103
кітабу ағайрионға жақын өкей диқаншылық хақында шыға-
рылған майда-майда
кітабшаларды барлығын біріктіріп,
үлкен һəм тəртібді қылыб жазыб,
кем жерлер болса, басқа
жақдан толықтыруб басылса, қазақ үшун көб қолай болар
еді («Айқап», 1912, №10, 236-б.).
Сол сияқты еркіншілік,
көшпелілік, мəденилік, бəдуилік, солдатлық, мұғалімдік де-
гендерде анық көрінетіндей, бұл қосымшалар алуан түрлі
мағыналық реңкте жұмсалған. -
Ша жұрнағы кішірейткіш
мағына беріп тұр, оны аңғарта түсу мақсатымен «Айқап»
ол жұрнақ жалғанған сөздің алдына майда-майда деген
анықтауышты қолданған.
-Шылық, -шілік қосымшасы əдет-
тегі кəсіпті мамандықты білдірумен қатар (
диқаншылық,
көпшілік) дерексіз абстракті,
жинақтық ұғымды да көрсе-
туге бейім дегені байқалады. Сол сияқты
-лық, -лік қосым-
шасы қатыстық мағынамен қатар жинақтық, дерексіз ұғым-
ды қоса көрсетуге бейімделген.
«Айқап» тілінде кездесетін өнімді жұрнақтардың бірі –
есім сөздерден етістік тудыратын
-ла, -ле, -да, -де, -та,
-те қосымшасы. Ол жұрт оқиды, өнерленеді,
тірі болады
(«Айқап», 1912, 113-б.). Бұл сауалға кесуб болады (Сонда.
1911, №10, 7-б.). Сатуға жұмсарлық жерлер Торғай, Ақмола
облусларында һəм Тобыл губернасында бес жүз мың де-
сетинелеб есебтеледі (Сонда. 1913, №4-5, 73-б.). Жалпы,
осы жұрнақтар арқылы жаңа сөз жасау процесі – өте көне
құбылыс. Көне жазба мұраларымызда қазіргі əдеби тілде
қолданылмайтын туынды сөздер көптеп ұшырасады:
атлат –
атқа отырғыз (Тоньюкук),
елге – (елде) – ел құру, одақ
құру (Күлтегін),
сүле – əскермен жорыққа аттанып соғысу,
қаганла – хан болу (Күлтегін, Тоньюкук) т.б.
Өнер сөзінен туған етістік кейінгі кездегі баспасөз тіліне
қабылданбай қалды. Сол тəрізді
десятина сөзінің тілге
енбей қалуымен байланысты
десятинелеп етістігі де тұ-
рақты орын ала алмады.
Жоспарлап етістігі «Айқап» тілінде
болжау, топшылау мағынасында қолданылса, кейінгі кез-
104
де ол сөз істелетін істі алдын ала жүйелі түрде жобалау
мағынасында қалыптасты.
«Айқап» тілінде сөз жасау процесіңде осындай байырғы
қосымшалармен
бірге араб, иран тілдерінен ауысқан фор-
маларды қолдануда жиі кездесіп отырады. Мысалы, Өлең
айтушы
əнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деб көрсетпей,
есті деб қадірлі етуб көрсетуге тырысыңдар («Айқап», №13,
294-б.). Қуанушы едік: бізден де Писарев,
Белинский, До-
бролюбовтар шығуб, жолдан тайған
жазымпаздардың қа-
ламын түзеб тұрады ғой деб (Сонда. 1914, №2, 24-б.). Осы
аталған бес түрлі кеңес хақында жазылған қарарнаме уезд-
ный начальникнің қолына табсырылды (Сонда. 1912, №2,
41-б.). Жақын жерде натариус тұрса, оған баруб наториаль-
ный
өсиетнама жаздырған артық (Сонда. 1913, №6, 212-б.).
Осы күнге сахара
низам – нəмесі өзгерілуге лайық ба?
(Сонда. 1913, №10, 222-223-бб.). Қазақ мектеблерінде
шəкірт балаларға марқұмның ғұмыр нəмəсі оқылыб, халыққа
қадірі қымбаты қандай екендігі түсіндірілді (Сонда. 1915,
№2, 17-б.).
Кираатхананың жоқдығын жазыбды (Сонда.
1914, №24, 140-б.).
Осы мысалдардың өзінен-ақ «Айқап» тілінде
-паз, -нəме,
Достарыңызбен бөлісу: