Б Бағдарламалы мұздату (ағ. program ed freezing) – алдын ала жасалған
бағдарлама бойынша сұйық азот буын қосып немесе құрғақ мұз арқылы, арнайы
қондырғыларда жасушаларды мұздату.
Бактериофаг – бактерияларда паразиттік тіршілік ететін вирустар.
Басымдылық (лат. dominans – басым, үстемдік етуші) – будан жасушада не
аталық, не аналық геномының біреуінің гені экспрессияланып, қызметі белсенді
болып айқындалса, екіншісінің гомологтық гені бола тұра оның белгісі білінбейді,
яғни оның экспрессиясы өтпейді.
Беккрос (ағ. back – кері қарай, cross - будандастыру) – қайыра будандастыру,
буданды аталық немесе аналық форманың біреуімен қайта будандастыру.
Бикс – стерилді құрал-саймандар мен киімдерді сақтауға арналған, тығыз
жабылып, аузы тартпаланатын никельденген металдан жасалған қобдиша.
Биогаз (гр. bios – тіршілік, ағ. biogase) – субстраттың анаэробтық ашуы
нəтижесінде түзілетін газ, ол негізінен метаннан (60%), көмірқышқыл газдан (35-
40%) жəне басқа газдардың аз мөлшерінен: күкірт, сутегі (2%-ға дейін) тұрады.
Биоқауіпсіздік (гр. bios - тіршілік) – табиғи немесе гендік инженериялық
түрлендірілген биологиялық нысандарда жəне олардан алынған өнімдерде болатын
улы жəне аллергиялық заттар мен қосылыстардың зиянды, өмір мен денсаулыққа
қауіпті əсерінен адам, қоғам, өркениет жəне қоршаған ортаның қорғалу күйі.
Биомасса – беттің бірлігіне немесе тұрған жерінің көлеміне сай бір түрдің
дараларының, түрлер тобының немесе толық қауымдастықтардың жалпы массасы.
Биореагенттер – жасуша ішінде, немесе сыртында өтетін əртүрлі үдерістерге
химиялық реагенттер ретінде пайдаланылатын, тірі жасушалардың өнімі болып
табылатын химиялық қосылыстар.
Биореактор (ферментер) – (гр. bios – тіршілік, ағ. reactor - құрылығы) –
биотехнология өндірісінде микроорганизмдерді, өсімдік жəне жануар жасушаларын
өсіру үшін қолданылатын қондырғы.