Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын



Pdf көрінісі
бет45/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

8. Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын 
үйлерi. Қазақтар жаз ке зiнде киiз үйлерде тұрды. 
Киiз үй кей жағдайларда қысқы баспанасы да бол-
ды. Мұндай кезде ол үйдi бiрнеше қабат киiзбен қымтап, iргесiн қармен 
бастырып тастайтын. Ал елдiң оңтүс тiктегi жылы аймақтарында киiз үйде 
қысы-жазы бiрдей тұра бе ру ге болатын. Немiс ғалымы 
Ф. фон Шварц бы-
лай деп жазды: 
«Қыр ғыз- қайсақтардың қысы-жазы бiрдей тұра беретiн 
бiрден-бiр баспанасы киiз үй болып табылады. Киiз үй адамның қашаннан 
бергi ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнер табысының бiрi 
екенiнде дау жоқ». Киiз үйдiң ағаштан жасалатын бөлiктерiн арнаулы 
шебер лер – үйшiлер, ал киiзден жасалатын жабдықтарын киiз басатын 
әйелдер әзiрлейтiн. Үйдiң бау-шуларын құрастыру, тiгу мен жығу да 
әйел дердiң үлесiне тиетiн. 
Қазақтардың төбесi шошақ 
қалмақы үйлерi де болды. Бiрақ олар
өте сирек пайдаланылды. Киiз үйдiң iшiндегi ең құрметтi орын бо лып
төр саналды. Төрге ең сыйлы адамдар мен қадiрлi қонақтар шы ғары ла -
ды. Үйге бас сұққан қонақ қандай дiн ұстанатынына, қай ұлттың өкi лi 
екенiне қарамастан, сол үй иесiнiң сенiмдi қор ғауында болатын.
Қа зақтар қыста тұратын баспанасын 
қыстау деп атады. Қыстау 
топы ра ғы құнарлы жерлерге салынды. Оған жақын жерде әдетте рулық
зират орналастырылды. Қыстаудың маңында егiстiк және шабындық 
жер лер болды. Далалықтар қыстауды адам өлiмi көбейiп кеткен не ме се
мал қырылып, жұт болған кездерi ғана тастап кететiн. Қыстау әртүрлi 
құрылыс материалдарынан: 
тастан, ағаштан, шымнан және шикi ке-
сектен салынатын.
Қазақтар төбесi ша тырмен жабылатын үй салуды үйрендi. Үйдiң iшiне 
қазан асылатын, әрi үйдi жылытатын пеш орнатылды. Терезенiң көздерi 
малдың тақыр қарнымен керiп тасталды. Қысқы баспана екi бө лiк тен 
тұр ды. Олардың арасында пеш болды. Оның бiр жағы кiребе рiстегi 
ауыз 
үй, екiншi жағы адам дар тұратын төр үй деп аталды. Төр үйдегi жер 
еденнiң үстiне 
нар – ағаштан салынған аласа орын жа салды. Ауқатты 
қа зақтардың үйiндегi бөл мелердiң саны 3–4-ке дейiн жеттi. Ағаштан 
қиып са лынатын, ағаш едендерi бар үй лер де пайда бола бастады. Әдетте 
ондай үй лер дi орыс ұсталары салатын. Қа зақтар киiз үй мен қысқы тұр-
шеберлік таныт
Киіз үйдің үлгісін 
жасап көр (ермек-
саздан, қағаздан 
т.б.).
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


55
ғын үйдiң iшiн қамыс пен қураған ағаш және тезек жағып жылы татын. 
Қазақтарда өсiп тұрған ағашты кесуге қатаң тыйым салы натын.
?
1. Қандай ағаш бұйымдар қазірге дейін қолданылып келеді?
2. Қазақ қоғамында кәсіп иелерін қалай атаған, олар немен шұғылданған?

Кәсіп 
түрлері
Қандай шикізат 
пайдаланған?
Қандай бұйымдар 
дайындаған?
1.
2.
3.
4.
3. Тері өңдеу технологиясын ретімен орналастырыңдар: 
1) Теріден ет пен май сыдырылады.
2) Кептіріледі. 
3) Теріні ашыған сүт және ұнмен өңдейді.
4) Тұзды суға салып қояды.
5) Қайта кептіреді. 
6) Шел қабатын пышақпен сыдырады. 
7) Механикалық және арнайы әдіспен өңдейді.
Зергерлік өнер – металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеу. 
Алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттар (сақина, сырға, білезік, қаптырма 
т.б.) жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет