29
білім беру бағдарламаларын әзірлеу және келісу және тағы да басқа нормалар
енгізілетін болады.
Мемлекет басшысы берген тапсырмасына сәйкес Мұғалімдер тапшылығы
байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының
пакеті бар арнаулы бағдарламасы әзірленді.
Бағдарлама
педагогтерге
республикалық
бюджеттің
нысаналы
трансферттері
есебінен
лауазымдық
жалақыдан
150%
мөлшерінде
ынталандырушы қосымша ақы беруді көздейді.
Талдау қорытындысы бойынша педагогтардың тапшылығы Атырау,
Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарында сақталып отыр. Математика,
физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі пән мұғалімдеріне қажеттілік
байқалады.
Ұлттық статистика және халықаралық салыстырмалы зерттеулер деректері
бірқатар жылдар ішінде нысаналы өңірлердегі білім алушылардың білім
сапасының орташа елдік көрсеткіштерден артта қалғанын көрсетеді. Мұны PISA
2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелері және Ұлттық бірыңғай тестілеудің
нәтижелері растайды. Білім сапасын арттыру үшін арнайы бағдарлама әзірленді.
Педагогтерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Іріктелген педагогтер үшін 4 апталық біліктілікті арттыру курстары және
онлайн-және офлайн форматтардағы семинарлар, вебинарлар мен шеберлік
сыныптары, сегіз Зияткерлік мектептің зертханалары базасында Жаратылыстану
пәндері мұғалімдерінің тағылымдамалары ұйымдастырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: