Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет4/119
Дата27.09.2022
өлшемі5,44 Mb.
#40470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Авторлар


КІРІСПЕ
«Академиялық жазылым» ұғымы нені білдіреді? Жалпы жазу
жазылым деген не?Жазу неүшін керек? Интернеттіңдамығанзаманында 
жазудың қажеті қанша? Электронды құралдардың, ұялы телефондардың 
мүмкіндігі орасан үлкен және баршаға қолжетімді қазіргі кезеңде жазудың 
қажеттігі аз болып көрінуі рас. «Алыс-жақын жерлерден жылдам хабар 
алғызған» электронды құрылғылар жазудың біраз түрін (хат, жеделхат) 
керексіз етіп шығарғанымен, жазу, соның ішінде академиялық жазылым 
студенттік ортада, жұмыс кезінде кең қолданылады. Қазақ жастарының 
шетелдік оқу орындарында білім алуы, мектеп оқушыларының төменгі 
сыныптардан бастап шағын ғылыми жобалар орындауы, студенттер мен 
магистранттардың, докторанттардың күрделі ғылыми зерттеулер жасауы, 
осының бәрі жазу әрекетінің маңызын жоймағанын, тіпті артып отырғанын 
көрсетеді. Оқушылар мен студенттер, магистранттар, докторанттар 
конспект, реферат, ғылыми мақала, ғылымижоба, курстықжұмыс, диплом 
жұмысы, магистрлік, докторлық диссертация жазады. Ал жұмысқа тұрған 
кезде жазу қызметкердің нақты қызметтік міндеттеріне кіреді. Ол қандай 
да бір жұмыстуралы сараптамалықталдаулар, қорытындылар, есептер, 
қызметтік хаттар жаза білуі тиіс. Сауатты жаза білу күнделікті өмірде де 
қажет. Жазу әрекетінің (жазылымның) басымдықтары мынада:
хабарлауға қажетті ақпарат туралы барынша жан-жақты ойлануға 
және зерттеуге уақыт береді;
материалды ез қалауыңызша құрастыруға, езгертуге мүмкіндік
береді;
материалды неғұрлым нақты және тиімді етіп құрастыруға 
мүмкіндік береді;
ойларыңызды, әрекеттеріңіз бен шешімдеріңізді тіркеуге, қағаз 
бетіне қалдыруға мүмкіндік береді;
материалмен танысатын оқырманның уақытын үнемдеуге жағдай 
жасайды, жазба материалмен оқырман кез келген өзіне қолайлы уақытта 
таныса алады, оның үстіне адамның көбі естіген ақпараттан гөрі оқыған 
ақпаратты тез игереді.
Біз жазба жұмысты, әдетте, қандай да бір жағдайға байланысты 
жазамыз. Оқытушы, ғылыми жетекші, бастық жазбаша жұмыс (конспект, 
реферат, есеп, талдау т.б.) жазуды талап етуі мүмкін немесе жазба 
жұмысын орындау белгілі бір жетістікке жету жолындағы (ғылыми жоба, 
курстық жұмыс, диплом жұмысы, диссертация) сіздің тікелей міндетіңіз 
болуы мүмкін. Кей жағдайда сіздің пікіріңіз (сыни пікір, сараптамалық 
талдау, рецензия т.б.) қоғамдағы, ғылымдағы көзқарастарға әсер ету 
үшін қажет болуы ғажап емес. Олай болса, біз тек өзіміз үшін емес, біздің 
ой-пікірімізге, тұжырымымызға, хабарламамызға бей-жай қарамайтын 
адамдарға да арнап жазамыз.
6


Академиялық жазылым дегеніміз қандай жазылым?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет