Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет114/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

таж, репортер, информация, хобби, коммерсант, бизнес, 
холдинг, комфорт, сервис, лимит дегендер, бір қарағанда 
мұқтажымызды өтеп тұрғандай. Екінші жағынан, дəл осы 
сөздерді арқалаған мағыналық жүгін түгел бере қоятын 
лексикалық элементтердің қазақ тілінен əзір табыла 
қоймауынан. Кейде авто, аудио, авиа, аэро, кино, метро 
тəрізді қысқарған сөз бөліктері де бір тілден екінші тілге 
көшіп жүреді. Бұларды автоқалам, аэрошана, киноқон-
дырғы деген мысалдардағыдай түрде туындатып, сөздердің 
жаңа бір үйірін жасауға болатынын байқаймыз.
Зерттеушілердің топшылауынша, ғылымда терминжа-
самның басты-басты (ең негізгі) деген үш тəсілінің жігі 
айқындала түскен тəрізді.
Оның біріншісі бойынша терминжасам процесінде 
туынды сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер жəне 
сөзтіркестері іске тартылады. Сонымен бірге жалпы 
халықтық тіл элементтері де қолданылып жатуы мүмкін. 
Яғни тілдің өз сөз байлығын сарқа пайдалану принципіне 
қатысты тəсіл.
Екінші тəсілдің мəнісі мынада. Тілде бұрыннан бар 
термин сөздердің негізінде, немесе оның мағынасы мен 
тұлғасын аздап өзгертіп барып жаңа термин жасау.
Мысалы: оқу – оқулық – оқу құралы; немесе кейбір 
синонимдес сөздердің мағыналық жігін таратып жаңа өріс 
беруге болады: ілім – білім – ғылым т.т.
Yшінші тəсіл бойынша өзге тілдердегі дайын термин-
дерді қабылдап алу. Бір кезде қазақ тілінде қаптап қатар 
түзеген коммунизм, социализм, марксизм, совет, коммунист, 
лектор, журналист, юрист т.т. осыған дəлел.
Осы соңғы тəсіл жайына біраз тоқтала түсу қажет.
Негізгі сөздік қорымызға жатпайтын бөгде сөздер 
жоғарыда сөз болғанындай қазақ тілінде əрқилы аталып жүр. 


370
Шет тіл сөздері, бөгде сөздер, интернационалдық термин-
дер, кірме сөздер, кірмелер т.т. Жалпы біз тілімізге ешқан-
дай өзгеріссіз енген сөздерді де, тұлғалық өзгерістерге 
душар боп, төл байлығымыздың қатарынан орын алған 
сөздерді де кірме сөздер ретінде əңгімелеп жүрміз. Əйтсе 
де кірме сөздер табиғатын тарихи кезеңдерге бөліп жіктеп, 
жүйелеп қарау керек сияқты.
Мəселен, бұлардың тіліміздегі өрісін саралай отырып 
біз формалды түрде мынадай үш түрлі ыңғайды байқаймыз. 
Біріншінің қатарына тілімізге бағзы бір замандарда еніп 
қолданыла келе əбден сіңіп, бөтендігі байқалмай мүлде 
өздік болып үлгерген сөздерді жатқызуға болады. Мəселен: 
мəдениет, қағида, ғылым, білім, ғалым, мұғалім, мектеп, ме-
дресе тəрізді арабы сөздер мен сот, жəшік, бəтіңке, болыс, 
бөкебай, бөтелке, əптек тəрізді орыс сөздері əу бастағы өзге-
лік ерекшелігін сыпырып тастап, қазақ тілінің заңдылығына 
сəйкес икемделіп, төл байлығымызды молайтқан қазына. 
Екіншіге сыртқы пішінін өзгертпегенімен жиі қолданылу 
нəтижесінде сол қалпында-ақ негізгі сөз байлығымыздан 
жатырқамай орын ала бастаған аспирант, студент, акаде-
мик, пойыз, станса, журналист, корреспондент, машина, 
автомашина, солдат, лейтенант, офицер, касса, кассир, 
экономика, трамвай, троллейбус тəрізді сөздерді жатқызуға 
болады. Ал үшінші лекті таза шет тіл сөздері құрайды. Бұлар 
көбінесе мамандар аузында, аз ғана топтың қолданысында 
жүрген сөздер. Бұл жерде əңгіме тілге тиек етіліп отырған 
терминдердің ертелі-кеш енуі ғана емес, олардың қолданыс 
аясы мен өрісінің де шеңбері есепте болуы тиіс.
Мұндай саралаудың бəрі əрине шартты. Дегенмен мұндай 
зерттеуде жүйелілік бола қоймайды.
Кез келген тілдің сөздік құрамын байыта түсетін лек-
сикалық қабаттың қатарында кірме сөздердің алар орны 
ерекше. Оны жоғарыда айтылғандардан-ақ аңғаруға бола-
ды. Тарихқа жүгінсек, ешкіммен араласпай томаға-тұйық, 
өзімен-өзі боп отырған бірде-бір елді, бірде-бір халықты 


371
таба алмайсыз. Тіл құбылысындағы əлгіндей ауыс-түйістер 
өзара қарым-қатынас, тығыз байланысқа орай туындаған.
Яғни өзара ауыс-түйіс, алыс-беріс экономикалық өмірде 
ғана емес, əлеуметтік өмірде де өріс алған. Мұндай құбы-
лыстар қоғам дамуындағы өзгерістерге орай əр кезеңде əр 
алуан күй кешеді. Тілде де соған сəйкес ауыс-түйістер болып 
жатады.
Жалпы тілдердің өзара қарым-қатынасы, бір-біріне ық-
пал-əсері əр алуан деңгейде.
Яғни лингвистикалық, əлеуметтік жəне этнотарихи 
факторлардың бəрі қым-қуат араласып қайнап жататыны 
лингвистерді селқос қалдыра алмайды. Олар бұл мəселені 
үнемі қадағалап отырғанын көреміз. Сондағы олардың, 
əсіресе, назар аударатыны тілдерді өзара əсер етуге мəжбүр 
ететін жағдай, себеп жəне олардың нəтижесі.
Қазақстан – тілдік қарым-қатынас, ауыс-түйіс жағынан 
өте ыңғайлы жерде орналасқан. Ол дəстүрі, тарихы, тілі 
қилы-қилы елдермен шектеседі. Мысалы, шығысында Қы-
тай мен Моңғолия, солтүстігінде ұлы Ресей империясы, 
оңтүстік жəне оңтүстік батысында Өзбекстан, Түркменстан, 
Əзірбайжан арқылы Ауғанстан, Иран, Түркия елдеріне қол 
ұзартып жатады. Қазақ халқы өзінің байтақ атамекенінде 
түркі тілдес халықтардың ішінде тіл тазалығын барынша 
сақтап келген ұлт десек те, тарихи сапырылыстар кезеңінде 
кірме сөздерден ол да аман қала алған жоқ. Жалпы жоға-
рыда ескерткеніміздей, тіл байытудың бір өнімді көзі деп 
танылып жүрген бұл тəсілдің қазақ тіліндегі табиғаты линг-
вистикалық зерттеулер үшін қызғылықты материал бере 
алады. Неге десеңіз, аталып өткендей, қазақтар тарихтың өз 
еншісіне бөліп бергеніндей орыстармен де, қытайлармен де, 
моңғолдармен де, қалмақтармен де, парсылармен де, əсіресе 
түркі тілдес туыстарымен тығыз қарым-қатынаста болған. 
Ендеше осы қарым-қатынастарды бүкіл тарихи аумағымен 
алып, өзара тығыз байланыстыра, жүйелі түрде зерттесе 
бұл тілдердің бəрінің тарихы үшін таптырмайтын деректер 
берері хақ.


372
Осы ретпен қарайтын болсақ, тілімізден иран-парсы эле-
менттерін молынан кезіктіреміз. Мысалы, гүл, дос, дерт, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет