Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет40/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

ход, мануфактура, план, землемер сияқты сөздер; саяси-
əлеуметтік өмірге байланысты салдат, съезд, проект, при-
говор т.б.; əкімшілік, ел басқару ісіне байланысты облыс, 
член, уездный, комиссие, министр, советник, начальник т.б., 
оқу-ағарту құралдары, ғылым мен техника, мəдениет 
істеріне байланысты студент, школ, микраскоб, доктор, му-
зыка, газет, журнал, электр сияқты алуан түрлі сөздердің 
«Айқап» беттерінде қолданыс тапқанын көре аламыз. Бұдан, 
əрине, осы сияқты сөздердің барлығы да алғаш рет «Айқап» 
тілінде қолданылған екен деген ұғым тумасқа керек. Съезд, 
ояз, оязный, облыс, базар, начальник, статья сияқты сөздер 
бұрынғы дəуірлерде де я жазба тілде, көркем əдебиет тілінде 
я сөйлеу тілінде қолданылып келді. «Айқап» журналы осын-
дай сөздерді өз беттерінше қолдана отырып, сонымен қатар 
олардың қатарын жаңа сөздермен толықтыра түсті, кейде 
қолданылып жүрген орыс тілінің сөздеріне жаңа мағына я 
мағыналық реңк үстеп отырды. Мысалы, съезд, резолюция 
сөздері «Айқап» тілінде үлкен жиналыс, қаулы мағынасында 
ғана қолданылмаған, сонымен бірге оның ресми іс екенін де 
аңғартады. Осы берілген сөйлемдегі бұл сөздер білдіретін 
атаулардың орындалу формасы да, яғни алдын ала келісім 
бойынша мерзімді уақытында белгілі күн тəртібі бар жина-
лыс жəне соның жүйелі түрдегі жазылып алынған қаулысы. 
Приговор сөзі өзінің негізгі мағынасы үкім дегеннен гөрі 
келісімшарт, жасалған қаулы мағынасын білдіріп тұр. Сол 
сияқты статья, председатель, комиссия, доход сөздерінің 
де сөйлеу тіліндегі қолданылысынан гөрі тұрақтылық, ресми 
мəні сезіледі. Председатель жиынды басқарушы, ол сөз кей-
де төрағасы сөзімен де беріліп жүрді. Доход жалпы түсім, 
пайда емес, мемлекеттің тұрақты қоры мағынасында 
жұмсалып тұр. Сонымен бірге орыс тілінің əсері сөз алмасу 


118
процесімен ғана шектелмейді. Бұрын жəне «Айқап» тілін-
де, одан кейінгі жазба əдеби тілімізде жиі қолданылынып 
келген өкіл, сайлау, жоба, қаулы, қарар, оқулық, оқушы, 
үйірме, қоғам сияқты сөздер орыс тілінің тікелей əсерінен 
туған жаңа терминдер, я жаңа мағыналар. Сонымен қатар 
жеке сөздер тіркесімділігінің арта түсуі де бұл процеспен 
байланысты. Мысалы, сайлау сөзі XX ғасырдан бұрын да 
бар: Болыс сайлау, оның үстіне председатель сайлау, член 
болып сайлану, проверенный сайлау, депутаттыққа сайлау 
сияқты толып жатқан жаңа сөз тіркестерінің арасында бір 
жағынан бұрынғы бар синтаксистік үлгі (модель нығайып 
қалыптаса түссе), екінші жағынан жаңа үлгілер де туа баста-
ды. Сөйтіп, бұл сөздің мағынасы, мағыналық реңкі солардың 
нəтижесінде кеңейе түсті. Бұл – грамматикаға байланысты 
жеке қаралатын мəселелер.
Орыс тілінен енген сөздердің фонетика-грамматикалық 
тұлғасы біркелкі болып келе бермейді. Кейбір орыс сөздері 
қазақтың сөйлеу тіліндегі түр-тұлғасында, яғни түпнұсқа 
қалпынан біршама фонетикалық өзгешелікте қолданылған. 
Салдат, тауар, камесие, ыстатие, доктор сияқты сөздердің 
түр-тұлғасынан айырмашылығы қазақыланғандығы айқын 
көрініп тұр. Орыс тілінде екпін түспейтін о дыбысы айтылу-
ында а болып, не түсіп қалып (доктор), у, и, я дыбыстары в 
болып, жуан дыбыстылардың жанындағы к жуан нұсқасы қ 
дыбысына өзгеріп кеткен. Сол сияқты сөз басындағы -ст ды-
быс тіркесінің алдына естілуіндей ы қысаңы қосылған. Енді 
бірде эсперантошылар, монуфактуршылар, фабрикшілер, 
завод, крестьян, проект, студент, председатель, земле-
мер т.б. тəрізді түбір тұлғалары сақталып, қазақ тілінің 
қосымшалары жалғанып та отырады (Мұндай жағдайды 
«Қазақ» газеті материалдарынан да байқаймыз).
Қосымша арқылы сөз тудыру процесінде осындай мы-
салдар көрсетілді. Кейде орыс тіліндегі түбір тұлғасы ғана 
емес, туынды түрі қосымшалы формасы да сол күйінде 
алынғанын көреміз. Оған жоғарыдағы туземный школ, лес-


119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет