қолдайтын және қарсы келетін дәлелдерден құралған бірнеше тұжырым
ұсынасыз. Бұдан кейін талқылауға қатысты ұсыныстар немесе түйін
бересіз.
Әдетте,
ауыспалы
осы
шақтағы
етістік
формалары,
қарсы
аргументтерді байланыстыратын сөздер (
дегенмен, алайда, қалай
болғанда да, айырмашылығы, басқа тұрғыдан) қолданылады. Сондай-ақ
етістіктердің модаль формасы (салыстыру, зерттеу, қарастыру), көсемше
формалары (қарастыра келіп, тұжырым жасай отырып), «
әдетте,
мүмкін, тән» қыстырма сөздері қолданылуы мүмкін.
2) Қойылым (экспозиция) немесе біржақты аргумент
Эссенің мақсаты - мәселеге қатысты түрлі ұстанымның біреуі
дұрыс екенін дәлелдеу, сендіру. Мәселені өзіңіз дәлелдейтін ұстаным
тұрғысынан ұсынасыз (тезис). Әр дәлел іңіз үшін бір абзац арнап, аргумент
келтіресіз. Кейін дәлелденген ұстанымыңызды қайталап, ұсыныс бересіз.
Мәтіннің басым бөлігі ауыспалы осы шақта жазылады. Аргументтерді
байланыстыратын
«сондай-ақ», «сонымен», «сонымен бірге», «бұған
қоса» т.б. оралымдар қолданылады.
3)Сыни талдау
Белгілі мәтін бойыншажазылады. Эссеніңмақсаты-түпнұсқа мәтінде
берілген идеяларды түсінгеніңізді керсету. Мәтіннің басты мазмұндық
бөліктері бойынша ез идеяларыңызды ұсыну арқылы эссе тақырыбының
маңыздылығын көрсетесіз. Мәтіннің әрбір аспектісін - тақырыбы немесе
маңыздылығын, құрылымын, мазмұндау стилін, бейнелік жүйесін жеке
параграфта талдап көрсеткен дұрыс. Қорытындысында мәтіннің басты
аспектілерін еске түсіресіз. Аргумент үшін мәтіннен дәйексөздер алуға
болады. Байланыстырушы
«сонымен», «қоса алғанда», «тағы бір
мысалы», «оның үстіне» т.б. сияқты оралымдар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: