С қыстырмасы. Дизруптивтік ықпал дəуіріндегі икемді басқару ұстанымдары Еңбек нарығы Цифрлық технологиялар жəне ғаламдық коммуникативті инфрақұрылым барынша икемді жəне өзінің мəніне орай өтпелі (сұранысты экономика деп аталатын) сипаттағы жұмыс орындарының жаңа типтерін жасауға мүмкіндік беретін жұмыс пен төлемнің дəстүрлі концепциясын айтарлықтай өзгертеді. Бұл жаңа жұмыс орындары адамдарға ыңғайлы жұмыс кестесіне сай рахаттана қызмет етуге мүмкіндік бере отырып, еңбек нарығына инновациялардың жаңа толқынын енгізеді. Бұл жаңа жұмыс орындары –адамдарға барынша қолайлы жұмыс сағаттарын
пайдалануға жəне еңбек нарығында инновацияның жаңа толқынын дамытуға жол ашады. Сонымен бірге əрбір жұмысшы енді жұмыспен қамту кепілдігін жəне ұзақтығын пайдалана алмайтын нақты мердігерге айналады. Тапсырысқа негізделген экономикада жұмысшыны қорғау деңгейінің төмендеуіне қатысты көкейкесті мəселе туындайды.
Ақша жəне салық салу Сұранысты экономика салық жинауда едəуір қиындыққа ұшырайды . Себебі ол қара нарықтағы уақытша жұмысшыларға барынша оңай əрі тиімді. Цифрлық жанама төлеу жүйелерінің операциялары мен микротранзакциялары (micro-transactions)
ашықтыққа ұмтылып жатқанда, мемлекеттік билік пен жеке құрылымдардан операциялардың шығу төркіні мен мақсатын