Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет130/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Жасушаларды үзіліссіз өсіру – жасушаларды сұйық қоректік ортаның
үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру.
Жасушаларды 
хемостатта 
өсіру
– құрамында 
өсуді 
тежейтін
концентрациясы белгілі компоненті бар жаңа қоректік орта тұрақты жылдамдықпен
биоректорға құйылып түсіп тұрады да, сондай жылдамдықпен өскен жасушалар
суспензиясы алынып отырады.
Жасушалардың кері немесе негативтік селекциясы (ағ. negative selection) –
белгілі бір жағдайлар жасап сұрыптау. Бұндай жағдайда жасушалардың жабайы
типтері ғана бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиеттері бар мутант
жасушалар бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.
Жасушалардың кері селекциясы (ағ. negative selection) – белгілі бір
жағдайлар жасап сұрыптау, мұндай жағдайда жасушалардың «жабайы» типтері ғана
бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиеттері бар мутант жасушалар
бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.
Жасушалардың тура селекциясы (ағ. straight selecyion) жасушаларды
тежегіштердің (ингибитор) қатысуында өсіріп, бұзылған метаболизмді қалпына
келтіре алатындарын, яғни мутанттарды сұрыптау.
Жасушалық биотехнология – жасушалық жəне ядролық деңгейде
микроманипуляциялар жасау арқылы, бұрын байқалмаған ерекше жəне адамға
қажетті қасиеттері бар өсімдіктер мен жануарлар алу.
Жасушалық инженерия (ағ. cell engineering) – қайта құрастыру,
будандастыру негізінде жасушаның жаңа типін жасау əдісі. Жасушаларды жасанды
жолдармен будандастырғанда, сомалық (денелік) жасушаларды бір-біріне қосқанда
будан геномы түзіледі. Ал жасушаларды қайта құрастырғанда жасушаның құрамына
кіретін 
ядроны, цитоплазманы, митохондрияларды, хлоропластарды,
хромосомаларды əртүрлі жасушалардан алып жаңа жасушаны жасайды.
Жасушалық селекция (лат. selectio – таңдау, сұрыптау, ағ. cell selection) –
сұрыптаушы қоректік ортаны қолданып мутант жасушалар мен сомаклондық
варианттарын бөліп алу əдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет