255
ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымы – ДНҚ молекуласының
кеңістікте паралель орналасқан қос қабат
спиральға ұқсай орналасуы
Донор – генетикалық тұрғыдан бағалы аналық жұмыртқасы немесе
эмбриондар алынатын ұрғашы дара.
Ж
Жануардың физиологиялық жетілуі – жас малдың белгілі жынысты ересек
жануарға тиесілі пішінге ие болып, оның тірілей салмағының 70-75%-на жеткен,
яғни, физиологиялық жағынан толысқан мерзімі.
Жануарлар биотехнологиясы – молекулалық жəне жасушалық əдістерді
қолдану арқылы генотиптерге түзетулер енгізіп, тез жетілетін, ауруларға төзімді
жəне жоғары өнімді мал түрлерін шығару əдістерін
қалыптастыратын ғылым
саласы.
Жасуша – тіршіліктің ең кіші бірлігі, ағзаның құрылысы мен тіршілік
əрекеттерінің жəне дамуының негізі.
Достарыңызбен бөлісу: