Дүние жүзі тарихы 2017 жыл
16
452. О.Кромвельдің өмірлік лорд-протекторы болып тағайындалған ел(-і, -дері):
Шотландия,
Ирландия, Англия
453. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мен Монғол Халық Республикасының
үкіметтері осы хаттамаға қол қойды 1-бап. КСРО немесе Монғол Халық Республикасының
аумағына үшінші бір мемлекеттің тарапынан шабуыл жасау қаупі төнсе, КСРО мен МХР
үкіметтері қалыптасқан жағдайды тез арада бірігіп талқылауға және өз аумағын
қауіпсіздендіруге қажетті шаралардың барлығынқолдануға міндеттенеді. 2-бап. КСРО және
МХР үкіметтері келісуші жақтардың біреуіне әскери шабуыл жасалған жағдайда бір-біріне кез
келген,соның ішінде әскери көмек көрсетуге міндеттенеді. Мәтінде көрсетілген келісімге
байланысты жағдайды көрсетіңіз:
Жапония тарапынан қауіп
454. 1878 жылы қабылданған Берлин трактаты негізінде тәуелсіздігі бекітілген елдер:
Румыния, Сербия
455. Шығыс Түрік қағанатының билеушісі:
Қапаған
456. Моғолстанның өмір сүрген мерзімі:
XIV ғ.ортасы- XVІ ғ.басы
457. ТЖМК әрекетіне қатысты Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың пікірі:
заңсыз деп
жариялады
458. Бұл қаланың тұрғындары Жошы жіберген елшіні өлтіріп, монғол шабуылына ерлікпен
қарсы тұрды. Шыңғысханның таңдаулы түмендері қаланы қоршап алып қорғаушылармен жеті
күн бойы соғысты. Жеті күннен соң қалаға кірген жендеттер шаһар халқын түгелдей қырып
жіберді. Аспанмен тілдескен әсем ғимараттары бар үлкен қала халқын түгелдей айуандықпен
қырғанын сол замандағы мәліметтер дәлелдейді. Алайда қанша қирағанмен бұл қала өмір
сүруін тоқтатпады. Көп ұзамай қалпына келе бастады. Бату хан тұсында Дешті Қыпшақтың,
яғни Алтын Орданың негізгі ірі әкімшілік орталықтарының бірі болды. Өзбек хан тұсында
(1312-1342)
және оның баласы Жәнібек хан
заманында Алтын Орда керемет күшейді. Сол кезде Өзбек ханның ұлы Тыныбек осы қалада
хан болды. Деректе айтылған қала:
Сығанақ
459. Стамбулдағы 1730 ж. көтерілістің негізгі себебі:
әскери салықтың енгізілуі
460. 1.Империя президентінің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіріледі. Сол себепті
осы уақытқа дейін белгіленген империя президентінің заң күші көсеміміз (фюрер) әрі
рейхсканцлер Адольф Гитлердің қолына көшеді. Ол өз орынбасарын тағайындайды. 2. Бұл заң
империя президенті фон Гиденбургтің қайтыс болған күнінен бастап өз күшіне енеді.
Германияда президенттің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіру туралы заң
қабылданған уақытты анықтаңыз:
1934 жыл 1 тамыз
461. Сақтар туралы дерек қалдырған грек ғұлама(-сы,-лары):
Геродот, Страбон, Ктесий
462. Керейіттердің қоныстанған жер(-і,-лері):
Селенгі, Керулен, Орхон
463. 1716-1720 жж. салынған әскери бекініс(тер):
Өскемен, Железинск, Омбы
464. Иранда сефевид билігі тұсындағы жер иеліктері:
дивани, сойыргал, арбаби
465. Ұлттар Лигасы Кеңесінің тұрақты мүшелігін иемденген ел (-дер):
Италия, Жапония
466. 1362 жылдың тамыз айы. Италияның оңтүстігіндегі әсем қала Венециядағы
қасиетті храмдардың бірі Әулие Марк ғибадатханасына Қайта өрлеу дәуірінің
атақты ақыны Петрарка Франческо көптеген кітаптармен бірге өзі оқып түсіне
алмаған, сыртқы мұқабасында ____ деп латынша жазылған қолжазбаны сыйға
тартты. Онда автор ретінде белгілі бір адамның аты-жөні көрсетілмеген. Қолжазба готикалық
көне жазумен ХІV ғасырдың басында, дәлірек айтқанда, 1303
жылы Қара теңіз бойын
жайлаған қыпшақтар арасында жазылған еді. Көлемі 82 парақ. «...Оның бірінші беті мен соңғы
беттеріне Венеция мен Франциядағы ұлттық кітапханаларының мөрлері басылған (алғашқы
бетте үш рет, соңғы бетте екі рет). Қолжазбаның сырты терімен қапталып, ол астыңғы жағына
Венеция республикасының мөрі ойып басылған. Венеция Наполеон жаулап алғанда ең
алдымен осы ғибадатхананың жазулы мүлкін Париж қаласына көшіруге әмір еткен. Бірақ олар
Дүние жүзі тарихы 2017 жыл
17
бірнеше жылдан соң Венецияға қайтып оралған. Соның салдарынан ____ те Венециядан
Парижге барып қайтқан ». Мәтінде жазылған қолжазбаның атауы:
Кодекс Куманикус
467. Түргеш қағанатына жататын қала(-лар):
Тараз, Суяб
468.«1992 жылы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Алматыда құрылтай болып өтті. Оған
Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкілдүниежүзілік конгресін дайындау
және өткізу
туралы» қаулысы себеп болды. Осындай конгресті өткізу туралы идеяның өзі Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Түркияға сапары кезінде туған. Атаулы
қаулыдан кейін ұйымдастыру комитеті мен штаб құрылды. Әлеуметтік орта, қоғамдық
ұйымдар, коммерциялық құрылымдар ат салысты. Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар
үшін кеңейтілген мәдени бағдарлама даярланды. Құрылтайға Түркия, Иран, Монғолия, АҚШ,
Қытай, Австралия, Германия, Англиядан -30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар
келді». Құжатта сипатталған тарихи оқиға:
Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы
469. Арал теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген сақ тайпа(-лары
): дай, агриппей, Исседон
470.«Қазақ Тәуекел хан Әбдi-Момын ханның өлтiрiлiп, Пiр-Мұхаммед ханның билiк құра
бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды
бағындыру үшiн жолға шықты. Ол әуелi Ташкенттi қаратты, ал сонан соң
Самарқанды басып алды және осы қалаға қарай бет бұрды. Пiр-Мұхаммед хан
ашық шайқаста қарсыласу мүмкiн деп таппай, сондықтан қамалға бекiндi.
Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан мен оның қазақтары осы
қаланың
маңайын тонады, күн шығып, батқанға дейiнгi уақыт аралығында екi жақтың
арасында үнемi қақтығыстар болып тұрды. Ақыр аяғында қазақтар жеңiлiс тапты. Тәуекел хан
Самарқанға шегiндi. Бауыры Әшiм ханмен одақтасып, ол Пiр-Мұхаммед ханға қарсы ұрысып,
шайқасуға әзiрлендi. Хан оларды тағы да
шайқаспақ ниетпен қарсы алды. Осы кезде оған Пiр-Мұхаммед ханның iнiсi Баки-Мұхаммед
сұлтан келiп қосылды. Хан оның келуiн жақсылықтың нышаны
деп жорыды және оған құрмет
көрсеттi. Екi жақ әскерлерiнiң арасында бiр айдай уақыт ұрыс-қақтығыс болып тұрды. Бiр
жолы Тәуекел хан түн жамылып шабуыл жасады. Кескiлескен шайқас болды. Тәуекел ауыр
жараланды. (Ол) еш нәрсеге қол жеткiзе алмағандықтан, ат тiзгiнiн Ташкент жаққа бұрды. Сол
жарақаттан Тәуекел хан о дүниеге асығыс аттанып кеттi...» ХV–ХVIII ғасырлардағы қазақ
хандықтарының тарихы жөнiндегi материалдар. А., 1969, 394–395, 556-б. (Орыс тiлiнде).
«Тарих-и- Қыпшақ» еңбегінен Суреттелген оқиғада Тәуекел хан шабуыл жасаған қала:
Бұхара
471. «...Мақта-мата тоқыма өнеркәсiбiнiң барлық кәсiпкерлерi өздерiнде жалданып жұмыс
iстеушiлерге, шәкiрттерге олардың алты апталық үйренушi мерзiмiнде, мақта тазалаумен
айналысатын және маусымдық жұмысшылардан басқаларына 40 сағат жұмыс күнi үшiн
оңтүстiк белдеуде аптасына кем дегенде 12 доллар, солтүстiк белдеуде кем дегенде 13
доллар
жалақы төлеуге мiндеттi. ...Мақта-мата тоқыма өндiрiсiнiң кәсiпкерлерi ж өндеу
жұмысшылары, механиктер, электриктер, өрт сөндiрушiлер, қызметкерлерден... басқа
жалданып жұмыс iстеушiлердiң барлығының жұмыс күндерiн аптасына 40 сағтан
аспайтындай етiп жоспарлауға мiндеттi». Мәтінде келтірілген үзіндіден АҚШ-тағы 1929-1933
жылдардағы экономикалық дағдарысқа қарсы қабылданған шараларды анықтаңыз:
Достарыңызбен бөлісу: