1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет105/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ЖИЛЬСОН, Этьен Жильсон (1884–1978) — француз діни 
философы, 
неотомист, 
медиевист, 
Торонтодағы 
ортағасырлық 
зерттеу 
институтының 
директоры. 
Схоластиканың Декарт философиясына тигізген ықпалын 
көрсетті. Экзистенциализм философиясындағы христиандық 
рухтың жақындығын дәлелдеп бақты. 
ЖИРЕНШЕ, Жиренше-шешен (XVғ.) — қазақтың ақыл-
парасатымен, тапқырлығымен аңызға айналған ділмәр 
шешені. Аңыз-әңгімелер бойынша ол тарихта болған, әз 
Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен есімі, 
ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінен 
берік орын алған. Ол туралы ертегілер, әңгімелер қазақ 
фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда 
шешендік сөздіктің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар. 
Жиренше шешен дербес Қазақ Хандығын құру үшін ханға көмектескен, оған 


283 
пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан 
айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер 
көп. Олардың көпшілігі XV-XVIғ.ғ. басталатын халық шығармасына немесе 
әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуімен ортақ мұраға 
айналып кеткен. 
ЗАРАТУШТРА (Авестада – Заратустра) — зороастризмнің 
негізін қалаушы, абыз, осыдан үш мың жыл бұрынғы азиялық 
Ұлы Даладағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі. Гүлдену кезеңі 
- б.д.д.VIғ. - б.д.VIIIғ. аралығындағы ұлы Иран империясының 
тұсы. Заратуштра адамзат тарихы үш кезеңнен тұрады 
дейді. Құдай дүниені жаратқан алғашқы балауса кезеңді – 
«жаралу» кезеңі. Адамзат тарихының екінші кезеңі дүниеге 
Сайтан араласқан кезең, яғни «араласу» кезеңі делінеді. Бұл 
кезеңде кесапат пен шарапат ұзақ та ұлы күреске шығады. Оның уағызы 
бойынша үшінші кезең – «ажырасу» деп аталады. Алла-тағалла жаратқан 
жарық дүние баяғы бейкүнә, таза, ұжмақ қалпына келмек. Сол болашақта, 
мәңгі ұжымақта өмір сүрмек үшін, бақытты болу үшін адам бұл фәниде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет