179
шықпауы үшін жұмысқа астыңғы ерінді белсенді түрде қосу керек. екенін
түсіндіреді.
Массажбен дифференциалды гимнастика нәтижеге әкелмеген жағдайда
механикалық көмекті қолданамыз.
Ш дыбысын айтқызу үшін ойын түрінде түсіндіруге болады: Логопед:
«Аузымызда «Желкенді кеме жасайық.Тілді желкен сияқты жоғары көтеріп,
үрлейміз, сонда «желкенді кеме» жүзеді. Тістерді қосамыз. (түйістіреміз)».
Ш
дыбысының артикуляциясын үйрету кезінде тілдің қалпына көбірек назар
аударатынымыз , еріндер тілдің қалпына, олардың бұлшық еттерінің өзара
байланысына шартталады. Логопед балаға (
Ш дыбысының дұрыс айтылуы)
жаттығудың дұрыс жасағаны туралы, тілмен еріндердің қалпын айтып
бекітуі керек.
Сабақтар жазылған дәптерге қатаң дауыссыз дыбыстар кестесінде
«дауыссыз дем шығару» графасында «желкенді» саламыз, жанына - жоғары
көтерілген тілді саламыз. Бұл сурет балаға «желкен» ауыз қуысында тілдің
жоғары көтерілуі арқылы жасалатыны туралы айтады.
Щ дыбысында, балаға тіл жоғары көтеріліп, жоғарғы күрек тістерге
жақындап, ауыз арқылы дем шығарған кезде тамақ істегендегі май
ышылдағандай дыбыс шығатыны туралы айтамыз.
Щ дыбысының төменгі
артикуляцияда айтылуында тілдің ұшын астыңғы күрек тістерге тіреу
қажеттілігін айтамыз.
Х дыбысын айтқызғанда – тоңып қалған қолдарымызды ауызбен шығарған
деммен жылытуды ұсынамыз. Көбінесе осы тәсіл оңды нәтиже береді. Жеке
жағдайларда
Х дыбысының артикуляциясын анықтап, ең соңғы жағдайда
ғана дем шығару кезінде зондтпен тілдің ұшын басып, тілді артқа қарай
жылжытамыз.
Сонымен, жұмыстың дайындық кезеңінің бағдарламасы баланың ауыз
арқылы дем шығарып, дыбыстар қатарын (сыбырлап айтуда- дауыстылар
және фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар) меңгеруіне ықпал етеді.
Осы кезеңдегі жұмыс нәтижелері көрнекі түрінде №1, №2 кестелерде
белгіленеді.
Осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері:
1) тыныс алу және артикуляция бойынша жұмыстың қатар жүргізілуі;
2) дыбыстарды айту кезінде естіп, бақылаудан баланың максимальді
түрде аулақ болуы;
3) жаңа жаттығулар кешенін меңгеру алдында бұрыңғы материалды
(жаттығуларды) үнемі қайталап отыру.
Достарыңызбен бөлісу: