Ер адаммен алғашқы кездесуде өзіңізді қарапайым ұстауға
тырысу керек. Көп қыздар керісінше ойлайды. Сіз кез-келген
әңгімеде сөйлесе алатын ашық, ақкөңіл, бірақ ұялшақ
болсаңыз оны өзіңізге керемет қарата аласыз. Ең алғашқы
кездесуде екеуіңіз көріскенде ол сіздің қолыңыздан ұстап
амандасуы мүмкін, жарайды, бұлай жасауға болады. Сіздің
көзқарасыңыз зайырлы болса қолынан ұстап амандасасыз.
Ары қарай не істеу керек?
Кездесудегі алғашқы қадамдарды әрқашан ер адам жасайды.
Мысалы, кафеге барсаңыз оның есік ашуын, киноға баратын
болсаңыз оның билет алуын, орын таңдауын, қандай кино
көретінін өзі таңдағанын күтіңіз. Алдыда ер адам жүруі керек.
Сіз артта жүресіз немесе екеуіңіз бірге қатар жүресіздер.
Менюді ашып, тамақ таңдаған кезде өзіңізге ұнайтын нәрсені
аласыз және жігіт шотты төлеуі керек. Кез-келген кездесуде, 4-
5 жыл жүріп жүрсеңіз де ер адам ақысын төлеуі керек (кино
болсын, киім болсын). Ешқашан ер адамның көзінше
әмияныңызды көрсетпеңіз. "Мен төлей салайын, менде бар"
деп айтпаңыз. Ең бірінші кездесуден кейін ер адам сізді
таксиге отырғызып және таксиге төлеуі керек. Бұл нәрсе өте
маңызды. Егер ол жағынан ешқандай іс-әрекет көрмесеңіз,
астарлап ой тастаңыз. Такси шақырып бересің бе? Немесе
такси ұстап бересің бе? Егер такси ұстап беріп, бірақ таксистке
ақшасын төлемесе, онда ойлану керек. Мүмкін ол ондай қатты
джентльмен емес. Алғашқы кездесуде барлық сұрақты жігіт
немесе барлық сұрақты қыз қоюы керек деген заңдылық жоқ.
Некеге дейін...
93
Достарыңызбен бөлісу: