"Бигль" кемесімен саяхатта
⚫
Ч.Дарвин іліміне "Бигль" кемесімен саяхатта жинаған
экспедициялық мəліметтері де зор себепші болды (5-сурет). Ч.
Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағанымен
эволюция — "өзгергіштіктің əсерінен болатын құбылыс жəне
ол тек табиғи заңдылықтардың əсерінен дамитынын"
түсіндіріп, эволюциялық процесті бірінші болып нақтылап
берді.
Ч.Дарвин
түрлер
арасындағы
ұқсастық
пен
айырмашылықтарды
тірі
организмдердің
əртүрлілігінің
себептерін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Саяхат кезінде
оны,
əсіресе
Галапагосс
аралының
өсімдіктері
мен
жануарларының түр құрамы қатты қызықтырды. Бұл аралдан
ол — күрделі гүлді өсімдіктер тұқымдасының 20 түрін жинап,
құстардың 25 түрі мекен ететіндігін анықтады. Ол
қунақтардың
13
түрін
байқап,
олардың
қоректену
ерекшеліктері туралы қорытынды жасады. Саяхаттан
кайтып оралған соң Дарвин өзінің алдына түрлердің шығу тегін
зерттеп шешу керек деген басты мақсат қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |