Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Көтерiлiсшiлердiң күшiн бiрiктiру әрекетi



Pdf көрінісі
бет72/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

5. Көтерiлiсшiлердiң күшiн бiрiктiру әрекетi. Көктем шығы сымен
қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түстi. Мәселен, Елек 
өзенiнiң бойында 
Жоламан Тiленшiұлының жасағы iс-қи мыл жасады. 
Арал-Каспий аралығында 
Жүсiп батырдың жасақтары пайда болды. Ал 
Орталық Қазақстан далаларында «бүлiкшiл сұлтан» атанған 
Кенесары 
Қасымұлы бастаған аса қуатты көтерiлiс кеңiнен құ лаш жайды.
Мiне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бө-
лi нiп шыққан сұлтан 
Қайыпқали Есiмұлымен күш бiрiктiруге шешiм 
қабылдады. Сұлтан өзiн хан деп жариялады. Оның жасағында 3000-ға
жуық сарбаз бар едi. Бұл екi жасақ бiр-бiрiмен Ойыл өзенiнiң сағасындағы 
шектi руының ауылдарында қосылды.
Патша үкiметi үшiн өте күрделi қауiптi жағдай қалыптасты. Оның 
үс тiне бүкiл Кiшi жүздiң көтерiлiске шыққан күштерiн бiрiктiру ние тi де 
байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесiнiң генерал-губернаторы қазақтардың 
қозғалысын басып-жаншу үшiн iрi әскер құрамын аттандырды. 
1838 жылы Қиыл және 
Ақбұлақ өзендерiнiң бо йында көтерiлiсшi-
лер мен жазалаушылар арасында шешушi шайқас өттi. Осы шайқаста 
көтерiлiстiң басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. 
Кө терiлiсшiлердiң қалған тобы кейiн шегiнiп, дала 
қойнауына сiңiп кеттi. Жазалаушы әскер олардың соңынан 
қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерiлiсшiлерден 80-ге 
жуық адам қаза тапты. 
6. Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауының себептерi мен салдары. Исатай 
Тайманұлының қазасынан кейiн көтерiлiс бәсең тарта бас тады. Жекелеген 
жасақтар Төменгi Жайық шегара шебiне таяу жерлерде, Ойыл өзенiнiң 
бойында ғана iс-қимыл көрсетiп жүрдi.
Махамбет Өтемiсұлы бiраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге 
мәжбүр болды. Көтерiлiс басып-жаншылғаннан кейiн оған қатыс қандарды 
қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлiмшi етiп дүре соғылды. 
Көтерiлiсшiлердiң бiрқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкi тәркiлендi. 
Көтерiлiске неғұрлым белсене қатысқандар Сi бiр ге 
бiржолата жер аударылды.
Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауының негiзгi се-
беп терi: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият 
ұйым дастырылмады, оның айқын бағдарламасы 
болмады, көтерiлiс жергiлiктi шашыраң қы сипат 
алды. Көтерiлiстiң басшылары Кенесары Қасымұлы 
Көтерілістің 
нәтижесі жайлы өз 
пікіріңді айт.
картамен жұмыс
86-беттегі картадан 
негізгі шайқас өткен 
жерді көрсетіңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


86


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет