Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


ЛГ – овуляцияны жəне одан кейінгі сары дененің қалыптасуын, сүт бездерінің дамуын қамтамасыз ететін гормон Линия



Pdf көрінісі
бет136/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

ЛГ – овуляцияны жəне одан кейінгі сары дененің қалыптасуын, сүт бездерінің
дамуын қамтамасыз ететін гормон
Линия (желі) (ағ. line) – құрамында гендік (маркерлік) белгілері бар штаммды
сұрыптау немесе бір жасушаны көбейту арқылы алынған жасушалар тобы.
Липосомалар (гр. lypos – май, soma - дене) – жасанды түрде алынған
фосфолипидтердің шар тəрізді денешіктері.
Локус (лат. locus - орын) – хромосоманың генетикалық немесе цитологиялық
қартасындағы белгілі бір геннің (аллельдердің) орналасқан жері.
Лютеалдық фаза – овуляцияны қамтамасыз ететін ЛГ гормонының əсер ету
кезеңі.
М
Малдардың көбею биотехнологиясы – генетикалық басымды малдарды
молайту мақсатында, оларды жедел қарқында көбейту үшін, жануарлардың
репродуктивтік мүмкіндіктерін толық пайдалану əдістері.
Мацерация (лат. maceratio - жұмсарту, жібіту) – өсімдік (ағза) жасушаларын
бөлу (ажырату), жасуша аралық заттарды жою немесе еріту мақсатымен істелетін
əрекеттер.
МБС сериялы микроскоптар – эмбриондарды бағалау, сұрыптау мен
іріктеуге арналған ұлғайтқыш құрал.
Мегаспора (гр. megas - үлкен, spora - тұқым) - əртүрлі спорасы бар жоғары
сатыдағы өсімдіктердің ірі гаплоидтық жасушасы, ол аналық жасушаның бастамасы
болып табылады.
Мейоз (гр. meiosis – кему, азаю) – жасушалардың бөлінуінің ерекше жолы,
əдісі, оның нəтижесінде хромосома сандары редукцияланып, азайып, екі еселенген
диплоидтық жағдайдан тұтас сыңар гаплоидтық жағдайға өтеді.
Микроманипуляциялық жүйе – жасушалық технологияларды жүзеге
асыруға арналған қондырғылар.
Микроспора (гр. micros - кішкене) – сыңар хромосомалар (гаплоидтық)
жиынтығы бар жасуша. Микроспора археспора жасушаның мейоздық бөліну
нəтижесінде пайда болады, аналық гаметофиттің бастамасы.
Минимальды орта – құрамындағы компоненттерінің қажетті мөлшері
тіршілік ету, өсіп-даму үшін ең аз деңгейдегі орта.


261
Митоз (гр. mitos - жіп) – эукариот жасушаларының негізгі жəне күрделі
бөліну əдісі. Митоздың биологиялық маңызы, аналық жасушаның тұқым
қуалаушылық материалы, хромосомалардың жаңадан пайда болған жасушаларға
тепе-тең мөлшерде бөлінуі. Жасушалардың генетикалық жағдайы бірдей болады
жəне ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ешбір өзгеріссіз сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет