пайдаланды.
Сұлтан тобын басқару жүйесiнiң орта және 
жоғары буынынан то лық ығыстырып шығаруы қазақ 
халқын құқық атаулыдан жұрдай то бырға айнал-
дырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттiлiгiнiң ең 
соң ғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс 
және ауыл старшы ны деген ең төменгi дәрежедегi 
қызметтер ғана тидi. Олардың уезд басты ғы, әскери 
губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкiмшiлiк 
қызметтерге барар жолы заң жүзiнде бiржола жабылды. 
Жаңа мiндеттi борыштар мен алым-салық түрлерiнiң еселеп енгi зiлуi 
қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жi бердi. Болыстар ды, 
ауыл старшындарын, сондай-ақ олардың толып жатқан шабармандарын 
ұстауға жұмсалатын қаржы да ха лықтан жыл сайын қо сымша жиналып 
алынды. Әртүрлi қажеттіліктерге жұмсау үшiн қарашығын деп атала-
тын қосымша салық та салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны 
жөндеуге, көпiр, мешiт, мектеп, ауру хана салуға жұмсалды. Патша үкiметi 
Қазақстан нан орасан зор мөлшерде қаржы жинап алумен болды. Оның бiр 
бө лiгi отаршыл әкiмшiлiк пен әскери күштердi ұс тауға жұмсалды, ендi 
бiр бөлiгi орталыққа жiберiлiп отырды.
Патша үкiметi қазақтардың ежелгi дәстүрлi қоғамын күй реттi. Болыс-
тар мен уездер құру кезiнде рулық ерекшелiктер 
ескерiлмедi. Дәстүрлi билер сотының құқықтары 
елеулi түрде қысқартылды.
Сонымен қатар реформаның барысында ел 
өмiрiне кейбiр жа ңалықтар да енгiзiлдi. Қалалар 
тұрғызылып, темiржолдар салына бастады. Ертiске 
кеме түсiрiлдi. Бiлiм беру және денсаулық сақтау ме кемелерiнiң қатары 
арта түстi.
ойталқы
Қоныс аударушы лар-
ға елеулі жеңіл діктер 
жасалуының себебін 
түсіндіріңдер.
Реформалар барысында 
жүзеге асырылған жағымды 
және жағымсыз өзгерістер 
жайлы өз пікірлеріңді айтып, 
кесте толтырыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


122
?
1. 1822 және 1824 жылдардағы жарғылар неге жарамай қалды? 2. 1822–1824 
жыл дардағы реформалар мен 1867–1868 жылдардағы реформаларға салыс-
тырмалы түрде тал дау жасаңдар. 3. Қазақтар мына төменде көр се тiлген лауа-
зымды қызмет тер дiң (генерал-губернатор, әскери губернатор, уезд бастығы, болыс, 
ауыл старшыны) қайсысын атқаруға құқықты едi? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет