Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет27/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

шин, интернат, единица, ноль, такт, картечь, визит, счет, 
штык, пара, элемент, шар, болыс, ояз, старшина, кандидат, 
съезд, бүбірнай (выборный), пөштебай, майор т.б. сөздер 
ақынның сөзқолданысында өз жарасымын тапқан. Осы жəне 
осы тектес термин сөздер төңкеріске дейінгі қазақ əдебиеті 
мен қазақ баспасөзінің
34
бетінде де жиі кездесіп отырады. 
Тіпті Жамбылдың төңкеріс алдындағы шығармаларында да 
жандарал (генерал), болыс (волостной управитель), остеп-
ке (выставка), губернатор, солдат, атаман деген, сондай-
ақ тұңғыш қазақ романы Спандияр Көбеевтің «Қалың ма-
лында» да орыс сөздері қолданылатынын Ш. Сарыбаев
35
көрсетеді.
34
Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1968; Əбілқасымов Б. 
Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971; Сонікі. XІX ғасырдың 
екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі. Алматы, 1982; Исаев С. Қазақтың 
мерзімді баспасөз тілінің дамуы. Алматы, 1983; Сұбханбердина Ү. Қазақтың 
революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Алматы, 1963; 
Əдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетінде жарияланған 
көркем шығармалар. Алматы, 1970.
35
Сарыбаев Ш. Развитие лексики казахского языка и советскую эпоху // 
М.О.Ауэзову(к его 60-летию). Алма-Ата, 1960.


89
Əдеттегі түсінік бойынша, термин сөздерінің пайда бо-
луын ғылым мен техникаға байланыстырамыз. Қазақ 
топырағында ғылыми ой-пікірдің өрбуін зерттеушілер 
XІX ғасырдың екінші жартысынан бастайды. Біздіңше, 
мұның жөні бар сияқты.
Ғылым туралы тұңғыш деректер мен ғылыми мақалалар 
алғашқы қазақ газеттері – «Түркістан уəлаятының газеті» 
(1870–1882) мен «Дала уəлаятының газеті» (1888–1902) бет-
терінде
36 
жарияланған. Осындай пікірді басқа да ғалымдар 
қолдайды. Ғ. Мұсабаевтың мына бір пікіріне назар ауда-
ру қажет: «Ғылыми терминологияның элементтері Қазан 
төңкерісіне дейін болғаны да сөзсіз... Орыс мəдениетінің 
белгілі ұғымдарын қазақ тіліне қазақтың XІX ғасырдағы 
белгілі ағартушылары біраз енгізген болатын»
37

Шынында, зерттеуші Б. Əбілқасымов атап көрсеткендей, 
бұл газеттердегі ғылыми мақалалардың көбі сол кездегі 
ғылыми экспедиция материалдары, солардың жұмысы ту-
ралы есеп, не солар жайында хабар болып келеді. Сонымен 
бірге тіл, əдебиет, тарих, этнографияға қатысты мақалалар 
да жарияланып отырған. Бұларда кездесетін ғылыми ұғым-
дарды газет «... қазақ ұғымында бұрыннан бар сөздер ар-
қылы түсіндірмек жолымен аударып беруге тырысқан, кей 
кездерде сол терминдік мағынадағы орыс сөздерінің өзін 
қалдырып та отырған»
38
. Сонда кездесетін ғылымға, оқу-
ағарту ісіне байланысты терминдердің қайсыбірі мына тек-
тес: ғылым (наука), ағачсу ғылымы (ботаника), тау-тас 
ғылымы (горное дело), жан-жануарлар ғылымы (зоология), 
көктен түскен тас (метеорит), ұлама (профессор), мадрис 
(преподаватель), ұстаз (учитель), шəкірт (ученик), мед-
ресе. Осы соңғы медресе сөзін жоғары оқу орындарының 
36
Əбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971.
37
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі: Лексика, фонетика. Алматы, 
1962. 37-б.
38
Əбілқасымов Б. Аталған еңбек, 93-б.


90
бəріне қатысты ұғымды білдіруге пайдаланған тəрізді. Мы-
салы, «университет деген медресе», «ұстаз даярлайтын 
медресе», «институт деген медресе» сияқты тіркестер осы 
айтқанымызға дəлел бола алады.
Тіл біліміне қатысты терминдердің берілуі де назар ау-
дартады: лұғат (тіл), əуез (дыбыс), хəріф (əріп), əліфби 
(алфавит), қатты əуез (дауыссыз дыбыс), қағида (ере-
же, заңдылық), мұрыннан оқылатын (сонор). Тіліміздің 
терминологиялық жүйесін жасауда өзіндік рөл атқарған бұл 
лексикалық қабаттар əдеби тілдің даму барысын байқатады. 
Бұлардың көбі қоғам дамуының ерекшеліктеріне орай өзге-
ше өріс алып, кейін басқаша аталатын болды. Біразы мүлде 
өзгеріске душар болса, енді біразы дыбысталуы тұрғысынан 
қазіргі əдеби тіл нормасына сəйкестендіріледі.
Заң істеріне байланысты сол кезде пайда болған термин 
сөздердің көбі қалыптасып, қолданысқа сіңісіп кетті. Күн-
делікті тірлікте жиірек араласуға тура келгендіктен бе, 
əлде ел ішінде арыздану, шағым айту, істі болу салдары-
нан ба – бұл саладағы термин сөздердің орысшасы болсын, 
қазақшасы болсын қолданысқа еніп, тұрақтанып кеткен. 
Суд, жаза (наказание), абақты (тюрьма), залок, кефіл (пору-
чительство), жазакер, жауапкер (обвиняемый), жұмыс, іс 
(дела), адуакат, куə (свидетель), жаналу (присяга), ықтияр 
(право) деген сөздер қатарынан жаза, кепіл, жауапкер, 
іс, куə тəрізділердің терминдік мазмұны нақтыланып, заң 
терминдері есебінде тұрақтанды.
Белгілі түрколог Н.А. Баскаков өзінің «Түркі тілдері»
39
деп аталатын көлемді ғылыми-зерттеу мақаласында жалпы 
түркі тілдері жайында өте маңызды мəлімет пен типология-
лық сипаттама бере келе, барлық түркі тілдері, оның ішінде 
қазақ тіліне де тікелей қатысы бар классификациялық тал-
дама жасайды (Бұл жайында жоғарыда айтылды – Ө.А.).
39
Языки народов СССР. Т. 2; Тюркские языки. М., 1966. С.34.


91
Орыс тілінен енген сөздерді сарапқа сала отырып, бұлар 
тілімізге əрқилы жолдармен келгенін байқадық. Алғашқыда 
бұлар өзара қарым-қатынас нəтижесінде стихиялық түрде 
еніп, кіріге бастайды. Ал кейін, əсіресе, Қазан төңкерісінен 
соң орыс жəне интертерминдер жоспарлы жəне жүйелі 
түрде ресми əрекеттер нəтижесінде енгізіліп, қатар түзейді. 
Тіпті бұларды тым еркінсіткеніміз соншама, ана тіліміздің 
ежелден қалыптасқан сөзжасам заңдылықтарын аяқасты 
етіп, ол сөздер жат тілдік пішінін бұзбай қабылданатын бол-
ды. Емле ережеміз бен терминжасам принциптерінде мұны 
əбден заңдастырып алғаннан кейін бұлардың қатары мүлде 
көбейіп кетті. Сөйтіп, тіл гармониясы бұзылды.
Міне, сондықтан орыс тілі арқылы келген термин сөз-
дердің бəрін қазақ тілінің заңдылығына орай қайта қарап, 
қалыптастырудың сəті енді түсті деп білеміз. Терминолог 
тілшілердің ендігі бір міндеті осы болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет