Бір
қызығы, мұндай ауыстырулардың еңбек ресурстарынан
өзгешеленетін
алгоритмдердің, роботтар мен басқа да активтердің
мүмкіндіктерінің
артуына ғана байланысты емес екенін атап айтқан
жөн
. Майкл Осборнның ескертуі бойынша, автоматтандыруды
қамтамасыз
ететін ең басты ықпал ретінде мынадай фактіні айтуға
болады
. Соңғы жылдары компанияның жұмысты сырттағы ұйымға беруі
мен
оларды елден шығаруы жəне жұмысты оқшауланған дəрежеге
ауыстыруы
(мысалы, Amazon компаниясының Меchanical Turk немесе
MTurk сервисі арқылы – интернет желісіндегі крауудсоринг ұжымдық
нарығына
) жөніндегі шаралар аясында жұмыс орындарын барынша
нақты
анықтап, оңтайландыру үшін компания соңғы жылдары өте көп
күш
жұмсап, аса мол қаражат салды. Жұмыс орнын бұлайша
оңтайландыру
адамдарды алгоритммен алмастыруға қосымша
мүмкіндіктер
жасау дегенді білдіреді, себебі пəрменді, нақты
анықталған
міндеттердің ізінен оған қатысты тиімді бақылау мен
мағлұматтардың
жоғары сапасы да қоса жүреді. Осылайша, ыңғайлы
қалыптастырылған
іргетас негізінде жұмысты атқарудың алгоритмін
жасауға
мүмкіндік туады.
Автоматтандыру
мен алмастыру тиімділігі мəселесін талқылаған кезде,
технологияның
жұмыспен қамту мен еңбек нарығының келешек
дамуына
ықпалын қарастыру барысында бір-біріне қарама-қарсы
көзқарастардан
сақтанған жөн. Фрей мен Осборнның еңбегінде
көрсетілгендей
, төртінші индустриялық революция еңбек нарығына
жəне
бүкіл дүниежүзі елдерінің жұмыс орындарына тегеурінді ықпал
етпей
қоймайды. Бұл бізге «адам мен машина» арасындағы таңдаудың
шешуін
табу дегенді білдірмейді. Шындығына келгенде, қазіргі
өзгерістерді
қамтамасыз ететін цифрлық, физикалық жəне биологиялық
технологиялардың
тоғысуы көп жағдайда адам еңбегі мен когнитивті
қызметті
жетілдіруге ықпал етеді. Былайша айтқанда, көшбасшыларға
кадрлық
ресурстар дайындауға, жұмысқа керекті білім модельдерін
дамытуға
, сондай-ақ мүмкіндігін үнемі кеңейтіп отыратын өзара
байланысты
жəне интеллектуалды машиналар жасауға мүдделілік
туғызады
.
Достарыңызбен бөлісу: